Педагогические идеи А.Кунанбаева и М.Ауезова

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:13, реферат

Описание работы

Цель исследования: выявление и систематизация педагогических идей А.Кунанбаева и М.Ауезова и их созвучность и на этой основе разроботать научно – методические рекомендации.
Предмет исследование: идеи в произведениях А.Кунанбаева, М.Ауезова.
Определена созвучность идей Абая Кунанбаева и Мухтара Ауезова
- выявлены возможности использования педагогических идей А.Кунанбаева и М.Ауезова в воспитании студентов
- составлена методика использования педагогических дисциплины в вузе

Работа содержит 1 файл

madieva.docx

— 68.24 Кб (Скачать)

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі

Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

ӘОЖ 37.013(574) : 894.342                                                                              Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

МАДИЕВА  ЖАНСАЯ  ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ

 

Абай  Құнанбаев,  Мұхтар  Әуезовтің шығармаларындағы  педагогикалық  идеяларының  сабақтастығы

 

 

 

 

 

6М010300 - Педагогика  және  психология  мамандығы  бойынша  педагогика  ғылымдарының  магистрі  академиялық   дәрежесін  алу  үшін  дайындалған диссертацияның

 

 

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми  жетекшісі:

п.ғ.д., профессор Б.К.Момынбаев 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда,  2012жыл

 

 

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің «Психология» кафедрасында орындалды.

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                              педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                 профессор Б.К.Момынбаев

 

 

 

 

 

          Ресми  оппонент:                            педагогика ғылымдарының кандидаты,

                                                                         Г.Ә.Бахрамова            

 
 
   

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

            

 

Қорғау өткізіледі:                                                             

Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінде қорғалады 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестілігі: Тәуелсіз  ел  болғалы  ғылым,  мәдениет  салаларында  жасалып  жатқан  игі  шаралардың  барлығы  жастарға  жалпыадамзаттық  және  жеке  ұлттық  игіліктер негізінде  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  неғұрлым  жоғары  жоғары  деңгейге  көтеруге  ықпал  етуде.

Қазақстан  халқына  жолдауында  президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Еліміздің  сан  ғасырлық  дәстүрін,  тілін,  мәдениеті мен  тарихын  сақтай  отырып,  әлемнің  бәсекеге  барынша  қабілетті  50-елдің  қатарына кіруге  қадам  басуы  жолында  дамып  келе  жатқанын  атап  көрсетті» [1] Осыған  байланысты өз  халқымыздың  тарихи  тәжірибесіне  сүйену  егемендікке  қол  жеткізген  тәуелсіз  елдің  өміріндегі  заңды  құбылыс  деп  білеміз.

Қазіргі  кезде  қоғамдық  өмірдің  демократияландыру  және ізгілендіру  жағдайында  ұлттық  ерекшелігімізді  айқындайтын  рухани  мәдениетімізді  жетілдіру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Сондықтан  отты  тарихымыздың   шынайы  бейнесін  жасау-жалпы  ұлттық  бірлігіміздің,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  байланысын  қалыптастырудуң  егемендігін  нығайтудың  азаматтық  пен  отаншылдықты,  ұлттық  сананы  тәрбиелеудің  ең  басты  факторларының  бірі. 

Тәуелсіздік  туын  тіккен  жас  мемлекетіміздің  болашағына  тұтқа  болар  білімді  де  білгір,  білікті  азаматтар  даярлау-бүгінгі  күннің  келелі  мақсаттарының  бірі.  Сондықтанда  мектептердегі   оқу, тәлім-тәрбие  жұмыстары  мен  педагогикалық  ғылым  жүйесінде  бұрынна  жинақталған  мол  тәжірибелердің  тиімді  жақтарын  сұрыптай  пайдалану -  оқу  орындарының  басты  міндеттерінің  бірі.

Қазақ  педагогикасындағы   ірі  тұлғалардың  бірі  Абай Құнанбаев,  оның  ізін  жалғастырушы  Мұхтар Әуезовте   өзінің  қара  сөздері  мен  өлеңдері,  эпостық  шығармалары  арқылы,  жас  ұрпаққа  мол  тәлім-тәрбие  қалдырған.  ХІХғасырдың  аяғы  мен  ХХғасырдың  бас  кезінде  өмір  сүріп,  қазақтың  қоғамдық,  әлеуметтік,  рухани,  мәдени,  әдеби  өміріне  белсене  араласып,  гуманистік,  адамгершіліктік,  демократиялық,  педагогикалық  идеяларды  уағыздаған.  Екеуі де  әдебиет  тарихы,  қазақ  тарихы  мен  мәдениетіне  көп  көңіл  бөлген.

Жалпы  Абай Құнанбаев,  Мұхтар  Әуезов  шығармаларын  философиялық,  педагогикалық,  психологиялық,  әдебиеттанудағы  маңызына  байланысты  Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ғ.Есім, Х.Досмұхаммедұлы,  М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұханов,  Қ.Мұхамедханов, К.Оразалин, Т.Тәжібаев  зерттеулерін  т.б.  еңбектерді  айтуға  болады.  «Абайдың ақындық  мектебі»  туралы  ғылыми  тұрғыда  кеңінен  қарастырып  тоқталған  М.Әуезов  болды.

Абай Құнанбаев,  Мұхтар Әуезов  шығармаларындағы  дидактикалық  ой-пікірлердің  ерекшеліктеріне  байланысты  кейбір  пікірлерді  А.Айтбаева,  Н.Алдабек,  Н.Берікұлы,  А.Бейсенбаева,  Ә.Балтабай,  А.Н.Ильясовова,  Ә.Қоңыратбаев,  Ж.Б.Сәдірменов,  І.Р.Халитовалардың  ғылыми-зерттеулері  мен  мақалаларынан  көруге  болады.

Абай Құнанбаев,  Мұхтар  Әуезов  шығармаларындағы  сабақтастығы,  педагогикалық  көзқарастар,  педагогикадағы  этномәдени  тәлім-тәрбие  тұрғысынан  қарастырып,  олардың  барлық  мұраларын   тұтас  қамтуға  тырыстық.  Қазақ  халқының  мақтанышына  айналған  екі  алып  тұлғамыздың  армандары  олардың  педагогикалық  идеяларының  біріктіретін  ортақ  күш:  ағартушылық,  өз  елін,  халқын  сауаттандыру,  қазақ  балаларының  көзі  ашық,  көкірегі  ояу етіп,  басқа  елдермен  тең  ету  еді. Абайдың  қарасөздері  қазақ  философиясында  негізгі  түрткі  болса,  Мұхтар Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман  эпопеясы  қазақ  елін  бүкіл  әлемге  әйгілі  етті.  «Абай  жолы»  роман  эпопеясы  Абайдың  қазақ  әдебиетін,  педагогикалық  идеяларын,  ұлттық  тәлім-тәрбиесі,  шығармаларының  үндестігі  болашақ  ұрпаққа  берер, өнегесі  мол  екендігін  дисертациямыздың  басты  мәселесі  екендігін  айқындаймыз.

Абай Құнанбаев  пен Мұхтар  Әуезовтің  педагогикалық  идеяларының  сабақтастығын  педагогикалық  білім  беру  аймағында  қолданылмауы,  ұлы  ғұламалардың  мұраларының  өзара  байланысын,  үндестігін  жоғары  мектептерде  сабақтастық  негізінде  пайдалану  барысында  Абай Құнанбаев  пен  Мұхтар  Әуезовтің  педагогикалық  идеяларын  сабақтастыра   оқу,  тәлім-тәрбие  үрдісінде  қолдануға  жаңаша  жол  ашылды.

Абай Құнанбаев  пен  Мұхтар Әуезов  шығармалары  туралы,  тұлғаны  тәрбиелеудегі  педагогикалық  ойларының  басты  идеясы толық  адам тәрбиелеу,  адамгершілік-этикалық  көзқарастары  ақынның  дидактикалық  идеялары  оқу,  ғылым  іздеу,  өнерге  ұмтылу  секілді  тұжырымдарын  мүмкіндігімізше  терең  зерттеп,  педагогикалық  пәндерді  оқытуда  тиімді  пайдаланудың  жолдарын  қарастырамыз.

Зерттеудің мақсаты:  Абай Құнанбаев,  Мұхтар  Әуезовтің педагогикалық идеяларындағы   ғылыми-педагогикалық,  ұлттық  тәлім-тәрбиелік пікірлерді  жүйелеп,  сабақтастыра  отырып,  оқу, тәлім-тәрбие  үрдісіне  ендіру.

Зерттеу нысаны:  Жоғары  оқу  орындарындағы  оқу, тәлім-тәрбие  үрдісі.

Зерттеу пәні: Абай Құнанбаев пен Мұхтар  Әуезов  шығармаларындағы «қара сөздері мен өлеңдері»,  «Абай жолы», «Әдебиет  тарихы» педагогикалық идеялардың  сабақтастығын оқу, тәлім-тәрбие  үрдісінде пайдалану.

Зерттеу  міндеттері:

  • А.Құнанбаев,  М.Әуезовтің  шығармаларындағы  оның  ішінде «қара  сөздері  мен  өлеңдері»,  «Абай  жолы»  роман  эпопеясындағы  рухани-адамгершілік  құндылықтары  мен  қоғамдық  әлеуметтік  көзқарастарын  айқындау;
  • А.Құнанбаев,  М.Әуезов  шығармаларындағы  философиялық,  педагогикалық,  педагогикалық,  психологиялық,  ағартушылық,  діни және  гуманистік  ой-пікірлерін  талдап,  болашақ  жастарды  рухани  адамгершілікке  тәрбиелеу;
  • А.Құнанбаев,  М.Әуезов  педагогикалық  шығармаларындағы  «қарасөздері  мен  өлеңдері»,  «Абай  жолы», «әдебиет  тарихы» т.б.  идеяларындағы  сабақтастығын  жүйелі  әрі  мазмұнды  етіп  құру.

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  егер, ғұламаларымыз  А. Құнанбаев,  М.Әуезовтің   шығармаларындағы   ұлттық  тәлім-тәрбиелік  идеяларының  сабақтастығы   ғылыми  педагогикалық  тұрғыдан  негізделсе,  жоғары  оқу  орындарының  оқу,  тәлім-тәрбие  үрдісіне  енгізілсе,  онда  бұл  үдеріс  қазіргі  тәлім-тәрбиелік  жұмыстардың  тиімділігіне  септігін  тигізеді,  себебі  дүниетанымы  қалыптасқан,  педагогикалық  білімі  терең  және  ой-өрісі  кең  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға, болашақ  педагогтардың  кәсіби  дайындығында оқытуды  тиімді  ұйымдастыруға  болады. 

Зерттеудің  жетекші  идеясы: Абай  Құнанбаев,  Мұхтар  Әуезов  шығармаларындағы  педагогикалық  идеялардың  сабақтастығын  оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісінде   жүйелі  енгізілгенде,  мұраларындағы  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлердің  педагогиканың  теориясындағы  алатын  орнын  көрсету.

Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық  негізі: Абай  Құнанбаев,  Мұхтар  Әуезовтің философиялық,  психологиялық,  педагогикалық ой-пікірлері,  отандық және  шетел педагогтары мен әдіскер ғалымдарының  зерттеу мәселесіне   қатысты іргелі  еңбектері,  Қазақстан Республикасы  Білім туралы  Заңы,  білім беру  тұжырымдары мен бағдарламалары.

Зерттеудің  әдістері:  Зерттеу мәселесіне  байланысты  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық ой-пікірлер,  әдістемелік әдебиеттер  тақырып бойынша теориялық талдап,  А.Құнанбаев,  М.Әуезов  «қарасөздері  мен өлеңдері»,  «Абай жолы» роман эпопеясы   педагогикалық шығармаларындағы  рухани-идеялар оқу тәлім-тәрбие  процесіне енгізудің әдістемесі,  тексеру жұмысын ұйымдастыру және  нәтижесіне  баға  беру, жіктеу,  топтастыру,  қорыту.

Зерттеу  көздері:

Мемлекеттік  ресми  материалдары  (заңдар,  қаулылар,  және т.б.) Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министірлігінің  құжаттары  (тұжырымдамалар,  бағдарламалар т.б.);

А.Құнанбаев,  М.Әуезовтің  педагогикалық  шығармшылық  мұралары  мен  ғылыми  еңбектері;

Зерттеліп  отырған  проблема  бойынша   философиялық,  психологиялық,  педагогикалық,  мәдени-тарихи,  әдеби  деректер,  мерзімдік  басылым  ақпараттары.

Зерттеу  кезеңдері : 

Бірінші  кезеңде  (2010-2011жж)  зертеу  мәселесі  бойынша  ғылыми  зерттеулер  мен  педагогикалық,  психологиялық,  философиялық,  әдебиеттерге  талдау  жасалып,  тақырыптың  зерттелу  деңгейі  қарастырылды.  Абай Құнанбаев  пен  Мұхтар  Әуезовтің  педагогикасы  туралы  ғылыми  материалдар   сұрыпталды.

Екінші  кезеңде (2011-2012жж)  Абай  Құнанбаев,  Мұхтар Әуезовтің  педагогикалық  ой-пікірлерін  жоғары  оқу  орнының  оқу, тәлім-тәрбие  процесінде  жүзеге  асырудың  теориялық  бағдарламасы  жасалды.  Жүргізілген  жұмыстың  нәтижесін  қорытындылау,  дисертацияның  әдеби  даярлығы  аяқталды.

Зерттеудің  жаңалығы  және  теориялық  мәнділігі:

Педагогика  ғылымының  әдіснамасына  Абай Құнанбаев,  Мұхтар Әуезовтің  педагогикалық  идеяларындағы  сабақтастық  проблемаларын  шешудің  теориялық  негіздері  айқындалды.

Абай Құнанбаев,  Мұхтар Әуезов  шығармаларындағы  педагогикалық  идеяларындағы  және  оның  студенттерді  тәрбиелеу  мүмкіншіліктері  анықталды.

Абай Құнанбаев,  Мұхтар Әуезовтің  педагогикалық  мұралары  негізінде  оқу  сабақтарында  жоғары  мектептердің  педагогикалық  пәндерді  оқыту  процесіне  енгізудің  мазмұны  мен  әдістемесі  жасалынды.

Зерттеудің  практикалық  мәнділігі:

Зерттеу  жұмысының  нәтижелерін  Абай  мен  Мұхтардың  ғылыми-әдеби  мұрасын, студенттерді оқытуда  пайдалану  жолдары  көрсетуге  болады.

Ғұламалардың  мұрасын  жоғары  оқу  орындарында  оқытушылар  үшін  арнайы  курс  бағдарламалары  жасалып,  оқу-тәрбие  үрдісінде  енгізілді.

Жоғары  оқу  орындарында  педагогика  және  психология  пәндерінде оқытуда  педагог  кадрларды  даярлау,  білім,  білік,  дағдыларын  жетілдіру  мақсатында  пайдалануға  болады.

Зерттеудің  базасы: Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университеті. 

Дисертацияның  құрылымы:  Диссертация кіріспеден,  екі тараудан,  қорытындыдан,  пайдаланған деректерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі  бөлім 

Тәуелсіз  ел   болғалы  ғылым,  мәдениет салаларында  жасалып  жатқан  игі  шаралардың  барлығы  жастарға  жалпыадамзаттық  жеке  ұлттық  игіліктер  негізінде  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  неғұрлым  жоғары  деңгейге  көтеруге  ықпал  етуде.  Тәуелсіздікке  ие  болған  20-жыл  ішінде  Қазақстан  мемлекеті  жаңа  деңгейге  көтеріліп,  өзгермелі  әлеуметтік  жағдайда  жаңа  Қазақстандық  қоғам дүниеге  келді.

Қоғамның тарихи даму кезеңінде  өткен дәуірден бізге жеткен мәдени, әдеби мұралардың өсіп өніп келе жатқан болашақ ұрпақты оқыту мен  тәрбиелеуге ықпалын тигізетін  мүмкіндіктерін зерттеп, тәлім-тәрбие ісінде пайдалану бүгінгі заман  талабы. Осыған орай, қазақ халқының ғұламаларының тәлім-тәрбиелік мұраларын  жан-жақты зерттеп  зерделеп,  игеруге  үлкен  жол  ашылып,  жаңа міндеттер қойылып отыр. Сондықтан  да Абай  Құнанбаев  пен Мұхтар  Әуезов мұраларындағы педагогикалық  ойларды оқу-тәрбие процесіне әлі  де болса ендірілмей келе жатқаны, сонымен  бірге педагогика, психология оқулықтарынан  тиісті орын ала алмай келе жатқанын  зерттеу жұмыстарының барысында  байқадық.

Информация о работе Педагогические идеи А.Кунанбаева и М.Ауезова