Экономикалық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2012 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ.................................................................5
1.1 Экономикалық тәрбие жайлы ұғым..............................................................5
1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны...............................................7
1.3 Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы.................9
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ......................................................12
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі.............................................12
2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері.................................................................15
2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс........................................................................19
2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық сауаттылық............................22
2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы............24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................29

Работа содержит 1 файл

экономикалық тәрбие кур жум.doc

— 187.00 Кб (Скачать)

     Мұндағы қойылатын мақсаттар мыналар:

  • келешек еңбек технологиясы және кәсіпкерлік пәнінің мұғалімі аймақтың ерекшелігіне байланысты экономикалық мәселелерді білуі және оны өмірде кәсіпкерлік іске пайдалану жолдарын меңгеру көзделеді;
  • болашақ мұгалім экономикалық мәселелер төңірегіндегі ділгірліктерді оқып білу арқылы адам және экономика, адам қызметі және экономика, адам капиталы туралы ұғымдар бойынша жан-жақты мәлімет алады;
  • адам капиталы оның білімділігі мен кәсіби іскерлігіне байланысты болатындығы туралы мәселелерді оқып үйренеді және болашақ мамандығына қатысты болатындығына көз жеткізу нәтижесінде үздіксіз білім алу жолы арқылы білім жетілдіру қажеттілігі түсіндіріледі.

     Әрине, бұл мақсаттарды шешу үшін бірнеше міндеттер айқындалады.

     Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандығын меңгерген мұғалім мектепті жаңа белеске көтеруге талпыныс жасайтын негізгі тұлға бола алады.

     Өз  міндеті мен қызметін дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім мектепті кішігірім, шағын өндіріс орнына айналдырып, кәсіпкерлік жұмысты жандандыра түседі.

     Мектеп  қоршаған ортасындағы өндіріс саласына сәйкес жұмыс атқаруы, ол мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен ұйымдастыру қабілегіне және дайындығына байланысты болатыны анық. Осыған байланысты типтік оқу бағдарламасында көрсетілген “Технологиялық дайындау бағыты бойынша экономикалық білім негіздері және кәсіпкерлік” пәнінің бағдарламасы төрт тараудан құралған.

  1. Адам — экономиканы дамытудың негізгі көзі. Бұл тарауда Қазақстанның стратегиялық даму кезеңдері, ондағы басымдылық туралы мәселелер қамтылған. Қоғамның әлеуметтік бағдарламасы, халықтың экономикалық сауаттылығы қарастырылады. Халыққа экономикалық білім берудегі психологиялық-педагогикалық негіздер және оны ұйымдастырудың жалпы білім беретін формасы мен мазмұны. Оқытушылардың экономикалық ойлау қабілетіне байланысты берілетін экономикалық білім, шеберлік, дағды негіздері. Экономикалық білім мен тәрбие берудегі кәсіби бағдар мен кәсіптік тандау жолдарының мәні. Аймақтың экономикалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік бағдарлама және материалдық жетістіктер: экономикалық дамудың негіздері.
  2. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік қаржы және қаржы жүйесі. Мемлекеттік қаржы жүйесінің құрылымы. Мемлекеттік қаржылық-экономикалық саясатты өркендетудегі рөлі.
  3. Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет. Шағын кәсіпкерліктерді дамытудағы мемлекеттік саясат және оның өркендеуі. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебелері. Кәсіпкерлік қызметтің нысаны. Кәсіпкерлік қызметгі тіркеу. Кәсіпкерлік қызметтің есепке алынуы және есебі. Салық төлемдерінің жүйесі. Салық инспекциясында салық төлемдерін есепке алудың жолдары және есеп берудің формалары. Салық төлемдерінің сомасы. Банктегі есеп шоттары. Ақшалай есептесудің тәртібі. Табыс пен шығынды есепке алу. Сақтандыру жарнамалары: зейнеткерлік, медициналық және әлеуметтік қамсыздандыру және т.б.
  4. Нарық жағдайында инвестиция мемлекеттік экономикалық жүйені өркендетудің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың жолдары. Инвестицияның экономиканы көтерудегі рөлі. Инвестиция, инвесторлар және инвестициялық қорлар.

     Тәжірибелік сабақтарда әрбір теориялық сабақтың мазмұнына сәйкес арнайы материалдарды таңдау жолдары арқылы зандар мен заң актілерін, нұсқаулар, ережелерді тиянақты оқытып үйрету жолдары қарастырылады.

     Жоғарыдағы  келтірілгендерден аңғарылатыны, болашақ  мұғалімдерге экономикалық білім беру - қазіргі нарық жағдайының қажеттілігі және оқушыларды болашаққа дайындаудың қоғам алдындағы міндеті. 

      2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс 

      Кейде жастардың арнаулы экономикалық білім алғанымен, қоғам мүшесіне қажетті кейбір жеке белгілерін игермейтіні байқалады. Бұған себеп: отбасында, мектепте, жоғары және басқа оқу орындарында экономикадан берілетін тәрбиенің жеткіліксіздігі. Экономикалық тәрбие оқушыларга экономикалық зандардың сипаты мен әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Оқушыларды еңбекке, жеке меншік пен қоғамдық меншікке ұқыптылықпен қарауға, тапсырманы өздігінен жауапкершілікпен орындауды жоспарлай білуге, уақыты мен бюджетін тиімді пайдалануға, экономикалық талдауды қалыптастыруға дағдыландыру керек. Мұның өзі - ұзақ жүретін үрдіс.

      Тәрбие  негізі баланың жас кезінен бастап отбасында қалыптастырылады. Одан кейін  ол мектепте одан ары қарай дамытылады. Оқушыларга экономикалық тәрбие берудің негізгі мақсатының бірі - оларды өз бюджеттерін тиімді пайдалануға дағдыландыру. Кейбір ата-аналар балаларына жұмсауға ақша береді. Бұл, әрине дұрыс емес. Мұндай тәрбие баланы ақшаға үйір етіп, теріс мінездерді қалыптастыруына жол ашады. Ата-аналар отбасы қаржысының қандай еңбекпен табылатынын, ақшаны калай тиімді жұмсау қажеттілігін балаларына түсіндіріп отыруы тиіс. Ата-ана балаларына жұмсауға ақша бергенде мөлшерлеп жұмсауға тиіс екендігін айтып отырған абзал. Мөлшерден артық ақшасы бар бала оны қалай болса солай жұмсап, ақшаның құнын бағаламай кетуге әдеттене бастайды. Сондықтан оқушы ата-аналарыньщ еңбегін, тапқан табысын қастерлей білуге дағдыланғаны жөн. Ендеше мұғалім экономикалық тәрбие беру үшін қазіргі нарықтық экономика жайлы заңдылықтарды көбірек біліп, терең түсініп, оны тәрбие барысында пайдалана білуі өте маңызды.

      Экономика бағытында шаңырақ көтерген «Болашақ» арнайы мамандандырылған орта мектебінде оқушылардың қарапайым экономикалық түсініктерінің шеңберін кеңейтуге, нарықты жан-жақты зерттеуді үйретуге жасалып отырған қадамдардың бірі - «Қолданбалы экономика» курсының «Экономика мен менеджментті модельдеу» бағдарламасы. Бағдарламада аталмыш курсты оқыту барысында оқушыларга бәсекелес орта жағдайында қандай да бір тауар өндіретін, екі және одан көп мектеп компанияларын басқарудың ерекше мүмкіндігін ұсынады, яғни нақты бизнес өлемін модельдейді. Окушылар мұнда пайда шамасы, сату көлемі және өткізу нарығы жөнінен өзара бәсекеге түсіп, қаржы құжаттарын зерттеуге көп көңіл бөледі. Жыл сайын мектепте жоғары сынып оқушыларының арасында «Экономика мен менеджментті модельдеу» атты компьютерлік бағдарлама бойынша экономикалык жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бұл жарыстың басты мақсаты - оқушыларға бәсекелес орта жағдайында өз бизнесімен айналысуға мүмкіндік беру.

        «Болашак» мектебі тек экономикалық білім мен ғылымға ғана емес, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөледі. Мектепте жиі өтетін кездесулер, өнеге сағаттары, тәрбие сабақтары, кештер мен зерде дамыту ойындары бала жүрегіне адамгершілік, кайырымдылық, тапқырлық, сыпайылық сияқты ізгі қасиеттерді ұялатары сөзсіз. Экономикалық тәрбие жұмысының басты мақсаты - окушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамдық экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру. Мектептерде өтетін түрлі тақырыппен  өтетін жәрмеңкеде оқушылар өздерінің қалауы бойынша бірнеше компанияларға бөлініп, өздерінің қолымен жасаған тауарларды рынокта ұсыну. Мұнда оқушы-кәсіпкер маркетинг зерттеулер жүргізуді үйренеді: ұсынылған тауардың өзіндік құнын, шығынын анықтап, бағасын белгілейді, жарнама жасайды. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырьш, өзі кірісі мен шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Сондай-ақ мектептерде ар алуан тақырыппен өткізілетін, мәселен «Әлсіз буын» атты зерделілік – шоуы. Мұнда оқушылар ақшаның тегіннен тегін келмейтіндігін, банк туралы ұғым және оның жұмыс істеу ұстанымдарымен танысады. Бұл ойын оқушыларға қоғамның экономикалық белсенді мүшесі болуға, дұрыс кәсіптік бағдар беруге көмектеседі.

      Окушыларды  экономикалык теорияның ең маңызды  білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дарыту, экономикалық жағдайларды өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету мақсатында жыл бойына мектеп оқушылары бизнес-клубтарға қатысып, арнайы сертификаттар алады. Сонымен қатар, жазғы уақытта мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылатын экономикалық лагерьге де ұдайы барып тұрады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді.

      Қысқасы, экономикалық тәрбие беру - қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Экономикалык табыс, елдің және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуіне, сөйтіп бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысты екендігін оқушы зердесіне құю үшін мектеп ұжымы белсене атсалысып келеді. 

     2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық сауаттылық 

     Егемен еліміздің ертеңгі әлауқаты, экономикалық даму деңгейі Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауларында көрсетілгендей, бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарында болу үшін болашақ мамандардың біліктілігіне қойылатын заман талабы да күшейе түсуде. Ал осы бәсекелестікке қабілетті, жан-жақты теориялық дайындығы жоғары маман даярлау - бүгінгі күннің басты мақсаты. Бұл үшін біріншіден, бүгінгі студент - ертеңгі мамандардың болашақта бәсекелестікке қабілетті нарық заңдылықта-рын игерген, іскер болуына назар аудару қажет. Өйткені, қоғамдық өзгерістердің жедел дамуы, өнім өндірудің күрделенуі әлеуметтік саладағы терең өзгерістер, ғылым мен техниканың тез өзгеріске түсіп отыруы, саяси саладағы реформалар жастардан білім мен кәсіби шеберлікті үнемі арттырып, жетілдіріп отыруды талап етеді.

     Колледжде жүргізілетін кәсіби пәндермен қатар  математика пәнінің де студенттерге берері көп. Дегенмен, гуманитарлық бағыттағы  арнаулы орта оқу орындарында  математика пәніне берілетін сағаттар саны тым шектеулі, сондықтан игеруге  қажетті тақырыптар мен тараулардың дұрыс іріктелуі қажет.

     Болашақ заңгерлер үшін де, басқа бағыттағы  мамандықтар үшін де математика пәні алдымен логикалық ойлау жүйесін қалыптастырып, дұрыс шешімдер қабылдауға дағдыландырады және нарықтық экономика негізі - математикалық сауаттылық болғандықтан, оның заңдылық байланыстары күнделікті тұрмыс тіршілікте әрбір азамат үшін аса қажеттілік болып табылады.

     Экономиканың  өсуі үшін ең маңызды аспектілердің бірі - жаңа технологиялар мен жаңалықтар енгізу (өзгерістер). Білім алу - бұл тек түсініп еске сақтау ғана емес, оны түрлі мәселелерде шешуге қолдана білу, біліктілік пен дағдыны өмірдегі қажеттілік керегіне жарата білу. Қандай оқу орны болсын өз түлектерін біліммен, тәрбиемен қаруландыра отырып жан-жақты мамандықтарға даярлайды, оны еңбекшіл жеке тұлға етіп қалыптастыруға күш салады. Бұл бағытта математика өте маңызды орын алады. Онсыз ғылымның қарыштап дамып отырғанынан, техниканың өзгерісінен, технологияның жетістіктерінен түсінік алу мүмкін емес. Демек, болашақ мамандық таңдау барысында жастардың математикалық сауаттылық деңгейіне мән беру қажет.

     Студенттердің математикаға негізделген экономикалық сауаттылығын қалыптастырудың кең  тараған түрі: тәжірибелік есептер шығару, диаграммалық кестелер арқылы салыстырмалы көрсеткіштер және теңдеулер мен пайыздарға берілген есептер шығару. Математикалық білім мен дағды тек қана есептеумен шектелмеуі тиіс. Алған білім міндетті түрде адамның өзіне, қоғамға, мемлекетке қызмет етуі керек, яғни, функционалдық қызмет атқаруы тиіс. Геометриялық өлшемдерді салу, түрлі кестелерді кескіндеу және оны орындай білу, кескіндер мен графиктерді сала білу, нәтиженің қандай болатынын математикалық болжау арқылы жобалау, т.б. талаптарды орындай алуы тиіс. Берілген ақпараттар адқылы студенттер өз беттерімен сараптама жасап, нәтижесі туралы өз байламдарын тұжырымдай білулері қажет. Тақырыптық сөз есептерді орындау барысында студенттер көбіне оның математикалық амалдарын орындауға көңіл бөледі де, есептің экономикалық тұсы назардан тыс қалып жатады. Сондықтан да тәжірибелік сабақтарда теориялық мазмұнына сәйкес есептер алынып, оның нарық негіздерімен байланысты тұстары баяндалып отыруы тиіс.

     Колледж бітіруші әрбір түлек заман сұранысына сай әрі заңгер, әрі экономикалық сауатты болуы - бәсекелестікке қабілетті болудың басты шарты. Болашақ заң саласының қызметкерлері үшін мәліметтермен жұмыс жасауы басты мәселе. Демек, бұл істе математикалық жаттығуларды логикалық жолмен орындаудың бір әдістемесі - сұрыптау, талдау (анализ және синтез). Бұл талдаулар тек қана математика көлемінде емес, барлық салада да қолданылады. Білімді қолданып, идеяларды талдау мен бағалау аса маңызды. Онсыз дайын материалдарды игеру, жаңаларын түсіну мүмкін емес.

     Сараптама жасай білу - адам өмірінің барлық кезеңінде жеке тұлғаның жұмыс сапасының басты көрсеткіші. Экономикалық пен саяси құқық және еркіндік бір-бірімен тығыз байланысты.  
 

     2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы. 

     Соңғы жылдары математика ғылымының басқа салаларына кең көлемде тереңдей енуі байқалады. Бір қарағанда химия, биология, әлеуметтану, медицина, лингивистика, экономика және басқа пәндер математикадан алыстау көрінгенімен, ақпараттық және индустриалдық салаларда математиканың қолданбалы мүмкіндігі кеңи түсті. Сондықтан да осы мүмкіндіктерді орта оқу орындарындағы бағдарламаларға енгізіп, оқушыларды математикалық білімді таным құралы ретінде қолдануға дайындау қажет.

     Мектептерде оқытуды кәсіби дифференциялау жүйесіндегі кез келген бағыт ерекше білімдік мақсаттар мен тиісті іс-әрекеттер саласы қоғам қажеттілігінде үлкен маңызға ие. Білімдік мақсаттары мыналар: ойлаудың экономикалық түрін дамыту, математиканың көмегімен экономикаға қызығуды қалыптастыру, сондай-ақ, математиканың экономикамен байланысты жұмыстардағы орнын түсіну, алынған білімді экономикалық тапсырмаларды шешуде пайдалана білу.

     Нарықтық қатынастардың өмірге енуі қоғамның әлеуметтік құрылымына өзгерістер әкеліп, кәсіпкерлік топтардың сандары мен түрлі экономикалық құрылымдарда еңбек жасайтындардың қатарын көбейтті. Бұл жағдай білімді терең түрде реформалауды тапап етеді. ІІІетелдік ғылымда “экономика” және “математикалық экономика” деп бөлу жоқ. Бірақ, экономикалық жағдайларда математикалық аппараттар пайдаланылады. Математикалық аппараттардың ішінде математикалық моделдеу әдістерін, желілік жоспарлауды, математикалық статистикаларды меңгеру, экономистердің ойынша, экономикалық білімнің стандарты болып табылады. Соған қарамастан теориялық математика саласында әлемдегі жетекші орындардың бірінде болған КСРО-да соңғы кезге дейін экономикалық мамандықтарға оқытатын орындардағы пәндер тізіміне математикалық экономика мен қолданбалы математиканың көптеген тараулары енгізілмеген еді. Мұндай жағдайдың өзіндік себептері де болды. Оның ең бастысы - жоспарлы экономика үшін қолданбалы математика білімдерімен қаруланған мамандардың керек болмауы. Бірақ, соған қарамастан осы заманғы математиканың негізін құрастыратын алғашқы амалдар мен әдіс-тәсілдерді бұрынғы КСРО-ның ғалымдары енгізген болатын. Мәселен, сұраныс теориясының негізін қалаушы Е. Слуцкий, ал “шығын шығару әдісін бүгінде АҚШ-та тұратын Нобель сыйлығының иегері, әлемге танымал экономист В.Леонтьев ойлап тапқан.

Информация о работе Экономикалық тәрбие