Курстық жұмысының өзектілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:51, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының өзектілігі. Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарының сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдық бала тәрбиелеудің орны, оның басты міндеті- бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы балалардың өзіндік орнын баса көрсетуде

Содержание

І. Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының даму теңсіздігі.................................5-7
2.2 Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы....8-11
2.3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру.......................12-13
2.4 Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.................................................................................................................14-23
ІІІ. Қорытынды.................................................................................................24-26
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет.............................................................................27-28

Работа содержит 1 файл

Педагогика курс нов верс7.doc

— 144.00 Кб (Скачать)

     Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әртүрі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзі де бейімделеді.

     Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым- қатынасы — тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас - өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық қарым- қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкіндік туады. Ол үшін, адамға қолайлы жағдай жасау қажет. Оқу-тәрбие процесінде мындай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын - оқушылар ұжымы деп атауға болады.

  Әсіресе педагогикалық қатынаста іс-әрекеттің нәтижелі болуы бірін-бірі толықтыратын бірнеше іскерлікке, қабілетке байланысты.

  Қабілеттің барлық түрлері қатынас арқылы іске асады. Қатынас үшке бөлінеді:

  а) ішкі қатынас,

  б) сыртқы қатынас,

  в) табиғатпен қатынас.

  а)  Ішкі қатынас - бұл адамның өзімен-өзінің кеңесуі. Қазақ мұндайда "қабырғаңмен кеңес", дейді. Ол Алламен тілдесе ме, әруақпен тілдесе ме, өзімен-өзі іштей тілдеседі. Бұл да қатынастың бір жолы.

  б)  Сыртқы қатынас. Жеке адам бір-бірімен, немесе ұжыммен, топпен, ұстазбен қатынасады. Бұл қатынастардың әрқайсысының көздеген мақсаты, мазмұны, әдісі, тәсілі бар.

  в)  Табиғатпен қатынас. Адам тірі немесе өлі табиғатпен, заттармен, жан-жануарлармен тілдесе отырып қатынас жасайды, мұңын айтады, қуанышын бөліседі.

  Ұстаз ішкі, сыртқы немесе табиғатпен қатынастарды жас өспірімдерге үйретеді, ықпал етеді. Педагогикалық қатынастың ерекшелігі оның мақсаттылығында, саналылығында, білімділік, тәрбиелік қиындылығында. Сондықтан да педагогикалық қатынас тәрбие процесінде күрделі орын алады.

  Педагогикалық қатынастың нәтижелілігі бірнеше жағдайға байланысты:

  а) Балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне;

  б) Баланың психикалық, эмоциялық (сезімталдық) жағдайына, баланың ойын табуға;

  в)  Ұстаздың шеберлігіне, тартымдылығына, сауаттылығына, баланы өзіне қарата білуіне.

  Тек осы жағдайларды ескергенде ғана педагогикалық қатынас нәтижелі болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН  ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.А.Давыдов, Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. А.,Мектеп, -286 б.
  2. Қ.Жарықбаев, Психология. А, -405 б.
  3. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, «Фолиант» баспасы, 2008 жыл.
  4. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, Мектеп, 1987 жыл.
  5. И.А.Зимняя. Педагогикалық психология (оқулық). Алматы, 2005 жыл.
  6. Мектепалды даярлық бағдарламасы. Астана, 2002 жыл.
  7. Мектепалды даярлық бағдарламасы. 5-7 жас. Астана, 1999 жыл.
  8. ҚР. Білім туралы заңы. Егемен Қазақстан. Тамыз, 2007 жыл.
  9. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы, 1999 жыл.
  10. Жұмабаев М. Педагогика. Ана тілі, 1992 жыл.
  11. Веретенникова С.А. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, Мектеп, 1989 жыл.
  12. Жұмабекова Ф.Н. Қағазбен жұмыс жасау. Алматы, 2000 жыл.
  13. А.К.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп, 1981 жыл.
  14. Л.С Выготский. «Психология развития ребенка» Москва Эксмо. 2006 г.
  15. С.М. Жақыпов. Ф.Бизакова. Білім беру мекемелерінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер Тараз,2006-448.
  16. С.М. Жақыпов. Ф.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. Тараз,2007-256.
  17. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл.
  18. Алдамұратов Ә. Оқушылардың граматикалық ұғымдарын меңгеру психологиясы. Алматы, Мектеп, 1983 жыл.
  19. Тәжібаев Т.Жалпы психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1993 жыл.
  20. Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат, 1995 жыл.
  21. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы, Білім, 1995 жыл.
  22. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982 жыл.
  23. С.Б.Бабаев бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы, 2007 жыл.
  24. Мектептегі психология. Алматы, 2008/09-35.

Информация о работе Курстық жұмысының өзектілігі