Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2012 в 12:42, курсовая работа
Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ.................................................................5
1.1 Экономикалық тәрбие жайлы ұғым..............................................................5
1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны...............................................7
1.3 Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы.................9
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ......................................................12
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі.............................................12
2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері.................................................................15
2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс........................................................................19
2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық сауаттылық............................22
2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы............24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................29
Экономикалық бағыттағы колледждегі математика курсының мазмұнына байланысты мәселелерге қатысты түрлі ғылыми көзқарастарды талдау барысы студенттерге аса қажетті экономикалық мамандықтарды табысты меңгеру үшін олардың математикалық дайындығының іргетасын бекітетін оқу материалын таңдап алу керектігін көрсетіп отыр. Экономикалық бағыттағы мектептер мен сыныптарда экономикаға байланысты іс-әрекеттерге оқушыларда пайда болған алғашқы қызығуларын қалыптастыру қажеттілігі туады.
Мысалы, Г.Дорофеев “Экономикалық бағытты таңдаған оқушылар үшін математика қажетті пән болып табылады, өйткені, ол іс-әрекеттердің экономикалық заңдылықтарын зерттеуге арналған айрықша құралдың рөлін атқарады" деп тұжырымдаған.
Ю.Колягиннің, Г.Луканкиннің, Н.Федорованың, Е.Никованың және АҚШ, Канада, Жапония сияқты елдердегі бизнес саласының менеджерлері мен басқа қайраткерлерді даярлауға арналған орта оқу орындарының, XX ғасырдың 20-жылдарының соңындағы Ресейдің солтүстік-батысында болған инженерлік-экономикалық бағыттағы мектептің, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдегі коммерциялық оқу орындарының жұмыстарының тәжірибесіне жүргізген мұқият зерттеулер көрсеткеніндей, математикалық моделдеудің (нақты және басқа формада) элементтері алгебра және анализ бастамалары курсында міндетті түрде кәрсетілуі тиіс және оны математикалық анализ, сызықтық алгебра, матрицалық алгебра элементтеріне қосып кеңейту керек. Бұл сұрақтардың мазмұны, баяндалу деңгейі оқушылар үшін қолайлы әрі қызықты болуы шарт.
Жоғарыда
аталған авторлардың
Сонымен біз жүргізілген педагогикалық тәжірибелердің нәтижелері мен әдебиеттерді талдау барысында колледждегі экономикалық топтарға арналған математикалық материалдарды іріктеу басты бес шартқа негізделінуі керек деген қорытындыға келдік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзат баласы болғаннан бастап, тәрбие үрдісі бірге келеді. Әрбір ұлт өкілі, әрбір адамзат ұрпағының болашағы туралы ойлағанда оның тәрбиеге байланысты болатынын түсінді.
Тәрбие үрдісі – жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі түрде қалыптастыру. Талай ғасырлар бойы өмір сүрген ата бабаларымыздың өмірдегі іс -тәжірибесін, әдет ғұрыптарын тіршілік болмасын кәсібін игеру және өзіне тән ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру болып табылады.
Адам тәрбиесі мен даму бірлігінің өзара байланыстылығы – тәрбие үрдісінің заңдылықтарының бірі. Тәрбие мазмұны формалары мен әдістері көбіне баланың жалпы дамуы деңгейінде жүргізіледі және оған тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене, үйрене отырып дамиды.
Экономикалық тәрбие экономикалық сана, экономикалық ойлау ұғымдарымен тікелей байланысты. Экономикалық сананы— нарықтық экономиканың негізгі заңдарын, өндірістің тиімділігін көтеру, оның құрылымын қайта құру, өндірістік қатынастарды жетілдіру, шаруашылықты басқару әдістері мен жүйесі туралы білімдер құрайды. Экономикалық сана: ағартушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық, эстетикалық, болжамдық (жоспарлауды жетілдіру, болжам жасау жүзеге асады) қызметтерді атқарады.
Қорыта келгенде: мектеп оқушыларына жалпы орта білімді қамтамасыз ететін пәндік білімдермен қоса экономикалық білім қаржы сауаттылығын беру нәтижесінде мектеп бітірген соң өз орнын тауып, өздігінше дами алатын жеке тұлға тәрбиелеу мақсатын орындауды педагог мамандар өз мойындарына алып отыр. Ол үшін барлық жағдайды жасап, оқытудың әдістемелік құралдарымен, оқулықтарды жеткілікті қылып, материалдық техникалық базаны күшейту керек секілді.
Ыбырай
Алтынсариннің: «бала жас шыбық
сияқты қалай исең солай иіледі»
- деуінің өзі үлкен
«Жаңа
онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері», - атты Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы кім-кімге болсын
үлкен ойланарлықтай ой салады. Ендеше,
жаңа онжылдықта жарқын болашаққа апаратын,
келешекті бастайтын жас ұрпаққа саналы
тәрбие, сапалы білім беріп жетелей берейік!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: