Экономикалық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2012 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ.................................................................5
1.1 Экономикалық тәрбие жайлы ұғым..............................................................5
1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны...............................................7
1.3 Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы.................9
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ......................................................12
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі.............................................12
2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері.................................................................15
2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс........................................................................19
2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық сауаттылық............................22
2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы............24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................29

Работа содержит 1 файл

экономикалық тәрбие кур жум.doc

— 187.00 Кб (Скачать)

      МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ.................................................................5

    1. Экономикалық тәрбие жайлы ұғым..............................................................5
    2. Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны...............................................7
    3. Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы.................9

МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ......................................................12

2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі.............................................12

2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері.................................................................15

2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс........................................................................19

2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық сауаттылық............................22

2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы............24

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................29 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық  және жеке ұлттық игіліктер негізінде  тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

     Өзектілігі. Қазіргі білім беру реформасына сай оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелерін шешуді мектептерден бастау өте орынды. Себебі қазіргі оқушылар - келешекте ел тізгінін ұстайтын болашақ барыстары. Сондықтан да олардың саналы тәрбие, сапалы білім алуы кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты мақсаты болуы тиіс.

     Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және  өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.

     Міндеті. Эконмикалық  білім негіздерін оқыту келесі міндеттерді анықтайды:

  • Оқушыларды Қазақстан қоғамы және тұтас дүниежүзілік бірлестіктегі экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
  • Экономикалық теорияның  ең маңызды  білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дамыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;
  • Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары: еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру;
  • Еңбекті сүюге тарту, қоғамның экономикалық белсенді мүшесі және өз Отанының патриоты болға көмектесу.

     Экономика мектеп курсына жаңадан енгізіліп  жатқан пәндердің бірі болғандықтан, алғашқы сабақтардан бастап оқушылардың  пәнге деген дұрыс қөзқарастарын  қалыптастыру және экономикалық білімнің қажеттілігін ұғындыру қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ 

    1. Экономикалық  тәрбие жайлы ұғым
 

     Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің бірі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптасқан экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады. Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну еңбектеріндегі (ауқымдағы) негізгі экономикалық қатынастарды де меңгергу деп түсінуіміз керек.

     Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалық негізін түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырласудың ұғынудың, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.

     Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушы- экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде ар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастра үйренуі керек. Қазіргі бастауыш мектеп, негізгі мектеп және бағдарлы мектептердің оқу тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнықтылық, базистік мектептегі техникалық еңбек арасындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.

     Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа  алынып келді. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгсріс енуіне байланысты білім беруді қарқыландыру табиғаты да өзгеруде. Білім берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталынады. Оқу орындарынын роліне өзгеріс енуде. Шешілетін мәселенің бәрі оқу орындарының өзінде шоғырлануда. Мысалы, мұғалімдердің еңбек ақысы және оларлы ынталандыру, оқу - материалдық жабдықтарды ұстау және оны байыту т.с.с.

     Қаржыландыру  кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемінен құрылады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:

  • қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жекелендіру;
  • оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы өзара бәсекенің пайда болуы, ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу мен оны тәжірибеге өндіруді жандандыру;
  • оқушылардың және олардын ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікте қарамай олардың дербес қабілетерін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу;
  • оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
  • әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру мұқтажына бағытталуы;
  • педагогикалық-ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т.с.с.

     Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді .

     Дегенімен, халық ағарту ісіне осы тұрғыдан қараудың көмескі жақтары болатынын алдын-ала біліп отырған жөн. Олар:

  • халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі мүмкін, сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі;
  • оқу орындарының жіктелуі пайда болып,төлем ақысы жоғары мәртебелі оқу орындарының жарыққа келуі;
  • білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т.с.с.

     Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі

     жою мүмкін емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттеуге болады. Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектесуі қажет. Мұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.

     Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет. 

     1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны 

     Экомикалық  тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті жене маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экомикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.

     Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді.

  1. Қоғамның рыноктың экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру.
  2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясаттың, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерің тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
  3. Өндірістегі экономикалық қатынастарга белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;
  4. Ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру.

     Экомикалық  тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.

     Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе “Қоғамтану”, “Құқық негіздері”, “Тарих”, “География”, “Биология”, “Химия”, “Физика”, “Еңбекке баулу” пәндерінің мүмкіншітіктері мол. Түрлі пәндерді оқу барысында, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.

     Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.

     Ауыл  шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Мысалы, Республикамыздың Оңтүстік зонасында күріштің “Кубань-3”, “Дубровский-129”, т.б. сорттары, ал терістік облыстарда бидайдың “Ишимский-10”, жүгерінің “Днепетровск-438” сорттары өсіріледі.

     Өсімдіктерді  өсіру, олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер басшылыққа алынады. Әсіресс еске алатын басты мәселелердің бірі — дақылдар егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Содан кейін бір гектар жергс өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақтағы қоректі заттардың (N, Р, К) және минеральдық тыңайтқыштардың мөлшерін орта есептен анықтап, топырақты қоректендіреді.

     Химия сабақтарында, өсіресе эксперимент  өткізуде еңбек мәдениетіне төселеді, олардың біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды (приборлар), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, элекгроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі артады.

     Физика  сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру. Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылар мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінің айналадағы органы қорғауға және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.

Информация о работе Экономикалық тәрбие