Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:10, курсовая работа
Адамгершілік – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қасиет, адамдардың іс-әрекеттерінің мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік адамдарға тән бірден бір игі қасиет ретінде өмірдегі жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.
Кіріспе
І. Мектепке дейінгі сәби жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Екі – төрт жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың ерекшіліктері
ІІ. Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте тәрбиелеу
ІІІ. Ойын барысында тәрбиелеу
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Осы жас баспалдағында педагогтың балаларға басшылықты күшейтуі әр түрлі ойындарды пайдалануға бағытталады, балдырғандардың құрбыларына деген мейірімді сезімдерін, өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырады. Балалар өздерінің мүдделерін, қажеттерін тек қана жеке түрде емес, өзара бірлескен іс-әрекетте, келісілген ойлар арқылы толығырақ айта алатын болсын, педагог осыған тырысады. Тәрбиеші өз тобындағы балалар өмірін рольдік, құрылыстық ойындардың, құммен, сумен ойнау ойындарының үлкен орын алатындай етіп ұйымдастырады. Онда балаларды кішілеу топқа біріктіруге қолайлы жағдайлар жасалады, ол топтар бірте-бірте тұрақтылық топтарды құрайды.
Үш жасар баланың сүйікті ойындары мен ойыншықтары болады. Тәрбиеші сәбидің мүдделерімен икемдіктері жөнінде білуге тырысады, сәби өзі үшін жаңа топта тартымды ойыншықтарды тауып, жалықпай өзін ойынмен шұғылдандыра білгені жөнінде тәрбиеші қамқорлық жасайды.
Рольдік ойындардың мазмұны мейлінше әр түрлі: балалар отбасы тіршілігін, балалар бақшасын, көшедегі көріністерді, ал кейде ертегілерден эпизодтарды бейнелейді. Сонымен бірге бұл ойындарда өмір үзінді, үзінді болып, көрініс жүйесіз де бірыңғай көрсетіледі. Ойынды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында пайдаланғанда педагог бәрінен бұрын оның мазмұнын күрделендіруге мүмкіндік туғызады: балалардың түсініктерін байытады, оларға жаңа ойыншықтар мен материалдар береді. Қоғамдық құбылыстар жөніндегі мәліметтерді кеңейте отырып, тәрбиеші бақылауларды (мысалы, балалар бақшасындағы күтушінің еңбегі), әңгімелер мен өлеңдер оқуды, суреттер қарауды (дәрігер емдейді, аспазшы ас әзірлейді) дидактикалық ойындар өткізуді, қуыршақ театрын көрсетуді пайдаланады. Осының бәрі балаларға белгілі бір рольді алуына түрткі болады және ойында соған сәйкес іс істеледі.
Тәрбиеші ойыншықтарды таңдаудан бастап, ойынды дамытуға мүмкіндік жасайды. Егер, мысалы, қуыршақтар балалар бақшасында тек тамақ жейтін, ұйықтайтын болса, тәрбиеші ойыншық пианинаны ұсынып, мереке ұйымдастырып, ән салып билейтін болсын. Ойындарға тікелей басшылық жасау да өте маңызды, бірақ мұнда тәрбиеші, зор әдептілікті сақтайды, балалық инициативаны төмендетпейтіндей сәбидің табиғи пысықтығы мен шаттығынан айырмайтындай болсын.
Баланың ойнауға деген дағдыларын меңгеруге көмектесе отырып, ойыншықтарды пайдалануға, түпкі ойды жүзеге асыруға байланысты қиыншылықтарды жеңу, осыған орай үлкен адам еріктік күш пен мақсатқа талпынушылыққа тәрбиелейді. Бәрі де бұл іс-әрекеттің қалай ұйымдастырыла бастауына, қиындықты жеңуде қандай көмек көрсетіле бастағанына байланысты. Мысалы, баланың ойыншық үтік, тегене, қуыршақты қолына алғанын көре отырып, тәрбиеші онан нені ойнауға жиналып жатқанын сұрайды. Сәбидің қуыршақ киімін жуғысы келетінін біліп, тәрбиеші кеңес береді, егер қажет болса, түпкі ойдың жүзеге асуына көмектеседі, қызғылықты ойынды өзінің мақұлдауын білдіреді.
Егер тәрбиеші тікелей ойынға қатысса, онда баланың ықыласы оған артады. Балалар бақшасын салғанын Айжан айтып береді. Педагог қуыршақты алып, «қызын» балалар бақшасына әкелді. Өзге аналар оған еліктей бастады, сөйтіп, ортақ қызық ойын пайда болды.
Егер педагог ойында осы жас баспалдағында балаларды ойындағы кейбір мінез-құлық ережелерімен таныстырса, жақсы. Ең алдымен тәрбиеші балалардың ойын басталар алдында нені ойнағысы келетіндері жөнінде ойлануын үйретеді. Бұл ереже ойын мазмұнын анықтамайды, бірақ кішкентай баланы мақсатты қимылдарға жеткізуге, мақсатты талпыныстарға баулуға көмектеседі. Тәрбиеші алғашында балалардың бір бөлегі өз ойларын өзгерту фактілерімен кездескен кезде, оның қысылмауы тиіс. Жүйелі жұмыс олардың қандай ойыншықпен ойнайтындықтарын анықтап, ал кейде ойын тақырыбын да атауды үйретеді. Тәрбиеші әрбір баланың мүмкіншілігін ескертеді және оған әсер етудің тәсілдерін анықтайды. Біреуін өзінің импульстік (ырықсыз) қимылын тежеуге, кез келген ойыншықты бас салмай, өзі ғана қызыға ойнайтын ойыншық табуды, онымен қалай ойнаудың керек екенін есіне салады, енді біреуіне ол білдіртпей, қойылған ойынға сұрақтар арқылы бағыт беріп, өз беттерімен ұйымдастыруға, оны соңына дейін жеткізуге итермелейді. Барлық жағдайда ол балалардың жинаған ойын тәжірибесіне, білімі мен қабілетіне сүйенеді, бұлардың бәрін олар сабақтар мен байқаулар кезінде меңгерген болатын.
Тәрбиеші сәбилердің ойынға деген қызығушылығына, оны аяғына дейін ойнай білуді қалыптастыруға ерекше көңіл аударады. Әдетте кішкентайлар мұны істей алмайды, өйткені олардың тәжірибесі жеткіліксіз, ойлауы мен қиялы да жеткіліксіз дамыған.
Бұл топта тәрбиеші басқалардан гөрі балалармен бірге жиірек ойнайды. Бұл – ойынды бағыттау үшін, оған деген қызығушылықты қостау үшін, оны барынша тұрақты ету үшін қажет.
Мұнда тәрбиеші балалар қандай ойындарды жиі ойнайды, олардың әрқайсысның бейімділіктері қандай екендігін ескеріп отрыады. Өз тәрбиеленушілерімен бірге ойнай отырып, үлкен адам оларға, мүмкінігінше, көбірек көңіл аударуды, таныс ойыншықтармен қызығып ойнауды үйретеді, сол ойын барысында кеңестер береді. «Нұрлан ағай, біздің балалар бақшасының балаларын автобуспен қыдыртыңызшы. Олардың орманға барып, серуендегісі келеді». Бала өз роліне тез енеді.
Бала өзінің түпкі ойын жүзеге асыруда да ол айтарлқтай қиыншылықтарға жиі кездеседі. Ойынға қажетті затты іздеп табу және оны үйлестіру қолайлы болмағандықтан, құрылысты қайтадан салу. Алғашында бұл қиыншылықтарды тәрбиешінің көмегімен жңсе, ал кейін балдырғанның өз бетімен істеуге табндылық көрсетуін дамытады, қиыншылықтан шегінбеуді де үйретеді. Сонымен бірге түпкі ойды жүзеге асыру - өз күшіне сенушілікті арттырады, зор қуанышқа ие болады. Белсенді, өз бетімен қимыл істеу, өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігі ойынның үнемі қуанышпен аралас жүруне әкеліп соғады.
Тәрбиеші бұрынғыша балдырғандардың өз бетімен істеуінің қалыптасуы жөнінде қамқорлық жасайды. Ең алдымен ол балалардың оны немен көрсете алатынын, тікелей оқу мен осы сападағы тәрбиенің арасындағы дұрыс арақатынасты қалай табу керектігін ойластырады. Дайын жауапты сыбырлауға асықпай отырып, тәрбиеші ойын жауабын ойша ойлануға мүмкіндік береі, оларға салыстыру жасауға ниеттенеді, өзінің өткндегі тәжірибесіне қарауға тура келеді. Тәрбиеші баланы мадақтайд, ол өзіне қажетті материалдар мен ойыншықтарды тауып, өз дүинелерімен кілем немесе стол үстіне жайғасып, жиырма-отыз минут уақыт алатын ойын ойнауды ойластыру қажет. Балдырғанның мұндай жеке-дара ойынын тәрбиеші қостайды. Ол баланы жұбатп, оған өзгелермен бірігуг жағдай жасап, өзінің белсенділігін көрсетеді, өзі сүйетін ойыншығымен мейлінше ойнауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге балдырған өзіне бірігіп ойнауды дамытуға мүмкіндік беретін, оны қызықты ететін ойнау тәжірибесін молайтады.
Төрт жастағы балалардың да бірге ойнауды зор қажет ететіні, жолдастармен бірге ойнағысы келетіні байқлады. Тәрбиеші бұл бірігуді барынша ұзақ та тұрақты етуге тырысады. Бірақ алғашында балдырғандардың қимылдарында, құрбыларымен тіл таба білу шеберлігінде әлі де келіспеушілік кездеседі. Тәрбиеші балаларды бірте-бірте баулиды, кейде олармен бірге өзі де ойнайды. Ол балалармен бірге пойызға мініп қыдырады, теледидардан хабарлар көреді, дүкеннен кәмпит және тәтті бәліш сатып алады. Тәрбиешінің ойынға қатысуы көп балалардың оған әуестігін арттырады. Басқа бір жағдайларда педагог балалармен ойнамайды, керісінше ортақ ойынның идеясын жасырын естеріне салады. Міне мамасы қызымен қыдырып жүр, ал қатарында жүргізуші пойызды жіппен сүйретіп келеді. Тәрбиеші жүргізушінің жолаушыларды отырғызуына кеңес береді. Мамасы қызын отырғызып, өзі вагоннан ұстап, пойыздың соңынан жүгіріп келеді. Ол да сол пойызбен келе жатқандай.
Бірігіп ойнайтын ойынды ұйымдастырған кезде тәрбиеші балалардың ойынға қатысып ойнағысы келгендерін өз мүмкіншлігіне орй тәжірибе жасауын, яғни кішкентай баланың әлеуметтік байланысын құптайды. Қарым-қатынас жасай білу, өз мүмкіндіктерін өзгеге көрсетуге тырысу, оларға көмектесу, өзі істей алатынд өзгелергеде үйрету. Сонымен, тәрбиеші баланың жеке-дара ісін, ықыластары мен қажеттерін қамтамасыз етіп қана оймай, оның өзінің ойынға, бірақ ортақтасқан, анағаттандыру үшін керек осы баспалдақтың өзінде өз бетімен істеуге бағытталған адамгершілікті қалыптастырады. Достық сезімнің дамуы, мейірімді көзқарас, өзгелермен санаса білу, тапқырлық көрсету көптеген жағдайда тәрбиешіге байланысты.
Екінші сәбилер тобындағы балалар екі-үштен жиі ойнайды, яғни олар біреудің түпкі ойы, ісі негізінде бірігеді. Тәрбиеші бұл ойындарды былай ұйымдастырады. Құрбылар тобында ойынды қыздыра алатн міндетті түрде бал болсын, оған басқа балалар да қосылсын. Тәрбиешінің өзі қандай да болмасын бір баланы ойынға тартуд ұсына алады.
Үлкен адам бірігіп ойнаған ойындардағы балалар расындағы өзара жылы қарым-қатынастың тууына үнемі қамқорлық көрсетіп отыруды жалғастырады. Мұны ол тек ескерту және ұрысты жою жолымен ғана жасап қоймайды, бірлесіп ойнаған кезде зор дәрежеде тыныш та мейірімді жағдай жасайды, оның дамуы үшін де қолайлы жағдай қажет. Балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастарды тәрбиелеуде педагог табиғи түрде, ойынның даму шамасына қарай, негізінен жүзеге асырады, олардың өзара қарым-қатынасындағы бірін-бірі ұнату сезіміне сүйенеді.
Тәрбиеші балаларды
мадақтау үшін, көптеген себептер табады:
олар тарапынан байқалған
Балалық өзара қарым-қатынстың сипатын өзгерту мақсатымен кейбір тәрбиешілер сұрақтарды (әсіресе жыл басында) сәтті қолданады.
Балаларды тәрбиелеуде еліктеудің үлкен маңызын ескере отырып, оларға бір-біріне деген өзара көмек, әдептілік, мәдени мінез-құлық үлгілерін, яғни өзара көмек, сыпайылық көрсету қажет. Тәрбиеші тікелей балалар ойынына қатыса отырып, бұны табиғи түрде жасайды.
Бірігіп ойнау ойындарында әркімнің тек сыртқы көрініс ғана емес, шұғылданған ісінің көрініс де маңызды. Педагогқа ойнап жатқан әр түрлі топтың ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасы қандай кендігін, кімнің белгіленген ережені орындағысы келмейтінін, кімнің өзгелерден гөрі жиі ұйымдастырушы ретінде роль атқаратынын және т.б. қарап, біліп жүру қажет. Бұл – үлкендерге барлық балаларға педагогикалық басшылық жасау әдісін анықтауға және ойынның барлық кезеңдерінде әр балаға жеке-жеке әдіс жасауға (ойын басталысымен, оның барысында және ол аяқталған кезде) мүмкіндік береді. Тәрбиеші балалардың ойын таңдау кезінде қалыптасқан топтарын біледі, бұл бірлесулердің нені қалайтындарын бағалап, қажетті жағдайда олардың құрамын өзгертп отырады. Мұндай топтарды тәрбиеші әрбір баланың адамгершілік жақтан дамуына пайдаланады. Үлкен адам ойын барысында-ақ балалар мінез-құлқын бақылай отырып, біреуінің ғана әрқашан барлық ниетін өз қолына алуына және басқа балалардың белсенділігін жоққа шығаруына жол бермейді, керісінше, жасқаншақ балалардың өзін көрсетуге, оның басқалармен өзара қарым-қатынасын бағыттауға көмектеседі.
Педагог жеке балалардың зейінін жақсы ойнайтын топтарға аударып іс-әрекеттерінің дұрыстығы неде екенін түсіндіреді, бірлесп ойнау ықыластарн тудырады.
Төрт жасар балалардың арасындағы өзара мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеуде айналадағы үлкен адамдар да үлкен рольді атқарады. Тәрбие негізінен күнделікті тәжірибеден шығады, дегенмен бұдан басқа арнайы жағдайлар да қажет. Ойындағы іс-әрекет бірлескен қимылдарда балалардың жаттығулары үшін жақсы жағдайлар жасайды, ол жағдайлар мәдени қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу үшін сондай қажет.
Әрбір ойында белсенді балалар «момындарға» басшылық етуге тырысады, сондықтан педагог олардың ішінен қай-қайсысын да назардан тыс қалдырмау керек: әзілмен, күлкімен, ұяң балалардың өмірг құштарлығын және эмоциялығын арттыру, ал аса еті тірілерін белсенді түрде тежеу, бірақ мұны оларды ренжітіп алмайтындай, белсенділігін басып тастамайтындай етіп, сергек те әдепті істеу керек.
Кейбір тәрбиешілер енжар балалар кеселдік келтірмейді, олармен келісу оңай деп ойлайды. Бірақ бұл тек алғашқы әсер ғана. Мұндай балаларды белсенді ету үшін, педагогқа көп күш жұмсауға тура келеді. Тиімдірек жол-мадақтау, көңіл көтеру, кішкене жетістікті жазып алу және балалармен бірге ойнау.
Үлкен адамдардың балалармен етене немесе жанама қарым қатынасы олардың адамгершілігінің дамуына әсер етеді, ол өз тәрбиеленушілерінің қуанышы мен жетістігіне ортақтасып, көңіл-күйінің жақсы болуын, өмірге құштарлығын арттырады. Ал баланың көңіл-күйі, эмоциялық жағдайы көтеріңкі болса, онда ол педагогтардың әр түрлі талаптарын оңай қабылдап, оны ықыласпен бұлжытпай орындайды.
Екінші сәбилер тобындағылар арасында ертегіге негізделген, сондай-ақ рамалық ойындар кеңіен пайдаланылады. Олар балаларды белгілі бір тақырыпқа сай қимыл жасауға, өз бетімен жұмыс жасауға үйретеді, сол оқиға желісіне орай өз бетінше қимыл жасауға бейімдейді.
Драмалық ойындарды дамытуда шағын әңгімелерді оқу, сурет-кітапшаларды көру үлкен септігін тигізеді. Одан сәби өз ойыншықтарымен шұғылдана ойнаған кішкене баланың бейнесін көреді.
Бұндай ойындардың ерекше белгілерін, іріктеудің тақырыптарын, ұсынудың, ертегілер, тақпақтар мен әңгімлердің жеке эпизодтарн өздерінше баяндайды. Мадатаудың пайда болуына ықпал ете алады.
Шығарманың мазмұнын меңгеру дәрежесіне қарай балалар іс-әрекеті дағдыларын меңгерумен санаса отырып, олар ойнау үшін өздері бірігеді. Әсіресе бұл топта «Жеті лақ» ертегісі орынды пайдаланылады.
Баланы адамгершілікке тәрбиелеуде драмалық ойындардың мүмкіндіктерін толығырақ пайдалану үшін, балалармен жеке-дара тіл табудың жолын іздестіру қажет.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде, мінез-құлқын қалыптастыруда ережелі ойындардың зор мәні бар: қимылды, дидактикалы, музыкалы ойындар. Бұл ойындардағы ережелер балаға мінез-құлықтың белгілі нормаларын жасайды, ненің қажет, ненің қажет емес (айту, жасау) екенін анықтайды. Тәрбиеші сәбилерді осы ережелерді пайдалануға, оларға бағынуға үйретеді. Бұл әр баланың және барлық топ балаларының мінез-құлқын қалыптастыруға мүмкіндік береді.