Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:51, курсовая работа
Курстық жұмысының өзектілігі. Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарының сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдық бала тәрбиелеудің орны, оның басты міндеті- бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы балалардың өзіндік орнын баса көрсетуде
І. Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының даму теңсіздігі.................................5-7
2.2 Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы....8-11
2.3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру.......................12-13
2.4 Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.................................................................................................................14-23
ІІІ. Қорытынды.................................................................................................24-26
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет.............................................................................27-28
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағытта қалыптасуы мүмкін. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімніңүлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіпттен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер етсе, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз-өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндылығы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-иүдделер наным-сенімдер, ынта-ықыластар)құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердің, қасиеттер мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын елеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-рекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, наным-сенімдерімен, мақсат – мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «Бұл не? Бұл кім? Калай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен құбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады.
Жеке
тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды
іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген
іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын,
мінез-құлық белгілерін, білік пен
дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы,
мыңдаған балалар күні бойы музыкалық
гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола
алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын
репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе
тағы бір мысал, төменгі сыныптарды балалардың
көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда
ондай балалардың саны аз.
Оқушының
жас ерекшеліктеріне қарай қызмет ету,
әсіресе, 5-сыныпқа өткенде орта буын сыныбындағы
дағдыға бейімделу кезінде өте қажет.
Бала 5- сыныпқа өткен кезде оның психологиясында
елеулі өзгешеліктер болады. Біріншіден
оқу пәндері күрделене түседі, екіншіден,
әр пәннің өз мұғалімі болады. Әр ұстазбен
жеке қарым-қатынасқа түседі. Үшіншіден,
бұл жаста баланың оқудан гөрі достарымен
қарым-қатынасы бірінші орынға шығады.
Осындай орта буынға бейімделу кезінде
мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы түсіністік,
сенімді, адал қарым-қатынас орнату үшін
психодиагностикалық зерттеу жүргізудің
пайдасы аса зор. Л.Көмекбаеваның «Жануарлар
мектебі» әдістемесі арқылы оқушылардың
мұғалімдермен қарым-қатынасында туындаған
қиындықтарджы анықтауға, бала бойында
пайда болатын қиындықтарды шешуге болады.
Диагностика қорытындысы бойынша мониторинг
жүргізіледі, диагностикалық карта жасалады.
Басқа да лекция, жаттығулар өткізіп, оқушылардың
өзіне деген сенімділіктерін арттыруға,
мазасыздықтан, қорқыныштан арылтуға
болады. Мұғаліммен жекелеген кеңестер
өткізіп, «Түймедағы гүлі» диагностикасы
бойынша оқушылардың пәнге деген қарым-қатынасын
зерттеуге болады. Оқушылардың қиналып
жүрген пәндерінен көмек беруге болады.
Ата-аналар мен мұғалімдерді шақырып,
бірлескен жиналыс кезінде де көптеген
көмектер беріледі, мысалы, ата-аналар
математика, ағылшын, орыс тілінен көмек
бере алмайтындықтарын ашық айтты. Сондықтан
осындай мәселелерде ата-анамен бірлессе,
бала ұстаздың, ата-анасының қамқорлығын
сезсе, өзіне деген сенімділік қалыптасып,
қоғамдық ортада дұрыс, мәдениетті қарым-қатынас
жасай алмақ.
2.4 Оқу-тәрбие процессінде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы ретінде көрінеді. Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын шығаруға болады:
Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастардың мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Оқушының
дамуы жаңа әлеуметтік ситуациясының
пайда болуымен сипатталады. Баланың
қарапайым міндеттер өрісі
Бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінің, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Бұл шақтағы баланың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектептегі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепке оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттеуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Тілдесу арқылы адамдар өзара қарым-қатынас жасап, бір-біріне білдірмек болған ойын жеткізіп, пікір алысады. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі іс-әрекеті, теориялық ой-пайымдары дамиды. Әр алуан іс-әрекетін жүзеге асырап, хабар алысады. Сөйтіп, олардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды. Өзара тілдесу арқылы бірігіп, тірлік етеді, еңбектеніп, әрбір іс-әректті орындау нәтижесінде кәсіби іскерлігі арттырады.
Мектепте оқушы организмнің қарқынды жетілуі жүреді. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасалынады. Мектептегі баланың дамуы жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектептегі оқушының айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі бағдарлама бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л.С. Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл бағдарламаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.
Мектептегі оқушылық шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастармен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектептегі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Мектептегі оқушының дамуы әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік- рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасындағы балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектептегі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепте балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады.
Жасөспірімдердің
құрбыларымен қарым-қатынасы – тәуелсіздіктің
бастауы. Жасөспірімдер балалық кезеңнен
өткеннен кейін, ата-анамен қарым-қатынастан
құрбыларымен қарым-қатынасқа түсіп, ой
бөлісуге көшеді. Ата-аналарының, мұғалімнің
пікірінен құрбыларының пікірін артық
санайды. Тек жасөспірімдер ғана бір-бірін
түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идеал,
ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын,
ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң,
ортақ қуаныш – бәрі ортақ. Сол ортақты
олар бір-бірімен бөліседі. Осылай жасөспірім
өзін-өзі таниды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбие үдерістері педагогикалық қатынас арқылы іске асады. Педагогикалық қатынас – күрделі үдеріс. Оған көптеген адамдардың қатынасы, балаға ықпалы жатады. Ұстаздық қызмет, ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасын ұйымдастыру, балалардың өзара қатынасы, бала тәрбиеіндегі қолданылатын әдіс-тәсілдері, құралдары болып табылады. Мұның бәрі педагогикалық (ұстаздық) қатынас арқылы іске асады, ұсаз баланы соған тәрбиелейді.
Сонымен ұстаз – мектептегі бас тұлға. Оның жеке басында толып жатқан тек ұстазға лайықты қасиеттер бар. Соның бірі – ұстаздың балаға деген сүйіспеншілігі. Көптеген ғалым-педагогтар, ойшылдар өз кезінде ұстаздар туралы жақсы ойларын айтқан. Мысалы, Францияның ұлы ойшылы және педагогі Жан-Жак Руссо (1712-1772), Швейцар педагогі И.Г.Песталоцци (1746-1827), Ресей педагогі А.С.Макаренко (1888-1939), Қазақ педагогі Ы.Алтынсарин (1841-1889) т.б. өз еңбектерінде «Мұғалімнің өз ісіне жан-тәнімен берілуі, балаға деген зор сүйіспеншілігін көрсетеді», - деп атап кеткен. В.А. Сухомлинский «Павлыш орта мектебі» деген еңбегінде: «Баламен күнделікті қарым-қатынаста болу адамға деген сүйіспеншілікті, сенімді арттырады» ,- деген екен.
Шындығында педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке деген сүйіспеншілігінен шығады. Қатынас арқылы ұстаз шәкіртпен рухани, әлеуметтік қатынас туралы пікірлеседі. Педагогикалық қатынаста ұстаз да, шәкірт те бір-біріне құнды, бай ақпарат, хабарлар береді. Ұстаз әр баланың жас және дербес ерекшелігін ескеріп, сол тілде қатынас жасайды.
Ұстазға сүйіспеншілік жеткілікіз. Педагогикалық қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз – белгілі бір іске адамның ықыласпен кірісіп, оны нәтижелі орындауы, алдына қойған мақсаты жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие үдерісінде дамиды.