Мектеп балаларына ағылшын тілін үйретудің маңыздылғы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:18, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Содержание

1. Кіріспе бөлімі.
2. Негізгі бөлім:
А) ағылшын тілі сабағында оқушыларға ағылшын тілін үйретуде әр түрлі методикалық әдіс – тәсілдерді қолданудың маңыздылығы.
Ә) оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тіл сабақтарында қазіргі заманғы интерактивті
технологияларды қолданудың тиімділігі және пән бойынша білім с апасына әсері.
3. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Зари баяндама.docx

— 63.62 Кб (Скачать)

Today and every day

Be happy, be happy

Today and every day

Be healthy, be healthy

Today and every day

 

      Табиғат  пен қоршаған орта, экология мәселелерін  қозғаған кезде пысықтау сабағында  оқушылар төмендегі «The world is Beautiful» өлең шумақтарын «Песня крокодила Гены» деген орысша өлеңнің әніне салып, тез әрі оңай жаттап алуға тырысады.

 

                                                 The world is Beautiful.

1. Our world is very-very beautiful

    Don’t pollute the air and the land

    Everything will be so very wonderful,

    If you help the nature every day

 

Refrain:  Let’s keep the world so clean

(2 times) Keep so clean, keep so clean

Never forget to plant

Many-many trees

 

 

2. Our world is very-very beautiful

    Don’t destroy the forests and the grass

    Try to keep the land so clean and very nice

    For the world is our native land.

 

Refrain (2 times)

     Ұстаздар мерекесі  қарсаңында оқушыларға төмендегі  «They are teaching us school» (Учат в школе)  өлеңді үйретуге  болады.

1.They are teaching us to read

They are teaching us to read

They are teaching³

They are teaching us to know              (2 times)

More and more from books at school

They are teaching³

2. They are teaching us to write

Letters, words and sentences

They are teaching³

They are teaching us to make (2 times)

Different sentences from words

They are teaching³

3.They teaching us to do

Different sums with numbers too

They are teaching³

They are teaching us to know (2 times)

Different languages at zchool

They teaching³

4. They are teachinh us to learn

Almost all the subjects too

They are teaching³

They are teaching us to be     (2 times)

Very kind and more polite

They are teaching³ 

 

     Оқытудың бұл  саласында шетел тілінің пәнаралық  байланысты кеңейе түседі. Жалпы  поэзия тіл ұштауды былай қойғанда  баланың ішкі жан дүниесін  байытады және адамның, табиғаттық  әдемілігін, сұлулығын кеңінен көруге  үйретеді. Соны мен қатар балаға  үлкен сезімдік әсер береді. Ал  бұл шет тілін оқуда өте  қажет нәрсе.

       Ағылшын  тілін оқыту процесінде өлеңдермен  өрнектеп өткізуде төмендегідей  әдістемелік принциптерге бағынышты  болуға тиістіміз:

    1. Пайдаланатын өлең мазмұны жағынан сабақтың және тілдік материалмен да өмірмен байланысты болуы керек. Сондай-ақ олардың мазмұны да өмірмен байланысып, тәрбиелік мәнге ие болуы керек.
    2. Өлеңді текстпен жұмыс істеу оқушылардың оқу процесіне белсенді араласуын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс.
    3. Жұмыстың бұл түрі сабақтың көп уақытын алмауы керек, өйткені ол оқушылардың жеңіл ермегіне айналып, көңілін бөліп, оқу материалын меңгеруге кедергі жасайды.
    4. Өлеңді текстпен жұмыс істеуді жоспарлағанда кез келген мүмкіндікті пайдаланып, көрнекі құралдарды барынша молайту қажет. Осының бәрін айта отырып,  шетел тілін оқыту процесінде, қай тәсілмен жұмыс істесек те көрнекі құралды сабақта көп пайдалануымыз керек. Сонда ғана сабағымыз әсерлі болып, жандана түседі.

      Жалпы өлеңдермен  жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен.  Өйткені ол оқу барысында сезімдік  және шығармашылықтың кеңеюіне, сөздік қорының дамуына, ең бастысы оқушылардың поэзияға деген қызығуының пайда болуына ықпал етеді.

      Зерттеулер  анықтағандай білім берудің жаңа  технологияларының белгілі бір  пәнді меңгеру барысында дәстүрлі  сабақтармен салыстырғанда берері  мол және оқушылардың интеллектуалды ептіліктерінің қалыптасуына әсерін тигізері анық. Олай болған жағдайда жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілі сабақтарын қызықты, тартымды және жоғары шығармашылық деңгейде өткізуге септігін тигізері анық.

 

Ағылшын тілі сабақтарында алғашқы түсінік айтуға үйрету-

                                           оқытудың маңызды міндеттерінің  бірі.

                                          

Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде  сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог оқушыларды қарапайым ауызша сөйлей білуге үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар,тыңдай отырып ұғына білуге және өз ойын жеткізе білуге үйретеді  Диалогты оқыту әдісін пайдаланып қана қоймай,оқушылардың өз еркімен ойлау жүйесін дамыту мақсатында ішкі ойлау жүйесін (монолгты) біртіндеп дамыту қажет.

Бұл тұрғыда ,біз мазмұндауға  арналған жаттығулардың бәріне тоқталып жатпаймыз.

Біріншіден, мазмұндауға  арналған жаттығулар – күрделі,сондықтан  балалар оны мұқият ұғып алу керек. Мазмұндау жүйесі дұрыс жүргізілсе,жеке тұлға бойында мынандай бейімділік қалыптасады:қиял,өз бетімен жұмыс,шығармашылық. Мәтін бір болғанмен,оқушылардың  қабылдауы әр түрлі болып келеді.

Екіншіден,мазмұн айту-жаттығу  жұмыстарының ең күрделісі,сондықтан  әуелі мұғалімнің жетекшілігімен сыныпта  оқытылуы тиіс.

Үшіншіден,мазмұн айту- оқушылардың  алғыр білімі мен шеберлігін қажет  ететін жаттығу жұмысы ,сондықтан  тексті оқытпас бұрын өз еркімен  ойлай отырып,мазмұн айтуға ұзақ уақыт  дағдыландыру қажет.

Оқушыларға мәтінді  мазмұндауға  көшу үшін жаттығуларды толық орындай  отырып, механикалық жаттаудан өз ойын айқындап мазмұн айтуға ұзақ дайындау керек.

Кеңірек тоқталатын болсақ,өзіндік  ойлау жүйесін дамыту мақсатында мазмұн айтуға көп тапсырмалар берілген. Бұның барлығы өзіндік оқыту  жүйесінде қолданылады. Бірақ мұны 2 топқа бөлуге болады:

  1. Сөздік қор мен ойды дамытатын жаттығулар
  2. Логикалық ойлауды қалыптастыратын жаттығулар.

Оқытудың алғашқы сатысында:сөзді  жаттау,тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру,өлең және т.б. орын алады Бұл жаттығулардың  мақсаты-оқушылардың өз ойын толық  жеткізуге мүмкіндік  береді Сондықтан  ауызша сөйлемдерді енгізген кезде He has a …   This is a ….Оқушы материалды игеріп қана қоймай,автоматты түрде  тез ұғып алып,ұғымдарды дұрыс  қолдана алатындай етіп жүргізу  қажет.(бірыңғай сөйлемдерді құру) Бұл  жұмысты орындауға көмек болатын  әр түрлі қойылымдық  жаттығулар бар,мысалы:

  1. Мұғалім сөйлемді оқиды: “ Arman,take a pen!” Соңғы сөзді ауыстырып айту үшін,суретте көрсетілген заттың атауын табуды ұсынады.Алдымен оқытушы өтімді жауапты талап етеді. Содан соң,жеке сұрақтар қояды.(әрбір оқушы 2-3 сөйлемнен айтады)
  2. Мұғалім де сол сөйлемдерді айта отырып,оқушыларға таныс сөздермен алмастырып айтуды ұсынады.

Бұл жаттығудың нұсқалары  оқушыларды өз бетімен жұмыс істей  білуге үйретеді.

  1. Мұғалім сөйлемді оқиды: “Amina,take a pencil!” Оқушылар кез-келген сөзбен алмастыру керек. Cодан соң сөйлемді ауыстыру  қажет “Bagdat,open the window!” “Ernazar,close your copybook!”

Бұл жаттығу барысында  оқушылар арасынан әр түрлі нұсқалар қалыптасады. Әр түрлі бұйрықты сөйлемдер  айтылады. Бір үлгі арқылы әр түрлі  тілдік тұлғалар толықтырылады.

Оқытушы cөйлемдерді қысқартуға  және сөйлемдерді толықтыруды ұсынады  Бұл сөйлемдердің  оқушыларға ағылшынша  сөйлемді өз бетімен құруға септігі  мол.

Мұғалім сөйлемді оқиды: “I see two green pencils in the red box.”

Оқушылар сөйлемді бір сөзден қысқарта отырып айтады. Хормен барлық сөйлемдер қайталанады.

Мұғалім басқа сөйлемді айтады: “This is a cat.”және анықтауыш болатын  сөздерді қоса отырып әр түрлі cөйлем  құрауын ұсынады

Өз жұмысымда мынадай  сөйлемді кеңінен қолданамын. Мысалы,мұғалім  сөйлемді айта отырып,оқушыларға рифмикалық сөйлем беруді ұсынады 

Мұғалім:         I have a stick.

Оқушылар:    We see Nick.

Мұғалім:        Ann has a kite.

Оқушылар:    My cat is white.

Көбінесе біз оқушылардың  өз ойын айтуға қатысы бар жаттығулардың  түрін орындатқызамыз.

Бұл жаттығуға кеңінен  тоқталайық:

 

 

  1. Мұғалім суреттің түр-түрін іледі. Оқушылар әр суретке бір сөйлемнен атау береді. Осы атаулардан әңгіме құрайды. Содан соң, барлық сөйлемдер хормен айтылады. Мұнан соң, мұғалім суреттерді алып,2-3 оқушыға әңгімені қайталауды ұсынады. Содан соң тапсырма күрделене түседі: суреттер қайта ілініп суреттерден 2-3 сөйлемнен құратады оқушыларға сол сөйлемдерді айтқызып,суреттегі детальдардан сөйлем құрайды.
  2. Мұғалім сюжеттік суретті көрсетіп,сөйлем етіп құрастырғызады. Әңгіменің басын құрайды. Мұғалім сөйлемдердің барысынан бір сөйлемді таңдап,оқушыларға әңгіменің басы болатын сөйлем құрауды ұсынады.

Сонымен,әр түрлі сөйлемнен  бір әңгіме шығады. Құралған әңгіме хормен қайталанып,содан соң әр қайсысы  бөлек-бөлек оқиды.

  1. Мұғалім оқушыларға ауызша әңгіме ұсынады. Айтылып жатқан әңгімеге  сай келетін суреттер қойылады. Әңгімені аяқтаған соң,мұғалім оқушылардан әңгімені суретке қарай отырып айтқызады. Бұл жаттығу күрделене түсуі мүмкін: мұғалім үнсіз суреттерді іліп, әңгіме құратады, 2-3 минуттан соң бір оқушы әңгімелейді. Ал қалғандары тыңдай отырып толықтырады, қатесін түзейді.
  2. Мұғалім оқушыларға кез-келген бір әңгімені айтады. Әңгімені аяқтаған соң, әңгіменің басын ойдан ойлап шығаруды өтінеді. Әркім өз нұсқаларын айтады,ішінен ең жақсысын таңдайды.
  3. Мүғалім оқушыларға өткен тақырып бойынша шағын әңгімеге құрылған материалды оқиды. Одан кейін оқушылардан бір сөйлеммен әңгіменің тақырыбын сұрайды.
  4. Мұғалім сөйлемді негізге ала отырып оқиды,және әңгіме қарауды өтінеді. Мұғалім жақсы және қызықты шыққан әңгімені өте жақсы деп бағалайды.

 

Оқушылар өз бетімен орындайтын мазмұндауға арналған тапсырмаларды  орындамас бұрын сыныпта тапсырмаларды  көп орындауы тиіс. Сол уақытта  ғана мазмұн айту өз бетімен орындайтын тарсырмаға сай келеді.

 

 

 

 

 

 

 

                                                          « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

 технологиямен байланысты әлемдік стандартқа

                                                                  сай мүдделі жаңа білім беру өте –  қажет »

Н.Ә.Назарбаев

    

   ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір.

     Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. 

       XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техниканы интернет,компьютерлік желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру./1/

     Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудағы  негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта  болып табылады. Интерактивті тақта   - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал.

    Қазіргі уақытта  білім беруде  интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

       Білім  берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға,оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы Енді төмендегі көрсетілген кестеге назар аударсақ интерактивті тақтаның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге  ие екенінін байқауға болады.

 

Кесте №2. Интерактивті тақтаның оқытушы мен оқушыға тиімділігі.

Оқытушылар үшін тиімділігі

Білім алушылар үшін артықшылығы

Жаңа материалдарды сыныптың ортасында тұрып түсіндіруге,үлкен аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі

Сабақты қызықты етеді және мотивацияны дамытады

Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына өз ойын жазуға,сурет салуға мүмкіндік береді және импровизация мен икемділікті мадақтайды

Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік береді,жеке және әлеуметтік дағдыны дамытады

Сабақ барысында кез-келген сөзді сақтауға,тақтадан көрсетуге және материалдың меңгеру деңгейін жеңіл тексеру мүмкіндігі

Материалдың анық,тиімді және серпінді берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды тез қабылдайды және игереді

Оқытушылар дайын материалдарымен алмасуға және оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігі

Білім алушылар өз-өздеріне сенімді болады және шығармашылықпен жұмыс істейді

Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандырады,кәсіби жағынан өсуге ұмтылдырады

Оқушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес белгілі бір ресурстарға сүйеніп,оқудың түрлі әдістерін қолданады

мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.

 

 

            Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға,білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз./2/

   Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтар болсақ:

  • Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;
  • Алған білімді жүйелеу ;
  • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

     Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда түсінемін» делінген.

   Яғни, оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі.Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Информация о работе Мектеп балаларына ағылшын тілін үйретудің маңыздылғы