Білім сапасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:57, реферат

Описание работы

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Работа содержит 1 файл

Білім сапасы.doc

— 240.50 Кб (Скачать)

    -        ҰБТ-ге дайындық жұмысын жаңаша бағытта жүргізу, кешенді бағдарлама жасау;

    -        Республикалық, облыстық мамандар кәсібін дамыту институттарымен бірлесе отырып, пән мұғалімдерінің, мектеп психологтерінің  кәсіби біліктілігін дамыту,

    -        Республикалық «Дарын» орталығымен байланыс орнатып, оқушыларды сырттай оқыту,

    -        Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау жұмыстарын жандандыру,

    -        Ұлттық тестілеу орталығымен тығыз байланыс жасап, жыл бойы оқушылардан сапалы сынақ тестілерін алу,

    -        ҰБТ- ге дайындық жұмыстарының жүргізілуіне аудандық білім бөлімі тарапынан басшылық пен бақылау жасауды жандандыру.

    Құрметті  әріптестер!

    Қазіргі кездегі республикамызда қолға  алған білім беру жүйесін реформалау ісі саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты.

    12 жылдық білім берудің жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болды. 5 жастағы балаларды мектеп алды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепте оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асады.

    Қазақстанның  болашағын ойласақ, еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда жаңа адамды тұлға қылып қалыптастыру бағытында жұмыс істеуі тиіс.

    Бастауыш  саты –бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын  құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп –тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

    «Білім негізі - бастауышта » демекші жеке тұлғаны қалыптастырамыз десек, білім берудің бірінші сатысында оқыту мен тәрбиелеуде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен игеру үшін оқу, жазу,есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым –қатынас тәжірбиесін,шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін мінез-құлық мәдениетін гигиена және салауатты өмір салтын қалыптасыруға баса көңіл бөлу қажет.

    Білім беру жүйесінің міндеті ең алдымен білім берудің қазіргі сапасы мен мазмұны белгілейтін өзекті құзіреттілікті қалыптастыруға жағдай туғызу. Мұнда тәрбие беру міндетін қайта қарау мен жүйелі қосымша білім беруді ұйымдастыруға жағдай туғызудың атқарар рөлі зор.

    Аудан әкімінің қаулысының негізінде оқушылардың  жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 72 мектеп жанындағы лагерь құрылып 24147 бала демалды.Оның ішінде Көктөбе, Кенжебаев, Молдағұлова,Мақатаев, Әуезов орта мектебінің жанынан құрылған лагерьде ыстық тамақпен қамтамасыз етсе, Молдағұлова, Бижанов, Кенжебаев, Орынбетов, Абылайхан, Тоқатаев, Терешкова, Островский, Мақатаев, Таиров, Горький, Жандосов, Қонаев орта мектебінің лагерінде пәндік бағдарлы оқыту ұйымдастырылды. Көгалдандыру бригадасына 1452 оқушы қамтылса, жоғарғы сыныптың 6000 оқушысы, 68 мұғалім, 120 жетекші, 72 мед. қызыметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. Майлин,Островский, Орынбетов, Уәлиханов, Мақатаев, Қонаев, Розыбақиев, Абай, Әймен, Мұхамади, Рысқұлов, Жансүгіров, Бубенцов, Қаиыпов, Садыр, Абдуллин орта мектептерінің тұрғылықты жерлерінде 145 аула клубтары ұйымдастырылды. «Алтын адам» туристік- экологиялық лагерінде 225 оқушы, оның ішінде ата-анасының қамқорлығысыз қалған 33 бала тегін демалды.

    Құрметті  қауым!  Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты. Демек, мұғалімнің кәсіби қызығушылығын қалыптастыру – мұғалімдерді даярлау саласының алғышарты ретінде бағаланады. Мұғалімдерді жан-жақты маман ретінде даярлауда аудан әдіскерлерінің еңбегі зор болуы тиіс. Әдістемелік жұмыстың міндеті мұғалімнің біліктілік деңгейінің өсуіне, педагогикалық шеберлігіне және шығармашылығының дамуына көмектесу. Аудан мектептеріне, мұғалімдерге әдістемелік көрсету, озық іс-тәжірибе тарату мақсатында әдістемелік кабинет және әр пәндер бойынша шығармашылық топтар, тірек мектептер жұмыс істеп, мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңартуға, жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіруге, жетілдіруге, пед.кадрлардың кәсіби біліктілігін шыңдауға әсерін тигізуде.

    Мұғалімдерді  жан-жақты маман ретінде даярлауға, кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін түрлі байқаулар, педоқулар, семинарлар жыл бойы ұйымдастырылып, оң нәтижесін көрсетті.

    Әдістемелік кабинет пен аудан мектептері  ортақ мүддеге жұмылып, өзара тығыз қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс істесе, нәтижесі де жаман болмасы анық.

    Құрметті  әріптестер!

    Мектеп  жұмысының ішіндегі ең бастысы –  педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты бақылау мен басшылық жасау. Мектеп жұмысын меңгеріп зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға – мектеп басшысы мен оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық қағида негізінде іске асыруды басты мақсат етіп алуы қажет. Дегенмен, көптеген мектептерімізде бақылау мен басшылықтың әлсіздігінен оқу – тәрбие процесінде кемшіліктер жіберілуде. Мысалы мектептерде жылдық оқу – тәрбие жоспарын, жұмыстық оқу жоспарын жасауда бірізділіктің болуы, тереңдетіп профильді оқытатын сыныптар ашуға жеткілікті көніл бөлінбейтіндігі, таңдау пәніне бөлінген сағаттардың мақсатты пайдаланбауы сияқты басты кемшіліктер кетуде.

    Мектепшілік бақылау мен басшылықтың салғырттығынан 2007 – 2008 оқу жылындағы МАБ–дан өткен 33 мектептің 12 – сі қайта атестаттауға түскен. Ал биылғы оқу жылында МАБ-ға аудан бойынша 80 пайыз мектептер қамтылып, облыс бойынша 9-сыныптардың ортақ балы 53 болса, бұл деңгейге 16 мектеп жете алмаған. 4-сыныптар бойынша 28 мектеп төменгі деңгейде болды. Ең аландатарлығы Әл-Фараби орта мектебінің 98 оқушысы жекелеген пәндерден шектік деңгейге жете алмай, қайта аттестаттауға түсу қаупінде тұр. Островский орта мектебінің 16 оқушысы, Қайыпов орта мектебінде 14, Масақ, Саттаров, Қорам орта мектептерінің 11- сынып оқушысы да шектік деңгейді көрсете алмай, мектептегі білім сапасының төмендігін көрсеткен.

    Қазақ халқының дәстүрінде жастар тәрбиесі – халықтың болашағы ұлт тағдыры  болып есептелген.

    Елбасының бұған дейінгі де Жолдаулары уақыт жүгін енсеріп, білім беру мекемелерінің алдында тұрған жастар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдерге құқықтың тәрбие берудің орасан зор міндеттерін шешуге жол ашқандығы белгілі. Күннен -күнге өріс алып келе жатқан қылмыспен күресу қазіргі таңдағы өзекті мәселе, ортақ іс болып табылады.

    Аудан бойынша 128 оқушы жасөспірімдер инспекциясының есебінде тұрады. Кәмелетке толмаған, қылмыстық істер жөніндегі есепте  тұрған 18 жасөспірімнің 7-еуі біздің мектептеріміздің   оқушылары. 

    Оқушылардың бір -біріне әлімжеттік күш көрсету арқылы ақша талап ету фактілері Сәтпаев, Әл -Фараби, Тоқатаев, Аблайхан  орта мектептерінде жиі кездесуде.Бұл мектептегі тәрбие жөніндегі орынбасарларының бақылаудағы кемшіліктерінің салдарынан белең алуда. Осы заманғы мектептің қандай да бір өзекті мәселелерді алсақ та, оларды шешуде, ең алдымен, мектеп психологінің, одан кейін мектеп басшысының кәсіби шеберлігіне байланысты десек, кейбір мектептердегі психологиялық ахуалдың дұрыс қалыптаспауынан, яғни, мектеп басшысы мен мұғалімдердің, ата – аналардың өзара түсініспеушілігі орын алуда. Осының салдарынан Президент әкімшілігінен бастап министірлік, білім басқармаларына толассыз арыз – шағымдар түсуде.

    Бұл арыз–шағымдардың негізгі мазмұны  бір, мектеп басшысының заңсыз әрекетке баруы, мұғалім жүктемесінің дұрыс бөлінбеуі, одан қала берсе, директор мен мұғалім, ата-ана арасындағы жеке арақатынас.

    Осындай арыз шағымның кикілжіңімен жүрген мектептерден қандай білім сапасын күтуге болады?!

    Құрметті  қауым!

«Басқадан кем  болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу, бай болуға кәсіп, ал  күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген Ахмет Байтұрсыновтың даналығын ұстана отырып,  біз алдымызға басты мақсаттар қоюымыз қажет.               

-    әдістемелік шеберлікті шыңдау арқылы сабақ беру сапасын жақсарту,

    -        сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды жандандыра отырып, ата – аналармен байланысты нығайту арқылы саналы тәртіпке қол жеткізу.

    -        педагог кадрлердің кәсіби біліктілігін арттыру,

    -        оқу үрдісінде ақпараттандыру технологиясын тиімді пайдалану,

    -        басқару мен басшылық жұмысының сапасын арттыру, білім беру мекемелерін аттестаттау,

    -        оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жетілдіру.

    Сөзімді қорытындылай келе, бүгінгі ауданымызда жүргізіліп жатқан білім жүйесін жалпы талдай отырып, өзіндік кемшіліктер мен артықшылығына, осы жүйені кешенді жолға қоюдың тиімділігі мен нәтижелілігіне көңіл аудардық. Жіберілген кемшіліктерімізді мойындау – атқарған жұмысымызды сыни бағалауға әсерін тигізіп, мүмкіндігінше объективті талдап, болашаққа мақсатты жоспар құруға мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы бүлдіршіннің ертеңгі еліміздің тізгінін қолына ұстайтын азамат болуын қалыптастыру бәріміздің міндетіміз болып келеді және міндетіміз болып қала бермек.

    Ендеше, асқақ мақсат жолында бәріміз  бір кісідей жұмылып, нақты іске кірісейік! Біз бірлесе қимылдап, біліктілік танытар болсақ, кез келген сыннан лайықты шығатынымыз сөзсіз. Оған біздің толық мүмкіндігіміз бар! Биылғы жаңа оқу жылы баршанызға жаңа табыстар әкелсін!

    Елімізді  өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт  пен шаттық тілеймін!   

15  
 
 
 
 
 
 
 
 

Сапалы білім мен кәсіби шеберлік — заман қажеттілігі

Еліміз  егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда. Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты деген бағыттарын айқындауға және нақтылы міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне байланысты.

Бәсекеге  қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етеді.

Осындай талаптарды іске асыру мақсатында Солтүстік  Қазақстан педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

  • білім беруді бейіндендіру, полимәдениеттендіру және ақпараттандыруға байланысты педагог кадрларды қайта даярлау мазмұнын жаңарту;
  • педагог кадрларды кіріктірілген мамандықтар бойынша қайта даярлау және дайындықтарды ұйымдастыру;
  • педагогтардың жалпы кәсіби өзіндік үздіксіз білім алуына жағдай жасау;
  • инновациялық технологияларды тарату және іске асыру;
  • білім беру үрдісіндегі диагностика және мониторингті, эксперименталды және ғылыми-педагогикалық қызметтерді үйлестіру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бүкіл дүние жүзілік білім кеңістігіне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс -әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Информация о работе Білім сапасы