Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:10, курсовая работа
Адамгершілік – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қасиет, адамдардың іс-әрекеттерінің мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік адамдарға тән бірден бір игі қасиет ретінде өмірдегі жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.
Кіріспе
І. Мектепке дейінгі сәби жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Екі – төрт жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың ерекшіліктері
ІІ. Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте тәрбиелеу
ІІІ. Ойын барысында тәрбиелеу
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
І. Мектепке дейінгі
сәби жастағы балаларды
Екі – төрт жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың ерекшіліктері
ІІ. Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте тәрбиелеу
ІІІ. Ойын барысында тәрбиелеу
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамгершілік – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қасиет, адамдардың іс-әрекеттерінің мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік адамдарға
тән бірден бір игі қасиет ретінде
өмірдегі жанға жат мінездер мен
кереғар іс-әрекеттерге қарсы
күресу барысында қалыптасады. Біз
балабақшада жас өскінді
І. Мектепке дейінгі сәби жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Екі – төрт жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың ерекшіліктері
Мектепке дейінгі сәби жас – екіден төрт жасқа дейінгі – балаларда адамгершілікті дамытуда маңызды кезең. Бұл жас кезінде сәбилерде жақсы мен жаман жайындағы алғашқы үстіртін елестер, мінез-құлық дағдылары үлкендер мен құрбыларына деген мейірімділік сезімі белсенді қалыптасады. Мұның өзі балалар бақшасы мен отбасының сәтті жағдайларда ең жемісті педагогикалық әсер ету арқасында болады. Осы жаста балаларда қалыптасқан моральдық сезімдер, түсініктер мен дағдылар, олардың алған моральдық тәжірибесі олардың бұдан былайғы адамгершілік дамуының негізі болады.
Бала өмірінің үшінші жылы оның дамуының өтпелі кезеңі болып саналады. Бұл әлі кішкентай бала, оның әлі алдыңғы сатылардағы балалардан айырмашылығы аз, сондықтан ол үлкендер тарапынан ықыласты да, сергек қарауды талап етеді, бірақ, сонымен қатар, онда дағдыларды игеруде, түсініктерді қалыптастыруда мінез-құлық пен іс-әрекетте жеке бас тәжірибесін жинауда сапа жағынан жаңаша мүмкіндіктер пайда болады. Балалар бақшасындағы тәрбиелеу бағдарламасында екіден үшке дейінгі жастағы балаларға үлкендердің көмегінсіз іс істеуге деген құлшыныс, айналадағылар жөнінде қарапайым тілмен пікірлерін білдіру, балалар арасында өзара қарым-қатынастың жаңа түрлерінің пайда болуы, жеке ойнаудан, бірте-бірте ойынның қарапайым түрлерінен, бірігіп ойнауға көшу.
Үш және төрт жастағы
балалар үлкендердің
Сондықтан мектепке дейінгі сәби жастағы балаларды тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі тұрмыстағы іс-әрекетте, ойында, сабақтарда өз бетімен жұмыс істеулерін қалыптастыру болып табылады. Балаларды өз әлдері жетерлік істі, өздерінің өмір тәжірибесіне сәйкес, өздері істеуге үйреткен жөн. Өз бетімен істеуді меңгере отырып, бала өзіне ғана қызмет етіп қоймайды (жуыну, шешіну, киімдерін реттеп қою, киіну, ас ішу) сонымен қатар айналадағыларға қарай реттілікті қолдануға (ойыншықтарды, кітаптарды реттеп орнына қою), көмексіз көптеген ережелерді орындауға, яғни өз мінез-құлқын өзі басқаруға мүмкіндік алады.
Үш жас шамасында баланың өз бетімен істеуі артып, сапалық жағынан жылжуы байқалады. Бұл – тәрбиешінің балаларға жоғары талап қоюына жағдай туғызады: ойын кезінде жолдастарымен жалғасуды белгілеу, тапсырманы орындау кезінде құрбыларымен бірге ортақ іске жағдай жасау, басқалардың мүдделерімен, тілектерімен санасу, көмек көрсету.
Сәбилерді дара да ортақ іске жұмылдыра отырып, педагог оларды жақсы әрекеттерге жаттықтырады, адамшылық сезімді қалыптастырады, тыңдау ықыласын тудырады, айналаға (тәрбиешіге, күтушіге) құрметпен қарауды үйретеді. Сөйтіп, үш жастағы сәбилерге үлкендер амандасуды, рахмет айтуды, үлкендердің сұрауларына әдепті жауап қайтаруды, басқа балаларға кедергі жасамай, олармен қатар ойнауды, өзгенің жасаған құрылысын сақтауды, жолдасы жуынып біткенше, ойыншықтармен ойнап болғанша, сабырмен күтуді, ұқыпты жуынуды, дұрыстап сүртуді, ойыншықтарды орын-орнына қоюға үйретеді.
Екінші сәбилер тобында тәрбиеші баланы үлкендер мен балаларға өтініш жасағанда ізетпен қарай білуді, айналасындағыларға кішігірім қызмет көрсетуді, құрбыларымен бірге ойнауды, оларға ойыншықтар мен кітаптар бере білуді, дидактикалық, қимылды ойындарда қарапайым ережелерді сақтай білуді: бастаушыны сабырмен тыңдауды, өз кезегін шыдаммен күтуді (егер бұл күту ұзап кетпесе) үйретеді. Балаларды ертеңгі, түскі тамақтарды столға қойып дайындауға, өсімдіктер мен жануарларды күту тапсырмаларын орындауға жұмылдырады.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбиеші екіден төрт жастағы балалардың еліктегіштігін олардың өзгеше ерекшелігі ретінде пайдаланады. Үлкен адам өзінің жеке басының үлгісінен жұмысқа, айналадағы адамдарға, балаларға деген қарым-қатынасын көрсетеді.
Мектепке дейінгі сәби жастағы балаларға зор эмоциялық ықлас тән, мұның айналадағы адамдарға деген мейірімді сезім мен көзқарасқа тәрбиелеу міндетін табысты шешуге көмектеседі. Осы орайда тәрбиешінің сәбилерге жағымды эмоциялық жағдай жасағаны дұрыс: оның ұсынысына, өтінішіне, ықыласына, басқа біреудің күйінішін көрген кездегі ортақ реніш сезімін білдіруіне.
Балаларды жақындарына деген сүйіспеншілікке, оларға бір нәрсемен жақсылық жасағысы келіп тұруға тәрбиелейді. Бұған баланың айналасындағыға деген мейірімді сезімін үлкендердің қолдап, мақтауы арқасында қол жетеді.
Төрт жасқа толғанда педагог балалардың жолдастарына деген сүйіспеншілікке, жақсы мейірімді болуға тырысуышылыққа тәрбиелеуді жалғастырып, балаға өзінің жаман әрекеттерімен ұялуды бойына сіңіреді. Бала бойына ақжарқындыққа, сергектікке, өзінің күшіне деген сенімділікке тәрбиелеудің маңызы зор. Мектепке дейінгі сәби жастағы балалардың құрбыларымен бірге ойнауы, олармен қарым-қатынас жасауы жеткілікті айқын көрсетіледі. Бұл әлеуметтік қажеттілік достық қарым-қатынастың дамуының алғы шарты болып табылады, сондай-ақ ол тәрбиелік міндеттердің қалыптасуына маңызды жағдай жасайды.
Екі-үш жастағы балаларға қарағанда құрбыларымен қарым-қатынаста жақсы нәтижелерге қол жеткен кезде, қуаныш сезімін сақтап қалу міндеті тұрады. Сонымен қатар тәрбиеші балаларды қарым-қатынас ережелерінің бұзылуын (итеріп қалу, ойыншығын тартып алу) сезіне білуге үйретеді.
Үш жаста өзге балалармен қарым-қатынас жасауға құлшыну аса күшті болып табылады. Балалардың даму дәрежесі құрбыларының қимылы мен сөзін, өзара түсінісу, бірігіп ойнау, оқу жөнінде келісу.
Балалар арасында жеке бала
өз тілегін өзге баланың және барлық
балалар тобының тілегімен
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында мектепке дейінгі сәби жаста балалардың мінез-құлқында ұстамсыздықтың болмауымен, мінез-құлық ережелерін өз кезінде және дұрыс орындай алмауымен сипатталады. Сөйтіп, үш жастағы баланың тәрбиешінің белгілі бір талаптарына бағыну ықыласын тудыруға болады, алайда оның өзі, көп жағдайда, баланың орындау мүмкіндігіне келе бермейді: балаларда керекті мінез-құлық дағдылары, еңбекке қабілеті, дене күші мен қиыншылықтарды жеңу қабілеті, ерік күші жетіспей жатады. Сонымен қатар сәби балалар үлкендер сөзіне өте зейінді келеді, әсіресе, ол сенімді үнімен айтылса, ешқандай күдік тудырмайтындай болып айтылса, аса әсерлі болады. Сондықтан екі мен үш жастағы балалардың өз мінез-құлқын қарапайым этикалық нормаларға бағындыра білуге тәрбиелеуді бастауға болады. Күнделіктің өмірдегі ережелерді меңгеру балалардың қабілеттері көрінісін ойын кезінде шапшаңдатуға көмектеседі, мақсатқа тырысушылықтың негізін дамытуды қамтамасыз етіп, меңгерген ережелерге сай істеуге әсерін тигізеді.
Екінші сәбилер тобында мәдени мінез-құлық дағдылары жедел қалыптасады. Бұл кезде әуендердің маңызды ролі болады.
Сондықтан төрт жастағы балалар
үлкендердің (ата-ананың, педагогтардың)
қарапайым тапсырмаларын
Үш жастағы балалардың ойлауы нақтылы сипатта болады. Олар талапты нақтылай жағдаймен байланыстырады, ол белгілі бір жеке бастың талабы ретінде қойылады. Балалар кейде бір тектес талапты бір жағдайда орындайды да, енді бір жағдайда орындамайды, бір тәрбиешінің нұсқауларын орындаса, екінші бір тәрбиешінің нұсқауын аяқсыз қалдырады, сондай-ақ сол талапты үлкендердің көзінше орындайды да, олар жоқ жерде орындамайды.
Тіпті балалар төрт жасында да өз мінез-құлықтары мен адамгершілік норма жөніндегі түсініктердің арақатынасын толық ажырата білмейді. Оның үстіне олардың өзін-өзі бақылауы өз мінез-құлқын саналы түрде бақылауы балаларда нашар дамыған. Осымен байланысты олар кейбір жағдайларда көрініс берген сезімдер, тілектер әсерімен тәрбиешінің талаптары жөнінде ұмытып, қызба мінезділік көрсетіп алады. Міне, сондықтан төрт жасқа дейінгі балалардың моральдық әрекеттері мен қылықтары көбінесе кездейсоқ жағдайдағы сипатта болады, яғни бір жағдайларда көрініс береді де, екінші бір жағдайларда ешбір көзге көрінбейді. Балалар бұл кезеңде тіл үйренулерін жалғастыра береді. Олар айналадағы құбылыстарды біртіндеп түсіне бастайды және оларға қарапайым сөзбен баға береді. Тілдің тез дамуы мен балалық зор белсенділікті және сөйлеудің эмоциялығын тәрбиеші сәбилерді қоршаған дүниемен, адамдармен, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерімен таныстыру үшін пайдаланады.
Бірінші сәби тобындағы балалар тату ойнаудың, іспен шұғылданудың керектігін, бірін-бірі ренжітпеудің, ойыншықтарды тартып алмай, сыпайы сұрап алудың қажеттігін, жиһаздарды, кітаптарды бүлдірмей, оларға ұқыпты қарауды меңгеріп алуға тиіс. Балаларда жануарларды, құстарды, өсімдіктерді сүйіп, сақтап-аялау жөнінде түсінік қалыптасады. Балалар үлкендер тарапынан қамқорлықты сезініп, оларға балалар бақшасында жақсы болуы үшін (аспазшы тамақ дайындайтынын, күтушілер бөлмелерді жинайтынын, т.б.) сезінеді, сөйтіп, үлкендердің еңбегіне ұқыпты қарау керектігін түсіне бастайды.
Ал екінші сәбилер тобында бұл көріністер тек қана нығая түседі, жаңалар да қалыптаса бастайды. Сөйтіп, балалар жиһазды, аяқ киімді ұқыпты ұстаудың керектігін түсінеді, өйткені бұларға үлкендердің еңбегі сіңірілген. Балалар барлық адамдардың жұмыс жасайтынын (үйлерді салатынын, көлік жасайтынын, астық, көкөніс, т.б. өсіретінін, бір-біріне көмектесетінін) түсінеді. Сәбилерге қамқорлық жасауды, барлық адамдарды тек қуанышқа жеткізуді, өз құрбылары мен үлкендерге көмек көрсетудің жақсы нәрсе екенін балалар түсінеді.
Балаларда шыншылдық жөнінде түсініктер қалыптасады: ата-анаға, жақын адамдарға, тәрбиешіге, тек қана шындықты айтудың керектігін, бәрін қалдырмай айту сияқты түсініктер.
Сонымен мектепке дейінгі жастың өзінде балаларда қоғам өмірі құбылыстары мен адамдық қарым-қатынастар жөнінде қарапайым түсініктер қалыптаса бастайды.
Кішкене балаларды аталған адамгершілікке тәрбиелеу міндеттерін іс жүзіне асыруға көбінесе өз еркімен кетушіліктің, қиқарлықтың куәсі болатын «үш жастағылар дағдарысы» деп аталатындардың бой көрсетіп қалушылығы кеселдік келтіреді.
Үш жастың соңында
бала бойында өзіндік пікір түюге
ұмтылушылық пен өзіндік «
Педагогтар балалардың үш жастан кейінгі өзін-өзі қолдап, өздігінен істеуге тырысатынын ескере отырып және қыңырлықты болдырмауға бағытталған жұмыс жүргізеді, ал егер жекелеген сәбилерге ол кейбір балаларда сезіліп қалса, онда олар өздерінің барлық күшін оның түп-тамырымен жоюға тырысады. Сонымен қыңырлықты жою осы жас шамасында балаларды тәрбиелеудің міндеттерінің бірі болып саналады.