Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:51, курсовая работа
Курстық жұмысының өзектілігі. Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарының сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдық бала тәрбиелеудің орны, оның басты міндеті- бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы балалардың өзіндік орнын баса көрсетуде
І. Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының даму теңсіздігі.................................5-7
2.2 Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы....8-11
2.3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру.......................12-13
2.4 Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.................................................................................................................14-23
ІІІ. Қорытынды.................................................................................................24-26
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет.............................................................................27-28
Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден гөрі жиі байланысқа түсетін, яғни мүддесі бір, әңгімелері жарасқан ортақ істі құлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады.
Енді бір жағдайда топтағы адамдардың ішінде ешкіммен жеке қатынасқа түспей, яғни өзіне ылайықты серік таба алмайтындары да кездеседі. Жұрт ондайларды жек көріп, маңайларына жуытқысы келмейді.
Оқушы
топтарында жекелеген балалардың өзгелермен
араласпай, оқшау журуі, топ мушелерінің
кейбіреулерді жандарына
Енді бір оқушылар өте кінәмшіл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбінде өзгелерге кінә таға сөйлейтін болып келеді. Бұларға ұжымдағы әртурлі оң істер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. Өздері жұртты сынағыш, мінегіш келеді.
Топ ішінде қатар-құрбыларының, ұстаздарының талап-тілегіне, ақыл-кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, қыңыр балалар да кездеседі. Олардың тағы бір белгісі сотқарлық, дөрекілік, көргенсіздігі. Топта, сондай-ақ, еңбек сүймейтін, жалқау, өтірік айтуды әдетке айналдырған оқушылар да кездеседі. Олар сыныптан өзінше орын алуға тырысып, осы жолда дөрекілікке, жалған беделдікке құмартады, мектептен тыс уақыттарда өздері секілді балалармен байланысқа тусіп, «көше» топтарында қабылданған мінез-құлықтың қоғамға жат нормаларын мектепке әкелуге тырысады.
Топ
басшысыз, яғни жетекшісіз болмайды. Кез
келген топтың өздері сайлап алған, не
жоғарыдан тағайындалған
Топтағы адамдары танып-білу, басқару мәселесі, «психологиялық үйлесім» ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымдағы ортақ істің табысты болуына ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Топтағылардың бір-бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатыр қам ай дұрыс қабылдаса - онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреудің харекетін екіншісі ұнатпаған жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді. Топ мүшелері арасындағы көзқараспен сенім бірлігі, мүдделермен мінез бітістерінің қарама-қайшылығы да үйлесімсіздікке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық, не беймаза, тәкаппар, не өркөкірек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйы са алмайды. Халқымыз «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп осындайларды айтқан. Әсіресе, топ жетекшісі не оның жекелеген мінез бітістері қолайсыз болып келсе, ондайда жағдай тіптен қиын.
Топтағы «моральдық психологиялық ахуал» (кейде мұны «әлеуметтік-психологиялық ахуал» деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, ұжым мүшелерінің өз ара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі тусінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңілкүйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Білек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір суретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Мәселен, сенің көңіл-күйің бүгін нашарлап тұр делік, оның да белгілі себебі болатыны түсінікті. Сөйтсе де, басқалар сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сұрап білгісі келеді екен. Сен ондайда өзіңді қалай ұстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезінетінің анық. Сені әңгімеге тартып, үсті-үстіне сауал қойып отырғандар көбінде көңіл-күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатиялық қасиет (бұл арада адамның көңіл-күйін түсіне білу, оның сүйініш-күйінішіне ортақтаса білу - Авторлар.) жөнді қалыптаспаған. Сондықтан да эмпатиялық қасиетті өздеріңде үнемі дамытып отыруларың қажет.
Сендерге келесі бір сауал. Мәселен, сенің басқа оқушылардың сөзін ақырына дейін тыңдай алуға төзімің жете ме, әлде сен оның сөзін оқтын-оқтын бөліп, өзің сөйлегің келіп тұра ма? Немесе жолдасыңның әңгімесі сені қызықтырмаса, оны әрмен қарай тыңдай беруге төзімің жете ме? Ия болмаса, өзің бастаған әңгіменің басқаларды қызықтырмайтынын байқай аласың ба, мұны сезген жағдайда әңгіме тақырыбын басқа арнаға бұра аласың ба? Немесе, егер өзіңмен әңгімелесушінің қылығы, айтқан пікірі сенің ой-пікіріңмен, көңіл-күйіңмен сәйкес келмесе, мұндайда өзіңдегі реніш сезімін жеңе алар ма едің? Сен әркез айналаңдағылардың көңіл-күйін түсінуге тырыс, мұны өзің қаншалықты жүзеге асыратыныңды тексер. Сенің ұжымда онша ұната қоймайтын оқушылардың да болуы мүмкін. Саған олармен де бір нәрсе жайлы сөйлесуің қажет болып қалды делік. Мұндайда әлгі балалармен дұрыс қарым-қатынаста болуға тырыс. Әңгімелескен сайын оларды еліктіріп, қызықтыра алсаң, тіпті жақсы. Бұл жерде байсалдылық, әдептілік сияқты қасиеттер саған ауадай қажет.
Біздің қай-қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың үйірсек келетінін байқап жүрміз. Бұл басқалармен тез тіл табысып кететін жандар. Ал өзара пікірлесіп, адамды өзіне тартпақ түгіл оның қитығына тиетіндер де кездеседі. Мәселен, табиғатынан тұйық адамдар әңгімені өзіне аударғысы келмейді, артық сөзге бармайды, тек әңгімелесушінің сөзін жай, ықылассыз тыңдап отырады.
Сендер ара-тұра «Мен басқалармен қарым-қатынаста қандаймын?»- деген тақырыпта шығарма жазып және осы мәселе төңірегінде әңгіме-дүкен құруды, бір-біріңе мінездеме беріп, оны ұжым талқысына салып, өздеріңдегі үйірсектік қасиеттерді дамыту үшін арнайы жаттығулар (сыныптағылармен үнемі амандасып жүру, өзіңе жұрттың назарын аудара білу, тосыннан қойылған сұраққа тез жауап қайтару, екеу ара, не жеке-дара сөз саптаудың әдіс тәсілдерін меңгеру, өзгелермен бірге әртүрлі қоғамдық жұмыс атқару, т.б.) жасауды әдетке айналдырсаңдар, осы іспеттес әрекетті ұйымдастыруға көңіл бөлсеңдер құба-құп.
Сөйтіп,
басқалармен қарым-қатынаста
Осы
арада, тағы да айтарымыз, ұжымдағы пікір
талас кездерінде оқыған кітаптарың
мен көрген кинофильмдерің, спектакльдерің
туралы жиі-жиі пікір алысып, басқа балалармен
қарым-қатынас жасаудың кез-келген мүмкіндігін
пайдаланғандарың жақсы. Мәселен, өз ықыласыңмен
сыныбыңдағы бес оқушы мен бір мәселе
төңірегінде әңгімелескен кезде өзіңе
нақты міндет қой, бұлардың беделді біреуіне
сауал қойып үйрен, тіпті болмаса, дүкендегі
сатушының саған көрсеткен сыпайы қызметін
әңгімелеп бер, жолдасыңның сұрағына жауап
берген кезде оның қанағаттанған қанағаттанбағанын
білуге тырыс, олармен дұрыстап қатынас
жасауды үнемі есіңнен шығарма! Егер құрбы-құрдастарың
саған момын, тұйық, енжарсың десе, онда
шамаң келгенше өз мінез-құлқыңды ширата
түсуді ойлағаның абзал. Бір сөзбен айтқанда,
жеке басыңдағы үйірсектікті, жұртқа жұғысу
жолын (бірақ құр босқа жалпақтап жүрме)
ойластырып, осы бағытта үздіксіз жұмыс
жүргізгенің дұрыс. Сонда ғана адамдық
қарымқатынас мәдениетіңді дамытуға мүмкіндік
аласың, өзіңнен басқаларға ықпал етуді
үйренесің, жұртпен өзара үйлесімді байланысқа
жол табасың.
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларының даму теңсіздігі
Бала дамуы саласындағы зерттеулер оқу-тәрбие қызметін тиімді жобалау мен ұйымдастыру үшін аса қажетті болған бірнеше маңызды заңдылықтарды ашты. Бастауыш мектеп мұғалімдері ең алдымен тән-дене даму заңдылықтарына арқа сүйеген жөн:
Биологиялық
дамумен тығыз байланыста рухани
даму жүріп жатады. Ал бұл дамудың
өзінде айтарлықтай ауытқулар
Балалардың
рухани және тән-дене дамуы тең
жүріп жатпайды: бір кезеңдерде –
жылдам, екінші бірде – баяу. Мұндайда
мұғалімдер көптеген маңызды заңдылықтарды
пайдалануы шарт. әсіресе, қандай да физикалық
және рухани сапалардың дамуына қолайлы
сензитивтік кезеңдердің болатынын
есте ұстау қажет.
2.3
Оқушылардың даму
ерекшеліктерін ескеру
Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік-жігері, таусылмас мол қажыры мен сабыры, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен тәрбиешіден пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Ж.Аймауытұлы айтқандай, мұғалім балаларына селқос қараса, олардың жан-қуаттарын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл ой-өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушылардың қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Мектеп психологының негізгі жұмысы оқушымен, мектеп ұстаздарымен, ата-аналармен, әкімшілікпен байланысты болады. Әсіресе, соның ішінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ең маңыздысы.
Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамудың объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттерінен туады (материалистік және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қлғамдық қажеттіліктермен реттеледі. Адамның белсенділігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.