Шамаларды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 10:34, курсовая работа

Описание работы

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа педагогикалық технология
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы
2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында
2.2. Шама ұғымы туралы түсінік
2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру
2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі
2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру
2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
2.4. 1-4 сыныптарға арналған «Математика» оқу бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама
2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама
2.4.2. «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі
2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар
2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VІ. Қосымша материалдар

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 434.00 Кб (Скачать)

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1. Деңгейлеп саралап  оқыту-жаңа педагогикалық технология

2.1.1. Деңгейлеп саралап  оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы

2.1.2. Деңгейлеп саралап  оқыту технологиясы- математика сабағында

2.2. Шама ұғымы туралы түсінік

2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі

2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру

2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі

2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру

2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру

2.4. 1-4 сыныптарға арналған «Математика» оқу бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама

2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама

2.4.2. «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі

2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар  бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар

2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

ІІІ. Тәжірибелік  бөлім

Деңгейлеп саралап оқыту  технологиясына негізделген сабақ  жоспары

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

VІ. Қосымша материалдар

 

 

 

Мазмұны:

І. Кіріспе……………………………………………………………………….…4

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа  педагогикалық технология………….….7

2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту  технологиясының зерттелуі және  дамуы….7

2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында…….17

2.2. Шама ұғымы туралы түсінік………………………………… ... ……........25

2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі……………………......28

2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру……………………………………………………………............28

2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі………………………………………………………………...............33

2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру…..36

2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру….....39

2.4. 1-4 сыныптарға арналған математика бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама……………………………………………………………….42

2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама………………………………………..........42

2.4.2. «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі……………………..........44

2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар  бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар…………………………………………..............................46

2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар …….….....49

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары….....51

ІV. Қорытынды…………………………………………………………………..62

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………...64

VІ. Қосымша материалдар…………………………………….………………...66

 

Кіріспе

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.

Қазіргі заман мұғалімінен тек  өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық білімдік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабыңа сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

    Зерттеу жұмысының өзектілігі

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінде міндетті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, яғни кәсіби дамытуға бағытталған білім алу үшін, қажетті жағдайлар жасау екіндігі .[1]

    Қазақстан Республикасының білім беруді дамутыдың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты-жалпы білім беретін мектептертде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде онын табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу жөнінде айтылған. [2]

    Сонымен қатар мемлекеттік білім беру салысындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мемлекетінде матемитикадан білім берудің мемлекеттік стандартында жеке тұлғанын шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту. Біліктілігі жоғары білімді мамандар даярлауды көздейді. Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдік мақсаты-кіші мектеп жасындағы оқушыны математикалық дамыту, практикалық міндеттерді шешуге қажетті математикалық ұғымдарды, білім мен білікті, іс-әрекет тәсілдерін игерген білімді тұлға қалыптастыру және негізгі мектептің математикасын оқытуға дайындау, математика пәні арқылы түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру. [4]

      Қоғамның қазіргі даму кезіндегі басты мәселелердің бірі мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Қазіргі заман талабына сай білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда қазіргі білім беру салысының алдындағы өзекті мәселелердің бірі-мектеп оқушылыраның математикалық сауаттылығын арттыру болып отыр. Ал оқушылардың математикалық сауаттылығы мен мәдениеттілігі тек берілген білімге оның деңгейі анықтау критерилеріне, тексеру құралына ғана емес, тәсіліне де тәуелді.

   Білім негізі-бастауышта болғандықтан, жоғарғы сыныптағы математикалық білімге негіз болатын маңызды мәселелердің бірі-шамаларды оқыту болып табылады. Осы материалдарды бастауыш сыныпта оқыту кезінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

    Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптың математика сабақтарындағы деңгейлеп саралап оқыту процесі.

     Зерттеу пәні- бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі, педагогика, психология, жаңа педагогикалық техгологиялар арқылы, соның ішінде деңгейліп саралап оқыту технологиясы арқылы, педагогикалық зерттеу әдістері мәселелерімен байланыстыра отырып зерттеу.

      Зерттеу мақсаты:

  • Шамаларды оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау.
  • Ғылыми бағытта ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерді жетілдіре отырып, оқытуды тиімді жоспарлай білетін кәсіби құзіретті қабілетіне ие болу.
  • Жинақталған теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі болашақтағы кәсіби қызметіне қолдану.

Зерттеудің  міндеттері:

    • Таңдап алынған тақырып бойынша әдебиеттерге әдістеме құралдарға, оқулықтарға ғылыми еңбектерге, ақпарат басылымдарына шолу жасау, талдау жұмыстарын жүргізу, қажетті мәліметтерді іріптеу.
    • оқытудың жаңа технологияларының бірі-деңгейлеп саралап оқыту технологиясын математика сабағында, сонын ішінде шамаларды оқытуда қолданудың тиімділігін айқындау.
    • Теориялық білімді тәжірибиемен ұштастыра отырып, шамаларды оқыту әдістемесін жетілдіру.

Зерттеудің  концептуалдық немесе тұжырымдамалық негізі- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 27.7.07 №319 жарлғымен бекітілді, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы 19.03.2010, №957 жарлығымен бекітілді, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 28.01.2011ж.

 

 

 

 

 

2.1. Деңгейлеп саралап  оқыту-жаңа педагогикалық технология

2.1.1. Деңгейлеп  саралап оқыту технологиясының зерттелуі және  дамуы

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде  қалыптасуы барысында орта білім берудің  жүйелі реформалануы қоғамдық  тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.  Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін  технологияландырудың қажеттігінен  туып отыр.   Осыған орай,  соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық  технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.   Атап айтқанда , академик В.М. Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық тәсілі.

         Профессор Ж.А. Қараевтың жұмыстарында  еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:

-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік  дифференциалдау;

- білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру

Принциптеріне негізделген  жаңа педагогикалық  компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:

  • білімді демократияландыруға  және ізгілендіруге;
  • оқыту сапасын арттыруға;
  • басқару тиімділігін жетілдіруге;
  • оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
  • оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.

Бұл жағдайда педагогикалық  технология- компьютерлік техниканың  тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады.   Сондықтан да , бірқатар  мектептерде  жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік –сынақ жұмыстарымыздың  басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады.   Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы .

                        Педагогикалық технология

                                                   Тәжірибеде


                                               


                                                           жүзеге асыру


 +


 

Бұл жерде:Әдістемелік жүйе {Мақсат, мазмұн, әдіс, сабақ түрі, құралдар} Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}

                                                           Тқ

Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгеруін  талап етеді.

Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады

Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);

 Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды орындау.

 Түз.ж. –түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);

 Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);

 Басқ . –педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін -өзі басқарады)

           Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті-  оқыту мақсаты болып қалады.  Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру,   сондықтан  оның өзіндік  танымдылық іс -әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.  Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.

   Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.

        1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып,  іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді.  Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен  айырмашылығы бар.  Демек , біздің жағдайымыздағы  «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы-мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады.  Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

     2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады.  Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады.

  1. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру»

қажет деп отырмыз  ғой.   Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты  да өзгеруді талап етеді.  Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін  жүргізе алатындай құралдар болуы керек

Информация о работе Шамаларды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану