Кәсіптік бағдар беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:58, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беру аймағындағы мәселелерді (проблемаларды) есепке ала отырып, 9-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіби бағдар беру жүйесі
1.1 Кәсіби бағдар берудің қысқаша тарихы. Оның жүйесінің негізгі түсініктері
1.2 Кәсіби бағдар берудің мақсаты және мазмұны
2 Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру
2.1 Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формалары және проблемалары
2.2 Кәсіптік оқыту мамандығындағы радиотехника, электроника және телекоммуникация траекториясына кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 75.23 Кб (Скачать)

Білімді модернизациялаудың ауыспалы кезеңіне дейін «мектеп-комбинат»  ара қатынасы білім басқарамасымен қатал бақыланды: мектептер кәсіптік бағдар бойынша дайындық сағаттарын беруге міндетті болды, оқушылар жұмысшылар мен қызметкерлер мамандықтарын  таңдау мүмкіндіктері болды. 

90 жылдары жағдай өзгеріп,  осы уақытта оқыған оқушыларды  кәсіптік оқыту мен кәсіптік  бағдар беруде проблемалар пайда  болды.

Бірнеше мәселелер қатарын  қарастырып кетсек:

  • мектептерарасындағы оқу комбинаттары мен жалпы білім беретін мектептер ара қатынасын реттейтін нақты нормативті-құқықтық базаның болмауы мектеп басқармасының көп жағдайда оқушыларды кәсіптік оқыту мен бағдар беру шараларын ұйымдастырмауы;
  • әрбір жалпы білім беретін мектеп оқушыларға кәсіптік оқыту мен бағдар беруде мамандықтардың көптеген түрлерімен қамтамасыз ете алмайды, көбінесе, техникалық бағытта, қолданбалы бағытта, қызмет жасау салалары болады, себебі мұндай бағыттардың дамуы көптеген қаражат қажет етеді;
  • техникалық профильдердің дамуына кететін өте үлкен материалдық шығындарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бұл бағыттарды гуманитарлық бағыттағы мамандықтармен ауыстырған.

 

 

2.2 Кәсіби оқыту және радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы туралы қысқаша мәлімет. Осы мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру.

 

Қазіргі таңда кәсіби оқыту  мамандығы өте қажет мамандықтардың бірі болып табылады. Кәсіби оқыту  мамандары  оқу-тәрбие мекемелерінде және кәсіптік білім оқу орындарында психологтық-педагогтық қызмет жасай алады.

Әрбір ұйымның жақсы қызмет жасауы үшін шарттарының бірі мамандарының кәсіптік дамуы болып табылады. Қазақстандағы  өндірісті негізге алсақ ондағы жиі әрі жылдам өзгерістер жоғары  кәсіптік білімі бар мамандарды қажет  етеді.  

Кәсіптік даярлық, кадрларды  кәсіптік даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім  беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта  оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер  мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады  және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары  бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған.

Кәсіптік мектепте оқу  мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде  – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім  жасауға байланысты кәсіптер бойынша  – 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі – 3 – 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады[1].

Кәсіби оқыту әр түрлі  мамандықтар аясында жүзеге асады. Оның ішінде маңызды әрі күрделі  мамандықтардың бірі радиотехника, электроника  және телекоммуникация болып табылады.

Радиотехника, электроника  және телекоммуникация мамандығы интернет желісінен бастап әлемдегі барлық байланыстарды  қарастырады. Қазіргі уақытта радиобайланыс  және телекоммуникация жүйелерімен  айналысатын техника және ғылым  салалары өте көп болып табылады. Бұл саладағы жетістіктер өте  жоғары, себебі  түрлі мекемелер  жай ғана интернеттің ғаламдық желісінсінсіз  жұмыс атқара алмайды. Радио арқылы хабар тарату мен телевидение  және спутниктік, ұялы байланыс, осының барлығы электроника мен радиотехника саласының жұмыс аясының негізі болып табылады.   

Бұл мамандықтың жұмыс  ортасы болып өзіне қашықтықтан  мәлімет алмасу үшін жағдай құруға, электрондық құралдар арқылы ақпаратты  түрлендіруге арналған технологиялар, құралдар,  адамдар жұмысының  әдіс-тәсілдері жиынтығын қосқандағы ғылым және техника облысы болып  табылады. Жаңа заман талабына сай  әр түрлі жаңа технологиялар мен  байланыс жолдары пайда болып  және әлі де даму үстінде. Сондықтан  радиотехника, электроника  және телекоммуникация мамандығының білікті әрі білімді  түлектері өндірісте өте үлкен  сұранысқа ие. Соған орай осы мамандық бойынша оқу орындарындағы кәсіптік білім беру мамандары да қажет  болып жатыр.

Қазақстанда кәсіптік білім  беретін бірнеше оқу орындары бар, соның бірі Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті. Университетте  бұл жаңадан ашылған мамандықтардың бірі болса да, ол үлкен қарқынмен  дамып келеді. Жыл сайын өзгерістер енгізіліп, жаңартылып, толықтырылып отыр.

2011 оқу жылында алғашқы  рет кәсіптік оқыту мамандығында  радиотехника, электроника және  телекоммуникация траекториясы  бойынша оқыту басталды. 

Осы мамандық бойынша кәсіптік оқытуға әр түрлі факторлардың көрсеткіштері  әсер етеді. Соның ішінде оқыту бағдарламаларының  баламалығы, оқыту мақсаттарын дұрыс  қою, оқытудың қолданылатын әдіс тәсілдері.

Радиотехника, электроника  және телекоммуникация мамандығының негізгі  әрі маңызды пәндерінің бірі болып  радиотехникалық тізбектер мен  сигналдар табылады. Бұл пән сигналдар  мен тізбектер теориясын оқытады. Осы пән бойынша сабақ өткізу үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Және де көрнекілік құралдар, соның ішінде жұмыскерлердің жұмыс  істеу барысы туралы видеоматериалдар көрсету сабақты түсіндіруде  өте тиімді жолдардың бірі. Ал практикалық  сабақтарды өткізуде пәнге байланысты көптеген бағдарламалар қолданылады, бұл студенттердің өз қолымен  тізбектер құрып, оны жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Пән өте күрделі, себебі мұнда  көптеген терминдер мен есептеу  жұмыстарын атқару үшін бағдарламалар  қолданылады. Соған қарамастан пән  қызықты және болашақта студенттер жұмыс барысында осы пән аясында  алған білімдерін қолдана алады.

Кәсіптік оқыту мамандығының студенттері екі бірдей бағытта  оқиды. Біріншісі педагогика мен  психология пәндерін жетік білу керекжәне  сабақ өткізу әдістемесі мен құжатнамасын жүргізе алу керек. Ал екіншісі өзі  сабақ беретін траектория бойынша  пәндерді жетік меңгеру керек. Бұл  жағдайда  радиотехника, электроника  және телекоммуникация мамандығының пәндерін оқытады.

Ғылым мен техника салаларының  жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар  жүйелерімен айналысатын өмірдің  саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы  және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат  жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз  қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар саласының  мамандарының қызметі.

Радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар саласының  мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен  радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер  мен электронды және компьютерлі  жүйелер кіреді.

Осы мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет объектісіне:

- байланыс тораптары мен  коммутациялау жүйелері;

- көпарналы телекоммуникацилық  жүйелер;

- радиобайланыс жүйелері  мен құрылғылары, оның ішінде  радиорелейлік, жерсеріктік және  жылжымалы байланыс жүйелері;

- дыбыс және теледидар  хабарларын таратудың, мультимедиялық  техниканың жүйелері мен құрылғылары;

- электронды жүйелерді,  соның ішінде беріліс объектілерін  басқарудың, ақпаратты өңдеу мен  жаңғыртудың электронды жүйелерін;

- телекоммуникациялық жүйелерде  және тораптарындағы ақпараттық  қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын  мемлекет экономикасының барлық  салалары болып табылады.

Радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар саласы мамандары  қазіргі кәсіпорындардың осы  қызмет түрлернің бәрін өткереді. Біздің өңірде олардың біліміне «Казахтелеком» ҰҚ, «Қазақстандық электролизді зауоды»  АҚ, «Казэнергокабел» АҚ, «Павлодар  мұнай өңдеу зауоды» ЖАҚ тәрізді  кәсіпорындарға, радиобайланыс, радиохабар және теледидар кәсіпорындарында қажет [17].

Қазір елде табыстары тұрақты  жылжымалы байланыстың төрт операторы  мен жүзден аса телекоммуникация компаниялары жұмыс істейді. Жоғарыда аталған кәсіпорындарда студенттер ұйымдастыру мен пайдалану қызметі  дағдыларын меңгеру мақсатында әр түрлі  тәжірибелерден өтеді.

Радиотехника, электроника  және телекоммуни-кациялар бакалаврының түлектерінің болашағы жарқын. Бұл  мамандардың алдында Қазақстан  теле-коммуникациясының ұлттық желісін  жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды  міндеттері тұр. 2020 жылға қарай Қазақстан  Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік  байланысты дамытуға кең мүмкіншілік  береді. Елдің электроэнергетикалық саласын ауқымды жаңарту ішінара  заманауи телекоммуникацияларды енгізу және ғаламдық корпоративтік ақпарат  желісін құру негізінде жүргізіледі.

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Кәсіби қызмет ету өрісі  адам іс-әрекетінің ақпаратты қашықтықтан  алмасуға, ақпаратты электрондық  құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар  жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын  қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа  да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық  жүйелер, техникалық құралдар және информацияны электрондық құралдар көмегімен  түрлендіру жатады, олар – байланыс тораптары мен коммутациялау  жүйелері; көпарналы телекоммуникациялық  жүйелер; радиобайланыс жүйелері мен  құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік  және жылжымалы байланыс жүйелерін  қоса алғанда; дыбыс және теледидар  хабарларын таратудың, электроакустика  және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары; деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары; нысандарды электрондық және компьютерлік басқару, ақпаратты түрлендіру; телекоммуникациялық  жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары; телекоммуникациялық жүйелер мен  тораптарды метрологиялық қамтамасыз ету құралдары; телекоммуникациялардағы  менеджмент пен маркетинг; телекоммуникациялық  құрылғыларды қажетке жарату мен  сервистік қызметтер көрсету  саласы.

Жұмысқаорналасу орындары: Деректерді тарату жүйелері мен АТС  бар кез-келген кәсіпорындарда мекемелерде, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, әртүрлі фирма және компанияларда  байланыс менеджері ретінде қызмет атқарады:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
  • кәсіби  қызмет сферасы.

Кәсіби қызмет сферасы  болып қашықтықтағы мәліметтер алмасуға және электронды құралдар көмегімен  ақпаратты өңдеуге бағытталған  адам қызмет технологиялардың, әдістердің, тәсілдердің комплексі бар ғылым  мен техника облысы табылады.

Кәсіби қызмет объектілері

Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып:

-сымды, радио, оптикалық  және басқа жүйелері арқылы  суреттердің, дыбыстардың, жазба  тексттің, сигналдардың және белгілердің  жіберілуін, сәулеленуін, қабылдауын  қамтамасыз ететін техникалық  құралдары мен технологиялық  жүйелері және сондай ақ электрондық  құралдары арқылы ақпаратты өңдеу  болып табылады;

- байланыс желілері мен  коммутация жүйелері;

- оптикалық диапазон жүйелерін қоса алғанда көпарналы телекоммуникациялық жүйелер;

- спутникті, радиорелейді, мобильді байланыс жүйелерін  қоса алғанда радиобайланыстың  құралдары мен жүйелері;

- телевизиялық және дыбыстық  мәлімдер тарату құралдары мен  жүйелері, электракустикалық және  дыбыстық информатиканың және  мультимедиалық техниканың құралдары  мен жүйелері;

- мәліметтер жіберу құралдары  мен жүйелері;

- объектілерді басқару  компьютерлік жүйелерін қоса  алғанда мәліметтерді электронды  өңдеу құралдары;

- телекоммуникациялық жүйелердегі  мәліметтерді қорғау құралдары;

- телекоммуникациялық желілер  мен жүйелердің метрологиялық  қамтамасыз ету құралдары;

- телекоммуникациялардағы  менеджмент пен маркетинг;

- телекоммуникациялық құралдардың  эксплуатационды және сервисті  қызмет көрсетуді басқару.

Кәсіби қызмет пәндері

 Радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар мамандық  бакалаврының кәсіби қызмет пәндеріне  келесі жүйелер кіреді:

  • телекоммуникациялар;
  • радиобайланыс;
  • телевидение;
  • радиотарату;
  • радиолокациялар мен навигациялар;
  • радиобасқару, жіберетін мен қабылдайтын радиоорталықтар, телеорталықтар;
  • мобильді байланыс;
  • радиотехниканың арнайы құралдары;
  • электронды және компьютерлік жүйелер;
  • микроЭЕМ және микроконтроллер арқылы басқарылатын жүйелер.

Информация о работе Кәсіптік бағдар беру