Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маң

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:10, курсовая работа

Описание работы

Адамгершілік – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қасиет, адамдардың іс-әрекеттерінің мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік адамдарға тән бірден бір игі қасиет ретінде өмірдегі жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.

Содержание

Кіріспе

І. Мектепке дейінгі сәби жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Екі – төрт жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың ерекшіліктері

ІІ. Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте тәрбиелеу

ІІІ. Ойын барысында тәрбиелеу

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

адамгершілікке тәр..doc

— 165.00 Кб (Скачать)

Екінші сәби жас тобында жеке дара тапсырмалар өткен топтағы  сияқты көбірек болады. Тәрбиеші тапсырма бере отырып баламен тығыз байланыс жасап, не істеу керектігін түсіндіріп көрсетеді. Ал бала тапсырманы орындаған кезде үлкен адам оған алғыс айтуды ұмытпайды. Рахмет, Айдана, маған сабаққа арнап, орындық қойғаныңа рахмет» - дейді. Үлкен адамның алғысы баланы қуантып, оның өзін алғысшыл болуға баулиды.

Тек жан-жақты дамыған, белсенді балаларға ғана тапсырма берген тәрбиеші дұрыс істемейді. Тапсырма барлық балдырғанды қамтуы керек, олардың әрқайсысында орнықты зейін, істі аяғына дейін жеткізу, еңбекке деген қызығушылық дамиды.

Тапсырма бере отырып, тәрбиеші баланың  зейінін оның іс-әрекетінің пайдалылығына  аудару керек. Мысалы, балалармен серуенге шыққанда балаға алып жүру үшін бір нәрсе бере алады. Сонан соң: «Сенің маған көмектескенің қандай жақсы болды, бір өзіме ауыр еді», - дейді.

Балдырғандарды адамгершілікке тәрбиелеуді дамыту мақсатында еңбектік тапсырмаларды пайдалану тәрбиешінің өз жұмысын терең ойлауын талап етеді. Тапсырманы бөлу күн бойына созылуы мүмкін. Сондықтан педагог алдын ала қашан және қандай тапсырмаларды балаларға беруді белгілеп қояды. Әр түрлі балаға берілетін тапсырманың мазмұнын анықтаудан басқа тәрибеші балдырғандардың еңбегін ұйымдастырудың осы түрінің көмегі арқылы жүзеге асатын нақтылы тәрбиелік міндетті ойластырады. Мысалға Балжанды алады да құстарға жем беретін үйшікке нан қиқымын салғызып, онда қар жоқ па екен, болса, оны сыпыруды алдын ала айтады. Қыздардың құсқа деген қызығушылығы мен оларды азықтандыруға деген ынтасын оятады. Педагог Айжан, Саматтың қандай тәртіппен киімдерді ілуді көрсетуін сұрайды, осыған қарай қызға көмектесе отырып, заттарға ұқыпты да мұқият қарау дағдыларын бекітеді.

Егер тәрбиеші балалардың ішінен қайсысы қашан тапсырманы орындауға қатысты, өзін қалай көрсеткенін  есептеп отырса, жақсы. Бұл педагогқа  әр балаға өз бетіндік, еңбек сүйгіштік, еріктік сапалар қалыптастыру мақсатымен жаттығулар жүйесін ойластыруға мүмкіндік береді.

Түстік, таңертеңгілік  тамақты дайындаумен байланысты жекелеген тапсырмаларды орындауға  тарта отырып, тәрбиеші біртіндеп  оларды асханаға кезекшілікке тартады (жыл соңында). Балалар салфеткаларды, қасықтарды таратады. Нан салғыштарды да орын-орнына қояды, сонан соң, тамақтан кейін жинауға көмектеседі. Тәрбиеші ұстамдылықпен және жүйелі түрде балдырғандарға қасықты қалай тарату, ыдыс-аяқты т. б. қалай әкелуін көрсетеді. Тәрбиеші әрбіреуінің жұмысын басынан аяғына дейін бақылайды. Бәрі жақсы, жайлы болу үшін жұмысты қалай жақсы істеу керек, кезінде қажетті көмек көрсетеді немесе кеңестер береді. Педагог кезекшілердің өзара көмек көрсетуіндегі іс-әрекеттерін, кезекшілердің мінез-құлқын, бағалауды ұмытпайды. Балаларды кезекшілікке қатыстыра отырып, тәрбиеші  «Көмекшілер» әңгімесін оқып бере алады: «Мақсат пен Талғат бірге столды әзірлеуге көмектесті. Барлығы түскі тамақты жеуге отырды. Сорпа құйылды, бірақ оны немен ішеді? Міне, солай көмекшілер! Столды жасадыңдар, ал қасықты қойған жоқсыңдар...»

Егер осыны тәрбиеші қалжыңаен айтса жақсы. «Балалар, байқаңдар, сендерде де осылай болмасын». Бұл әңгімені балалардың бірі асығып, өз міндетін ұқыпты орындамаған жағдайда, сыпайы түрде кірістіріп айтуға болады. Кезекшілердің жұмысын күтушілерге аударып немесе балаларды бақыламай, оларға көбірек сенім артатын педагогтар әдетте дұрыс істемейді. Асханаға кезекшілік дұрыс жүргізілсе, тәжірибе көрсеткендей, балдырғанның жауаптылық сезімін оятады және ең тентек деген балалардың мінез-құлқын да ұйымдастырады.

Міне, Балжан қасықтарды үлестіріп, орын-орнына қоя бастады. Ол әрқайсысына қасықты қою керектігін және оны ұқыпты істеу керектігін жақсы біледі. Қазір оның бойында сотқарлық көрінбейды.

Балдырғандарды қолдарынан келетін еңбекке араластыра отырып, тәрбиеші сонымен бірге олардың  зейінін үлкендер еңбегіне аударады. Нақтылы мысалдарды пайдалана отырып, ол тәрбиешілердің, күтушлердің жұмыс  мазмұнын ашады, үлкен адамдар балалар өмірін қуанышты да қызықты етуге тырысатынын баса айтады. Әрине, тәрбиеші үлкен адамдар еңбегіне құрметпен қарап, оны бағалау жөнінде айтпаса да балаларды тәртіпке үйрете отырып. «Күтуші еденді жуды, сондықтан аяқтарыңды жақсылап сүртіңдер», «Жуынатын жер таза, құрғақ болатын, ал сен су шашыратыпсың, күтушіге қайтадан жууға тура келеді», - деп естеріне салады. Балаларға түсінікті еңбек процестерін айналадағылармен өзара қарым-қатынасты олармен бірге бақылай отырып, үйдің тазалығын, әдемі ыдыстар қойылған столды көрген кезде үлкен адамның таңдаған эмоциясына сәйкес балдырғандарда да эмоциялы толғаныстар пайда болады да адамдарға, олардың еңбегіне дұрыс көзқарастары бірте-бірте қалыптасады.

Балалар орындаған еңбек  тапсырмалары олардың алғашқы қажетті дағдыларды алуына мүмкіндік береді, іс-әрекет деген ықыласын, оған өз бетімен қатысудағы қуанышын тудырады. Балалар мысалы құлаған шаршыны, қозғалған орындық, қуыршақ кереуетінің дұрыс жиналмағанын байқайды да шашылған заттарды өздері қалыпқа келтіріп, бәрін де мұқият, әсем жасағысы келеді. Тәрбиеші өз көмегін көрсете отырып, балаларды үлкен адамдар еңбегіне өз еркімен қатысуына көңіл бөледі. Көрсетілген бастама балалардың еңбекке қызығуын арттырып, еңбек сүйгіштіктің бастамасының қалыптасуы жөнінде куә болады. Барлығын айналадағылардың көмегінсіз өздері жасағысы келетіні топтағы балалардың өз бетімен даму дәрежесінің жоғары критерийі болып табылады.

Өз бетімен істеуге және еңбек  сүйгіштікке тәрабиелеуді педагог  күнделікті өмірде ұқыптылық пен жинақылықтың қалыптасуымен ұштастырады, мұнда бұл сапалардың көрінісіне айналадағылардың көмегінсіз-ақ қол жетеді. Тәрбиеші бұрынғысынша кітаптарға, оларға деген мұқияттылықты сақтау жөнінде үлгі көрсетеді (оларды жөндейді, сабақтан соң орнына алып қояды) де алып қояды. Сонымен қатар балалардың, өздерін қолынан келетіндерге қатыстырады.

Балаларды реттілікті сүюге тәрбиелеу  үшін тәжірибеде мынадай тәсілдер қолданылады, серуенге бару немесе сабақ басталу  үшін үлкен адам топ бөлмесін тексеру  үшін, бәрі де орын-орнына қойылған ба, қарап шығуға ұсыныс жасайды. Кейде тәрбиеші балармен бірге барлық ойыншықтарды көріп шығады. Балдырғандар кітаптің жыртылған беттерін, қалбырдың бұрышын қуыршақтың көйлегіндегі жұлынған түймесін байқайды. Тәрбиеші ешқандай да мораль оқымайды, мүмкін балалардың барынша тез парақтауының нәтижесінде оны жыртып алғанын, қуыршақтың көйлегін ұқыпты кійгізбегендіктен болғанын айтады.

Балдырғандар бойында ұқыптылық, тәртіпке келтіру дағдыларын қалыптастыруға әдеби көркем шығарма көмектеседі. Тәрбиеші балалармен бірге кітап суреттерін көріп, тексті оқиды да, балардың қыз мінез-құлқына деген теріс көзқараста болуларына жол ашады.

Үш жасар балаға тек «Ойыншығыңды күтіп ұста», «Шаршыларды жәшікке жақсылап сал» деп айтып қоя салу жеткіліксіз, оған қалай істеп қалай қою керектігін көрсету, түсіндіру қажет. Сондықтан тәрбиеші балаларды мұқияттылыққа тәрбиелеуді жалғастырады. Әрбір баланың ойыншықтың қайда сақталғанын, оларды оңай алып-салуды білуінің маңызы өте зор. Сонда ғана бала қажетті дағдыларды меңгереді, әдет тұрақты болғанда ғана тәрбиеші «қуыршақты күтіп ұста» немесе «киімдерді ұқыпты жина» деген сөздерге сай оған іс-қылықтар істейді.

Балалар төртінші жылда күнделікті тәрбие жұмыс нәтижесінде ескертусіз-ақ өздері балалар бақшасының тәртібін қолдайды, ойыншықтар мен басқа да заттарды өз орындарына жинайды. Дегенмен атқарылған істің дұрыстығын мақұлдай отырып, тәрбиеші бұрынғысынша мадақтауды қолданады. Мысалы, Мақсат матрешкамен ойнап болғаннан кейін, оны орнына қоюмен бірге сөредегі жалпы тәртіпті де сақтағанын тәрбиеші сезген, бұған қасында тұрған балалардың назарын аударып: «Мақсат ойын соңынан матрешканы жинауды ұмытпай өз орнына қоюмен бірге, мұны өте әсем етіп қойды. Жарайсың,  Мақсат!» - дейді.

Егер ұқыптылыққа, тәртіптілікті  сүюге тәрбиелеуде үлкен өз сөзіне эмоциялы бояулар бере отырып екі шумақты өлеңдерді пайдаланса, өте бағалы. «Сүйікті балалар, бізде бәрі де өз орнында!»

Екінші сәби жас тобындай педагог балаларды ұстамдылыққа, мақсатқа тырысушылыққа тәрбиелеуді  жалғастырады. Осы мақсатпен ол балаларды алдарындағы қиындықты жеңудің, күш жұмсаудың, еріктілік көрсетудің қажеттілігіне жағдайлар жасайды, істі аяғына дейін шыдамдылықпен жеткізуге балдырғанды жаттықтыру үшін ең аз мүмкіншілікті де пайдаланады. Егер бала бір нәрсені істей алмаса немесе бір нәрсе өзі көздегендей болып шықпаса, онда сәби жас тобынын педагогтары жиі көмек көрсетуге асығады. Солай бола тұрса да балалардың практикалық тәжірибесін, кейбір бөлімдері мен шеберліктерін ескере отырып, тек қателігін көрсету, еске салу немесе белгіленген тәртіп жөнінде сұрау, балдырғандарға өз беттерімен істеуге мүмкіндік беру.

Нағыз қиыншылық жағдайда үлкен адам балаға бірден көмекке келуге тиіс, оны не себептен істегендігі жөнінде түсіндіруі керек. «Талғат, кел, мен сенің шапкаңның бауын шешейін», - деп ұсыныс айтады тәрбиеші. – Мен өзім де білемін», - деп жауап қайтарады бала. Сенің жасай алатыныңды білемін, бірақ бүгін шиеленіп қалыпты. Мен саған тек көмектесемін», - дейді педагог жымиып.

Баланың жеке басына құрмет көрсете  отырып, еріктік сапаларға тәрбиелеуді үнемі жүйелі жүргізудің қажеттігі жөнінде естеріне салу керек.

Тәрбиеші еріктік сапаларды  қалыптастыру жұмысы баланың дене күшінің  нәзіктігіне, оның қимылының ұштаспауына, қарапайым дағдылардың болмауына, бір нәрсеге көбірек тоқтала және өз қуатын дұрыс пайдалана білмеуіне байланысты көптеген қиыншылықтарды тәрбиеші ұмытпайды. Балаларды мұқият бақылай және олардың мүмкіндіктерін дұрыс бағалай отырып, тәрбиеші тек қажетті жағдайда ғана көмек көрсетеді. Қандай да болмасын бір процесті меңгеру үшін баланың қол жеткізуі ғана емес, күш жұмсауы да маңызды. Сондықтан тәрбиеші әр уақыт баланың тырысуын және оның жақсы екенін атап айтады.

Тәрбиеші отбасына, жақындарына деген сүйіспеншілікті арттырады. Осы мақсатта ол балаларға көрсетілген зейіннің нақтылы фактілерін, атап айтқанда, анасы, әкесі, тәрбиешілері, күтушісі, медбике тұрғысынан көрсетілген қамқорлықты пайдаланады оған жауап ретінде жағымды әрекет көрсетуге тырысады. Тәрбиеші өз анасының туған күніне сыйлық әзірлеуіне көмектеседі, әжесіне орындық беріп, оны қуантуын еске салады. Кейде тәрбиеші баладан оның отбасы мүшелерінің денсаулығы туралы оның қалай үйіне көмектесетіндігі туралы сұрайды.

Бұрынғысынша балалардың үлкендерге деген сыпайы да құрметпен қарауға  жаттықтыруға айрықша көңіл бөледі. Екінші сәби жас тобында үнемі дұрыс педагогикалық басшылық болған кезде, дұрыс іс-әрекет тұрақтап, әдетке айналады. Бұған тәрбиеші тікелей үйрету жолымен (көрсету мен түсіндіру) нақтылы мысалмен: «Көрдің бе, Балжанның әжесі келді. Оған екінші қабатқа көтерілу қиын. Сен әжеге төменде күте тұруын сұра да, ал өзің Балжанды шақырып кел», - деп, балаға үлкен адам үйретеді. Тәрбиеші әлі де баланың санасына жиірек көңіл бөліп, неге бұлай істеуге немесе олай істеуге болатын себебін айтады: «Сен күтушіге сүлгілерді ілуге көмектес, өйткені ол бәрімізге түскі тамақты әзрлеу үшін асығуда. Мұны бірігіп тез істейсіңдер».

Тәрбиеші төрт жасар балалардың мейірімді қылықтарды, өзара қарым-қатынасты  көріп қана қоймай өздерінің айналасындағы  адамдарға деген адамдық сезімдерді де көрсетуіне тырысады.

Балаларды жақсы қылықтарға жаттықтыруды сол арқылы ұйымдастырғанда, сезімдерді оған сәйкес бекіте, тереңдете отырып, тәрбиешілер дұрыс жасайды және олардың жүйелі жұмыс істеудің нәтижесінде айрықша жоғары нәтижелерге қолы жетеді: үлкен адамдардың пікірлерімен санаса бастайды, «айтқаныңыз болсын», «рахмет» деген сөздерді дұрыс қолданады. Тәрбиеші бұл сөздерді олар жай ғана айтып қоя салмай, шын мәнідегі сыйлаушылық, ризашылық сезімде айтылуына қол жеткізеді. Сондықтан, егер педагог барлық кезде, балалар осы «сиқырлық» сөздерді айтқанда, оның зейінін осы етілген қызметке аударады, осының өзі арқылы балдырғандарда алғыс айту сезімін оятуға мүмкіндік береді.

Адамдарға деген құрмет пен ризашылық  сезіміне тәрбиелей отырып, педагог үлкендермен сөйлесе білуді балаларға үйретеді, олардың сөзін бөлме, берілген сұраққа жауап беру, қиқаңдамау, олармен сөйлескенде «сіз» деп сөйлеу.

Егер жақын адамдарға құрметпен  қараушылыққа отбасында үлкенмен берілсе, онда ол тұрақты болады. Педагог ата-аналарға ұлдары мен қыздарының зейінін олар үшін істелген отбасындағы үлкендердің мейірімді ісіне аударуды түсіндіреді. Міне әжей немересіне кітап әкелді. Анасы қуанышпен: «Қарашы, балам, әжең саған қандай әдемі кітап сыйлады. Осы үшін кел оны сүйейік», - деп атап айтады. Ата-аналарының мұндай мінез-құлқы баланың әжесіне деген ризашылық сезімін тудырады.

Педагог балалардың өз қалауы бойынша қайырымдылық көрсетуіне қол жеткізе отырып, оларды қайырымдылыққа тәрбиелеуді жалғастырады.

Алғашқы кезден бастап-ақ үлкен адам бұрынғысынша балдырғандармен өзінің аралас-құраластығын (қуыршақ көйлегін бірігіп жуу, топ бөлмесі мен учаскесін жинастыру, құсқа қарау т. б.), мейірімділік пен зейінділіктің үлгісін көрсету үшін пайдаланады. Тәрбиеші мұны еліктіру үшін табиғи да эмоциялы түрде жасайды. Кейінірек, ол іс-әрекет ұйымдастыру кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуіне жолдастарының жетістігіне қуануына, алған әсерлері жөнінде пікір алысуына жол ашады.

Бір-біріне деген топтағы үнемі  мейірімді жағдайды құрбыларына жасай отырып, оларды қолдап, тереңдете отырған маңызды. Басқа балалар мен үлкен адамдардың көңіл күйіне зейін қою тәсілін пайдаланған жақсы: «Шуламаңдар, тыныш әңгімелесіңдер. Біздің Үміт әпкейдің (күтушінің) басы ауырады. Ақмаржанның қолы оралып байланған. Бұны байқаған Мақсат оған қарап «ауыра ма?» деп сұрады. Содан кейін жаны ашығанын білдіргісі келді. Кейін оның қолын сипайды. Тәрбиеші: «Біздің Мақсат қандай мейірімді. Оның Ақмаржанға жаны ашып, аяғаны қандай жақсы, өйткені оған ауыр ғой», - деп мадақтайды.

Сөйтіп, егер балалардың біреуі ауырып, балалар бақшасына  бармай қалса, онда оған ойыншық, сурет, кітап жіберіп, денсаулығы қалай екендігін телефон арқылы сұраған жөн. Әрбір бала осы зейін қоюды түсініп, басқаларға да сондай қарайтын болады.

Тәрбиеші балалармен араласа отырып, бейнелі сөзді, өлеңді сәті келгенде қолданса, құрбыларына  үлкендерге деген адамдық сезім  тәрбиенің таптырмас құралы. Кішкене  балалармен күнделікті тұрмыста адамгершілікке тәрбиелеудегі іс-әрекет, өткен жас басқышындағы сияқты, оларға сергек те зейінді қарамайынша, олардың талаптарын қызығушылығын, түсінбейінше мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Ойын барысында тәрбиелеу

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маң