Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Содержание

Ойын арқылы балалардың ой өрісін жетілдіру.

6-7
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаға ойынның әсері
8-9
1.2
Ойын - өмір мектебі

10-15
2
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

16-20
2.1 Ойын технологиялары. 21-26
Қорытынды 27
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  университеті. 
 
 
 
 
 

 

       ТАҚЫРЫБЫ: ОЙЫН – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ НЕГІЗГІ ІС- ӘРЕКЕТ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                 Тексерген: педагогика магистрі Төлеуханова А.Д

                                             Орындаған: Ахметқанова А.С, МДОжТ 2 курс 
 
 
 
 
 
 

                                          Өскемен, 2010

Жоспар

 
 
  Кіріспе 3-5
1  

Ойын арқылы балалардың ой өрісін жетілдіру.

 
6-7
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаға ойынның әсері  
8-9
1.2

Ойын - өмір мектебі

 
10-15
2

Мектепке  дейінгі мекемеде қазақ тілін  ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

 
16-20
2.1 Ойын технологиялары. 21-26
  Қорытынды 27
  Әдебиеттер  тізімі 28
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                           КІРІСПЕ 

                       «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».

                                                                              Нәзипа Құлжанова

        Ойын - мектеп жасына дейігі балалар іс- әрекетінің  негізгі түрі.

  Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.

        Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

        Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық  ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

 Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын  сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың  соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

        Ойын –балалардың ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан балалар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, кіші топтарда қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, жастары үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар.

       Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, үлкен топтарда сан санауға, заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады.                                              

        Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану баланың алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

       Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. 

       Балалардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Балалар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс.

       Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.

       Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

       Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады

         Зерттеудің көкейкестілігі. Ойында үлкендердің қызметіне еліетеп, өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып, осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады. Ойынның негізгі ерекшелігі  балалардың  қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін , олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

      Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшада) ойын технологияларын қолданудың әдістемесі 

          Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшада)  ойынды қолданудың әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу.

        Зерттеудің міндеттері:

  1. мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшада) ойын әрекеттерін қолданудың ерекшеліктерін ашу;
  2. мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшада) ойын әрекеттерін қолдану  тиімділігін көрсету;

        

        Зерттеудің әдістері: аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б.);

       

       Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымның практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; авторлардың көпжылдық педагогикалық тәжірибесі.

  Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдар.

          1.  ОЙЫН АРҚЫЛЫ  БАЛАЛАРДЫҢ ОЙ  - ӨРІСІН ЖЕТІЛДІРУ 

    Халық даналығындағы: «ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектеп алды баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

    Баланың ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ең қолайлы кезең 3 пен 9 аралығы. Ойын әрекетінің ең негізгі  түрінің бірі – дидактикалық ойын. Мысалы, «Есіңе сақта және сурет сал», «Неге ұқсас?» сияқты практикалық әрекеттер арқылы бала адамгершілік және әділдікке талпынып өмірге жақсы көзбен қарым-қатынас жасайды.

    Мектепке  барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің  өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.

    Оқуға психологиялық даярлық – көп  аспектілі ұғым. Ол жеке мен біліктілікті емес, барлық негізгі элементтер кіретін  белгілі бір жиынтықты қарастырады.

    Көптеген  ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп есептейді. Сыдырата оқи алу, түсініп санай білу оқуда оң нәтиже берері даусыз, бірақ болашақ бірінші сынып оқушысына оқу іс-әрекетінің алғы шарттары және табысты оқуға қажет, баланың мектепте табысты оқуы оның психологиялық жетілуіне байланысты барлық құрамдастар қалыптасуы қажет. Психологиялық жетілу баланың негізгі психикалық  сферасының дайындығын  қарастырады: ықыластанушылық, еріктілік, ақыл-ой және әлеуметтік. Оқуда тілдік емес функциялардың жетілуі (көру арқылы қабылдау, қозғалысты сфера, кеңістік-уақыт қатынастары) маңызды роль атқарады. Тілдік емес функциялардың толық жетілмеуі бала сөйлеуінің дамуына, одан соң ойлауына кері әсер етеді. Өйткені, сөйлеу және ойлау өзара байланысты.

    Баланың ақыл-ой дайындығының компоненттерінің бірі – жеткілікті дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек.  Нәзік моториканың толық жетілмеуі  баланың ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелдеген. Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік жетілгендіктің, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуы, құрбылармен қарым-қатынасы, басқа балалардың пікірімен санасуы, т.б. маңызы да аз емес.

    Бүгінгі таңда мектепте оқытуға даярлық  кешенді психологиялық зерттеуді  талап ететін көп компонентті білім беру екендігін практика жүзінде мәлім нәрсе. Мектеп жасына дейінгі бала қандай сөзді қолдануға болады немесе жағымсыз, айтуға ұят сөздерді де екшелей алады. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады және сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады. 6 жасрар бала түсінікті тілмен үлкендермен қатынас жасай алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         
 

                    1.1     Мектеп жасына дейінгі балаға ойынның әсері 

         Ойынды қолданумен бірге ойлауға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ісәрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы, бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес зейінін де дамытуға болады.

        Берілген тапсырманың орындау екі кезеңнен тұрады: 1- ші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың есте сақтауына, ойлауына, белгілі бір іс-әрекетті қабылдауына ықпал ететін болса, 2-ші кезеңде ойын, жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс-әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездесе, қайтадан түсіндіру, орындалу барысына көмектесу қажет. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру, кеңістік, уақыт ұғымдарын, тағы басқа тиянақтылықтың жан-жақты  қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата-ананың үлесі зор.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері