Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:06, курсовая работа
Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу тұжырымдамасын таңдау қажеттігі Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының қағидаларынан, яғни жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттерінен туындады.
І.Кіріспе...........................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1«Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәні.................................................................................................................12
2.2. Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.............................................................................14
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................................................26
«Елжандылық» ұғымын анықтау
оны «патриотизм», «ұлттық патриотизм»,
«қазақстандық патриотизм», «отаншылдық»,
«ұлтжандылық», “ұлтшылдық” ұғымдарымен
салыстыра қарастыруды қажет
етеді. Бұл ұғымдардың мән-мазмұны
кеңестік ғылыми-педагогикалық
Қоғамдық, саяси әлеуметтік,
педагогикалық, шығармашылық еңбектер
мен тәжірибелік жұмыстарды зерделеу,
елжанды адамды төмендегідей қасиеттермен
даралап көрсетуге мүмкіндік
туғызды: елжанды адам дүниетанымдық
сапалық белгілермен
Шет тілін оқыту үдерісінде
оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде
шет тілін оқыту мен оқып үйренудің
маңыздылығы және тәрбиелілік мүмкіндіктерін
анықтауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауындағы
«Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасы
басшылыққа алынды. Шет тілін оқытудың
жетекші мақсаты коммуникативті
«Патриотизм - өзінің Отанына
деген сүйіспеншілік сезім, өзінің
жеке және топтық мүдделерін жалпы
елдің мүддесіне бағындыру және
еліне адал қызмет ету, оны қорғау»
- екендігін ескерсек, біздің еліміздегі
патриотизм ұғымының басты ерекшелігі
мен өзгешелігі Қазақстанның көпұлтты
мемлекет екендігімен байланысты танылады.
Ғалым А.Айталының пікірі бойынша:
«Бірұлтты мемлекетте отаншылдықтың
тірегі этникалық негіз болса, екінші
тірегі – азаматтық бағыт. Бірұлтты
мемлекетте ортақ тіл, тарих, тағдыр,
мәдениет күш-қуат беріп, ұлт бірлігін
арттырады. Көпұлтты мемлекеттің дамуы
дау-жанжалдарға жақындау келеді. Этникалық
сәйкестілік пен азаматтық
А.Айталы, Т.Әбсәлімұлы, Х.Оралтай,
С.Зиманов, Ғ.Есім, Л.Сейдахметова, А.Бейсембаева,
А.Калимолдаевалардың «ұлтшылдық», «ұлтжандылық»,
«ұлттық патриотизм», «қазақстандық
патриотизм», «отансүйгіштік», «отаншылдық»
ұғымдарына берген тұжырымдарға және
сөздіктерге сүйене отырып «елжандылық»
ұғымына анықтама беру қажеттігі
туындады. «Ел» - көне түркі тілінде
«халық» сөзінің синонимы ретінде
қолданылғаны, ал қазіргі кезде «ел»
географиялық, мәдени, әлеуметтік, экономикалық
және тарихи жағынан қолданылып, қоғамдық,
саяси-құқықтық салада «мемлекет» атауы
қолданылатыны анықталды. Философ
ғалым Ғ.Есімнің сипаттауы
Осыған сәйкес, түбірі «ел» сөзінен шыққан «елжандылық дегеніміз – өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетін сүйетін, оны дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыратын, өзге халықтарға бөтен ниеті жоқ әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет» - деп анықтадық. Елжандылық ұғымын басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне толеранттық көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыру ұсынылады. Этникалық сәйкестілік пен азаматтық сәйкестілікті үйлестіру өзара ұлттық түсінікті орнатуға, өз ұлттық қадір-қасиетін құрметтеуге, басқа ұлттардың қадір-қасиетін кемсітпеуге тәрбиелеуді қажет етеді. Өз халқының тамаша ерекшеліктерін сыйлау, басқа халықтардың асыл қасиетін бағалай білуге жол ашады.
«Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәнін анықтау мақсатындағы ғылыми әдіснамалық еңбектерді сараптау мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызды: 1) елжандылық ұғымының бір бағыты жеке тұлғаның өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетіне оң көзқарасының болуымен, оны сүюімен танылады; 2) елжандылық ұғымының екінші бағыты жеке тұлғаның елді дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыруға мүделілігімен сипатталады: 3) елжандылық ұғымының үшінші бағыты жеке тұлғаның елдегі өзге халықтарға оң ниетті болып әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет көріністерінің болуымен анықталады.
Қазіргі кездегі мектеп тәлім-тәрбиесінің
мақсаты жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайларында
Ғылыми еңбектерді саралап, ғалымдардың пікіріне сүйене келе, елімізде қалыптасқан толеранттықтың (төзімділік) негізінде бірнеше факторлар анықталды. Бірінші фактор – Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы.
Екінші фактор – еліміздің өткен тарихы мен халықтың бай психологиясы.
Үшінші фактор – Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі.
Төртінші фактор – қазақ халқы ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті.
Бесінші фактор – ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
Алтыншы фактор – Қазақстан елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің ресми бекітілуі.
Жетінші фактор – көпұлтты Қазақстанның арасында татулық пен келісімнің болуы.
Ағылшын тілін
оқыту арқылы мектеп оқушыларының елжандылығының
қалыптасуын әдіснамалық
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің әдіснамалық негіздерін талдау, бұл проблеманың шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің теориясы мен шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің практикасына бөлу арқылы тануға болатынын көрсетті.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің теориясы: шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бағыттарына, мүмкіндіктеріне, құрылымдық бағдарламасына, оны оқыту курсына, кезеңдеріне, әдістер жүйесіне, формаларына, нәтижелеріне, проблеманы шешудің моделі мен көрсеткіштеріне байланысты танылатындығы айқындалды.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің практикасы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу бағдарламасынан, әдістемелік құралдарынан, әдістемелік нұсқауларынан құралатындағы танылды. Сонымен қатар оқушылардың елжандылық білімін, танымдық іс-әрекеттерін, тәрбие нәтижесін талдау іс-әрекеттерін білдіреді.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бағыттары мен мазмұны ретінде мыналар танылады: еліміздің өткен тарихы мен халықтың психологиясы Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы; Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі; қазақ халқының өз ұрпағын елжандылыққа тәрбиелей алу қасиеті; ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дастан, жырлар, қазақ даласының ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, жыршы Асан Қайғы, Бұхар жырау, Исатай мен Махамбет, кейінгі қазақ зиялыларының шығармалары арқылы бүгінгі ұрпаққа еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті дәріптеп, зерделеу; XIX ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген ғалымдардың “түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі” деп бағалауын халықтың тілі халықтың ой-пікірлерінің айнасы елдің бірлігі қасиеттерінің айнасы ретінде танылуы; Қазақстанның көпұлттары арасында татулық пен келісімнің болуы; Елбасы өзінің жолдауында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтуі; қазіргі кезде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға талапты күшейтіп жатқан шақта, мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы этносаралық келісім, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына жауаптылығы; Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттар мен ұлыстар да қоғам алдында өз жауапкершілігін сезінуі; елжанды қоғам мүшесі басқаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар тұлғалық сипаттамалармен даралануы; елжанды адамның жеке тұлғалық сапасының өзіндік көріністері болу керектігімен сипатталуы.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің нәтижелері ретінде есептейтініміз: елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы, елжандылық сипаттағы ағылшын тілі пәнінің мазмұнын эмоционалдық сезіммен қажетсінуі; елжандылық сипаттағы ағылшын тілінің елжандылық қасиеттерді қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінуі; ағылшын тіліндегі елжандылыққа баулитын бейнелерге қызығушылығы және аялы көзқарасы; ағылшын тіліндегі мәдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы; ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық мүмкіндіктерін білуі және түсінуі; елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі объектілердің мазмұнымен таныс болуы; ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұндағы бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін көре, түсіне білуі; бейнелердің ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұнына талдау бере білуі; ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы; елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі шығармаларды талдағанда өзінің елжандылық көзқарасын көрсете білуі; ағылшын тіліндегі елжандылық көріністерді дәлелді әңгімелей білуі, оған деген өз ойын жеткізе білуі.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің принциптері ретінде: оқу-тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы; оқытудың мақсаттылық принципі; түсініктілік принципі; ғылымилық принцип; саналылық пен белсенділік принципі; беріктік принципі; дидактикалық жүйелілік принципі; көрнекілік принципі; тәрбиелеп оқыту принциптері саналады.
Шет тілін оқытуды елжандылық тәрбие берумен ұштастыра жүргізуі үшін педагогтардың басшылыққа алатын шарттарымен анықталады.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттарына жататындар:
Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бірінші шарты - шет тілін оқыту арқылы салалық тәрбие берудің теориясы мен практикасына, мазмұнына, әдістеріне оларды өзара бірлік негізінде қарастыру, ағылшын тілін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын меңгертудің оңтайлы жұмыс түрлеріне сараптама жасау олардың қоғамдық-тарихи объективті қажеттілігін ұғынуға байланысты екендігін және оны қоғамдық, педагогикалық мұрат, деңгейіне көтергенде игілікті нәтиже беретіндігіне көз жеткізілді.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің екінші шарты - оқушыларға елжандылық тәрбие беру жұмысының мақсаты мен міндетін нақты ұғынуы тиіс. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес елжандылық тәрбие берудің мазмұны, оқыту тәсілдері таңдалып, сабақ барысында және сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралардың түрлері айқындалды.
Информация о работе Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу