Кәсіптік бағдар беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:58, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беру аймағындағы мәселелерді (проблемаларды) есепке ала отырып, 9-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіби бағдар беру жүйесі
1.1 Кәсіби бағдар берудің қысқаша тарихы. Оның жүйесінің негізгі түсініктері
1.2 Кәсіби бағдар берудің мақсаты және мазмұны
2 Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру
2.1 Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формалары және проблемалары
2.2 Кәсіптік оқыту мамандығындағы радиотехника, электроника және телекоммуникация траекториясына кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 75.23 Кб (Скачать)

Кәсіби қызметтің функциясы

 Радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар мамандық  бакалавры базалық және профильді  дайындыққа сай кәсіби қызмет  объектілерде келесідей функцияларды  атқара алады:

  • жобалау;
  • эксплуатациялау;
  • қызмет көрсету;
  • монтаждау;
  • келтіру;
  • жолдау;
  • тестілеу;
  • бағдарламалық және/немесе аппаратты қорғауды қамтамасыз ету.

 Радиотехника, электрониа, телекоммуникациялар мамандығының  түлегіне жоғары оқу орынның  Кеңесі бекіткен білім беру  бағдарламасына сәйкес квалификацияның  «бакалавр» академикалық дәреже  беріледі.

  • Квалификациялық анықтаманың квалификациялық талаптарына сәйкес бакалаврлар 1 категориялы техниктердің лауазамын, кіші ғылыми қызметкерлердің, зертханадағы инженерлердің, ғылыми-зерттеу мекемелердегі инженерлердің, құру және проекттілеу ұйымдарда, тағы сол сияқты лауазымдарда жұмыс істей алады.
  • Өндірістік-технологиялық қызметтер:
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологияларын жасауды жобалау және өндіріске ендіру;
  • материалдардың сапасын кіріс тексеруден өткізуді, технологиялық процестердің өндірістік тексеруін, дайын бұйымдардың сапасын тексеруді ұтымды ұйымдастыру және тиімді өткізу;
  • технологиялық процестердің параметрлерін таңдау және есептеу материалдарын, жабдықтарын, алгоритмдері мен программаларын тиімді пайдалану;
  • дайындау мен жөндеу кезінде радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын стандарттау және сертификаттау.

 Қызмет көрсету мен  пайдаланымдық жұмыстар:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерін, олардың техникалық, ақпараттық, математикалық және программалық қамтамаларын пайдалану;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын алдын ала тексеруден өткізу, жөндеу, нақыштау және қондырғыларын сынақтан өткізу [18].

Осы мамандық бойынша кәсіби бағдар жүзеге асырылуда. Жаңадан ашылған  мамандық болғанымен траекториясының  өзгешелігіне байланысты көптеген студенттердің қызығушылығын танытады. Бірақ та студенттерде мамандық бойынша мәліметтердің аздығынан оның мәнін түсіну қиынға соғады.

Осы мамандықтың траекториясы бойынша жеке дара кәсіби бағдар беруді жүзеге асыруға болады. Жүзеге асырудың бірнеше жолдарын атап кетсек:

  • ақпараттандыру – жеке, ұжымдық, топтық, тікелей (дәріс, әңгімелесу), жанама (БАҚ);
  • психологиялық және медициналық кеңес;
  • психологиялық, психофизиологиялық, медициналық диагностика;
  • әр түрлі педагогикалық әдістер.

Жеке ақпараттандыру оқушыға  белгілі бір мамандық бойынша  мәлімет беру. Біздің жағдайымызда бұл радиотехника, электроника және телекоммуникация саласы бойынша кәсіби оқыту мамандығы болып табылады.

Ұжымдық ақпараттандыруға келсек, ол бір мақсатпен жиналған ұжымға әр түрлі педагогикалық әдістерді  қолданып бағдар беру.

Кәсіптік бағдар беру барысында  бірнеше факторларға көңіл бөлінеді, яғни ол оқушының осы мамандыққа бейімділігі  немесе қабілеті, ынтасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр  табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім  беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына  жолдауының «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін  дамыту» деп аталатын бөлімде: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» — деп атап көрсеткен.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап  алуға ықпал жасау мектеп алдында  тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан  психология мен педагогикада осы  мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының  жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға  психологтың қосатын үлесі мол  болуға тиіс.

Кәсіби бағдар беруді мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

  • Кәсіби ақпараттандыру
  • Кәсіби кеңес
  • Мамандықты таңдау

Көптеген шет елдерде  кәсіби бағдар беру бюросы дамыған. Ол АҚШ, Испания, Финляндия, Швейцария, Чехославакия елдері. Ол бюроның міндңттеріәр түрлі  мамандықтардың адамға қоятын талаптарын меңгеру, оқушылардың қабілеттерін тану.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан  жастарға айтарлықтай қамқорлық  жасалынып жатыр. Еліміздің болашағы — жастарды қолдау, оларға кәсіптік білім беру, еліміздің дамуына, өркендеуіне  өз үлесін қосатыны даусыз. Индустриалды жобалар кадрларымен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды міндеттер 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі Инновациялық Индустрияландыруды дамытудың Мемлекеттік  Бағдарламасында қойылған. Үдемелі  индустриялық-инновациялық даму ел өмірінің дағдарыстан кейінгі кезеңіндегі басты мазмұны екендігіне тоқталған Елбасы орта буын ма¬мандарды дайындаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл міндеттерді шешудің басты факторы – техникалық және кәсіптік білімнің еңбек нарығымен тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

Халықты техникалық және кәсіптік біліммен қамту көптеген факторларға  байланысты, соның ішінде халықтың тығыздығына, халықтың кәсіптік оқуға  деген сұранысына, еңбек нарығының  техникалық және қызмет көрсету еңбегінің  кадрларына деген сұранысына, сол  жастағы жастардың санына, орта және басқа да мектептердің негізгі сатыларының  бітіруші түлектеріне байланысты. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Студенттердің кәсіби бағытын қалыптастыру // Ұлт тағылымы , № 3. 2008.-Б.20-22.
  2.   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең - Жаңа экономика» лекциясы.Қ.Р. Президентінің ресми сайты.
  3. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. –Қазан, 2004.
  4. Сарбасова Б.Қ, Шәушекова Б.Қ. Педагогика негізі. -Қарағанды, 2004.
  5. Тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыту үрдісінің моделі. «Мереке-праздник для всех» газеті
  6. ГриншлунС.С.и др. Проблемы профессионального самоопределения молодежи. – М., 1986.
  7. Жуковская В.И. Психологические основы выбора профессии – М., 1998.
  8. Взаимодействие общеобразовательной школы и специальных учебных заведений в профессиональной ориентации молодежи: Межвузовский сборник научных трудов. – Ярославль: ЯГПИ им. К. Д. Ушинского, 1984 – 98 с.
  9. Захаров Н.Н. “Профессиональная ориентация школьников: учебное пособие для студентов”. – М.: Просвещение, 1988 –272 с.
  10. “Профессиональная ориентация старших школьников в процессе трудового обучения” / Под ред. канд. пед. наук В.А. Полякова; М.: Просвещение, 1972 – с 160.
  11. “Профессиональная ориентация молодежи”/ А. Д. Сазонов, Н. И. Калугин, А. П. Меньшиков и др. – М.: Высшая школа, 1989 –с 234.
  12. “Профессиональная ориентация и обучение труду в сфере обслуживания”/ [В. А. Аптекман, В. Н. Зубков, И. М, Пацула; под ред. Б. Н. Ройзмана] М. – Высшая школа, 1979 – с 128.
  13. “Профессиональная ориентация молодежи и организация приема в высшие учебные заведения/ Гусев Н. Г., Н. П. Калашников, А. В. Качанов и др. – М.: Высшая школа, 1982 – с 128.
  14. “Профессиональная ориентация учащейся молодежи: Межвузовский сборник научных трудов”;- Новосибирск, 1980-87 с.
  15. “Профессиональная ориентация учащихся: Учебное пособие для студентов пед. ин-тов”; под ред. А.Д. Сазонова.- М.: Просвещение, 1988-233 с.
  16. Методика формирования профессионального самоопределения школьников на различных возрастных этапах. Книга для учителя / под ред. Шуркиной А.Я., Чистяковой С.Н.. – Кемерово, 1996.
  17. Пряжников Н.С. Активизирующие опросники профессионального и личностного самоопределения. Методическое пособие 2. – М.: Издательство "институт практической психологии". Воронеж: НПО "МО ДЕК", 1997 г.
  18. Пряжников Н.С.. Профессиональное и личностное самоопределение личности. – М. – воронеж, 1996.– 256 с.
  19. Чистякова С.Н., Захаров Н.Н. профессиональная ориентация школьников: организация и управление. – М., 1987
  20.  Пряжников, Н.С. Активизирующие опросники профессионального и личностного самоопределения/Н.С. Пряжников. - М.: Издательство “Институт практической психологии”, 1997.-80 с.

 


Информация о работе Кәсіптік бағдар беру