Қазақ бабаларымыздың сол
кездердің өзінде болашақ үшін қам
жеп, ұрпақтарына «Жеті жұрттың
тілін білген, жеті жұрттың қамын
жер»- деген қанатты сөзді бекер
айтпаған болар.
Бірақ та есте ұстар жайт:
жақсы меңгерген шет тілі өз ана
тіліміздің абыройын асқақтату жолында
қызмет етуі.
Осы жоғарыда айтылған факторлар
бүгінгі таңда жас тәуелсіз еліміздің
әлемнің саяси аренасында лайықты
орын алуда- шет тілін жетік игерудің
өзектілігін көрсетіп отыр. Сондықтан
да шет тілін игеру еліміздің
білім саласын дамытудың басым
бағытының бірі болып қала бермек.
Ойын сабағының маңызы.
Жас ұрпаққа
жан-жақты білім беру әрбір
ұстаздың басты міндеті. Қай
әдісті пайдалансақ та алға
қойған мақсат біреу. Ол оқу
бағдарламасының материалдық мазмұнын
оқушы бойына сіңіру.
Сыныптағы оқушының
ойлау қабілеті бірдей болмайды.
Сондықтан физика сабағында әр
сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне
қарай және білім деңгейіне
сай сабақтың түрлерін тауып,
сол тақырыптарды игеруді
мақсат ету керек.
Оқушылардың ойлау
қабілетін ойын элементтері арқылы
дамыту. Ойын дегеніміз ұшқын,
білуге құштарлық пен еліктеудің
маздап жанған оты. Ойын- ақылды,
ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады.
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы
да жоқ. Сабақта ойын элементтерін
пайдалану оқушылардың ой-өрісін,
танымдық белсенділігін арттырады.
Алайда ойынды үнемі оқу процесінде
пайдалануға, ұзақ уақыт созуға
болмайды. Ол белгілі бір уақытта
жүзеге асырылып, сабақ кездерінде
нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен
жымдасып, астарласып жатуы тиіс.Ойынға
басшылық жасау дегеніміз- олардың
ұйымшылдық, шығармашылық дербес
қызметтерін алмастырмастан, балалардың
ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете
түседі.
Оқушының ойы
мен белсенділігін дамытудағы ойынның
рөлі.
(баяндама)
Уақыт талабы
оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру-
оқушылардың білім жүйесін сапалық
жаңа деңгейге көтеру үшін
ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік
шеберлікті, ыждағаттылықты талап
етеді. Осы талаптарға сай мұғалім
қызметіндегі шығармашылық негіздерді
нығайту- оқушыларға білімді игертуде
бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану,
барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп
отырғанда ғана сапалы білім,
дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.
Адам баласы
қоршаған орта туралы шындықты
белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде
танып біледі. Ол іс-әрекеттер:
ойын, оқу және еңбек. Дегенемен
жас жеткіншектер үшін ойын- ең
маңызды іс-әрекеттің бірі.
«Әрекет
дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге
байланысты белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған үрдіс.»
Ойын- бала
әрекетінің негізгі бір түрі.
Бала үшін «ойын»- өмір сүрудің
белсенді формасы, сол арқылы
ересектерге еліктейді, олардың
іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын
үйренеді, еңбектің мәнін түсіне
біледі, адамгершілік нормаларын
игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Мұны А.С.Макаренко жақсы көрсете
білген. «Үлкендер өмірі үшін
жұмыс, қызмет істеу, әрекет
ету қандай орын алатын болса,-
деп жазды ол,- балалар өмірінде
ойын да сондай үлкен маңызды.
Ойында бала қандай болса, өскеннен
кейін, көбінесе, сондай болады. Сондықтан
келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен
бұрын ойын арқылы болады.»
Дидактикалық
ойындар баланың таным үрдісін
және тілін дамытады. Бала еліктеу,
қабылдау арқылы әлеумет өмірінің,
өндіріс қатынастарының мазмұнын
түсінеді. Оын әрекеті- психикалық
қабілеттерін жетілдіріп, баланың
жеке басын қалыптастырып, әлеуметтік
өмірмен жанастыратын әрекеттің
бірі. Баланың ойын тәжірибесінде
ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады.
Бала қылығын ережеге бағындыруға,
керексіз амал-әрекетті тоқтатып,
кедергіні ығыстыруға үйренеді. Рөлді
ойында баланың ойлауы, тілі дамып жетіледі.
Дидактикалық ойын баланың дүние
танитын қабілетін, іс-әрекетін
жетілдіреді. Ойынның әдісін, мақсатты
мазмұнын, ережелерін мектепте педагогтер
дайындап отырады. Оның үстінде
баланың эмоциялық күйі және
көңілі көтеріңкі болады. Манипуляция
жасайтын жасқа толғанмен балалар
нәрселердің ойын үстіндегі жаңа
көріністеріне мәз болады. Рөлді
ойындарда ойын ережесіне сай
атқарған рөлі баланы көңілдендіреді.
Қимыл ойындарында бала өзінің
ептілік істеріне масайрайды. Дидактикалық
ойындарда жаңалап өнер үйренгеніне
бала рақаттанады.
Ойын үстінде
баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі
бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру
қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін,
ес, қиял сияқты психикалық үдрістері
қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.
Қозғалыс
ойындары арқылы баланың зейіні
қалыптасады. Зейін деп- адам
санасының белгілі бір затқа
бағыттала тұрақталуын көрсететін
құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда,
зейін дегеніміз айналадағы объектілердің
ішінен керектісін бөліп алып
соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу.
Адамға
тән әрекеттің кез келген түрінде
зейін орын алмаса, оның нәтижелі
болуы қиын. Зейін туралы орыс
педагогы К.Д.Ушинский былайша
көрсеткен еді: «Зейін адам
санасынан қорытылып өтетін барлық
ойды аңғартатын, адам жанының
жалғыз ғана есігі болып табылады,
демек, бұл есікке ілімнің бірден-бір
сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың
санасында ештеңе қалмайды.»
Ес –
күрделі психикалық үрдістердің
бірі. Ес дегеніміз сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының адам
миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып,
танылып, ұмтылуын бейнелейтін
үрдіс. Ес адамның басқа жан
құбылыстарымен де тығыз байланысып
жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін
аса қажет. Нәрсе есте дұрыс
сақталмаса, бұл жәйт ойлауға
қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов:
«Еске түсіру өнері дегеніміз ойлау өнері,
байланыстардың мәнісі- ойлау деген сөз»,-
дейді.
Жанның
өзінде бұрыннан бар суреттеулерден
жаңа суреттеулер жасай алуы
қиял деп аталады. Қиял еңбек
әрекетінде пайда болған. Қиялдың
дамуы адамның қажеттіліктерінің
дамуымен тығыз байланыста болып
отырады. Баланың қиялы, әсіресе,
ойында жарыққа шығады. Ойын- балаға
кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда
бала жанындағы әсерлермен пайдаланады.
Айналасындағы тұрмыстан нені
көрсе соны істейді.
Адамның
ең жарқын ерекшеліктерінің бірі-
оның сөйлеу қабілеттігі. Сөз-адамның
психикасының өмір сүруінің аса
маңызды факторы. Сондықтан адамның
барлық психикалық ерекшеліктері
сөйлеу арқылы ғана көрініп,
өмір сүреді. Тіл арқылы ойымызды
басқа біреуге жеткізуді сөйлеу
деп атайды. Сөйлеу –пікір алысу
үрдісінде жеке адамның белгілі
тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке
адамдардың арасындағы өзара
түсінуді реттестіру үшін, пікір
алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу
үрдісі арқылы адам өзінің
білімін, практикалық тәжірибесін
байытып қана қоймай, сонымен
қатар ғасырлар бойы жинақталған
қоғамдық тәжірибені меңгеруге
де мүмкіндік алады. Ойдың тілі-сөз.
Бір сөз арқылы ғана неше
түрлі ойымызды сыртқа білдіре
аламыз.
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің
бірінші шарты балаға сөзді
бұзып сөйлемеу керек және
балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу
керек. Екінші, бала өзі теңдес
балалармен бірге ойнағаны мақұл.
Баланы еш уақыт сөзден тыймау
керек. Былдырласын, шолжаңдасын,
сөйлей берсін.
Бала қоршаған ортадағының бәрін
ойын арқылы қабылдайды, одон
керегін іріктеп алады. Сөйтіп,
ол өзінің тілегін ғана іске
асырады. Бірақ жасаған әрекетінің
неден басталып, немен аяқталатынына,
одан шыққан нәтижеге ой жібермейді.
Бала ойын арқылы оқуға, мектепке
даярланады. Сондықтан ойында шамалы
еңбек, оқу көрінісі бар дей
аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен
де бала, ең алдымен, ойын арқылы
танысады. Өмірді әр қырынан көре
бастайды. Ойлауға, әрекет жасауға
ешкімнің қысымынсыз, еркін үйренеді.
Одан ләззат алады. Ойынның құпиясы да,
психологиялық құндылығы да осы.
«Балалармен
бірге сабақ үстінде жүргізілген
қызықты ойындар,- дейді профессор
В.М.Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады,
тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға,
олардың бойында достық, ұйымшылдық
қасиеттерін, ойлау қабілеттерін
дарытады».
Сабақ үстінде
жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа
сай алынған тәрбиелік мәні
бар ойын элементтері оқушылардың
ойлау белсенділігін қажет етеді.
Сондықтан мұғалім әр сабағында
ойын түрлерін орнымен қолданып,
оны қызықты ету арқылы олардың
білімге ынта-ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін қалыптастырады. Демек,
мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына,
психологиялық ерекшелігіне сай
байланысты жоспарлау керек. Сонда
ғана сабақ тартымды, жеңіл болады.,
оқушыларды жалықтырмайды.
Ойын өткізуді ережелері:
1.Ойын оқытудың маңызды,
байыпты түрі.
2.Ойын барысындағы көтеріңкі
дыбыстарды шу деп қабылдамау
керек.
3.Оқушылардың барлығы
іс-әрекетте болуы керек.
4.Оқушыларға даяр жауап
берместен бұрын олардың өздері
ізденуіне түрткі болыңыз.
5.Көбірек ойнау керек.
Қызықты жағымды ойындар барысынды
оқушылар қызығып оқып үйренеді.
Ағылшын тілі сабағын
өлеңдермен өрнектеп өткізу
Білім берудің
практикалық, тәрбиелік, дамытушылық
міндеттерін кешенді түрде іске
асыру оқушылардың санасына ғана
емес, сонымен қоса оның эмоциялық
сферасында да әсер ету арқылы
іске асырылуы тиіс.
Грамматикалық
материалды, жаңа лексиканы енгізу,
тілдік материалды бекіту барысында
тыңдауға арналған жаттығулар
мен тапсырмалардың тіл үйрену
процесі барысында берері мол.
Соның ішінде коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыру барысындағы
музыканың алатын орнына тоқтала
кетейік. Атақты педагог Ян
Амос Каменский музыканы түсінбейтін
адам сауатсыз деп айтуға болады
деген сөзі бар. Ежелгі Греция
мектептерінде мәтіндерінде әнмен
үйретсе, Индияда арифметиканы
әнмен оқытады.
Шет тілін
үйрету барысында да музыканың
ықпалы мол. Олай болса тіл
үйренудегі музыканың әсеріне
тоқтала кетейік.
А) Ән тілдік қарым қатынас
құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз
тіркестерінен құралып, оқушының сөз
қорының кеңейіп, бекуіне ықпал
етеді, Ән тыңдау кезінде таныс лексика
жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың
қарқыны өсіп, студеттің есінде тез
сақталады. Әндерде жер су атаулары,
географиялық атаулар, тілдік реалиялар,
поэтикалық сөздер жиі кездесетін болғандықтан,
студенттің тілдің стилистикалық ерекшеліктерін
түсініп, сезінуіне ықпал жасалады.
В) Әнмен жұмыс барысында
грамматикалық құрылымдардың қарқыны
арта түсетіндіктен, оқушының грамматикалық
құрылымдарды еске сақтауы жеңілдей
түседі. Әндер заман талабына сай
жазылып, сілтемелер беріліп , мазмұнын
талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.
С) Шет тілінде ән айтып
үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы
қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап
үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады,
дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.
Д) Әнмен жұмыс барысында
эстетикалық тәрбие қалыптасып, оқушылардың
шығармашылық қабілеттері ашылады.
Сонымен қоса сабақтағы психологиялық
климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып,
эмоционалдық көңіл күй көтеріліп,
оқушының тілге деген қызығушылығы
арта түспек.
Е) Әнмен жұмыс оқушының
монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу
тілінің дамуына ықпал етеді.
Шет тілі сабақтарында берілетін
әндер мұқият таңдалып алынуы
тиіс. Ән сабақтың негізгі тақырыбы
бола алмайды, оны негізінен
жаңа лексиканы немесе грамматикалық
материалды бекіткен кезде қолданамыз
және әнге берілетін тапсырмалар
оқушының деңгейіне қарай таңдалып
алынады.
Сабақ барысында
әрбір мұғалім текстің өлеңді
түріне де көңіл бөліп отыру
керек. Ол да практикалық міндетті
шешумен бірге оқушыларды эстетикалық
жағынан тәрбиелеуге, шетел тілі
сабағының қызықтылығы мен әсерлілігін
жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Өлеңді текспен жұмыс істеу
бірнеше кезеңнен тұрады.
Біріншіден мұғалім өлеңдегі
таныс емес, қиын сөздерді көрнекі
құрал, ия болмаса аударма арқылы
түсіндіреді. Оқушылар өлеңнің жалпы
мазмұнын түсінген кезде өлеңді магнитофон
таспасынан тыңдайды. Кейде мұғалім
өлеңді өзі оқып береді. Соңынан
оқушылар қиын сөздер мен күрделі
сөз тіркесін дыбыстық жағынан меңгеру
мақсатымен мұғалімнің соңынан бәрі
бірдей әрі жекелей қайталап айтады.
Өлең жолдары өте қиын болмаса, толық
жатталады, біршама қиын өлеңдерді
мәнерлеп, интонациямен оқуға алдын
ала дайындық жасалады. Ол үшін мұғалім
өзі оқушыларға дауыстап, мәнерлеп
оқып беруге міндетті. Өлеңдермен жұмыс
істеу арқылы оқушылардың сөздік
қорын дамуы, поэзияға деген қызығушылығы
пайда болады. Үйге өлеңді оқу немесе
жатқа айту, өлең түріндегі әдеби
аударма жасауға тапсырма беріледі.
Сабаққа қажетті өлеңді таңдау сол
кезде өтіліп жатқан лексикалық және
грамматикалық материал мазмұнымен,
оқулықтағы тест немесе ауызша әңгіме
тақырыбымен, сондай-ақ қызыл даталы
күндермен байланысты анықталады.
Көктемгі
аналар мейрамы қарсаңында төменгі
өлеңді сынып оқушыларына ұсынамын. (әнімен)
My dear, dear mummy
I love you very much
I want you to be happy