Шамаларды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 10:34, курсовая работа

Описание работы

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа педагогикалық технология
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы
2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында
2.2. Шама ұғымы туралы түсінік
2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру
2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі
2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру
2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
2.4. 1-4 сыныптарға арналған «Математика» оқу бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама
2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама
2.4.2. «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі
2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар
2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VІ. Қосымша материалдар

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 434.00 Кб (Скачать)

Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар  мұндай талапты қанағаттандыра алмайды  сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген  жаңа типтегі оқулықтар қажет.  Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады.  Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта  құруына мүмкіндік береді.  Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда –оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет .

  • Қалайша ?!
  • Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан,  теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды  қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар  «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.  Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып бойынша  заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді.   Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар  келтірсе жеткілікті.   Осындай әңгімелесуші- оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.

      Біздің педагогикалық техналогияны құруға қажетті тұжырымдама,

С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған,  «ойлау барысында ойлау берік объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық,  психологиялық негіз бар»-деген ойыннан алынған.  Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.

   Технологиямыздың  тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория Л.С. Выготскийдің  «оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан  «жақын арадағы даму»  аймағына ауысуы» туралы теориясы.  Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға  ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын  әр түрлі деңгейде қабылдайды.

В.П.Беспалько бұл деңгейлерді  төртке бөледі: Бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық», екінші –«алгоритмдік», үшінші-«эвристикалық» және төртінші –«шығармашылық» деңгейлердегі қабылдау .

Сондықтан да, оқушылардың  білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша,  дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне  арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.  Бұлар әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші –оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.  Қарапайым жаттығу мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

           Бірінші деңгей үшін-игерілгенді пысықтау мен қайталауға,  ережелері мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.

Жоғары деңгейлер үшін-алған  білімдерін өз бетімен қорыту мен  жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Технология бойынша  жүргізілетін оқушылардың өз бетімен  білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз»-делініп, сыналып жатады. Сонда айтатындары: «оқушы осы кезеңде  өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті  көбінесе, қате болады»-дейді.

Мүмкін , дәстүрлі оқу  процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар  бойынша өздігінен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарды жүргізген  кезде солай болса, болған шығар.

Бірақ , оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:

-оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;

- Оқыту проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

- барлық деңгейдегі  тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған  болса, оқушыларда ынталану пайда  болады.  Сондықтан да, жаңа технология бойынша  сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың  сабақтан бас алмайтындығын байқаған.  Олар өзара бәсекелесе отырып  жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус,  математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі  тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады.  Нәтижесінде «екіліктер жойылумен қатар,» «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған

Осы жерде , «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен,  қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуі қажет?»-деген сұрақ туады.  Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.

-  Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар  үлгермеушілерге көмектеседі;

- Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.

- Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда  деңгейлеп оқыту барысындағы  бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?

- Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын  «қабілетті» және «қабілетсіз»  деп жасанды түрде әр түрлі  жіктерге бөлуді болдырмау.  Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.

     Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің , ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын  бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.  Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан  Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді.  Нақтырақ айтсақ :

- барлық оқушылардың  оқу мақсатында 100% қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің  барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда  міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.  Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың   min-талаптарының орындалуына кепілдік береді.

«Есепке алу» жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық.  Себебі ,ол осы деңгейдің  тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді.   «Міндетті» деңгейде толық меңгергеннен кейін  оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша , бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра  отырып, өз қабылетін де жетілдіреді.  Бұл жағдайда жоғары деңгейлік  тапсырмаларды орындау  әр оқушының мақсатына айналады.  [5].

Деңгейлік тапсырмаларды  дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол  деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін-5 ұпай, екінші деңгей үшін-10 ұпай, үшінші деңгей үшін-15 ұпай.

Біздің жағдайда, әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік  жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын  жақсы ұйымдастыруға  және реттеуге мүмкіндік береді.  Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге,  барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді.  Сондықтан да олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары;

- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;

- т. с. с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы  орындай алады.

Осылайша , әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады.  Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабылеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

  Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексеріп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомоста  және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс  дәптерлерінің соңындағы ведомоста  (+)- пен белгілеп отырады.

Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылай отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады.  Бірақ , оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалатын  демеп жіберуге жол беріледі.  Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған  барлық тапсырмалар  жиналған ұпайларды есептеумен аяқталады.

Жинаған ұпайларын оқушылар әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады.   Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен  біртіндеп қосса, график шығады.  Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады.  Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық  бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды  қандай деңгеймен меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.[6]

Тақырыптық бақылау жұмысы  да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі.  Бұл жағдайда  ол бөгде біреудің көмегінсіз  орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдерін тиісті ұпайларын алады.  Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау біз сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз.  Бұл ұпайлар, оқушылардың даму моторингтерінде белгіленеді.

Оқушының даму моторингі, оның жеке басының қабылетіне қарай  тақырып  бойынша игерген білім сапасының  обьективті сипатын көрсетеді.  Осы  жағдайда оқушының даму деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен -өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан,  ол оқушыларға деген  ізгілік қатынасты көрсетеді.

Сонымен, оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайында бағалау процесі арнайы қосу әдісімен жүзеге асырылады.   Бағалау жүйесі негізі болып оқушы білімінің ең төменгі деңгейі алынады және  ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді.  Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.[25]

Бірінші деңгейдегі  барлық дұрыс  және мезгілінде орындалған тапсырмалар  «есеп -зачетқа» алынып  отырады  дедік қой.  «Зачеттің» «екілікте»  айырмашылығы: осы бірінші деңгейдің  «есепке алынбаған» тапсырмаларын қашан «есепке алғанша», міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

 Өзін -өзі  бағалау «қосу»  әдісімен  жүргізілетіндіктен оқушы  бұрынғыдай «екілік» аламын деп  қорықпайды. Оқушыда жоғары ұпай  жинауда ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың саны тікелей тәуелді.

Сонымен :

технологияның принциптері  –оқытуды ізгілендіру мен  демократияландыру  жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен  дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі  жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен;

-  өздігінен оқытудың осындай мақсаттары жүзеге асыру үшін,  білім

- беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат- жаңа технологиясының талаптарына сай  жаңа оқулықтар буынын жазу  болып табылады.   Жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі-қысқа мерзімді ешқандай бейімдеусіз –ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас. [5]

Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы , яғни «Деңгейлеп оқыту технологиясы» еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.Осылардың ішінде барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтанда жаңа технология  бойынша сабақтан бас алмайтындығы байқалған. Олар  өзара бәсекелесе отырып жұмбақ , сөзжұмбақ , ребустар сияқты әртүрлі  тапсырмаларды шешіп , өтіп жатқан тақырыптан  барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде  оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар даму мониторингі де  күннен –күнге жоғарылай түседі. Демек , мұғалім  берген тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру    отырып    және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар , тапсырмалар ауқымы да өсіп , шығармашылыққа ұласады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Деңгейлеп  саралап оқыту технологиясы- математика сабағында

           Оқытудың жаңа технологиясының  бірі – жалпы білім беретін  мектептерде әр пәнді деңгейлік  тапсырмалар арқылы оқыту болып  табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп   оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай  және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге бөліп оқытудың кезінде  оқушылардың тәжірибелік- теориялық  дайындығын , оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық  танымал , сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да  тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

Информация о работе Шамаларды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану