Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 15:37, курсовая работа
Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Кіріспе.........................................................................................................................................3-4
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
1.1 Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
1.2 Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
1.3 Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20
2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34
Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40
Білу беделділігі көмек беделділігіне әкеледі. Әрбір баланың өмірінде не істерін білмейтін жағдайлар орын алып, кеңес және көмек қажетсінеді. Мүмкін ол ата-аналарынан көмек сұрамаса да, олар өздері көмек көрсетуі тиіс.
Жиі бұл көмек жәй кеңес беру арқылы көрсетілуі мүмкін, кейде әзіл ретінде, кейде міндеттеу, кейде бұйрық арқылы. Егер сіз өз балаңыздың өмірі жайлы білсеңіз, сіз қалай істегенде дұрыс болатынын білесіз. Жиі бұл көмек ерекше әдіс ретінде көрсетіледі. Не болмаса бала ойынына қатысу арқылы, немесе балаларды достарымен танысуы арқылы, не болмаса мектепке барып мұғалімдермен сөйлесу арқылы.
Кей кезде балаға қиын жағдайдан шығуына мүмкіндік беруі керек. Ол қиыншылықтардың бетін қайтарып өз мәселелерін өзі шешуге үйренуі керек. Бірақ, бала қандай да бір мәселені қалай шешіп жатқанын біліп отыруы керек, ол шатасып дағдарыс жағдайына ұшырауын болдырмаған жөн.
Балалар мен ата-аналардың қатынасының ата-аналар беделділігіне әсер ететін тағы бір ерекшелігін атап өткен жөн. Ата-аналар өз балаларына анағұрлым жақын болуы керек. Алайда, шексіз жақындықты болдырмау тиіс, жақындық та болуы керек, бірақ соған қоса алшақтық та болуы керек. Балаға ешқандай ара-қашықтық салмай тығыз жақындауға болмайды. Аса ашық әңгімелерді, мысалы: жыныстық қатынас туралы әңгімелерді болдырмау керек, кейбір сұрақтар бойынша ұяңшылдық сақталуы тиіс. Әйтпесе, ата-аналар балаларының досы немесе құрбысы болып кетіп, оларда беделдің болмауы мүмкін. Ара-қашықтық сезімін алғашқы күндерден-ақ тәрбиелеу керек. А.С.Макаренко былай деп жазған: егер бала 3 жасынан бастап сізді әлдебір жоғары ағза өзіне қатысты беделді етіп санаса, ол әрбір сөзді қуаныш пен үмітпен тындайды.
Отбасындағы режімді ұйымдастыру.
Отбасының педагогикалық мақсаты өмірін ұйымдастырудың маңызды құралы-режім болып табылады. Бүгінгі таңда режімделген инициатива, индивидуалдылықтан айырылған балалар бұлжытпайтын орындаушылар, өз позициясын таңдай алмайтын адам болып шықпай ма?
Белгіленген режім балаға тәрбие әсерінің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Отбасылық режім түрлі жағдайларда бірдей болуы мүмкін емес. Балалардың қабілеттілігін олардың психологиялық ерекшелігін, отбасының материалдық жағдайын есепке алуы керек. Кішкентай балаларға қатысты пайдалы режім, ересек балаларға зиянын тигізуі мүмкін. Режім деп - әлдебір тұрақты, өзгрмейтін нәрсені түсінуге болмайды. Режім-белгілі бір кезеңдегі тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Режім берілген отбасы үшін мақсатқа сай болуы тиіс, ол ақыл-ойға сыйымды ережелер сипатында болуы тиіс.
Режімді әрдайым ұстану қажет. Ата-аналардың қандай да бір ережелерді ұстану талаптары тұрақты болуы тиіс. Отбасында режімнің бұзылуы міндетті түрде назарсыз қалмайтындай тәртіп орнауы тиіс. Қандай да бір ережені орындамау орнатылған режімге немқұрайлы қарауды білдіреді, бұндай бастаның орын алуы кейіннен баланың ата-анасына тура қастық формасына айналуы мүмкін. Режимде отбасы өмірінің түрлі аспектілерін ұйымдастыру бойынша ережелер орнауы тиіс: баланың ұйықытау уақыты, тазалық сақтау, дем алу, жұмыс уақытын белгілеу және т.б.
Ата-ана махаббатының типтері. (А.С. Спиваковская)
Махаббаттың және қабылдамаудың типтері | Мінез-құлық және қабылдамаудың ерекшеліктері | Ата-ана мінез-құлқы | Ата-ана ұраны |
Әрекеттік махаббат | Симпатия Сыйласымдылық жақын қарым-қатынас | Ата-ананың баланы қабылдауы, оған қызығушылығы мен зейінін бөлу, оны сыйлап құқықтарын мойындау, үнемі көмекке келу дайындығы. | Мен өз баламды қандай болса да, жақсы көремін, ол бәрінен де жақсы. |
Шектелген махаббат | Симпатия Сыйласымдылық | Баланы қабылдау көңіл бөлудің жеткіліксіздігі бірігіп әрекет етуден көмектің болмауы. | “Менің балам керемет, бірақ оны тәрбиелеуге менің қолым тимейді” |
Әрекеттік алущылық | Симпатия Сыйласымдылық | Баланы қабылдау оған сенімсіздік білдіру, шектен тыс қамқорлық көрсету. | “Менің балам керемет ақылды болмаса да, ол менің балам мен оны жақсы көремін” |
Кешірімшілдік, қабылдамау | Симпатия Сыйласымдылық | Баланы қабылдау шектелу, баланың дұрыс дамымауын оның ауруы мен | Ауру екеніне менің балам кінәлі емес, оның өзіндік себептері бар.
|
Мүлдем қабылдау | Антипатия Сыйласымның болмауы, ара-қашықтық | Баланы қабылдамау, қарым-қатынасқа шектеу қою, бақылаусыздық, ерегесу. | Мен өз баламды жақсы көрмеймін және онымн ешқандай әрекет жасағым келмейді. |
Жек көру | Антипатия Сыйласымдылықтың болмауы, жақындық | Баланы қабылдамау, шектен тыс бақылау қою, жазалау ата-ананың тәрбиесін тыйым салу жүйесіне айналдыру | Мен баламның осынша жаман болғанына азап шегемін |
Соңынан қалмау | Антипатия Сыйласымдылықтың болуы, жақындық | Баланы қабылдамау, жиі бақылау, жазалауды қолдану, мақтаудың болмауы, қатыгез қарым-қатынас. | Менің балам онбаған және менбұны дәлелдей аламын |
Мүлдем бас тарту | Антипатия Сыйласымдылықтың болмауы, ара-қашықтық | Баланы қабыдамау, бақылаусыздық, бетімен жіберу. | Мен бұл адаммен ешқандай қарым-қатынас жасағым келмейді. |
Отбасылық құрылымдылық принципі бүгінгі таңда елімізде жанұяда бір баласы бар немесе ата-анасының біреуінің жоқ жанұялар (көбінесе әкесі жоқ). Толық емес отбасы жағдайында әкесі немесе шешесінің болмауытәрбие мәселесін бірнеше есе қиындатады. А.С.Макаренко жалғыз баланы тәрбиелеудің қауіптілігі мен қиындығы туралы өте табанды ескерткен. “Мен тек ата-аналық бақытты ғана емес, сонымен қатар баланың сәттіліктерін бұзатын разнузданный эгоизм кездескеннің өзінде, ол тіпті ерекше жалғыз ұл немесе қыз болған. Егер аға не апай, бауыр, іні, сіңілі, қарындас болмаса – сәйкес қамқорлық тәжірибесі, махаббат пен көмектің, еліктеудің, құрметтеудің ақыры жалпы қуаныш пен уайымды бөлісу тәжірибесі жоқ деген сөз. Сондықтан жалғыз қыз немесе ұлды тәрбиелеу бірнеше баланы тәрбиелеуге қарағанда қиын. Жалғыз бала өте тез отбасының орталығы болады. Әкесі мен шешеснің , оған қоса атасы мен апасының қамқорлығы тек бір балаға ғана бағыттылған. Бұл пайдалы нормадан асып кетеді. Ата-ана махаббаты шектен тыс нервоздылықпен ерекшеленед. Көп жағдайда жалғыз бала өзінің ерекшелігіне бейімделіп алып, отбасында нағыз деспот болады.
Көп балалы жанұяда ғана ата-аналық қамқорлығы дұрыс болады. Бұндай жанұяда бала кішкене кезінен бастап ұжымға, қарым-қатынасқа бейімделе бастайды. Олардың алдыңда өмірлік мақсат жалғыз балаға ұғынықсыз: аға мен апайына деген махаббат, қайғыға ортақтасу қасиеті болады.Жанұядағы жақсы ата-ананың жалғыз баланың өзі жақсы адам болып өседі деген көзқарас бар. Бірақ тәжірибенің көрсеткеніндей жақсы ата-анасы бар жанұяда жалғыз балада ата-анасында жоқ негативті қасиетке (жалқаулық, қатыгездік т.б.) ие болады. Сондықтан, жанұядағы ұжым бірлік пен толықтылық – жақсы тәрбиенің керекті ықпалы.
Тәрбиедегі өлшем принципі. Бұл принциптің мағынасы қарама-қайшылықтың кез-келген қасиетін дамыту керек. Ол ешбір қасиеттің антиподын дамытпай, оның қасиетін дамытуға болмайды.
Педагог-новатор кез-келген идеалды адамда, әрдайым бір “ортақ ұстаным”, бір “өлшем”, бір “доза” болуы керек деп санады.
Отбасы тәрбиесіндегі махаббат ғажайып нәрселер жасай алады, бірақ шектен тыс махаббат кері тәрбие себептеріне әкелуі мүмкін.
Көп жағдайда адамдар тәрбиеге керекті жұмсақтық пен қаталдықты қалыпқа келтіре алмайды. Ата-аналар жиі қаталдық пен жұмсақтыққа норманың керектігін ойлайды. Бірақ, бұл бала 6-7 жаста болғанда керек.
А.С. Макаренко сенімді болған, “тәрбие басты негіздері 5 жасқа дейін қалыптасады, және сіздер 5 жасқа дейін не істедіңіздер? Бұл барлық тәрбиелік үрдістің 90%-ы. Одан кейін адам тәрбиесі жалғасады, бірақ 5 жасқа дейінгі болған жемістерді жей бастау, ал гүлдерді баптау, және сондықтан 5 жасқа дейінгі қаталдық пен жұмсақтықтың сұрағы туралы – ең маңызды сұрақ”.
А.С.Макаренко баланың алғашқы өмірінің жылдарынан бастап-ақ қаталдылық пен жұмсақтылық нормасы туралы сұрақ күн тәртібіне қойылуы керек деп есептеген.
Басқа педагог Я. Корчал макаренконың шешімімен толықтай келіскен: бала ертең қалай өмір сүре алады, егер біз бүгінгі өмірде саналы өмір сүруін бере алмасақ. [Как любить детей. М., 1968 с.90]
Ата-ананың жеке мысалының принципі. Кейде ата-аналар дұрыс тәрбие үшін қандай да бір рецептті іздейді. Егер алаяқтыққа берсе, рецепт арқылы шыңайы адамды тәрбиелеуге болады.
Ата-ананың өзіне талап етуі жанұясына сыйласымдылығы өзінің әрбір қадамына ата-аналық бақылау – міне бұл тәрбиенің ең басты әдісі.
Белгілі педагог А.С.Макаренко “Ата-анаға арналған кітабында” “...Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру, ақыл айту арқылы тәрбиелейміз, іске асырамын деп ойламаңыздар. Тәрбие өмірінің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезіңізде де тәрбиелейсіз. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің барлығы балаңыз үшін маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз...”,-дейді.
Ең жақсы балалар бақытты ата-аналардың балалары. Бақытты деген тек материалдық жағынан ғана емес, “бақыттың керекті аксесуары – ол сенімділік, яғни, дұрыс өмір сүріп жатырмын деген сенімділік”
Қорытынды
Балалардың рухани дүниесін қалыптастыруда отбасы үлкен роль атқарады, ойткені ол қоғамның маңызды әлеуметтік буыны. Отбасы адамзат жинаған мол тәжірбиені жеткізетін, дербес және ұжымдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан ата- аналардың күнделікте өмірде өз балаларының мінез-құлқын түзетуі, қажетті қасиеттерін дамытуы, оларды тәрбиелеуде қиыншылықтарды жеңуі қажет. Олай болса баланы тәрбиелеу және қалыптастыруда басқару процесінің жолын табу үшін, әрбір ата-ана оған жанасудың нәзік құралын меңгеріп алуға ыждахаты болуы тиіс.
Қазіргі заманның қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық сфераларын отбасына да әсер етті. Жанұялардың көп бөлігінде әлеуметтік тұрақсыздық және тәрбиелік төзімсіздік өршіленді. Жанұядағы орын алып отырған жағдайдың өткірлігінің көрсеткіші болып, балалардың әсіресе жеткіншектердің жанұядан алыстауы баланың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыратын элементарлы жағдайдың болмауынан балалар мен ата-ана арасындағы рухани жақындықтың болмауынан ішкі мәдениеттің болмауынан туындайды. Ата-ананың жеке үлгісі, жанұяның өмір сүру тәртібі ондағы үлкендер мен кішілер арасындағы қарым-қатынас терең сапалы өзгешелігі бар, оның мектеп немесе қоғамдық тәрбие берудің басқа институты алмастыра алмайды. Ата-аналары тастап кеткен балалар санының көбеюі осының бірден-бір дәлелі болып табылады. Қоғамда түрлі қарама-қайшы, көбінесе табиғи үрдістер болғанда халықтың түрлі өмірлік қызығушылықтары мәселесі қозғалып әлеуметтік ұлттық кәсіби т.б. балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің маңызы артады. Кез-келген мемлекетт тұлғаны әлеуметтік қорғау мәселесі тек жанұяны қорғау арқылы шешіледі. Жанұя қоғамның негізгі әлеуметтік ұяшығы ретінде адамдарды біріктіріп, ұрпақты тәрбиелеуді, тұлғаның танымдылығы мен еңбек етуін реттейді. Жанұя баланы қоғамға еңгізіп, жанұяда бала әлеуметтік тәрбие алып тұлға ретінде қалыптасады.
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі.
1. Абашева П. Отбасы тәрбиесінің этнопедагогикалық мазмұны/ Ұлт тағылымы 8б, №2 2007ж.
2. Адырбек Б. Талбесік / Ұлт тағылымы, №2, 1998ж.
3. Алтынбай Ш. Баланы- Бастан / Шағын мектеп, № 9, 2003ж.
4. Айтмамбетова Б., Бозжанова К.,т.б. Балаларды семьяда адмгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. –Алматы, 1985ж.
5. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. –Алматы, 1991ж.
6. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. –А., Өнер.1972ж.
7. Акпарова Ж. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері /Бастауыш мектеп 44б, №4 2005ж.
8. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы,1996ж.
9.Асанов Ж. Отбасы тәрбиесі /Бастауыш мектеп 13б, №4 2007ж.
9. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері.- Алматы «Рауан», 1998ж.
10. Атемова Қ. Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі / Қазақстан мектебі 48б, №1 2006ж.
11. Ахмедиева К. Отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіндегі рөлі /Ұлт тағылымы 8б, №1 2007ж.
12. АхметовЖ. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары./ Қазақстан мұғалімі, 18-ақпан, 1994ж.
13. ӘбдіразақовЕ. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. –Шымкент 1994ж.
14. Әбиев.Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. –Алматы,1988ж.
15. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.- Алматы «Дарын», 2004ж.
16. Әдеп және жантану. (хрестоматия).- Алматы «Атамұра», 1996ж.
17. Бахишева С. Мұғалім және отбасылық психологиялық таным./ Бастауыш мектеп 53б, №10 2003ж.
18. Берікболова Ф. Асыл қасиет – анадан. / Мектеп директорының орынбасары, №1, 2004ж.
19. Бекенова Г. Отбасы және отбасылық өмір / Қазақстан мектебі
№9-10, 68б, 2005ж.
20. Дүйсембекова Ш.Д. Педагогика (қысқаша дәрістер курсы) –Семей,2004ж.
21. Жумадуллаева А. Жастарды отбасы- некелік өмірге даярладың негізі – ата- ана өнегесі / Ұлт тағылымы, №2, 2003ж.
22. Жиенбаева С. Баланы еңбекке баулудағы ата- ананың біліктілігі
23. Жапанбаева Н. Отбасындағы тәрбие – этномәдени тәрбиенің бастау/ Бастауыш мектеп, №10, 2001ж.
24. Жұмаханов. Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. –А,1985ж.
25. Жақыпов А. Өнеге өрісі. –А., Мектеп, 1975ж.