Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Содержание

Ойын арқылы балалардың ой өрісін жетілдіру.

6-7
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаға ойынның әсері
8-9
1.2
Ойын - өмір мектебі

10-15
2
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

16-20
2.1 Ойын технологиялары. 21-26
Қорытынды 27
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

     Мектеп алды тобында  педагогикалық, психологиялық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнай  отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал – ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды.

      Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                                                                            
 
 

                                 1.2  ОЙЫН - ӨМІР МЕКТЕБІ

         Балабақшадағы тәрбие – барлық  тәрбиенің бастамасы. Мектепке  дейінгі шақ – бала бойына  рухани-адамгершіліктің негізін  қалайтын кез. Сондықтан да  бала бойына жас кезінен бастап  жоғары руханилық құндылықтарды: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік, өмір мәні т.б. қалыптастыру педагогтардың және ата-аналардың міндеті.

         Мектепке дейінгі мекемелер балалардың өзінің және жолдастарының  бойындағы ерекшеліктері мен қасиеттерін ажырата алуына және өз іс-әрекеттеріне баға бере алуға үйретуді міндет етіп қояды. Бұл міндеттің негізгі шешімі – ойындар. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Атақты педагог А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді» .

          Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі. 

          Мектепке дейінгі балалардың  жан-жақты дамуы үшін ойынның  ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. 

         Балалармен жүргізілетін тәрбие  жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді.

        Сюжетті – ролдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді.        

        Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады» . 

     Ұлы орыс жазушысы М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,- демекші, балабақшада ойын арқылы 2-ші кішкентайлар тобынан бастап әлеуметтік және құндылық – мәнді құзыреттіліктерін қалыптастыру көзделеді. Осы жұмыс арқылы бала бойында әлеуметте және балалар қауымдастығында, жанұяда, өмірде қажет болар қабілеттерді қалыптастырып дамытуды ұстанады. Мысалы: 2 – ші кішкентайлар тобында өткізілген «Автобус» сюжетті-рольді ойыны осы шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге арналды. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Балабақшада көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттері:

достарға  деген  мейірімді қарым–қатынасқа  үйрету;

адалдық қасиеттерін дамыту;

балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;

үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін  және олардың ойын үстіндегі қимылдары  мен мінез-құлықтарына қызығушылық  сезімін тәрбиелеу.

Ойынды  ұйымдастыру алдында біраз жұмыстар жүргізіледі:

көліктер  туралы білімдерін бекіту жұмыстары;

мамандықтар туралы әңгіме өткізу;

техникалық  оқу құралдары арқылы автобуспен таныстыру;

жеке  балалармен психологтың жұмыс жүргізуі;

өз еріктерімен  рольдерді таңдауды үйрету.

Ойын  барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалады. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдіреді, мәселелерді шешіп үйренеді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете біледі. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретеді. Ойынның мазмұны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай құрылуы керек. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игеріп, әлеуметтік рольдер атқарады. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі. Демек, ойын балалар бақшасының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дұрыс ұстау ережелері бекітіледі.

         Қызықты ойынсыз балалар әлемінің  болуы мүмкін емес. Балалардың  ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді.

       Ойын әрекеттеріндегі алға қойылатын түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау. Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре білуі.

             Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі  бола алады.

         Бүгінгі күнгі мектеп жасына  дейінгі балалар өз әрекеттерін  ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды.

        Мектепке дейінгі жас – тұлғаны  қалыптастыруға ең қолайлы кезең,  сондықтан, аталған қабілеттер  кейін өздігінен дамиды деп  қателеспеген жөн.

        Ойынның күрделі болмауы балалардың  коммуникативтік дамуларына келеңсіз әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар тек бірге ойнау барысында қалыптасады. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рольдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды.

        Ғалым, педагогикалық ғылымдар  кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның  пікірінше, үлкендердің балалар  ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен  бірге өзгереді. Басында оқытушы ойын әдістерін үйретуші ретінде, кейін екі-үш баланың ойынына қатысушы болады. Одан кейін ол балалардың ойын ұйымдастырудағы көмекшісі және ойын қатынастарын реттеушісі. Ең соңында, ол балалар ойынына сырттан қарап, қажет болған жағдайдарда кеңес беруші болады. Ойын арқылы  балалар өз ойы мен сезімдерін еркін білдіруге, өзін-өзі бағалауға ұмтыла бастады. Өзін қоршаған ортаға, табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасауға, айналасындағы балалармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысатын болды. Мінез - құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды.

         Қазіргі заман талабында мектеп  жасына дейінгі балаларда өзінің  ішкі жан дүниесін танытып,  өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту.

          Балалар әлемі күрделі әрі  ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы  математикалық және социологиялық  әдістерді меңгерген адамдар  үшін де оңай емес. Балалар  өз қатынастары мен ермектеріне кез-келген адамды кіргізбейді.

         Балалық шақ – адамның ең  бақытты және уайымсыз кезеңі  ғана емес, сонымен қатар бұл  - тұлғаның қарқынды қалыптасу  кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған  нәрселердің орнын үлкен адам  кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.

         Ойнау барысында балалар өздерін,  өз мінездерін қалыптастырады, ал  ең бастысы – ойын жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік пен достықты бойларына сіңіреді.

          

              
 

                  2.  Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту    

                                                     ерекшеліктері   

         Адам бала кезінен қалыптасады.  Мектепке дейінгі жастан бастап  баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.                                                                                                                                               Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры -  өз халқының тілінде. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.       

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері