Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:18, доклад
Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
1. Кіріспе бөлімі.
2. Негізгі бөлім:
А) ағылшын тілі сабағында оқушыларға ағылшын тілін үйретуде әр түрлі методикалық әдіс – тәсілдерді қолданудың маңыздылығы.
Ә) оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тіл сабақтарында қазіргі заманғы интерактивті
технологияларды қолданудың тиімділігі және пән бойынша білім с апасына әсері.
3. Қорытынды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп – гимназиясы
Тақырып:
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Баубекова З.А.
Шымкент 2012
Жоспары:
А) ағылшын тілі сабағында оқушыларға ағылшын тілін үйретуде әр түрлі методикалық әдіс – тәсілдерді қолданудың маңыздылығы.
Ә) оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тіл сабақтарында қазіргі
заманғы интерактивті
технологияларды қолданудың тиімділігі және пән бойынша білім с апасына әсері.
«Knowledge is of two kinds:
we know a subject ourselves,
or we know where we can
find information upon it.»
Samuel Johnson
Мақсаты:
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлы Қазақстан халқына 2010 жылғы
29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында
«2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық
жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға
қарай елде енгізілетін талдаулар,
патенттер мен дайын
Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие
мен білім беруде болашақ
Ғылым мен
техниканың жедел дамыған,
Еліміздің
болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылуы бүгінгі
Қазіргі
кезеңде білім берудің ұлттың
моделіне өту оқыту мен
Мемлекеттік
білім стандарты деңгейіне
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бүгінгідей ғаламдық жаһандану
кезеңінде, ғылым мен техниканың
қарыштап дамыған ХХІ ғасырда
әлемнің көшбасшы елдері мен алпауыт
мемлекеттерінің жетегінде
Білікті кадрлар- білімді жастардан шығады.
Осы орайда «Шетел тілдерін оқытудың өзектілігі қандай?»- деген орынды сұрақ туындайды. Елестетіп көріңіз.
Сіз еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкер не бизнесменсіз. Сізге жұмыс бабымен Америка немесе Европаға баруға тура келді. Ондағылардың барлығы ағылшын тілінде сөйлейді. Ал сіз- бұл тілде мүлдем білмейсіз. Не істер едіңіз?
Ал енді басқаша елестетіп көрейік:
Мысалы: Халықаралық ұйымдар өз бағдарламаларына сәйкес озық елдерде іс-тәжірибе алмасу мақсатында конкурс жариялады. Сіз сол конкурстың кандидаты болуға лайықты білімді, тәжірибелі болашағынан үміт күттірер білікті қызметкерсіз. Бірақ іріктеу турынан өтуге қорқасыз. Себебі сіз шет тілін білмейсіз. Не істеу керек?
Шет елде сізге кездескен ағылшын тілді жолаушының “I was wondering if you could possibly tell me the way to Hуde Park?”- деген сұрағына қалай жауап берер едіңіз? Ымдап, қол сілтеп жауап бересіз бе?
Ондай кезде ағылшын тілін білген болсаңыз қорықпастан, батыл түрде “Sorry, I wouldn’t tell you, I don’t know”- деп жауап берген болар едіңіз.
Бұл жағдай шет тілін білмейтін жеке тұлғалардың басында кездесетін жағдай. Міне, осыдан-ақ шет тілін оқытудың бүгінгі таңдағы өзектілігін көруге болады.
Енді шет тілін оқытуды мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда қандай қажеттілігі бар, соған тоқталып көрелік.
Осы орайда 2002 жылдың қыркүйек айында қабылданған «Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» көрсетілген: Шет тілі оқу пәнін оқытудың басты мақсаттары- оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік, дағдылар жоғарыдағы мысалға жауап бола алады. [Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері, 2003, № 4, 22 бет]
Біріншіден, жас тәуелсіз
елімізді әлем танып, абыройын мойындап
отыр. Еліміз барлық сала бойынша әлем
алдында өзіндік орны бар, саяси
маңызы бар халықаралық ұйымдар
мен әлемдік қауымдастық
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы
халыққа Жолдауында- Қазақстан дамуының
басты шарты- қоғам мүшелерінің
білім деңгейінің артуына тікелей
байланысты екенін атап айтқан болатын.
Жаһандану заманында
Әлемнің дамыған елдерінде білім- экономиканың өндіруші саласы болып табылады. Нақтырақ айтқанда, білім мен ғылым өзін-өзі асырайды және елді де асырайды.
Мұны білім саласына байланысты қарастырсақ, еліміздегі әрбір оқу орны тапсырыс берушінің (ол мейлі мемлекеттің өзі бола ма, жоқ өз қаржысымен оқуға тілек білдірген жеке адам бола ма-бәрібір) қалағанынан, не күткенінен асып түсуі қажет. Сонымен қатар оқу орны тұтынушының бүгінгі мүддесіне ғана емес, келешек тағдырына (карьерасына, материалдық және рухани ынсап-берекесіне) ықпал етеіндей білім беруі тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, болашақ маманның сапасын оның білімділігі мен құзыреттілігі анықтайды. Еңбек базары осы қасиетті талап етіп отыр. Бұдан шығатын қорытынды: білім сапасы- өмір сапасының негізі.
Европа елдерінде әрбір
европалықтардың кем дегенде
халықаралық қолданыстағы екі шет
тілін меңгерту- азаматтардың шет
тілін меңгеру бағытындағы
2003 жылғы «Білім мен
ғылым қызметкерлері съезіне»
қатысушылар алдында Елбасы
сөйлеген сөзінде: «Білім мен
ғылымды өз дәрежесінде
Екіншіден, Елбасы 2006 жылғы халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы » мәдени бағдарламасын ұсынған болатын. «Тілдердің үш тұғырлығы дегеніміз ол- мемлекеттік тіл- қазақ тілі, ұлтаралық тіл- орыс тілі, ал ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»- деп анық та айқын атап көрсеткен болатын. Еліміздің тізгінін ұстар бүгінгі жастарымыз әлемнің кез-келген жерінде кез-келген қызметіне жарайтындай бәсекеге қабілетті маман болуы үшін шет тілін меңгерудің маңызы зор.
Қазақстан өз алдына дербес,
тәуелсіз мемлекет. Оның ішкі және сыртқы
саяси ағымына сай
Еліміз тәуелсіздік алғалы
бері Мемлекет басшысы білікті мамандар
дайындау ісіне ерекше көңіл бөліп
келеді. Кең байтақ елімізді дамыту,
оның қойнауындағы жатқан ен байлықты
тиімді игеру, дамыған елдердің озық
технологияларын меңгеру
Үшіншіден, еліміздегі білім
саласындағы реформалардың
12 жылдық білім жүйесіне
көшкен кезде оқу ұйымдарында
кей пәндер шет тілінде
Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген. Шынайы жарыс, адал бәсеке қоғамның дамуының кепілі. Әлбетте, бұл жарыстың уақыт пен жағдай анықтайтын өз межесі, өз бағамы бар. Сондықтан әлем айдынындағы тәуелсіз Қазақстан саясатта болсын, білім-ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдесінен шығуға мақсат ұстанатыны анық.
Елбасы Жолдауында аталғандай қоғамды сапаландыру бағытында білімнің басым бағыттарының бірі- әлемдік жаһандану кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнын ұлттық құндылықтармен, мәдениетаралық түсінікпен, ақпараттық жетістіктермен, тілдік (ана тілі мен шетел тілдері) байлықпен толықтыру болмақ.
Информация о работе Мектеп балаларына ағылшын тілін үйретудің маңыздылғы