Мектептегі психологиялық қызметтің моделі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 23:49, курсовая работа

Описание работы

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Работа содержит 1 файл

Мектептегі психологиялық қызметтің модельі.doc

— 1,019.00 Кб (Скачать)

10- сынып оқушыларынан  «Интеллектуалдық кәсіптік қабілеттілік»тесті  және «А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық»  сауалнамасы жүргізілінді. Мақсат- оқушылардың пәндер бойынша логикалық деңгейлерін және пән аралық байланыстарын анықтау. Тест қорытындысы төмендегідей көрсеткішті көрсетеді.

Балалар әдетте өзіне  түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың  сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы  балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады [10, 79 б.].

О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [1, 6, 15].

Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын. Әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.

 

•  Қысым жасамай  оқыту. Ынтымаңтастық педагогикасының  бір принципі - оқушыларды қорңытпау, еркін ұстау, өз күшіне

еендіру.

•  Қиын мақсат қою  идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден  айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.

•  Тірек идеясы. Жаңашыл  мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарра алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті, қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын дамыту құралы.

•  Өз еркімен тандау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.

•  Озу идеясы сабақта, алдаөтетін тақырыптарға уақыт беріледі.

•  Ірі блоктар идеясы.0қулықтың 3-4т арауы бір сабақта оқылады.

•  Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін нйтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.

•  Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген қүштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.

•  Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында  әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп  сезінеді, мұғалімнің өзіне деген  адал ниетін көреді.

Жоғарғы сыныптағы оқушылардың - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Возрастная и педагогическая  психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.

 

2. Вопросы нравственного  воспитания школьников. /Сборник  статей: Изд-во Ленинградского Университета, 1960.

 

3. Выготский Л.С. Педагогическая  психология. – М., 1991.

 

4. Выготский Л.С. Проблема  возраста./ Собрание сочинений. –  М.,1984.

 

5. Грэйс Крайг. Психология  развития. - СПб., 2000.

 

6. Давыдов В.В. Теория  развивающего обучения. - М., 1996.

 

7. Кисловская В.Р. Школьники  в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975.

 

8. Кулагина И.А. Возрастная  психология: Развитие ребенка от  рождения до 17 лет. – М., 1998.

 

9. Леонтьев А.Н. Проблемы  развитие психики - М., 1981.

 

10. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.

 

11. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М. 1988.

 

12. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.

 

13. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектептегі психологиялық қызметтің моделі