Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:57, реферат
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Білімнің
сапасын көтерудің қазіргі
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр.
Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиылық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Осыған орай, білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып “Сапа” ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі – стандартқа сәйкестігі, екіншісі – оқушының сұранысын қанағаттандыру.
Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар ( Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларынң қабілеттерін дамыту (Б. Тұрғымбаева) эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С.А. Ұзақбаева, Б.А. Әлмұхамбетов, А. Қомақов) зерделенген еңбектерінде балалардың көркем мәдениеттік тәрбиесін жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып, көрсетілген.
Дамыта
оқыту технологиясының
Шығармашылық
- өте күрделі психологиялық
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.
Балалардың логикалық ойлауын дамытуға, оқу белсенділігін арттыруға деңгейлеп оқыту ерекше әсер береді.
Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат – балаға білімді даяр түрде берілмей, мұғалім баяндап бермей, олардын алдына белгілі проблеманы міндетті қойып, соны өздері шештіруге бағыттау. Деңгейлік оқытудың негізгі ерекшелігі баланың білетіні мен білмейтінің және проблемалы міндетті шешуге дайын тұрған тәсіл болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Білімнің
жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты
меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс
түсінбеушілік ұйымдастырушыға
әртүрлі кедергі жасайтыны
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала сапасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Жұмыстың мақсаты: Балаларға сапалы білім берудің жан-жақты амал-әдістерінің ғылыми негіздерін ашу. Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. Білім сапасын жетілдірудегі жаңа технология негіздеріне тоқтала отырып, пайдасын, әсерін нақты мысалдармен дәлелдеу.
Жұмыстың міндеттері:
- балалардың шығармашылық тілін дамыту әдістемесі
- балаларды сөйлету әрекеті арқылы тілін дамыту;
- балалардың тілдерін түрлі әдіс -тәсілдер арқылы жетілдіру;
- көркем сөз, көркем ой арқылы байланыстырып
сөйлеуге үйрету;
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминің әр қырынан ашып көрсетуде.
Технология - өндірістік үрдісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. ( Кларин М.В.)
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған ( Монахов В.М.)
Технология – дидактикалық жүйенің процесуалды бөлігі ( Чаянов М.)
Педагогикалық технология – тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ( Беспалько В.П.)
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ғылым сапасында оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар және нақты оқыту процесі сапасында функция атқарады. ( Селевко Г.К.)
Білім беру технологиялары мына негізде ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы;
- перспективалық - озық оқыту технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіп, оқыту технологиясы;
- жекелеген оқытудың технологиясы;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.
Педагогикалық технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады:
Салалық ( пәндік): бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабақ технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
1. Концептуалдық негізінің болуы қандай да бір технология философиялық, педагогикалық, технологиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс.
2.
Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің
барлық бөліктері логикалық
3.
Басқаруға оңтайлығы.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын міндетті түрде қанағаттандыруы тиіс.
5. Қайталауға жарамдығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктін мол болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзімен құрамдас бөліктері болып:
- әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
- педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
- озат педагогикалық тәжірибелер;
- отандық, шетелдік тәжірибелерді нысанға алу;
- этнопедагогика.
Педагогикалық
технологияларды мынадай
1. Педагогикалық қарым – қатнасты ізгіліктік негізінде құру;
- ынтымақтастық педагогика;
- ізгілікті – тұлғалық оқыту технологиясы;
- адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу.
2. Баланың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.
- ойын сабақ технологиясы;
- проблемалық оқыту;
- тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы;
- коммуникативті оқыту жүйесі.