Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:10, курсовая работа
Адамгершілік – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қасиет, адамдардың іс-әрекеттерінің мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік адамдарға тән бірден бір игі қасиет ретінде өмірдегі жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.
Кіріспе
І. Мектепке дейінгі сәби жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Екі – төрт жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың ерекшіліктері
ІІ. Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте тәрбиелеу
ІІІ. Ойын барысында тәрбиелеу
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қайырымдылық, дұрыс өзара қарым-қатынас және қарапайым адамгершіліктің көрінісі күнделікті тұрмыстық іс-әрекетте, ойында, осы іс-әрекеттің қалыптасуымен байланысты сабақтарда өтіп жатады.
ІІ. Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте тәрбиелеу
Төрт жастағы балалармен жұмыс жасайтын педагогтың алдында бұрынғы жас басқыштарына қарағанда адамгершілікке тәрбиелеудің күрделірек міндеттері тұр. Бұл – балалардың мәдени мінез-құлықты меңгерген кездегі белсенділігімен, саналығымен, өз бетімен іс-әрекет жасауға ықыласының артуымен, үлкен адамдардың, балалардың көбірек тобымен араласуымен, кейбір адамгершілік тәжірибесінің болуымен шарттас. Тәрбиеші балалардың өсіп келе жатқан мүмкіндігіне және олардың екінші сәби жас тобына баруының бірінші күндерінен бастап педагогикалық процесті жемістірек етіп кұруға тырысады.
Балалардың өздері бір нәрсені істегендеріне қанағаттану сезімдері тереңдей түсуі жалғасып отырады. Бұл сезім тұрмыстық процеске қызықтырып, бұдан былай өздігінен істеуді дамытуды қамтамасыз етеді. Оның негізінде бұрынғыша балалардың еңбекте өзіне-өзі қызмет етуінің жекелеген іс-әрекеттерін меңгеруі жатады.
Әріне, үш жасар бала әлі де үлкен адамның күтімі мен көмегін қажет етеді. Бірақ тәрбиеші балаға қамқорлық көрсете отырып, өзіне-өзі қызмет көрсетуді жан-жақты мадақтайды. Шамамен жыл ортасына таман олардың тамақ, жуыну, киіну дағдылары қалыптасып, педогогқа практикалық көмек көрсетуден мүлдем дерлік бас тартуға тура келеді де тек бақылаумен ғана шектеледі. Біреуіне ол қолына жұққан су тамшыларын сілку керектігін ескертсе, екіншісіне еденге су төкпей мұқият жуынғандығын мақтайды. Үшіншісін тамақ кезінде салфетка пайдаланғандығын айтады.
Дағдыларды меңгеру – бірден болмайды, белгілі бір күш жұмсаумен байланысты. Тәрбиешіден шыдамдылық ұстамдылық, такті талап етіледі. Ол балалардың жаңа жетістіктерін байқап, оларды да басқаларға белгілі етеді, осының өзімен өз күштеріне сенімдерін нығайтады. Балалардың сәтсіздіктерін олардың ар-намысына тимей, абайлап жөндету қажет.
Тәрбиешінің айрықша назарын қажет ететін - әлі де үйде киіндіріп, жуындырып, тамақтандыратын балалар. Педагог, ата-аналардан әдепті түрде олардың балаларының көбірек өз бетімен жұмыс істеуіне, олардың өз бетімен істегісі келген әрбір әрекетін мадақтап, шыдамдылық пен төзімділікті көрсете білулеріне қол жеткізу.
Төртінші жыл соңында тамқтану, жуыну, киіну процесінде балаларға өз бетімен істеуге ең жоғары талаптар қою мүмкіншілігі бар. Ең алдымен тәрбиеші балалардың зейінін олардың іс-әрекет сапасына аударады, бұл мақсатқа мадақтауды, өз құрбыларына үлгі етуді пайдаланады.
Мектепке дейінгі сәби жастағы балалардың өз бетімен істеуін қалыптастыруда тек мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын шектеу десек, дұрыс болмаған болар еді.
Өкінішке орай, кейбір педагогтар жуыну, тамақтану, киіну сәттерін пайдалануды тек тәрбие деп қарайтындары да табылып қалады. Озық практика көрсеткендей екінші сәби жас тобындағы тәрбиеші алдындағы көптеген мүмкіндіктер бар, ол мүмкіндіктер – балалар арасында дұрыс өзара қарым-қатынасты қалыптастыру. Өйткені олардың көбі едәуір тез киінуге үйренеді. Олардың дағдысы сенімдірек, қимылдары ширағырақ та тез және бұрынғдай балалардан көп зейін қоюды қажет етпейді.
Тәрбиешінің әр баланың мінез-құлқын байқауы қажет және оның дос құрбысына көзқарасын, олармен әңгімелескендегі дауыс ырғағына ден қойып, кезінде араласа білу немесе, керісінше, ұрыс пен келіспеушілік пайда болғанда күте тұру. Міне педагог балдырғандармен өзінің күнделікті әрекетін ойластыра отырып, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын бекітіп қана қоймайтыны да сондықтан, бірақ адамгершілікке тәрбиелеу міндеттерін де шешеді.
Бұрынғы жас сатыларындағы
секілді педагог балаларды
Тәрбиеші сонымен бірге біртіндеп балдырғандардан тез өз мінез-құлықтарын қадағалап қана қоймай, көпшіл, сергек, өз жолдастарымен сыпайылықты талап ететін жаңа ережелер енгізеді. Осы ережелерді орындауда тәрбиеші өмірдің нақтылы мысалдарына үйретеді.
Өзін қалай ұстау керектігі жөнінде көптеген көрнекілік көрсету, қолайлы дәлелдер ережені меңгеруге, оны орындаудың және түсінудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Неліктен өзіңді солай ұстайсың, ал неге басқаша ұстамайсың деген сияқты. Бұл сонымен бірге дау-жанжалдың болмауына педгогқа мүмкіндік туғызады.
Сөйтіп, жаңа жағдайды нақтылы пайдалана отырып, педагог мүмкін болған дау-жанжалды ескертіп, балалардың өзара қарым-қатынасын қажетті жақтарына бағыттады. Екінші сәбилер тобының балаларымен жұмыс істегенде осындай жағдайларда баланың назарын тек басқа жаққа аударады немесе сотқарға тікелей әсер етеді, оларға қалай істеу керектігін үйретудің орнына кейбір үлкендер осылай істеп, дұрыс жасамайды.
Тәрбиеші ақырындап мінез-
Күні бойына тәрбиеші белгіленген ережені орындған, мейрімділік сезім көрсеткен балаларды белсенділігі үшін мадақтайды, баланың бойында бірте-бірте танылған мінез-құлықты, өзінің белсенділігін шектей білуді бірте-бірте қалыптастырады. Бұл әсіресе үлкен адамдармен қатынаста, мысалы шолжаң да еркін, тыңдамайтын. Топтағы қабылданған ережені жоққа шығаратын балаларға қатысты. Барлық кезде, бала рұқсат етілетін нәрселер шегінен асқанда, педагог өз ренішін дауыс ырғағымен, көзқараспен, қысқа сөз тастаумен білдіргені жөн. Әдетте балдырғандар үлкен адамның суық қарасына қатты ойланып, педагогтың өзіне бұрынғыдай қарауына тырысады.
Күнделікті өмірде балаларды мінез-құлықтың дұрыс дағдыларына тәрбиелей отырып, мүмкіндігінше, ескертулерді, ақыл айтуды, ұялтуды сирек жасауға тырысу керек, өйткені олар іс-әрекетке, жақсы қылықтарға, сонымен қатар мейрімді сезімдерге қызығушылықты тұншықтырады. Бірақ егерде топта әлі де болса өте қозба тәртіпті бұзатын, басқалардың киінуіне кедергі келтіретін ұшқалақ балалар болса онда ондай балаларды столға отырғызудың, ескертулер жасаудың орнына олар үшін ұзақ отыруды талап ететін пайдалы іс-әрекетті ұйымдастыру қажет. Бірінші сәби жас тобындағыдай дұрыс баға, мақтау, қолдау балалардың дұрыс қылықтарын жасауына, алдағы уақытта дұрыс іс істеуіне сенімдерін арттырады.
Шыңғыс Дәуренмен бірге құрылыс бұрышын тәртіпке келтіреді. Бұл фактіні тәрбиеші назардан тыс қалтырмайды: «Шаршылар қандай әдемі қойылған! Жарайсың, Шыңғыс! Талғатқа шаршыларды тез жинауға көмектестің!» - дейді. Бала үлкен адамның мақтауына қуанады. Оның келесіде де осылайша әрекет етуіне ықыласы пайда болады. Тәрбиеші өз тәрбиеленушілері жөніндегі жақсы сөздерге сараңдық жасамау қажет, бәрінен бұрын олардың бойындағы бар жақсылықты көріп, оған көңіл аударуға тырысу керек, бірақ жеке балаларды асыра мақтамаған да жөн. Бұл олардың мінезінде жағымсыз ерекшіліктердің, дандайсудың, өзімшілдіктің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Сонымен, педагог баланы қай уақытта мадақтап, қай уақытта үндемеу әдісін өте шебер қолдануға тиіс.
Педагог баланың не істеп жатқанының бәріне әрқашан зейінді болсын (ол белгіленген ереженің орындалуына қалай қарайды, оның құрбыларымен өзара қарым-қатынасы қандай?) Егер бала бұрын істей аламағанын енді істесе, онда тәрбиеші оны бірден мақтайды.
Тәрбиеші осы жас басқышында кейбір балалардың қиқарлығы мен бірбеткейлігінің пайда болғанын кездестіре алады. Педагог бәрінен бұрын жағымсыз қылықтардың себебін анықтап, ата-анасының көмегімен оларды жоюуға қол жеткізуге тырысады.
Сөйтіп, Қайратты бақылай отырып, тәрбиеші баланың немен айналысу керектігін білмегенде, қиқарлана бастайтынына көз жеткізді. Педагогтың болжауы отбасына барғанда айқын анықталды, яғни үйде үлкендер үнемі баланы қамқорлыққа алып, ал балдырған өзінің үнемі көңілін көтеруге, онымен шұғылдануға үйреніп кеткені анықталды. Тәрбиеші ата-аналарына балаға көп ойыншық алып бермеуге, баласының әрбір ескертпесін орындай бермей, қайта оның бар ойыншықтармен ойнауына, баланы іс-әрекетте бейімдеп, оны қарапайым істерді өзі жасауына үйретуге кеңес беру керек.
Өз тарапынан тәрбиеші мұндай балаға мазмұнды іс-әрекетпен шұғылдануға, ойнауға, еңбектене білуге үйретуге тырысады. Байқау көрсеткеніндей, төрт жасар баланың ашулануының себебі жалпы қажетті бақылаудың артық болуынан, бірақ, кейбір тәрбиеші ата-аналарда ол баланың барлық іс-әрекетінің, оның өз бетімен істеуінің қатаң тәртіп жүйесіне айналып кетуі мүмкін. Балалар мұндай жағдайда оларға не ұсынса, тек соны ғана орындайтын болады. Ал бұл олардың өз бетімен істеудегі табиғи жақтарына қайшы келеді. Мүмкіндігіне қарай, балалардың тәртібін бақылауға алып, рұқсат етілетін нәрсесінің шегін кеңейту қажет, оларды балалардың мінез-құлқын бақылаумен ұштастыра отырған жөн.
Үлкен адамдардың, мүмкін болғанша, қатысуымен байланысты балалардың тапсырма орындау кезінде педагог балалардың өзіндік әрекеттеріне, еріктік қасиеттеріне айрықша көңіл бөлу керек. Тәрбиеші баланы үлкен адмдардың жұмысына қосылуға қолды шебер жеткізеді, еңбекке қатысуының жеткілікті формасын табады. Күтуші балаға ортақ қарап: «Орындықты столдан қашықтау қоя салшы мен қазір еденді сүртемін», - деді. Тілеуің болсын, қарындашты шкафтан алып берші. Мен оларды ұштаймын, ертең сурет саласыңдар, - деп өтінді тәрбиеші. «Балаға үлкендерге көмектесу, «бірдеңе жасау», «жұмыс істеу» үлкен қуаныш әкеледі, өзін ол үлкенмін деп сезінеді. Үлкен адамдардың қарапайым еңбек тапсырмаларын балалардың орындау процесінде төрт жасар балалар ойыншықтарды орнына қою, қасықтарды орналастырып салу, өздерінің шай ішкен ыдысын жинау, балықты, құсты тамақтандыру, бақшадағы, гүлзардағы өсімдік пен гүлдерді суаруды тез үйренеді.
Үлкен адам баланың жұмысына дұрыс қарайды, оның шеберлігін атап, оның тырысушылығы жөнінде ата-анасына айтады. Егер балдырған қолынан бір нәрсе келмей жатса, тәрбиеші шыдамды түрде ол не, неліктен қолынан келмей жатқанын түсіндіреді, қалай істеу керегін айтып, нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Бұл жас сатысында балалар ойында және еңбекте өздерін әр түрлі көрсетуге қабілетті. Балаларды еңбек тапсырмаларын орындауға тарта отырып, тәрбиеші балдырғандардың еңбектік іс-әрекетті ойынға айналдырып жібермеуді қадағалайды. «Неге сен үнемі сумен ойнайсың», жүйектегі гүлдер басын төмен салбыратып жіберіпті қарашы сен оларды қашан суарасың. Кәнеки, оларды тездетіп суар».
Балалар арасында еңбектік тапсырмаларды бөле отырып тәрбиеші инициативалы және бейімделгіш бала жасқаншақ та жігерсіз баланы басынбау үшін, епті баланың өзіне сенімсіз баланың өз бетімен істеуін жоққа шығармауы үшін, олардың өзара қарым-қатынасын реттейді.
Екінші сәби жас тобында тәрбиеші көбінесе балаларды еңбек тапсырмасын бірге орындауда жолдасына көрсетілер көмекке көңіл бөледі. Бірақ бұнда сезім шегін сақтаған маңызды, әйтпесе біреулерде біреуге ұдайы сенушілік қалыптасып, екіншілерде, кім-кімді көбірек жиі көмекке шақыратындарда, қарсылық, реніш немесе, керісінше, менмендік: «Міне, мен қандаймын» деген сияқты пайда болады. Балаларды қолынан келетін еңбекке үйрете отырып, тәрбиеші оларға күн артына күн салмай, қалай және не істеу керек, қайткенде аз күш жұмсап, жоғары көрсеткішке қолын жеткізетінін көрсетіп, еңбек не үшін керек оның мақсаты неде екенін түсіндіреді және әңгімелеседі. Тәрбиеші бұл жөнінде іскерлікпен (ұзақ түсіндірмейді) ренжітпей: «Балыққа азықты аз беру керек. олар кішкентай ғой, қөп жей алмайды, тек суды бұзады»; «Құрылыс материалдарын жәшікке сиятындай етіп, жина» дегенде балалар: «Мінеки, материалдарды қандай жақсы етіп жинадық»,- деп айтқан болар еді.
Алғашқы кезде жұмыс тәсілдерін көрсету міндетті түрде үлкен адамның көмегімен болады, өйткені балалар әлі де көп нәрсені білмейді, бірақ бұл баланың белсенділігін, оның өз бетімен істеуін жоққа шығармауға тиіс.
Еңбек нәтижелерін тәрбиеші міндетті түрде тексереді және бағалайды. Үлкен адам кішкентай балаларға аса көп талаптар қоймауы керек, бірақ, егер ол өз тәрбиеленушілеріне сенімді болса, онда ол өз қаттылығын танытады. Егер бала тапсырманы орындау барысында дұрыс нәтижелерге жететін болса, онда оның ықыласы пайда болып, бұдан былай да белгілі бір күштер жұмсайды. Өзіне бір нәрсе жасауға ынтасы айрықша артады, егер ол бұл кезде үлкендерден қолдау мен мақтау тапса. Сондықтан тәрбиеші баланың әрбір өз бетімен жасаған қылығын мақтауы керек. Егер педагогтың тапсырмалары күшті болса, балалар қанағаттанғандықпен орындайды.
Мұндай тапсырмалар
үлкендердің көрсетуін күтпей-
Тәрбиеші балаларға түрлі
Мүмкіндігінше, балаларға ұсынылған тапсырмалардың өмірде қажетті де қызық болғаны абзал. Мысалы, педагог: «Балалар, біз қазір торғайларды тамақтандыруға барамыз. Олардың бидайды қалай шоқып жейтіні сендерге өте қызық болады. Мысалы, Айдана, Мақпал, Аяна, тәрбиешіге (меңгерушіге) барып сұлы әкелсін, Тахмина және Жарқын нан қалдықтарын алады» , - дейді. Балалар қуана-қуана тапсырманы орындауға асығады.
Тәрбиеші алда тұрған балалар әрекетіне сүйене отырып, оны орындауға күш салады.
Әдетте тәжірибелі педагогтар тапсырманы сабақта алаңдап, зерігіп отыратын балаға береді. Тапсырма балалардың түрлі қимылында орындалып, олардың белсенділігі мен эмоциялық дәрежесін арттырады.