Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:57, реферат
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Осы теңсіздікті жою мақсатында Алматы облыстық мамандарды кәсіби даярлау институты және Талдықорған қаласы ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында тегін көшпелі курстар өткізіліп,аудан мектептерінің пән мұғалімдері оқытылды.
«Ұйымдастырған ұтады» демекші, жуырда демеушілердің көмегімен Қорам орта мектебі интернет желісімен тұрақты жұмыс істеу үшін «SKEH » спутниктік жүйеге қосылды.
Қай елдің халқы ақпаратты, білімді технологияларды мүмкіндігінше өнімді пайдаланса, болашақ сол елге тәуелді екендігін заман ағымы дәлелдеп отыр.
Құрметті әріптестер!
Білім сапасын білім беру үрдісінде нәтижеге жететін технологияларды қолдау арқылы көтеруге болады. Себебі ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен өлшенбейді, оның критерийі-функционалдық сауаттылық. Бұл проблеманы шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты. Біздің білім берудегі ертеңіміз - оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамушы, сындарлы білім беру моделіне көшу. Ал ұстаздардың міндеті осы оң өзгерістерді шығармашылықпен іске асыру.
Ағымдағы жылы ауданымызда педагогика ғылымының докторы Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы бойынша 3 кезеңде көшпелі курс ұйымдастырылды. Білім берудің жаңа мазмұнын оқу үрдісіне енгізудегі бұл технология әр оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқытуды көздесе, ұстаздар үшін оқулықтарға негізделген авторлық жұмыс дәптерлерін, күнтізбелік жоспар жасауға мүмкіндіктер береді. Бұл курсқа аудан бойынша 35 мектептің мұғалімдері қатысып, сертификат алса, алдағы оқу жылынан бастап кординаторлар ретінде өз мектебіне енгізіп, нәтижелі жұмыс істесе, республика көлемінде іс-тәжірибесін тарату мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі жаһандану заманында білім әлеміндегі жаңа технологияларды пайдалану - жаңарудың бастамасы десек, мектептерде эксперименттер жүргізу- оның бір тұтқасы. Ауданымызда 81 білім ошағы бола тұра, 12 жылдық білімге көшу эксперименті ғана жүргізілуде. 50 елдің қатарына кіріп, өркениетті елдерге қосылу үшін оқушыларымыздың шет тілдерін жетік меңгергендері абзал. Болашағымызды ойласақ, алдағы уақытта үш тілде тереңдете оқытуға баса назар аударуымыз қажет.
Құрметті қауым!
«Сарқылмайтын терең, бойлаған сайын еселеп арта беретін бір байлық бар, ол – білім, ал білім негізі – мектепте»,- деп Елбасымыз айтпақшы, елімізде мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі, ақысыз орта білім алу құқығы Қазақстан Республикасы Ата заңымен кепілденген және шынайы қамтамасыз етілуде.
Ауданымыздағы 82 білім мекемесінде 38202 оқушы, 77 мектептегі мектепалды даярлық тобында 2542 бүлдіршін білім алуда.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 – бап, 16 – тармағын орындау мақсатында мүмкіндігі шектеулі 173 балаға үйден оқыту ұйымдастырылды. Ал шалғай орналасқан 10 елдімекеннен 1177 бала тасымалданып оқытылды.
Жергілікті бюджет есебінен жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына 36 млн. 137 мың теңге бөлініп жетім және аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлықтар жасалынды. Соның бірі оқушылардың денсаулығын сақтау маңызды болса, балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де түпкілікті шешімін табуда. Атап айтсақ, жуырда мектеп оқушыларының тамақтануын жақсартуда ондағы асханалардың қолынан іс келетін , жағдайы барлық талаптан шығатын шағын және орта кәсіпкерлерге берілетіндігіне байланысты тендер облыстық қаржы басқармасының бастығы Сырым Қасымовтың қатысуымен өткізілді.
Осындай игі істер, қамқорлықтар жасалынып жатса да, бұл салада кемшіліктер кездесуде. Мектеп жасындағы барлық балаларды толық оқумен қамту мәселесі әлі де толық шешілмей келеді. Мектептің негізгі сатысын аяқтаған соң оқушылар оқуын кәсіби мектептерде және колледждерде жалғастыратынын ескерсек, соның өзінде бірді-кеілі бала оқуын ешқай жерде жалғастырмайды. Бұл проблеманы шешудің бір ғана жолы – кешкі мектеп ашу немесе әр мектептің қабырғасында экстернат түрінде білімді жалғастыруды қолға алу болып табылады. Белгілі деңгейде міндетті орта біліммен қамтудың төмендеуі, оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты. Балалардың белгілі санында білім алуға ынтасының жоқтығының салдарынан, ал кейбір жағдайда әлеуметтік себептердің салдарынан оқушылардың сабақты себепсіз қалдыруы жиілеп отыр.
Бұндай
келеңсіздіктердің себептері
- оқушылардың сабаққа қатысуын сапалы есепке алудың болмауынан;
- оқушының мектепке келмеу фактілерін әкімшілік тарапынан жасыру;
- сабақты себепсіз қалдыратын оқушылармен жұмыстың жүйелі жүргізілмеуі, яғни, мектеп психологінің, тәрбие жөніндегі орынбасарлардың жұмысының нашарлығы.
Осындай кемшіліктердің салдарынан оқушылар сапалы білімге толыққанды қол жеткізе алмауда.
Оқуға
қабылдау мен сабаққа қатысу т.б
көрсеткіштермен қатар, қажетті
индикаторлардың бірі – оқушылардың
оқу жетістігі. Осы өлшем бойынша
қазіргі күнде ауданымызда білі
Оқытуды ұйымдастыру, білім сапасы туралы сөз қозғалса, бірден оқушының оқулықпен қамтамасыз етілуі ескеріледі. Бұл тұрғыда айтар болсақ, оқулықпен қамту аудан бойынша 98 пайызды құрайды. 2008 жылы 55млн 400мың теңге қаржыға бөлініп, оның 42 млн 410 мыңына оқулықтар, 12 млн 593 мыңына әдістемелік көмекші құрылдар алынып, таратылды.
2008
– 2009 оқу жылында 1 – сыныпқа
арналған оқулықтар қазақ
Жылдан-жылға оқулықтармен, көрнекілік құралдар және әдістемелік оқулықтармен қамтамасыз етілу оңды шешімін тауып келеді.
Қадірлі қауым!
Қазіргі қоғамның дамуы өмірге жан – жақты дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық тұрғыдан бай, жоғары білімді, яғни, әлемдік білім стандарттарына сай келетін тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.
Биыл еліміз бойынша бірінші рет 15 жастағы оқушылардың қызметтік сауаттылығын бағалау үшін PISA халықаралық бағдарламасының зерттеу әдістемесі, сынау диагностикасы жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты 15 жастағы жас адамдардың қоғам өміріне белсене қатысу қабілеттілігін, сауаттылығын бағалау болды. Осы зерттеуге ауданымыздан Ломоносов мектебінің 36 оқушысы қатысты.
Республика бойынша зерттеудің нәтижесінде тестіленген оқушылардың 40 пайызы алған білімдерін өмірде қолдана алмайтындығын көрсеткен. Әсіресе, жаратылыстану, әдебиет пәндерінен, математикадан ең төменгі қызметтк сауаттылықтарын байқатқан. Сонымен бұл сынау тестілеуінің қорытындысы еліміздегі оқушылардың қоғам өміріне қазіргі заманғы халықаралық талаптарға жеткіліксіз дайындығын көрсеткен. Бұл ұлт болашағын ойлайтын ұстаздар қауымын, әр қайсымызды ойландыратын мәселе.
Алысқа бармай–ақ, ҰБТ нәтижесі біздің ауданымыздың оқушылары математика, физика пәндерінен сауаттылығы төмен екендігін дәлелдеді. Математика пәнінен тестке қатысқан 1310 оқушының 319 – і ғана жақсы бағы алып, 24 пайыз білім сапасын көрсетсе, 37 оқушы «2» алды, алайда, мемлекеттік білім стандарты, әр пәннен кем дегенде 35 пайыз сапа көрсетуді талап ететінін естен шығармайық.
Оқушылардың білім сапасын нақты көрсететін жекелеген пәндердің сапа көрсеткіші мен үлгерімі екендігі бәрімізге аян. Олай болса, сол пәндерден білім беріп, сынаққа дайындаған ұстаздар қаумының білгірлігі мен біліктілік деңгейі де осы ҰБТ кезінде көрінді.
Дегенмен, ҚТЛ-і, Абылайхан, Молдағұлова, Тоқатаев, Шорманов, Горький, Алтынсарин/Ш, Бижанов орта мектептерінде жүйелі дайындық пен ұтымды ұйымдастырушылықтың арқасында жекелеген пәндер бойынша 60-80 пайыз білім сапасын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Жылдағымен салыстырғанда биыл география, биология, тарих пәндерінен сапа көрсеткіші жоғары болып отыр.
Мысалы 2007-2008 оқу жылында география пәнінен сапа 46 пайыз болса, биыл 77 пайыз, биологиядан былтыр 46 пайыз сапа көрсетсе, биыл 64 пайыз, тарих пәнінен былтыр 42 пайыз сапа берсе, биыл 73 пайызға көтерілген.
Облыс
бойынша ҰБТ–ның қорытынды
2007, 2008, 2009 жылдардағы ҰБТ қорытындысын саралағанда Островский, Қазақстан, Ломоносов, Әубәкіров, Жандосов/Ш, Әуезов орта мектептерінің түлектері жекелеген пәндер бойынша үш жыл қатарынан «екі» алып келеді.
Түлектердің ҰБТ – ға қатысу пайызы 2006 – 2007 оқу жылында 86,3 пайыз, 2007 – 2008 оқу жылында 77 пайыз болса, биыл 64,7 пайызды құрап өткен жылғымен салыстырғанда 12,5 пайызға азайғанымен, білім сапасының төмен болуы алаңдатарлық жайт. Әрине бұған дейінде ҰБТ –дің қорытындысы бірнеше рет талданып- талқыланып білім сапасын төмен көрсеткен мектеп басшыларына тәртіптік шара қолданылды.
Биылғы оқу жылында өткізілген ҰБТ –дің қорытындысы біздің ауданымыздағы оқушылардың алған білімінің нақты көрсеткіші екені бәрімізге белгілі. Аудан әкімі тарапынан білім саласына жасалып жатқан қамқорлықты ескерсек, біздің көрсеткіштеріміздің әлі де төмен екенін мойындауымыз керек. Білім көрсеткішінің төмен болуына тек пән иелері ғана емес, сонымен бірге аудандық білім бөлімі тарапынан бақылау-басшылықтың әлсіздігі және міндеттерін дұрыс атқармаған директорларына да қатысы бар.
Өткен ісімізді жан- жақты сараптай келе, биылғы жаңа оқу жылында білім сапасының жұмысын жаңаша бағытта жүргізу жоспары жасалынуда.
ҰБТ кезінде оқушылардың өзін өзі ұстау,күйзеліс жағдайында болуы, яғни, психологиялық дайындығының нашар екендігі байқалды. Бұның себебі мектепке маман емес кадрлардың алынуы, ата-анамен байланыстың жоқтығынан болып отыр. Сол сияқты мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарларының жиі ауысуы, техникалық хатшылардың жұмысының төмен дәрежеде болуы әсерін тигізуде.
Сондықтан
аудан бойынша мектеп психологтерінің
сапалық құрамын анықтап,
Олай болса, болашақта облысымыздың алдыңғы қатарлы аудандарының бірі болуға ұмтылып, білім сапасын көтеру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер белгілеуіміз қажет: