Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 15:37, курсовая работа

Описание работы

Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4

1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
1.1 Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
1.2 Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
1.3 Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20


2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34


Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40

Работа содержит 1 файл

педагогика ОТБАСЫ.doc

— 253.50 Кб (Скачать)

              Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.

              Ата-ананың балаға деген махаббаты - әрбір азаматтың отанға, досқа, туыстарға сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге болады.

              Ата-ана балаға өз жақсы қасиетерімен, жетістіктерін де дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.

              Жанұя тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.

              Жанұяда балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады.

1.       жанұяның этикалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.

2.       Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.

3.       Жанұяның мәдени потенциялы: күнделікті тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн режімі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, жанұяның дәстүрлік мерекелері т.б.

4.       Жанұяның ішікі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, жанұядағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.

5.       Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.

6.       Жанұяның тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелерінің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.

Қорыта келе, жанұя тәрбиесі- қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Жанұяның жоғарыда көрсетілген белгілерінің тәрбиеліу ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет. Отбасы тәрбиесінің ұғымының өзі               «отбасы» және «тәрбие» категорияларының жиынтығынан тұрып, оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

                            Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат қалыптасытырамын десең, бесігіңді түзе»-деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады,   бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт – бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

              Жоғарыда айтылған тұжырымдарды жинақтай келе мынадай қорытынды жасауға болады:

-          отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

-          қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;

-          отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады;

-          қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасынан көрінеді;

-          салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;

-          отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері-азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

-          отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

    Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

1.                   Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайларының әлсіздігі.

2.                   Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.

3.                   Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.

4.                   Көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі – зайыптылардың ажырасуы.

5.                   Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.

6.                   Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау – дамай.

7.                   Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.

Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өрістеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:

1.       Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.

2.       Қамқор, мейірлі отбасы.

3.       Күнделікті дүниепаздыққа жүгінген отбасы.

4.       Алауыз, жауласқан отбасы.

5.       Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.

6.       Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.

7.       Тұрпайы  тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті.

 

 

 

 

 

2.  Мектеп пен  отбасы байланысының педагогикалық негізі.

 

2.1   Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі

        Қазіргі кездегі педагогикалық психологияда танымал есімнің бірі    С.В. Ковалев. Ол отбасы қарым-қатынасының мәселелеріне және олардың жасөспірімдерге тигізетін әсеріне үлкен көңіл бөлген. Осында ол психологтар мен педагогтардың жасөспірімдермен жұмыста, әсіресе нашар отбасылардың ішінде олардың үлесі ерекше екенін бағалады. Жасөспірімдермен қарым-қатынас кезінде маман отбасында ұлдар мен қыздарға деген жағымсыз әсерді түзету керек. Бұндай коррекциялық түзету жұмыстар қарым-қатынас мінездемесінің, олардың стильдері сияқты білімсіз мүмкін емес.

Ата-ананың басты қызығы, алтын діңгегі – бала. Ата-ананың мақсаты – жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестердің, әлеуметтік ортасын ескере отырып, білімді, жан-жақты жетілген болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Баланың дамуының қандай қырын алмайық, қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше. Отбасының әлеуметтік-мәдени жағдайы ата-аналарының білімдік деңгейімен сипатталады. Техникалық-гигиеналық жағдайы өмір сүру жағдайымен, баспананың ерекшелігімен анықталады. Ата-ана осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді шешеді:

1.       Баланың гигиеналық жағдайына, денсаулығына ықпал жасау, дұрыс өсіп жетілуін қалыптастыру.

2.       Жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіре білу.

3.       Тұрмыста, үй шаруасында еңбекке араластыру, өзіне-өзі қызмет ету.

Бұл міндеттерді шешу үшін үйде ата-ана, балабақшаларда тәрбиеші, мектепте мұғалім тәрбие береді.

              Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

-          ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

-          ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;

-          жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

-          бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

-          түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында десократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқылы қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

              Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптасуына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана  игілік жасаушы, айтушы болып табылады.

              Аналық және ата-аналық махаббат адам сезетін махаббаттың ең алғашқы түрі. Ата-аналық махаббаттың жетіспеушілігі және бұзылуы адамның түсініп, сүюге деген қабілетінің бұзылуының алғашқы көрінісі.

              Хорнидің тұлғаның даму концепциясында қажттілікті дамытудағы бұзылу механизмін көрсетеді. Оның айтуынша, махаббаттың бұзылуы фрустрациямен тығыз байланысты. Оның көзқарасы бойынша невротикалық қажеттілік бұл адамның зіне деген шамадан тыс қажеттілігі және қоршаған ортадан жағымды бағалауды талап етуі. Невротикалық махаббаттың сипаттамасы, бұндай адамдар өздерін айналасындағылардың барлығынын жақсы көруін талап етеді. Жалпы махаббат сезімінің бұзылуы ата-аналар қатынасына байланысты. Жалпы ата-аналардың балаларды сүюге деген қабілеті әртүрлі болып келеді. Егер бала ата-аналар тарапынан дұрыс қолдау таппаса, бұл есейе келе олардың қарым-қатынасына ықпал етеді. Жалпы балалар мен қарым-қатынаста махабаттың мынадай ауытқушылық түрлері кездеседі:

1)      нарцисикалық – бұл эгоистік махаббат, яғни бала анасының жылы сезіміне қанағаттанбайды.

2)      Невротикалық махаббат – бұнда балалар мен ата-ананың қарым қатынасындағы бұзылушылық байқалады, яғни жылы сезім белгілі-бір мақсатқа жетуге қолданылады.

Стернбергтің көзқарасы бойынша махаббат теориясы 3 компоненты болып келеді. Оның графикалық моделі үшбұрышты бейнелейді. Әрбір бұрышы адамдардың бір-біріне деген жақындығын білдіреді, яғни осы үшбұрышы арқылы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынас дәрежесін анықтайды.

              Қазіргі психологияда отбасы қарым-қатынасының стильдері негізінен үшке бөлінеді: либералды, авторитарлы және демократиялы. Осының біріншісі көбінесе отбасындағы қарым-қатынастың мүлдем жоқтығында көрінеді: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтауы, бір-бірінің сезімдері мен қиын мәселелеріне немқұрайлы қарауы, осыдан тәрбие жағынан қалған екеуі – авторитарлы және демократиялыда - өзіндік шкала қалыптасады, оның бір полюсында қатты авторитарлық жүреді: отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы қатты, агрессивті, бір-біріне деген суықтық, ал басқасында – коллегиалды демократия, бір-біріне деген көмек, сонымен қатар барлық отбасы мүшелерінің шыңайы және толық бірдей басқарылуы.

              Бірақ отбасы қарым-қатынасындағы бір мінездемесі бар, ол педагогикалық әсердің оған маңызды анықтамасы болып бағытталады, оны біз қарым-қатынасқа бағытталған мәнінін анықтамасы. Бағытталу үш типті болуы мүмкін. Бірінішісі-еңбекке. Екіншісі-басқа адамдармен қарым-қатынаста. Үшіншісі-өзіне және өзіндік қанағаттануына. Осындай бала мен ата-ана ара қатынасының танымал динамикасының астында, жақсы суреттелген формуланың бірі “құшақта-қаттырақ, жібер-кетші”, бұл көбінесе қарым-қатынас функциясының өзгеруі. Ата-ана балаға кім болып келетінін ойладыңыз ба? 1-ден, эмоционалды жылу көзі және қолдау. 2-ден, билік. 3-ден, үйреніп, елктейтін адам. Осы қарым-қатынас стилінің маңызды анықтамасы оның эмоционалды тоны екенін айта кету керек. Егер де оны кейбір шкала түрінде көрсеткен, онда бір полюсте ата-ана махаббаты: жақын, жылы, мейірімді қатынас, ал екіншісінде-алыс, суық және жаулы қатынас. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, ата-ана махаббаты өсіп келе жатқан баланың өзін құрметтеуге, басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас болу, өзі жайлы жағымды көзқараста болу. Ал оның болмауы нервті және психикалық бұзылуларға агрессивтілікке әкеп соғады.

Жалпы қандай қоғамның болмасын рухани мәдениетінің келешек деңгейі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, қоғамдық өмірде оқу-тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қою – басты міндет. “Ел сәні – атаға қарап өскен ұл, анаға қарап өскең қыз”, дейді бабаларымыз. Қазақ халқының тарихы, жалпы адамзат баласының болмысы сияқты, қарама-қайшылықтан, дамудан, түрліше диалектикалық байланыстардан тұрады. Әлеуметтік орта, әлеуметтік тәрбие тұлғаға өзгелермен әрекеттестік үстінде жүзеге асып, өскелең ұрпаққа қоғамдағы өмірлік тәжірибе жинақтауға, айналадағылармен араласуға, өзін тануға, өзін анықтауға, өзін бекітуге, жан-жақты ашуға бағытталған жағдай құруға, жалпы алғанда – қоғамда өмір сүруге бейімделуге мүмкіндік береді. Қоғамның назарын ерекше аударып отырған кез-келген жеке тұлғаға жас ерекшеліктеріне байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы, әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес болмауы, қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің бұзылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен төмен деңгейі, өздерін төмен немесе жоғары бағалауына ықпал етеді. әрбір жеке тұлғаға  өзгелермен әрекеттестікке түсе білуге, өзін тануға, анықтауға, өзгелер алдыңда өзін бекітуге жағдай құру бүгінгі таңдағы ата-аналармен балалар қарым-қатынасының барысында жүзеге асырылатын үрдіс болып табылады. Түрлі зерттеулер көрсеткеніндей, ересек адамдармен жасалған тиімді қарым-қатынас балалардың жеке тұлғалық дамуына жан-жақты әсер ететінін атап өтеді. Балалар тұлғалық ерекшеліктері дамумен қатар, қарым-қатынас барысында өз құқын қорғауға және ашулануға, ашуын басуға үйренеді.

Информация о работе Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері