Экономикалық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2012 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ.................................................................5
1.1 Экономикалық тәрбие жайлы ұғым..............................................................5
1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны...............................................7
1.3 Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы.................9
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ......................................................12
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі.............................................12
2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері.................................................................15
2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс........................................................................19
2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық сауаттылық............................22
2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы............24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................29

Работа содержит 1 файл

экономикалық тәрбие кур жум.doc

— 187.00 Кб (Скачать)

     Оқушыларға  экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларыңда жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет. 

    1. Оқушыларға  экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы

       

     Қазақстан Республикасы әлемдік өркениетке кірігуіне  қатысты білім беру саласына қойылып  отырған заман талабы - шығармашылықпен  жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс ҚР білім беруді 2010-2015 жылдарға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы орта білім беруде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жүзеге асу жоспарланған. Осыған дейін жалпы орта білім беретін мектептерде қолданбалы экономика пәні факультативтік сабақ ретінде 5-11 сынып аралығында жүргізіліп келсе, 2009-2010 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша жасалған жұмыс жоспарына сәйкес республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 4-11 сыныптарына базистік оқу жоспарының вариативті белігі есебінен:

     10-12 жастағы (4-6 сыныптар, «Балдырған»)  балаларға арналған танымдық  ойын нысанында қаржы сауаттылығы  элементтері;

     13-15 жасар (7-9 сыныптар, «Жеткіншек»)  балаларға арналған қаржы сауаттылығы  негіздері бойынша факультативтер;

     16-17 жасар (10-11 сыныптар, «Жасөспірім») жасөспірімдерге арналған қаржылық білім негіздері бойынша пән немесе практикалық сабақтар енгізіліп отыр.

     Ендеше, әр оқушы ертеңгі күнгі еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосып, мектеп қабырғасынан алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуіне бағытталған іс-әрекеттерді, жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керек. Бүгінгі таңда экономикалық білім, қаржылық сауаттылықгы ашу тек қана құр айтылып қоймай, оң нәтижесін беретіндей етіп, оқушыларымызды жаңа әдіснамалық жүйеде оқытып нарық заманында өмір сүріп, еңбек етуге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеуді көздеп отыр.

     Ұрпақ тәрбиесі қай қоғамның, қай кезеңнің болмасын өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экономикалық тәрбие беру - нарықтық экономика мен экологиялық жағдайларды, білім мен біліктілікті жеке тұлғаның жоғары адамгершілікті қасиеттерін қалыптастыруға, әлеуметтендіруге пайдалану. Жас ұрпаққа білім беру жүйесінде, сондай-ақ экономикалық білім мен тәрбие беруде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектептің экономикалық дайындығы, ондағы әлеуметтік-экономикалық функцияларды барлық жағын қамти отырып, қоғамдағы азаматтардың еңбекке деген рухани және әлеуметтік қабілеттігіне қажетті білімдердің негізін құрайды. Сондықтан, жеке тұлғаны мектеп қабырғасынан бастап шаруашылық есеп өз шығынын есептей алуды, өзіндік құн маңызын жетік білу үшін іс жүзінде өндірістерге қатынастырып отырған дұрыс. Экономика тәрбие негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Экономикалық тәрбие беру оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну, іскерлік әдет, үнемділік пен ұқыптылық, табыс пен шығын, пайда, кәсіпкерлікке бастаудың жолдарын ұғындыру болып табылады. Экономикалық тәрбие адамның алған білімін терең игеруіне, оны пысықтап практикалық өмірде іске асыруға көмектеседі, өз жүйесінде идеялық және практикалық бағыт береді. Білім мен тәрбиенің тығыз бірлігі адамның рухани қасиеттерін құрайды. Білімнің сенімін іс әрекеттің жиынтығы адамның бойындағы жаңа қасиеттерге, идеялыққа саналыққа ұласады. Экономикалық тәрбие беру мәселесін зерттеуші ғалымдар пікірінше: «оқушы жастарға экономикалық тәрбие беруде бір ескеретін жай: экономикалық жаңаша ойлау өздігінен пайда болмайды, ол қажырлы еңбекпен келеді. Білімді ұдайы толықтырып адам психологиясын үнемі бағдарлап отыру негізінде қалыптасады. Оның мәнісі «объективтік экономикалық заңдардың талаптарын танып, біліп, саналы түрде пайдаланған жағдайда ғана ғылыми негізде экономикалық ойлауды қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны әлеуметтендіруге болады» деген сөз. Мысалы, Абайдың ойынша, еркін сауда, еңбек бөлінісі, еркін кәсіпкерлік, қолөнер жеке адамның талпынуына, өмірдің талаптарына сай қызмет істеуге өлшеусіз ықпалын тигізеді. Еліміздегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер қоғам мүшелерінің экономикалық түсініктерге деген көзқарастарын қайта қарауды, бұл мәселелердің кеңінен насихатталып игерілуін талап етуде. Бұл түсініктерді қалыптастыру экономика және қаржы сауаттылығы пәнін мектепте оқыту негізінде іске асырылатынын өмір өзі дәлелдеп отыр. Білім мен тәрбие үрдісінің табиғи бірігуі негізінде білім сенімге айналады. 

МЕКТЕПТЕГІ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 

      2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі 

      Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-тәрбие жүйесіне жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдерге «Тренинг» семинар ұйымдастырылып, экономика пәнінін мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні бойынша семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдіреді.

      Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама  алады екен. Осылардын көпшілігі өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес. Әсіресе қазақ жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас түбегейлі өзгеріп, нарықтық қатынасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап жүргізілуі тиіс.

      Бастауыш  сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру саласында шетелдерде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталған, біз олардың жекелеген жағымды жақтарын өзіміздің теориямыз бен практикамызда колдану мақсатында талдамақпыз.

      Дамыған капиталистік елдерде экономикалык тәрбиенің бай тәжірибесі бар екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде балаларды экономикалық білім негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы түсінік береді.

      АҚШ-та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне XX ғасырдың алпысыншы жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері, педагогтері мен үкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа жауаптылықпен қатысуынын және қоғамның жалпы игілігін қолдануының зор маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріле отырып, олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс.

      Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар, әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалық сабақтар, зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдаланылады. Алайда, негізгі міндет мектепке жүктеледі.

      Чехияда, Венгрияда, Болгарияда, Германияда балалар  еңбекке ерте араласады, олар ата-аналарымен бірге мемлекеттен жалға алған  жеке қожалықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балалар жеке қожалықтарынан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып жүрген балалардың жек тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің әлеуметтік-экономикалык саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі нәтижесіне қызығуына мән беріледі. Басты нәрсе — адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп есептеледі.

      Германияның жоғары оқу орындарында «Экономикалық педагогика» деп аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезендеріндегі жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс мәселелерін, экономиканың тәрбие жүйесіне ықпалын, түрлі дәуірлердегі тәрбие беру мен экономика арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.

      Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл орайда мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият талдау бізге өскелен ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға көмектеседі. Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық үрдіске тең дәрежеде енуге, біркатар экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар аудартады:

  • Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірденбір буын емес.
  • Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен білім мәселелерін шешу.
  • Экономикалық материалды оқу пәндері бойынша оқу құралдарына енгізу.
  • Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.
  • Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі мамандардың: экономистердің, банкирлердін, бизнесмендердің, журналистердін, социологтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш салу.
  • Экономикалық тәрбие бойынша ғылыми және әдістемелік сипатта көптеген кітапша-жинақ, кеңінен танымал оқу құралдарын шығару.
  • Экономикалық ағарту мақсатында оқу және оқудан тыс жұмыстардың түрлі нысандарын, оның ішінде теледидар мен баспасөзді пайдалану.

      Экономикалық  тәрбие беру мәселесі А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде, А.Ф.Амед, Г.П.Александров, И.А.Малышев, М.П.Мельниковалардың жұмыстарында, енбекке баулу және өндіріс жағдайында экономикалық білім беру JI. А. Фридман, А.X.Сатаров, X.Р.Матекубов еңбектерінде, мектеп оқушыларынын жас ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық тәрбие беру мәселесі Т.Е Сергеева, Н.Б.Кулакова, JI.П.Фридман, В.С.Зайцев еңбектерінде қатыстырылған.

      Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу- ағарту ісіне ЬІбырай енгізген жаңалық — қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

      Ы. Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі  ерекше маңызын көре білді. Оның еңбек  тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жанын жазбай танитын нәзік психолог екенін аңғаруға болады.

      Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық табыс, елдің және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуі арқылы бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысты.

      Экономикалық  тәрбие беру - қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында өндірістің барлық салалары мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түседі. Осы қарама-қайшылық негізінде Қазақстан Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз. Мұның өзі, ең алдымен, егемендік, меншік, еліміздің ұлттық байлығы ресурстарына иелік ету және өндіріс салаларын республика халықтарының саяси-әлеуметтік мүдделеріне бағыттау мәселелеріне катысты. 

     2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері 

     Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға экономикалық білім беру мәселелерін орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырған еді. Осы бірлестік тарапынан еңбек пәнінен беретін мұғалімдер үшін жаңа мамандықтар дайындау қажеттілігі туралы ұсыныс түсірілді. Сондықтан бұл мамандықтар үшін Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылдың 10 маусымындағы №460 бұйрығымен мемлекеттік жалпы міндетгі білім берудің стандарты дайындалып бекітілді. Жаңа дайындалған білім беру стандартында мамандықтардың біліктілік сипаттамасында жалпы талаптарға қосымша экономикалық білім беруге қатысты мәселелер де қарастырылған. Мысалы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік пәнінің мұғалімі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.

     Оқытылатын  пәннің ерекшеліктері ескеріліп, білім  мен тәрбие мәселелерін шешу, кәсіптік білімді қалыптастыруға қажетті  ұйымдық-педагогикалық мәселелерді меңгеру, саналы кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеру және тағы басқа. Бұл мамандықтың ерекшелігі оқушы технологиялық үрдістерді меңгеруімен қатар сол технологиялық тәсілдерден хабардар болуы тиіс. Бұдан болашақ еңбек пәні мұғалімдеріне экономикалық білім берудің қажеттілігі туындайды.

     Бұл мамандықты бітіруші түлек еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандықты меңгеріп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Зандарын, бала құқықтарының Конвенциясы туралы, Үкіметтің білім беру саласы туралы, мектеп жасындағы балаларға білім беру, тәрбиелеу, алғашқы кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі шешімдерін білуі тиіс. Бұл мәселелердің қарастырылуы оқушыларға білім берудің алғашқы сатысында үздіксіз кәсіптік білім беруді ұйымдастыру қажеттілігінен туатын мәселелер. Мұны оқушының білімін, шеберлігін, дағдысын үнемі көтеруге бағытталған келешек мамандық иесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын шешуге негізделген үрдіс деп қарауымыз қажет. 

     Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандығының жалпыға міндетті білім беру стандартында арнайы пәндер циклындағы пәндер топтамасында айтарлықтай ерекшеліктер бар. Жалпы кәсіптік пәндер циклында педагогикалық білім берудегі экономикалық мәселелер қамтылған, мұндағы ескеретін ерекшелік тек өндіріс саласының тандау бағытына қарай бөлінеді.

     Қажеттіліктен туындаған бұл мамандық иелерінің айырмашылықтары тек блокгағы пәндердің мазмұнында ғана емес, сонымен қатар базалық жалпы мәдениеттік еңбек мәселелері де қамтылған. Жалпы еңбек мәдениетін қалыптастыруға бірнеше пәндер циклы енгізілген. Ол пәндердің басты мақсаты — еңбек мәдениетінің шығармашылық бағытын дамытуға және қалыптастыруға, экономикалық білімнің қажеттілігі мен шарттары шығармашылық еңбекпен байланысты болатындығына көз жеткізу. Бұл пәндерді оқытуда жалпы теориялық пәндерден кейін оқыту қажеттіліктері де айқындалған.

     Білім беру стандартына байланысты кафедралар жұмыс бағдарламасын дайындау барысында мамандықтың бағытына орай технологиялық дайындау бағыты көрсетілуі тиіс. Бұл пәндерді оқуға 7 және 8-семестрлерде 190 сағат жоспарланған.

     Экономикалық  және кәсіпкерлік пәндерге байланысты оқытылатын пәндерде технологиялық дайындаудың мемлекеттік заң актілері, қазіргі теория мен тәжірибедегі жағдайлар қарастырылып, кәсіпкерлік қызметтіұ ұйымдастырудың мәні оқытылады.

Информация о работе Экономикалық тәрбие