Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 15:37, курсовая работа

Описание работы

Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4

1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
1.1 Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
1.2 Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
1.3 Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20


2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34


Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40

Работа содержит 1 файл

педагогика ОТБАСЫ.doc

— 253.50 Кб (Скачать)

              Қатынасқа түсе отырып, адамдар өзі және басқалар үшін өзінің психологиялық қасиеттерін ашады, көрсетеді. Өзгелермен қатынаста болу арқылы адам жалпыадамдық тәжірибе алады, тарихи қалыптасқан қоғамдық ережені, балалықты, білімді және әрекет етудің жолдарын үйренеді, жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Сондықтан да, қатынас адамның психикалық дамуындағы маңызды фактор болып шығады. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты адамның бүкіл өмірі өту кезіндегі барлық психикалық үрдістері мен мінездерінің шыңайы бейнесі деуге болады. “Бала бұл әрқашан да екі адам – бала және ересек” (Д.Эльконин). Даму кезеңінде баланың және ересектің сыртқы қалыптасқан қарым-қатынас пен әрекеттестік түрлері баланың ішкі психикалық жүйе үрдісін, сонымен бірге өзіндік еркін сыртқы іс-әрекетін қалыптастырады.

              Адам жан дүниесі мен жүрегі өзге адамдарға деген қарым-қатынасынан құралады, олармен тілдесіп, пікір алысуынан тұрады, сөйтіп адам жүрегінің сыры өзге адамдармен қатынас орнатуда ашыла түседі (С.Л.Рубинштейн). Бұл жәй-адамның жан дүниесінің сырын ашып көрсететін өмір тіршілігіндегі психологиялық күй. Ол өзге адамдармен қарым-қатынаста тереңдеп, жан-жақты дамиды.

              Адам қарым-қатынасының теңізінде жеке адам өмірі пайда болады. Адамның тұрмысы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан даму үрдісі. Баланың алғашқы психикалық даму кезеңдері отбасылық микроорта жағдайында өтеді. Қарым-қатынас гензисінің тұжырымдамасында (М.И.Лисина) жақындарымен жасалынатын қатынас психологиялық жаңа өңделу ретінде қарастырылады.

                            Қоғамдық отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері дене және адамгершілік жағынан жаму дәрежесімен белгілі дәрежеде тәрбие үшін қоғамдық болмыстың прогресін жинақтайтын отбасылық қатынастар психологиясының ерекшеліктерімен анықталады. Қоғамда отбасы тәрбиесі қоғамдық іс деп қаралып, білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Бала үшін отбасы - әлеуметтендіруден басталатын алғашқы ұжым. Отбасылық қарым-қатынастар дегеніміз- бала мінез құлқына тұңғыш әсер ететін нәрселер. Әлеуметтендірудің мақсаты – қоғамдық өмір үшін қажет белгілі бір қасиеттерге ие, және жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру. Алайда, отбасының бос уақыты елеулі әлеуметтік проблема болып қалуда, оны шешу бүгінде ата-аналардың материалдық джағдайымен, көбінесе мәдени дәрежесімен, педагогикалық білімділігімен, өзара татулықпен, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерімен шешіледі.

              Отбасы ұжымы дегеніміз – бұл тату-тәтті, бір-бірімен байланысты бір мақсаттағы, мүддесі мен көзқарасы біріккен адамдар тобы. Отбасы адамдарының мағынасына, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достарына, жолдастарына қалай қарайтындықтарына байланысты. Өз баласының тәрбиесін жеке өз ісің ғана емес, қоғам алдыңдағы азаматтық борышынды орындау деп қарау керек. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Ата-ана бұл болашақ кішкене адамды дене күші мол және рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы, яғни тән жүйесі жағынан да жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуі тиіс. Дұрыс тәрбиенің кілті-бүкіл отбасы өмірі құрылысында. Баланың денесі мен рухани жақтан қалыптасуының негізі отбасы. Отбасы – бұл бірге тұратын жақын туыстары, әке-шешесі, ата-әжесі, балалары т.б. Ата-аналардың қарым-қатынасын реттейтін ұлттық ойындар, қалжың түрлері, достық құрдастық,  туысқандық қарым-қатынастың деңгейлері (жеңгесі, қайнысы, нағашысы мен жиендері, жездесі мен балдыздары т.с.с) тәрізді салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тәрбие беруде үлкен рөл атқарады.

              Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.  Адам тінінің негізі, яғни, генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі- адам өткен әлеуметтердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топтанған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі. Жеке тұлға дамуы өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп,қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты.

              Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал адам дамуының деңгейі жоғары болған адам өзінің рухы мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп отырады. Бірдей қиыншылық кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан деке тұлғаны танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.

              Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси, экономикалық, әлеуметтік, тарихи ерекшелігіне байланысты, атап айтқанда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жаугершілік және табиғаттың алай-түгей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін жеткіншек ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батылдыққа тәрбиелей отырып,жаны мен тінінің бірдей жетілуін дәстүрге айналдырған.

              Отбасының береке-бірлігін сақтап, адамгершілік парызды өтеуде халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып, ешбір үзіліс таппай жүзее асып келе жатқан жазылмаған ереже, орындалуға тиісті қағидалары бар. Ұлттық пішін келбетімізге тән жөн-жоралғы, әдет-ғұрыптар негізінде қағидаларды жүзеге асыру – адамгершілік өлшемі, тәрбие талаптарының орындалуы болып табылады.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі

-          бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

-          өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

-          отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;

-          отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

-          отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

-          отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

-          отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

-          отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері

         Көптеген ата-ананың ойынша, тәрбиелеу - ақылды және қу тәсілдерден тұрады деп ойлайды. Кей кезде  қандай да бір ерекше әрекеттердің сенетін ата-аналарды көруге болады: кейбіреулері ерекше жазалау түрін ойлап тапса, басқалары қандай да бір әдіс-тәсілдерді енңгізеді, үшіншілері бар күшін салып баласының көңілін ауласа, төртіншілері уәде берумен алдайды және тағысын тағылар. Түрлі қулықтар жақсы  тәрбиелеуді қамтамасыз ете ме? Отбасындағы тәрбиелеу мәселесі ешқандай жасанды әдіс-тәсілдер, амалдар арқылы шешім алмайды.

              Тәрбиелеу процесі жалпы отбасы өмір сүру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ата-аналарға арнап А.С.Макаренко былай деп жазады: “Тәрбиелеу ісінің шыңайы мәні ... біздің балалармен әңгімелесуімізде, балаға тура ықпал етуде емес, ал сіздің отбасын, сіздің жеке және әлеуметтік өміріңіздің және бала өмірінің ұйымдастырылуына байланысты”

Тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек мәселелер жоқ. Бала өмірінде қандай да бір ірі бір нәрсені бөліп алып бар назарды соған аударуға, ал қалған болмашы нәрселерді шетке шығарып тастауға болмайды. Қандай да бір бант, қандай да бір ойыншық бала өмірінде аса маңызды мағынаға ие болуы мүмкін. Ұсақ-түйектер үнемі, күн сайын, сағат сайын ықпал етеді, олардан өмір қалыптасады.Отбасы өмірінің жақсы ұйымдастырылуының мәні сонда, ол ешқандай ұсақ-түйекті назарынан тыс қалдырмауы тиіс.

Саналы ұйымдасқан өмір, отбасы укладының басты мағынасы – балаларда қандай да бір іс-әрекетте үнемі жаттығу жүйесі арқылы жағымды  жеке бас тәртібі тәжірибесінің жинақталуы.

Тәрбиелік әңгімелер баланың санасына бағытталған, бірақ А.С. Макаренко осының өзінде бала тәрбиенің пассивті объектісі болып табылады. Бала тәрбиелеу субъектісі болуы үшін отбасы өміріне тек қана тұтынушы ретінде ғана емес, белсенді  қайраткер ретінде қатысуы керек. Сонда субъектімен жинақталған тәжірибе үйлесімді болады, өйткені бала түрлі позициялардан көрінеді: қандай да бір істің ұйымдастырушысы, орындаушысы, кеңесшісі, инициаторы және т.б. Бұл орайда баланы өмір ықпалынан шектетуге, тәрбиелеу кезінде тек үй мәселелерімен шектелуге болмайтынын атап кетуге жөн. Тәрбиелеуде оның ішінде отбасындағы тәрбиелеу әлеуметтік процесс. Бәрі де тәрбиелейді: адамдар, заттар, құбылыстар, жағдайлар. Бала әлеуметтік өмірге қатысудан құтыла алмайды, сондықтан отбасы балаларға әлеуметтік тәртіп тәжірибесін жинақтауға көмектесуі қажет.

Отбасында тәрбиелеу шарттары. Ата-ананың беделділігі. Ата-ананың беделділігі қайдан алынады? Беделділік табиғаттан беріле ме? Ата-ана беделділігі неге негізделген? Беделділік мәні, оның ешқандай дәлел қажет етпеуінен, оның күмән келтірмейтін қасиет әрі құндылық ретінде қабылданады. Беделсіз тәрбиешінің болуы мүмкін емес. Алайда беделділік  берілмейді және өз бетімен келмейді. Ата-ана немесе педагогтың балаға жауап беруі оның тәжірибесінің молырақ, ақылдырақ болуы және т.б., яғни тәрбиешінің әкімшілік жағдайы сияқты логикалық дәлелдер оның беделділігін қамтамасыз етпейді. Дегенмен, бұл орайда беделділік мақсат болмауы тиіс, ол тек құрал екені, ал мақсат - дұрыс тәрбие беру, яғни ата-ана беделділігінсіз жақсы тәрбие беруі мүмкін емес.

              Ата-аналардың көпшілігі бұны түсінеді, алайда өкінішке орай беделділіктің жалған түрлері де болады, яғни бұндай беделділік аз уақыт қана өмір сүріп көмектеседі, бірақ сосын құлдырап, ешқандай дерлік тәрбие беру мақсатына жетпейді. А.С. Макаренко жалған авторитеттің бірнеше түрін атап көрсеткен.

              Басу беделділігі. Балаға болмашы нәрсе үшін айқайлап, оның әр сұрағына дөрекі жауап береді, қол жұмсайды, баланың әр қателігін жазалайды. Бұндай беделділік зиян, ол баланың өтірік айтуын және қорқақтығын тудырып, балада қатыгездік пен еріксіздік тудырады.

              Алшақтық беделділігі. Бұнда ата-аналардың ойынша: балалар оларды тілін алу үшін, олармен азырақ сөйлесіп, алшақ ұстап, анда-санда бұйрып беріп тұру қажет деп ойлайды. Бұндай ата-аналарды балалардың өмірімен еш қиылыспайтын өз өмірлері, өз қызығушылықтары бар. Шын мәнінде, бұнда ешқандай тәрбие жоқ.

              Бөспе беделділік. Бұл ата-аналар өздерін маңызды санап, осы маңыздылығын өз балаларына әр уақытта көрсете отырады. Олар басқа адамдарға өркөкіректене қарап, олардан өзін және өз балаларын алшақ ұстайды.

              Педантты беделділік. Ата-аналар балалары олардың әрбір сөзін мұқият тыңдап, олардың сөзі өсиеттей болғанына сенімді. Әдетте олардың қорқатыны балаларының олардың қателік жасады деп ойлады. Баланың әрбір әрекетінде олар тәртіптің бұзылуын бұзып, жаңа заңдармен мазасын алады. Баланың өмірі олардың қызығушылықтары мен өсуі бұндай ата-аналардың назарынан тыс қалады.

              Резонерлі беделділік. Ата-аналар бала өмірін сансыз үйретулер мен өсиет әңгімелермен мазалайды. Бұндай отбасында қуаныш пен күлкі аз.Ата-аналардың тұрақты сөзшендігі бала санасында ешбір із қалдырмайды.

              Махаббат беделділігі. Ата-аналар әр мезет сайын өз махаббатын білдіріп, жылы сөз айтып, мейірім мен шапағат балаларға қардай жауады. Бала тіл алмаған жағдайда: демек, сен мені жақсы көрмейсін деп сұрай береді. Бала барлығын ата-анасының  махаббаты үшін жасайды. Балалардың бұндай махаббатқа күші жетпей, өтірік істеп, ойынға айналдырады. Бұндай балалар шыңшыл емес, өтірікші эгоист болыа шығады.

              Мейірімділік беделділігі. Балалардың тіл алуы ата-аналардың жеңілдік жасауы мен жұмсақтығымен ұйымдастырылады. Олар барлығына ұрықсат беріп, конфликтілерден қорқақтайды. Тез арада бұндай отбасыларда балалар ата-аналарды билейді.

              Достық беделділік. Ата-аналар мен балалардың достығы бұнда шегіне жетеді. Балалар ата-аналарын тәрбиелей бастайды. Оларды атымен атап сөз ортасында бөліп тастайды, әрбір әрекетінде өздерінше үйретеді. Шын мәнінде бұнда достық жоқ, өйткені бұнда өзара құрметтеусіз болуы мүмкін емес.

              Сатып алу беделділігі. Беделділіктің ең әдепсіз тәртіптің түрі, мұнда баланың тіл алуы сыйлықтар мен уәде берулер арқылы сатып алынады. Балаларға тіл алуы, ата-аналарына жақсы қарым-қатынасы үшін сый берудің қажеті жоқ. Сыйды нақты бір істер үшін беруге болады: жақсы оқу, қиын тапсырманы орындауы және т.б. үшін. Алайда бұл жағдайда да алдын-ала сыйақы мөлшерін белгілемей, балаларды түрлі  уәде берумен қызықтыруға болмайды.

              А.С. Макаренконың ойынша ата-аналардың беделділігінің негізі болып “ата-аналардың өмірі мен жұмысы олардың азаматтық кейіпі мен іс-әрекеттері” табылады. Егер ата-аналар саналы өмір сүріп, шынайы құрметке ие болса, олардың мақсаттары, қызығушылықтары мен сезімдерінде қазіргі өмір көрініс тапса, бұндай ата-аналар балаларының алдыңда нағыз беделге ие.

              Сонымен қатар, педагог-новатор ата-аналық беделділікті баласын білуі мен оларға көмек көрсету сияқты негіздерін атап кеткен. Ата-анасы баласының немен тыныс алатынын, нені жақсы көріп, нені қалап, нені қаламайтынын білуі тиіс. Ол кіммен дос екені, кіммен және не ойнайтынын, не оқитынын, және оқығанын қалай қабылдайтынын, мектепке және оқытушыларға қарым-қатынасының қандай екенін, қандай қиыншылықтары бар екені сыныпта өзін қалай ұстайтынын да білуі керек. Ата-аналар баласының түрлі жағымсыз жағдайлары мен кездейсоқ біліп қалмай, олардың алдын-алуы тиіс. Егер балалар біреумен дау-жанжалға түссе, бірден баланың жағына түсуге болмайды. Алдымен одан сұрастырып, оқиғанын нақты қалай болғанын анықтап, екінші жақты шақырып, онымен сөйлесіп балаларды татуластыру шараларын ұйымдастыруы керек. Әкесінің немесе шешесінің қызуқанды агрессивтілігінен зиян еш нәрсе жоқ. Бұндай агрессивтілік балада  тұйықтылық пен күдіктілік туғызады.

              Ата-аналар баласының қайда және кімнің айналасында екенін білуі керек, бірақ бұл оны аңдып үнемі қажетсіз сұрақтармен мазаламау керек.Басынан -ақ балаларды өз істерін өздері айтатындай-ақ қылып тәрбиелеу керек, олар ата-аналарымен өз дерің алаңдататын мәселелермен бөліскісі келетіндей болуы керек. Анда-санда балалардың дос жараңдарын қонаққа шақырып, кейде керісінше достарының отбасына барып танысуға болады. Егер ата-аналар балаларының өміріне мейірімді көзқараспен назар аударатын болса, бұл олар үшін байқалмай қалмайды. Балалар өздері туралы ата-аналардың бұндай нәрсені білуін бағалап, осы үшін ата-аналарын құрметтейді.

Информация о работе Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері