Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 15:37, курсовая работа

Описание работы

Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4

1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
1.1 Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
1.2 Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
1.3 Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20


2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34


Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40

Работа содержит 1 файл

педагогика ОТБАСЫ.doc

— 253.50 Кб (Скачать)

Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты  «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.

Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!

1.2. Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі.

Балаларды тәрбиелеуде  мемлектет алдында отбасы да жауапты. Отбасы тәрбиесінде ықпал жасайтын жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады: Оларға:

1.                   Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы немесе көп ұлттан құралған отбасы.

2.                   Отбасының әлеуметтік тіршілік отбасы: білім дәрежесі, еңбектенуі, кәсіптік құрамы, күнкөріс көзі, материалдық әл-ауқаты, ауылдық, қалалық жанұя.

3.                   Отбасының мәдени құрамы: күнбе-күн мәдени тіршілігі, күн режимі, бос уақытын өткізу түрлері, спортқа қатынасы, отбасылық мейрамдау дәстүрлері, өнері.

4.                   Отбасының ішкі өзара қарым-қатынастары: өзара микро-климаты, көзқарастық бірлігімен айырмашылығы, өз міндеттеріне көзқарасы.

5.                   Қоғамдық өмірге көзқарасы: еңбекке, қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына көзқарасы, қатынасы.

6.                   Отбасының тәрбиелік мүмкіншілігі: Отбасындағы тәрбиеде қолданылатын әдістер, педагогикалық мәдени дәрежесі.

Отбасында балаға білім беру жұмысы. Отбасы адамның туған ошағы, кім-кімге болса да қымбат ұғым. Ең алдымен отбасында мектеп оқушысының сабаққа әзірленуіне жағдай туғызып, оған бөлменің оңашалау, жарық жерінен жеке жұмыс бұрышын болу керек. Балаларға арналған бұрышын жабдығы мынадай болады: орындық, стол, кішкентай шкафта немесе кітаптары мен дәптерлерін қою үшін полка, демалуына кровать қойылады. Стол мен орындық –баланың бойына лайық болғаны, орындықтың биіктігі баланың табаны еденге тегіс тиіп тұратындай болуы керек, ал балтыры тік бұрыштанып, тізесінін бүгіліңкі болуы тиіс, столдың биіктігі бала иықтарын жоғары созбай не төмен ұстамай, оған қолдарын қойып отыруа ыңғайлы болуы керек.

Оқушы баланың мебелі, баланың өзі орнынан еркін қозғай алатындай, жеңіл болуы керек. Баланың заттарын қоятын полка, немесе шкаф баланың бойы жететіндей жерде, оның өзі заттары мен қағаз-өаламдарын алып қоюға ыңғайлы жерде тұруы керек.

Оқу өмірінің бірінші күнінен ақ баланы өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтауға үйрету керек. Оқулықтары мен дәптерлерін арнайы қаппен қаптап алуға үйрету, көмектесіп, және бұларды күтіп ұстауын бақылап отыру керек.

Балалардың ата-аналары үйге берілген тапсыралардың күнделікті режимнің белгілі мерзімінде орындалып отыруына қамқорлық жасауы керек. Балалар мектептен келген соң, сабақты ойына түскен уақытта әзірлеуіне рұқсат етуге болмайды. Үйге берілген тапсырманы орындау үшін әдейі сағат белгіленуі тиіс. Сабақтан кейін балалар жақсылап тамақтанады, дем алады және қыдырады,ал одан кейін барып сабақ әзірлеуге кіріседі. Балалардың бос уақытында-түрлі саяхат, туристік жорықтарға, киноға, театрға, көрмелерге, музейлерге барудың маңызы зор.

Ата-аналар жиналысындажәне олардың үйіне барып ата-аналармен әңгімелескенде балалары оқитын сыныпқа арналған мектеп программасының мазмұнын оларға қысқаша түсіндіру керек және үйге берілген тапсырманы орындау жөніндегі мектепталабы туралы айтып беру керек.

Бала үйге берілген тапсырманы орындап отырған кезінде мүмкіндігі болғанша, тыныштық сақтау керек. Бұл уақытта балаға сұрақ қойып, алаңдатуға болмайды. Жұмыс істеп отырған бөлмесі таза болыуын қадағалау керек. Ата-аналар мұғаліммен кездесенде баланың қандай үй тапсырмасын орындағанда қиналатынын баяндап отыру керек. Ата-ана сабақ кестесін білуі тиіс және үйге берілген тапсырма күнделікке ұқыпты түрде жазылуын бақылап жүруі тиіс.

Бұлардың тәрбиелік ықпалы күшті, оларды тәрбиелеу барысында үнемі ескеріп отырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының отбасына тән өзіндік ерекшеліктері бар. Олар халықтың үздіксіз өсуі, халықтың басынан өткен сан түрлі ауыртпалығын ескере отырып, халқымыздың ойсырап қалған олқылығын жойып халықтын өсуіне мүмкіндік беру, оның сан жағынан да, сапалық жағынан да жетілуіне ерік беру, қолау.   

Отбасы тәрбиесі – көздеген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінін тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада  қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.

        Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан –тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы-бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педагогтар нақты да ділтұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуенді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тін-дене, рухани адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтықболмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

  Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесінде болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік  шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен  отбасыға    үлкен назар аударғаны жөн. Бұл –өркениетті елдер ұсынған бұлжымас ереже.

  Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және қлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіпін болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар-бәрі де отбасындағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.

   Отбасы-тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасы да адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт – бағдар түзеледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң  күйге түсіп жататыны баршаға аян.

  Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытындылар жасауға болады:

- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаю мен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа – қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;

- отбасы тұлғаның әлеументтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;

- салт – дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;

- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін  кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бәлетін қоғам мүшесін жетілдіру;

- отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

   Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.

2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.

3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай  - жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.

4. Көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан  ерлі – зайыптылардың ажырасуы.

5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.

6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау – дамай.

7. отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.

   Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі педагогикасы қандай тиімді  ұсыныстар беруі мүмкін?

   Бұл орайда педагогика қандайда тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамды, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Бәрімізде осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:

-          отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті-алдыратын лапасы жоқ пенде неден қорықсын. Тең кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық  қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін  күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;

-          адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы –мешіттердің ықпалдарын біріктіру әлі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;

-          педагогикалық мүдде –ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.

            Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау-әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болғаны жөн.

1. 3  Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың рөлі.

Жанұя -қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұядатәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтағаң ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, қайырымдылылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

              Жанұяда әсіресе ата-ананың, туған-туыстардың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларды айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Бала ата-анаға, өскен ортаға қарап тәлім алады.

              Баланың адам ретіндегі қалыптасында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас.

              Қазіргі кездегі педагогика бойынша жанұялық тәрбие – ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың жүйесі. Олай болса, әрбір ата-анаға осы жүйені ғылым және өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.

              Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні бар. Атақты, белгілі педагогтардың ойларынша, жанұядағы ата-ананың тәрбиелік жұмыстары өз-өздерін тәрбиелеу. Олай болса, әрбір ата-анаға, біріншіден, баламен қарым-қатынас педагогикалық қарым-қатынасқа жатады. Тәрбиелік және педагогикалық қарым-қатынас баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы ауытқуларды ескертеді.

              Жанұя тәрбиесінің қазіргі кездегі іс-тәжірибесінде педагогикалық қарым-қатынастың бірнеше түрлері беріледі.

1)      өмірлі (авторитарлық);

2)      демократиялық (егемендік);

3)      бетімен жіберушілік;

4)      бәрін кешірушілік т.с.с.

Осы педагогикалық қарым қатынастың ішінде демократиялық түрін қолдану ата-ананың баласы алдындағы абыройын жоғарылатады. Өйткені, ол балаға деген сенімділік, тең құқықтық, жоғары деңгейдегі іскерлік талаптары негізінде құрылған.

Информация о работе Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері