Шамаларды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 10:34, курсовая работа

Описание работы

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа педагогикалық технология
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы
2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында
2.2. Шама ұғымы туралы түсінік
2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру
2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі
2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру
2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
2.4. 1-4 сыныптарға арналған «Математика» оқу бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама
2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама
2.4.2. «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі
2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар
2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VІ. Қосымша материалдар

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 434.00 Кб (Скачать)

Сағат және минутпен танысқан соң, балалар мына мәнерлермен «он жарым», «оннан бір ширек асты», «11-ге бір ширек қалды», т.б. кездесіп отырады. Мұны көрнекілік ретінде ұсынсақ суреттегі сағат 2 вертикаль сызғыш жүргіземіз. Бұл оның ширегін білдіреді. Енді оқушылардың есептеуіне оңай соғады. Уақыт өлшемін қортындылау үшін жеткілікті есептер шығарылуы тиіс.

2 сынып оқушылары тағы 2 уақыт өлшемімен ғасыр (жүз  жыл) және секунтпен таныс болады. Сонымен жыл айыры уақытпен өлшем тәсілдері туралы мәліметтер береміз. Сынып арасында түрлі жолмен айтылатын тәуліктің екінші мезетін білдіретін мына (қазіргі сағат күндізгі үш және қазір сағат он бес сияқты дайындық жаттығулар жүргізіледі). Ғасыр ұғымы балаларға қиын соғып бірте-бірте әр түрлі тарихи оқиғалармен танысу процессінде іске асады. Ғасыр - қарастырылатын уақыт ішіндегі ең ірісі, 100 жылдық уақыт кесіндісінің ұзақтығы жөнінде балалар өздерінің жасын, жақын адамдардың жасын салыстыра отырып түсініп алады. Көрнекі үшін милиметрмен қағазға, 1 милиметрді 1 жылға тең деп оған сәйкес кесінділер сызып көрсетуге болады.

Уақыт бірліктері жүйесі жөнінде берілетін білімдер кеңейтіле түседі. Балалар негізгі өлшеу бірліктері тәулік жөне жыл болып табылатынын, тәулік жердің өз осінен толық бір айналып шығуға кететін уақыт, ал жыл жердің күнді толық бір айналып шығуға кететін уақыт екенін түсіндіреді. Басқалары осы негізгі бірліктердің пайда болған. Оқушылар мұғалім басшылығымен уақыт бірліктерінің кестесін жасайды.

1 ғасыр    - 100 жыл.

1 жыл      - 365 немесе 366 күн.

1 жыл      - 12 ай, 1 апта - 7 күн.

1 тәулік   - 24 сағат, 1 сағат - 60 минут - 360 секунд.

1 минут   - 60 секунд.

 

Уақыт өлшеу жүйесі өлшеудің метрлік жүйесінен бір шама, мұнда  уақыт бірліктері арасындағы қатыстар 10,100 және т.с.с. сандарға байланысты емес. Мәселен: сағат, минут, секунд бірліктері 60 саны мен байланысты. Бір жылда 365 немесе 366 тәулік болады. Өйткені жылдық ақпан айында 28 немесе 29 тәулік болады. Демек тәулік ақпан айының 1/28 немесе 1/29 үлесі. 2 сыныпта уақыт бірліктерін айналдыруға, оларды салыстыруға арналған жаттығулармен есептер шығарады.  2 сыныпта уақыт өлшеуге деформацияланған жаттығулар, оларды түрлендіру және уақытқа берілген есептер қарастырылады.[26]

 

 

 

 

 

 

 

2.4. 1-4 сыныптарға  арналған математика бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама

2.4.1. Шамаларды  оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама

 

     Оқытудың бірінші циклы бойынша (1-2 сыныптар) «Математика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама.

Оқытудың бірінші сатысында  ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық сиқты  шамалар, ұзындықтың (сантиметр, дециметр, метр), массаның (килограмм), сыйымдылықтың (литр), уақыттың (сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, мүшел) өлшем брліктері оқытылады. Оқушылар шамаларды өлшеуге үйренеді, ұзындықтың, массаның, уақыттың өлшем бірліктері арақатынасынан меңгереді. Есептерді шығару мен тапсырмаларды орындау барасында шаманың мәнін салыстыру және қосу мен азайту жүзеге асырылды.

  Шамалар және оларға арифметикалық  амалдар қолдану сандар және  оларға амалдар қолданумен қатар  оқытылып-үйретіледі. Бұл ондық санау жүйесін игеруге және шамалардың өлшем бірліктері арасындағы қатынасты игеруге негіз болады.

   Оқытудың екінші циклы (3-4 сыныптар) бойынша «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнының тарауларына сипаттама.

  3-сыныптағы жай есептің жаңа түрі шамалар арасындағы тәуелділікке (баға, сан, құн, бір заттың массасы, заттың саны, барлық заттың массасы және т.б.) негізделгенесептер болып табылады. 4-сыныпта жай есептің жаңа түрі жылдамдық, уақыт, қашықтық сияқты шамалар арасындағы тәуелділікке негізделген бір амалмен шығыралатын есептер болып табылады. Олардың арасындағы тәуелділік оқытылып-үйретіледі, « жақындау жылдамдығы» және «алыстау жылдамдығы» ұғымдырымен таныстырылады. Осы мақсатпен кері есептер құрастыру, есептерді салыстыру және түрлендіру қарастырылады.

    Оқытудың екінші циклында негізгі шамалармен таныстыру жалғастырылады. 3 жне 4-сыныптарда қарастырылған сандар аймағына сәйкес жаа өлшем бірліктері оқытылады. шамаларлы оқытып-үйрету геометриялық материалдарды енгізумен тығыз байланысты. Ұзындықтың өлшем бірліктерін оқытуда кесіндінің ұзындығын өлшеу, сынық сызықтың ұзындығын көпбұрыштардың периметрін есептеп табу жүзеге асырылды.

     «Жылдамдық», «еңбек өнімділігі», «баға» және т.б. жаңадан енгізілетіг ұғымдар болып табылады. шамалар арасындға тәуелділік (бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстағы жылдамдық, уақыт және қашықтық; заттың бағасы, саны, құны; жұмыс, еңбек өнімділігі және жұмыс уақыты арасындға! есептерді шешу барысында еңбек өнімділігі және жұмыс уақыты арасындағы) есептерді шешу барасында меңгеріледі. Егер 1-2 сыныптарда шамаларды қосу және азайту орындал,ан болса, осы сатыда шаманы санға көбейту және бөлу қосылады. Есептерді шешу барысында шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындалады.

   Шамалардың бірліктерін түрлендіру шамалардың мәні бойынша үлесін табу және үлесі бойынша шаманың мәнін байланыстырылады. Осы мақсатпен санның (шаманың) үлесін табу және үлесі бойынша санды (шаманы) табумен байланысты есептер шығару ұсынылады.[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.2. «Шамалар  және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары  көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі

Р/с

Сы

нып

Апта

лық сағат саны

Жылдық са

ғат саны

«Шамалар және оларды өлшеу» тарауына берілген сағат

Базалық мазмұны бойынша  қарастырылған тақырыптар

1

1

4

136

12

Сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде. шамалар (ұзындық, уақыт) туралы түсінік. Заттарды ұзындығына қарай  салыстыру. Шартты өлшеуіштің көмегімен  ұзындықты өлшеу. Ұзындықты және уақытты өлшеу. Сантиметр. Сағат. Дециметр және оның сантиметрмен арақытанасы.

2

2

4

136

10

Ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық. Ұзындықтың өлшем бірліктері (сантиметр, дециметр, метр), өлшем бірлігі (килограмм), сыйымдылықтың өлшем бірлігі (литр), уақыттың өлшем бірліктері (сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, мүшел).

3

3

5

170

18

Шамалар, оларды өлшеу  және салыстыру. Ұзындықтың өлшем бірлігі  миллиметр (мм). Ұсағырақ бірілктен  әлдеқайда ірі бірлікке, және керісінше, ірірек бірліктен шамалардың үлестері. Үлестерді салыстыру, сандар мен  шамалардың үлестерін табу. үлесі бойынша санды (шаманы) табу.

4

4

5

170

10+18

Шамалрдың мәндеріне  арифметикалық амалдар қолдану. Шамалардың (ұзындық масса, уақыт, сыйысдылық) өлшем бірліктерін түрлендіру. Шамалар, шамалардың бірілктері (км, грамм, тонна) және олардың арақатынасы. Шамалардың бірілктерін түрлендіру және оның шаманың мәні бойынша үлесін және үлесі бойынша шаманың мәнін табумен байланысы. Шамалар арасындағы (бір қалыпты қозғалыстағы жылдамдық, уақыт және қашықтық; заттың бағасы, саны және құны; жұмыс, еңбек өндірісі және жұмыс уақыты және т.б.) тәуелділік. Шамалар бірілктерінің арақатынасы (жылдамдық, баға, сан, өндіріжәне т.б.).

    «Қайталау.  Білімді жүйеге келтіру және  кеңейту» тарауы бойынша: Шамалар.  Шамалардың бірліктері. Ондық санау  жүйесі мен шамаларды өлшеудің  метрлік жүйесі арасындағы байланыс. Шамалардың бірілктерінің кестесі. Шамалардың біріліктерін түрлендіру тақырыптары қаралады.[4]


 

 

 

 

 

 

2.4.3. Шамаларды  оқытуда сыныптар  бойынша білім,  білік және  дағдыларға қойылатын талаптар

1-сыныптың  соңына қарай оқушының білім, білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар

Түсінігі болуы  тиіс:

-шамалар (ұзындық,  масса) және оларды өлшеу жайлы;

Білуі тиіс:

-шамаоардың атаулары  мен олардың өлшем белгіленуін  (см, дм, м), олардың арақатынасын:

Білігі болуы  тиіс:

-сандар мен шамаларды салыстыру;

-сағат бойынша бір  сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты  анықтау;

-сантиметрмен және  дециметрмен ұзындықты өлшеуді  орындау;

-сызғыштың көмегімен  заттардың және кесіндінің ұзындығын  өлшеу;

2-сыныптың  соңына қарай оқушының білім,  білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар

Түсінігі болуы  тиіс:

-шамалар (ұзындық,  масса, сыйымдылық, уақыт) және  оларды өлшеу туралы;

Білуі тиіс:

-шамалардың атауларын,  және олардың қлшем бірліктерін,  сондай-ақ олардың негізгі арақатынастарын:

-ұзындықтың өлшем бірілктерін және олардың белгіленуін


Информация о работе Шамаларды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану