Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:06, курсовая работа

Описание работы

Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу тұжырымдамасын таңдау қажеттігі Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының қағидаларынан, яғни жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттерінен туындады.

Содержание

І.Кіріспе...........................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1«Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәні.................................................................................................................12
2.2. Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.............................................................................14
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................................................26

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 62.47 Кб (Скачать)

Қорытынды нәтижелерден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобындағы  алғашында төмен деңгейді көрсеткен  оқушының саны – 31,3% болса, эксперимент  соңында төмен деңгейді оқушының саны – 2,1% төмендеді, орта деңгейдегілердің саны алғашында – 41,8% болса, соңында  олардың саны – 30,9% болды, жеткілікті деңгейді алғашында 26,9% көрсетсе,  соңында  олардың саны – 45,4% көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешбір оқушы  көрсетпесе,

 

Кесте 3 - Ағылшын тілін  оқыту арқылы оқушылар елжандылығының қалыптасуы бойынша жүргізілген  эксперимент жұмысының қорытынды  нәтижелері

Эксперимент тобы (ЭТ) – 150, Бақылау  тобы (БТ) – 140.

Жұмыс кезеңдері

жоғары

жеткілікті

орта

төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Басы

-

-

26,9

24,8

41,8

43,8

31,3

31,4

Соңы

21,6

-

45,4

26,6

30,9

43,5

2,1

29,9


соңында олардың саны – 21,6% өсті. Бақылау тобында айтарлықтай  өзгеріс бола қойған жоқ.

Жоғарыда келтірілген  эксперимент нәтижелері эксперименттік топ оқушыларының елжандылығының қалыптасу  деңгейлерінің табысты динамикасын  көрсетті.


 

 

 

 

 

Сурет 1 - Ағылшын тілін  оқыту арқылы оқушылар елжандылығының қалыптасуы

 

Сонымен, зерттеу жұмысының  нәтижесі біздің ұсынған болжамымыздың  дұрыстығын дәлелдеді және мектеп оқушыларын ағылшын тілін оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің тиіміділігін арттыратын шарттардың жиынтығы туралы тұжырым  жасауға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Теориялық және эксперименттік зерттеуіміз алға қойылған ғылыми болжамды дәлелдейтін жалпы қорытынды  жасауға мүмкіндік берді:

1. Елжандылық ұғымының  жан-жақты талдау жасалуы негізінде  қазіргі таңда оқушыларды елжандылыққа  тәрбиелеудің ерекшеліктері қарастырылды. Бұл: оқушыларды елжандылыққа  тәрбиелеуде білім беру мекемелерінің  тарапынан өз деңгейінде көңіл  бөлінбеуінің теріс салдары, яғни  оқу үдерісіне тәрбиенің кірігіп  кетуі; шындықты бейнелейтін тәрбие  процесінің анық болмауы; тәрбие  міндеттерін шешуде жанұя, мектепке  дейінгі мекеме, мектеп, жоғары оқу  орны, әскери қарулы күш, бұқаралық  ақпарат құралдарының арасында  байланыстың болмауы; интернет, бұқаралық  ақпарат құралдарындағы сапасыз  ақпараттардың кері әсерінің  күшеюі; әлеуметтік катаклизмнің  жанұяға кері әсер беруінен  балаларды тәрбиелеуде және олардың  әлеуметтенуінде жанұя рөлінің  төмендеп кетуі; Отанды қорғау  және әскери қарулы күштері  мәселесіне халықтың бұрыс қатынасымен  сипатталады.

Қазіргі қоғамда елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінде алға жылжу  бар: азаматтық және ұлттық сананың  жаңаруы; елжандылық тәрбие берумен  айналысатын қоғамдық ұйымдардың қайта  өрлеуімен айқындалады.

2. Педагогикалық ғылымның  бүкіл даму тарихында елжандылық  тәрбие мәселесі өзектілігін  жоймаған. Соңғы кездегі тәжірибелер  көрсеткендей экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру міндеттерін  шешуде әлеуметтік-экономикалық  жағдайлардың өзгеруіне, региондардың  өзін-өзі басқаруының өсуіне байланысты  ата-баба мұралары негізінде оқытуға  көңіл бөлінді. Ата-баба мұрасын  дәріптеу жастардың ұлттық санасын  қалыптастыруда оң баға береді, халқымыздың өткен тарихына талдау  жасау қазіргі білім мен тәрбиедегі  жетістіктерді бағалауға мүмкіндік  туғызды.

3. Ағылшын тілі пәні  арқылы елжандылыққа бағытталған  тұлғаны қалыптастыру тұлғаға  бағытталған тәсіл; оқытудың инновациялық  формаларын қолдану (мысалы: іскер және рөлдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия, мультимедиялық сабақтар); елжандылық және басқа да тәрбие бағыттарының бірлігі (мысалы: адамгершілік, эстетикалық, еңбек және т.б.); әрбір оқу-тәрбие іс-шарасының елжандылық тәрбиелік мәні; елжандылық тәрбиесіне этнопедагогика элементтерін кіргізгенде, региондардың ұлттық ерекшеліктерін ескергенде; оқушыларды өз бетінше шығармашылық іс-әрекетіне баулығанда; жұмыстың сабақ және сабақтан тыс формаларын үйлестіруде қолайлы жағдайлар туындаған кезде ғана тиімді болатыны анықталды.

4. Ағылшын тілі сабағында  оқушыларға елжандылық тәрбие  беру оқытудың дидактикалық принциптерін  бұзбастан тіл материалының мазмұнын  ұтымды түрде қолдану арқылы  жүзеге асады. Бұл: қажет жағдайда  оқулықтың мазмұны толықтырылып, түрлендіріліп немесе елжандылық  мазмұнмен алмастырылып оқушылардың  тіл ұстарту дағдылары қалыптасады;  коммуникативтік тәсіл елжандылық  тіл материалдарын меңгерумен  байланыстыра отырып жүргізіледі;  оқушылардың танымдық іс-әрекетін  дамытуды инновациялық формаларды  қолдана жүргізу (іскер және  рөлдік ойындар, диспут сабақ,  экскурсия) негізінде болатыны  айқындалды.

5. Мектепте ағылшын тілі  пәнінен сабақтан тыс елжандылық  бағыттағы ұйымдастырылған іс-шаралар  оқушылардың ерік-жігерін шыңдап, туған еліне, жеріне, Отанына деген  сүйіспеншілік қасиетті дамытты,  Отанды қорғауға даяр тұруға  қажетті қасиеттерді қалыптастыруға  мүмкіндік берді. Сондай-ақ ағылшын  тілінен елжандылық тәрбие беру  мақсатымен сабақтан тыс атқарылатын  жұмыс түрлері оқушылардың өз  бетінше ізденіп, келешекте де  елжандылыққа бағытталған мағлұматтарды  өздігінен оқып үйрену дағдыларын  әдетке айналдыруына ықпал етті.

6. Оқушыларға ағылшын  тілін оқыту арқылы елжандылық  тәрбиесін беру бағытындағы мектептен  тыс ұйымдастырылған жұмыс түрлері  олардың алған елжандылық білімі  мен тәрбиесін нақты іс-әрекеттерде  қолданып, өмірмен тығыз байланыстыруына,  сол арқылы білімі мен тәрбиесін  одан әрі жетілдіруіне жол  ашты.

7. Оқушылардың ағылшын  тілін меңгеру арқылы елжандылыққа  бағытталған материалдарды оқып  үйренуі, олардың келешекте өз  мамандығына сәйкес қажетті мағлұматтарды,  ағылшын тілінде қиындықсыз қабылдай  алуына мүмкіндіктер туғызды.

8. Ағылшын тілін оқытудың  мазмұнына бағдарламада жоспарланған  мәтіндермен ұштастырыла отырып  ендірілген тіл материалдарымен  жұмыс істеу барысында елжандылық  тәрбиенің нәтижелі болуына ықпал  ететін конференция, пікірсайыс, рөлдік ойындар, ХХІ ғасырдың  көшбасшысы, токшоу сияқты оқытудың  әдіс-тәсілдері және эксперименттік  жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтан  тыс ұйымдастырылған “English Club”  жұмысында оқушылар сабақта алған  елжандылыққа бағытталған тіл  материалдарын пысықтап, нақты практикалық  іс-әрекеттерге тартылды. Эксперимент  нәтижесінде алынған оқушылардың  елжандылық тәрбиелілік деңгейінің  сандық және сапалық көрсеткіштері  салыстырылып біз ұсынған жүйенің  тиімділігіне көз жеткіздік.

Өзіне тән ерекшелігі бар  ағылшын тілі пәні оқыту мен тәрбиелеуде  үлкен мүмкіндіктерге ие болғандықтан, елжандылыққа бағытталған мол мағлұматтармен ұштастыру көп педагогикалық-ұйымдастырушылық нәтиже береді. Ана тілінде дер  кезінде білмегенді шет тілі пәні арқылы танып-білуге болады, басқа мәдениетті сақтаушы ретінде ана тіліне және мәдениетіне баға жетпес көмек көрсете  алады, себебі адамның алдында басқа  әлем туралы түсінік ашылады да адамды екі қайтара адам екенін сездіреді, (человека делает дважды человеком) тәрбиенің  құралы ретінде басқа халықтарға құрмет көрсетуді тиімді тәрбиелеуге  мүмкікіндік туғызатыны анықталды.

9. Елжандылыққа бағытталған  тұлғаны тәрбиелеудің ұсынылған  моделі зерттеу барысында мақұлданды. Осы модель негізінде айқындалған  тәрбие бағдарламасы бойынша  атқарылған педагогикалық іс-шаралар  оқушылардың елжандылық тәрбиелілік  деңгейінің 15-18% көтерілгенін көрсетті.

Біздің зерттеуіміз, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді, мектептердегі  тәжірибе жұмыстарын талдауымыз негізінде  шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмысын  жетілдіру үшін төмендегі ұсыныстарда  беруге мүмкіндік туғызды:

- елжандылыққа тәрбиелеу  сабақтарын құрастырған кезде  оқушылардың танымдық іс-әрекетін  дамытатын оқытудың инновациялық  формаларын қолдану;

- елжандылыққа бағытталған  тұлғаны тәрбиелеуде мақсаткерлікке  бағытталған жұмыс жүргізу;

- елжандылыққа тәрбиелеуде  пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің  инновациялық тәжірибелерін, шығармашылық  ізденістерін үнемі зерттеу;

- оқушылардың өз бетінше  елжандылық бағытында жұмыс істеуін  қалыптастыруға көңіл бөлу;

- шет тілі пәні мұғалімдері  үшін елжандылық тәрбиесіне арналған  әдістемелік, дидактикалық құралдарды  дайындау;

- ағылшын тілі мұғалімдері  үшін елжандылық бағыттағы сабақтарды  өткізу технологиясы жайындағы  тәжірибелер алмасу, ақпараттар  беру, семинарлар өткізу;

- басқа да қоғамдық  мекемелер мен ұйымдар, ата-аналарды  бірлесе жұмыс істеуге жұмылдыруды  қажет етеді.

Зерттеуде елжандылыққа бағытталған  тұлғаны тәрбиелеуге қатысты  барлық мәселелер қарастырылды деп  айтуға болмайды. Елжандылық тәрбиенің  өзектілігі әлі де болса жан-жақты  педагогикалық ізденістерді қажет  етеді. Келешек зерттеулердің қарастыратын мәселелері: елжандылыққа бағытталған  тұлғаны тәрбиелеуде ағылшын  тілі пәнінің бастауыш сыныптарындағы мүмкіндіктерін қарастыру; мектепте елжанды  азамат тәрбиелеуде мұғалімдердің  кәсіби біліктілігін жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 


Информация о работе Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу