Мектеп балаларына ағылшын тілін үйретудің маңыздылғы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:18, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Содержание

1. Кіріспе бөлімі.
2. Негізгі бөлім:
А) ағылшын тілі сабағында оқушыларға ағылшын тілін үйретуде әр түрлі методикалық әдіс – тәсілдерді қолданудың маңыздылығы.
Ә) оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тіл сабақтарында қазіргі заманғы интерактивті
технологияларды қолданудың тиімділігі және пән бойынша білім с апасына әсері.
3. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Зари баяндама.docx

— 63.62 Кб (Скачать)

         Осы интерактивті  технологиясы  бойынша «Қазақстан Ұлы Отан  соғысы жылдарында» тақырыбына  дайындалған сабақ мазмұнын көрсетейік.

   Оқытушы  /Активті экран / көмегімен  интерактивті тақтаның флипчарт беттерін пайдалану арқылы оқушыларды сабақтың  мақсат міндетерімен таныстыра отырып, жаңа сабақтың кезеңдері  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер  әзірлеп флипчарт беттерін оқушыларға таныстырамыз.

 

   Оқушылармен жаңа  сабақты бастамас бұрын СТО   технологиясының Ой қозғау стратегиясын  кіріктіріу арқылы оқушылардың  негізгі білімі туралы мәселелер  анықталады./ Активті қалам/, /ACTIVslate/ көмегін пайдаланады.

Нені белесің?

Нені білгің келеді?

Нені білдің?

ІІІ – Жаңа сабақ кезеңі.

   а) ACTIVstudio программасынының  мүмкіншілігін пайдалану арқылы  білім алушыларға бейне-файлдар  /VTS_01_3.avi .№1, тірек-сызбалар,суреттер т. б бөлімі көрсетіледі.  Яғни  бұл жаңа сабақ кезеңінде оқушылар «Екінші дүние жүзілік соғыстың» басталу барысымен және КСРО тарапына әділетті,фашистік Германия тарапынан  әділетсіз соғыс болғанына көз жеткізеді.  СТО /мағынаны тану/

б)   Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар

Сталинград шайқасы /17.07.1942 - 2.02.1943/            http://www.spring.kz

Мәскеу түбіндегі шайқас /30.09.1941 - 20.04.1942/  

             VTS_01_4.avi  бейне-файл №2 Б.Момышұлымен сұхбат.

Ленинград шайқас /10.07.1941 - 09.08.1944/        

           /Ж.Жабаев/  «Ленинградтық өрендерім»

ІV – Бекіту кезеңі.

ACTIVote , ACTIVstudio бағдарламасында  флипчартта мәтіндік немесе графиктік  түрде тест сұрақтары кітапханада  сақталады да, тестің нәтижесін  кесте немесе диаграмма түрінде  оқушылардың алған білімдерін  тексереміз.

V – Үйге тапсырма кезеңі.

Білім алушылардың алдына бастапқы  /СТО/  Ой қозғау стратегиясын интерактивті тақтаның   /Активті экран / көмегі арқылы шақырамыз.

ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар  өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ  тақтада жаза алады.

 Бұл кезеңде сынып  4 топқа бөлініп қысқа мерзімді  жоба тақырыптарын таңдайды.

Нені білгің келеді?     /Мәселе анықталып жоба тақырыптары  анықталады/

Нені белесің?                    +

Нені білдің?                      +

      Қорыта  айтқанда, тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.       

 Сонымен , интерактивтік  тақта сабаққа қатысушылардың  барлығының ойын бір ортаға  жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Республиканский  научно-методический журнал . №6 (30) – 2009

2. http://www.bsh.kz/news//2/

 

 

 

 

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда интерактивті әдістерді тиімді пайдалана білу

 

                                                 

   " Өткенге қарап  басымызды иеміз, ертеңге қарап  білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі  бала – ертеңгі азамат. Сондықтан  қазіргі мектептің басты мақсаты  – баланың табиғи күштері мен  мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы  жағдай жасау. Білім беру мазмұнын  жаңарту, үздіксіз білім беру  жүйесін дамыту - бүгінгі күннің  талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде  жаңа технологияларды пайдалану  тәжірибеге еніп,оң  нәтижелер  беруде.                                                                                

    Қазақстан Республикасының  "Білім туралы" заңында: "Білім  беру жүйесінің басты мақсаты  – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау" делінген. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағы.   Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысы болмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі.  Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Көрнекті педагог                                                            

В. А. Сухомлинский: "Сабақ  жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол  жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер  үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің  баға жетпес қазынасына айналады"-деп  айтқан екен. Міне, осыған сай 5-7 сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтындығы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.

 Өзімнің тәжірибемде  оқыту барысында алдыма қойған  мақсатым - оқушыны субъект ретінде  оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай  туғызу. Ең  бастысы оқу  үрдісін  жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың  оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау  дағдыларын жетілдіру, өз бетінше  білім алу процесінде бірлесе  әрекет ету. Сондықтан,жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни , уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады.Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері  қоғамның білім беру мекемелерінде  қойылатын жаңа талаптарды анықтауда.  Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат  көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу тәрбие орындарының іс әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның  бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі  мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық  үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын  талаптардың сөзсіз арта түсуіне  алып келеді. Бүгінгі  таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

«Инновация» деген сөз  – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық,өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Зерттеулер бойынша «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына  енгізу болып табылады.

Инновациялық іс әрекет –  дәстүрлі іс әрекеттен түбірлі түрде  ерекшеленіп тұратын индивид  қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама қайшылықтар  болған жағдайда іске асырылады.

Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде  кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып  табылады.

Ұстаздар алдындағы міндет – жекетұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан  Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,   мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге  қалыптастыру. Жалпы білім аймағында  тілдерді оқыту ең басты орыналады. Ол оқушының қарым қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер  жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім  беру мекемелерінде оқыту үрдісін  технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен  әдіс тәсілдің ара-жігін ажырату  да қарапайым мұғалім үшін кейде  қиын болып жатады.

Бастауыш сыныптарының басты  талабы – сабақтың сапасын арттыра  отырып, сабақ түрлері мен әдістерін  танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері  сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі  уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың  ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына, мақсатына, жүру барысына қарай  дамытуы саяхат сабақ, ертегі сайыс  сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдістері өткізіліп келеді.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артады.  Орыс тілі пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін  арттыруға бағыттаймын.

Жалпы білімдік пәндер бойынша  В.Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде  тірек-конспект, диаграмма, график, логикалық, трек-сызба арқылы теориялық материалдарды  блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі  кезеңдерінде үздіксіз білім алуға  жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамыз.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Дәстүрлі емес сабақтардың  психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру  және өткізужолдарын жан жақтызерттеу қажет.

Педагогика ғылымында  баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті  жан жақты дамыған жеке тұлғаны  қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің  басты бөлігі оқыту мақсаты болып  табылады. Сондықтан танымдылық іс әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік  жүйенің басқа бөліктерінде «мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының»  өзара байланысы  қалпында өзгертілуін  талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымлдар жүзеге асуы тиіс.

  1. Оқушылардың   өзіндік   іздену  іс әрекетінің әдістерін меңгеру талап

етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту  әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқу әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Деме, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетінше білім алуындағы белсенділігіне басты назар аударылады.

  1. Жаңаша   оқытудың негізгі  түрлері:   оқытудың  дербес және топтық

түрлері табылады. Бұл жерде  алға қойылатын басты мақсат –  оқушыға деген сенім, оның өз ісіне  жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп  беделі мен қадір қасиет сезімін  дамыту. Ал оқытудың  фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  1. Жаңа  технологияның  мақсаты ғана бойынша «оқытуды ізгілендіру»                                        талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өзбетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына  сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа  арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар  мен оқу құралдары қажет.

Бұлар әңгімелесуші, оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты  өз бетімен меңгеріп, анықтама мен  ережелерін өзі шығарады. Қарапайым  жаттығу – мысалдар мен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі  деңгейлік тапсырмаларды орындауға  көшеді.

Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың өздігінен  жүргізілетін танымдық іс әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі 4 деңгей бойынша  құрастырылып, ондағы барлық дейгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушылар да ынталану пайда болады. Мұндай технология бойынша сабақ  беріп жүрген мұғалімдер де үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені, оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, әр деңгейдегі тапсырмаларды  шешуге ұмтылатыны даусыз.Бұл жерде  «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?». Яғни, олар мыналар:

  • Барлық    тапсырмаларды    мезгілінде     орындаған      оқушылар

үлгермеушілерге көмектеседі;

Информация о работе Мектеп балаларына ағылшын тілін үйретудің маңыздылғы