Білім сапасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:57, реферат

Описание работы

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Работа содержит 1 файл

Білім сапасы.doc

— 240.50 Кб (Скачать)

  Ұлы мұғалім –  шаттандырады! - деген

Уордтың сөзімен аяқтауды  жөн көрдім...   
 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

2. Маркова А.С. Психология труда учителя // М.Просвещение, 1993 жыл.

3. Ботамқұлова  А. Білім беру жүйесінде мұғалімдердің құзіреттілігін қалыптастыру // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

4. Құлмағамбетова  Б. Қазақ тілін оқыту методикасы // Алматы «Мектеп» 1988 жыл. 
 
 

Қай дәуірде болмасын ұрпақ тәрбиесі, білім мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірде де күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайдағы білім ордасы мектеп және жоғарғы оқу орны, ал мектептің жаны - мұғалім немесе педагог екендігі баршаға мәлім. Адамзат баласының ата-анадан кейінгі ардақ тұтар қасиеттісі ұстаз болған. (1)  

 Педагогтың  кәсіптік деңгейін арттыру үшін  болашақ педагог маманның кәсіби  бейімделуін қалыптастыру мәселесі кезек күттірмейтін қоғам талабы. Бұл мұқтаждықты қанағаттандыру үшін жоғарғы оқу орны педагог мамандар даярлап, жалпы білім беретін мектептерге, қоғамдық ұжымдарға жыл сайын өз түлектерін аттандырады. Ал педагогикалық білім алған жас мамандар қоғамның басты талабын шешуге, оны жүзеге асыруға ат салысады.  

 Қызметке  жаңа келген жас педагогтардың  кәсіби әрекетінің табысты болуы  олардың педагогикалық ұжымының  өміріне қаншалықты тез араласып  кетуіне және еңбек іс-әрекетінде  өздерінің кәсіби қызметтерін қаншалықты нәтижелі орындауына байланысты. Себебі қазіргі кезеңде еліміздегі нарықтық-экономикалық және ғылым мен білім саласындағы өзгерістерге байланысты оқу орындарындағы қызметке жаңаша қарау талап етіледі. Ол өз кезегінде саналы, білімді, дарынды, мәдениетті, белсенді болуды және қандай қиындық болсын төзіп, жұмыс істей алатын жас педагог-мамандарды қажет етеді. Ендеше оларды дайындауда өзі білім алатын жоғарғы оқу орын ұстаздарының ролі өте зор.  

 Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған бағытталған рөлі атап көрсетілген (2). Демек Қазақстандағы жоғарғы білім беру саласындағы алға жылжу мен дамудың қозғаушы күші төмендегідей болып келеді:             

- педагогикалық  дағдыларды, яғни іскерліктерді  қалыптастыру;             

- оқу  жоспарында және пәндерді оқыту  әдістемесінде тұрақты инновацияға  талпыну;             

- жоғарғы  білім беретін мекемелердің қажетті элементі ретінде педагогикалық кафедралардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау;  

 Қазіргі  таңда осы сұрақтардың шешімін  табуға, яғни жоғарғы оқу орнындарында  өткізілетін педагогикалық іс-тәжірибелердің  мазмұны мен маңызына, оның іске  асуына, осы тәжірибелердің мамандардың  кәсіби педагогикалық іс-әрекеттерінде жалғасын табуына және жас мұғалімнің педагогикалық үрдіске орынды араласуына көңіл бөлінуі шарт.  

 «Бейімделу»  ұғымына саятын бұл мәселе  жоғарғы оқу орнын бітірушілер  мен педагогикалық ұжымдар үшін  маңызды. Бұл педагогика ғылымының  алдындағы міндет. Болашақ педагогтың педагогикалық ұжымдағы бірінші жылы оның кәсіби қалыптасуымен сипатталады. Бұл кезең - кәсіби білім алудан кәсіби еңбекке өту, студент дәрежесінен мұғалім дәрежесіне көтерілу кезеңі.  

 Студенттердің  кәсіби бейімдеудегі түпкі мақсат «жоғарғы оқу орындарында алғаш оқыған күндерден бастап, оларды оқушылық позициядан болашақ ұстаздардың позициясына көшіру» (3). Болашақ мамандығына қызығушылық олардың оқу-тәрбие процесіне бейімделуіне оң әсерін тигізеді, оқу процесінен басқа да іс-әрекеттерге қатынасы жауаптырақ болады.  

 Педагогикалық  ұжымға келісімен жас педагогтың  тұлғалық жауапкершілігі артады. Ол басқа да ұстаздармен қатар  балалардың білімі мен тәрбиесіне  жауап береді. Мұғалім еңбегі  үздіксіз ізденісті, өз білімін  жетілдіріп отыруды талап етеді. Педагогикалық ұжым жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу, оқу-тәрбие саласындағы зерттеушілік, тәжірибе алмасу жақтарына мән беру мұғалімдердің ізденісіне шек қоймау, қайта оған жағдай жасап отыру ұстаздың іскерлік негіздерін меңгеруіне ықпал етеді.  

 Ұстаздың  өз бетінше білім жетілдіруі, осы саладағы үздіксіз ізденісті, озат тәжірибені қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, іскерлік негіздері - педагогикалық шеберлікке жеткізудің бір жолы болып саналады.  

 Қазіргі таңдағы зерттеулер көрсетіп отырғандай, жоғарғы оқу орнындағы кәсіптік бейімделу жұмыстары қызметін жаңа бастаған жас педагог маман бейімделу кезеңінде қиындықтарға кезедеседі.  

 Еңбек  жолын жаңа бастаған жас педагог  мамандарда қажетті психологиялық-педагогикалық білімдердің, білік пен дағдылардың болмауы, педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш, көңілі қалу сезімдерін туғызады. Туындаған мәселелердің қиындығы және оларды жеңу жолдарын анық білмеуі олардың көңілінде сенімсіздік туғызып, жас педагог  мамандардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін тигізеді.  

 Жас  педагог мамандардың кәсіби бейімделу  процесі ішкі және сыртқы қайшылықтармен  сипатталады.  

 Кәсіптік  бейімделу процесі барысында  туындайтын ішкі қайшылықтар:

      - жас маманның өз бетінше жұмыс  істеуге ұмтылуы және оған  қажетті білімі, білік-дағдыларының  жоқтығынан, сондай-ақ педагогикалық  ұжымдарды шығармашылық, демократиялық  негіздердің жоқтығынан;

      - жалпы теориялық білім мен оны практикалық қызметінде қолдана алмауынан;

      - жас маманның өзін-өзі таныту  қажеттілігі мен оның коммуникативтік  мүмкіндігінің сәйкессізідігі.  

 Жас  маманның кәсіби бейімделу процесінде  оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтары:

      - жас педагогтардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті олардың жаңа әлеуметтік жағдайы, педагогикалық ұжым мен оның құндылық бағдарлары ұсынатын нақтылы мүмкіндіктер арасында;

      - жас мұғалімнің талап-тілектері  және оны аталған ұжымның тұлғааралық  қарым-қатынастар құрылымындағы  нақтылы алатын орны арасында;

      - педагогикалық ұжымның мамандыққа  байланысты қойылатын нақтылы талап-тілектері мен жас мұғалімдердің даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында;

      - қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігінен  және алғашқы жылдарда қоғамдық - педагогикалық қызметінің көп салалығына байланысты да туындайды. (4)  

 Бұл  қайшылықтарды шешудің жолдарын  ұсына отырып (мысалы, жоғары оқу  орнының оқу - тәрбие процесінің  кәсіби - педагогикалық бағытын күшейту,  педагогикалық ұжымның ролін арттыру т.б), олардың әрқайсысын тұлғалық ерекшелігімен немесе белгілі бір топпен байланыстыра қарау керек.  

 Туындаған  қайшылықтарды жеңу үшін жас  мамандардың алдымен оларды жақсы  түсіне білуі және болатын  қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен  қарауы өте маңызды. Мұндай құлшыныс дайындық сезімі жоғарғы оқу орнында дамытылуы, қалыптасуы насихатталуы керек.  

 Сонымен  қатар қазіргі уақытта мұғалімнің  жеке басы мен іс-әрекетіне  қойылатын талаптар мен педагогикалық  білім беру мекемелерінің түлектерінің даярлық деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар, мұғалімдерді даярлаудың типтік жүйесі мен оның іс-әрекетінің жеке бастық-шығармашылық сипаттамасы арасындағы қайшылықтар тереңдеуде. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық білімммен байланысты проблемаларды шешуді қажет етеді:

      - жаңа мақсат проблемасы,

      - білім берудің жаңа құрылымының проблемасы,

      - білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы,

      - ұйымдастыру формалары мен әдістерін  жаңарту проблемасы.  

 Бұл  айтылған проблемалар көп деңгейлі  педагогикалық білім беру жүйесін енгізудің негізі болып табылады.  

 Көп  деңгейлі педагогикалық білім беру құрылымының мақсаты - жеке тұлға мен қоғамның мәдени-білім беру сұраныстарын білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, экономика мен еңбек нарығының өзгермелі қажеттілігін есепке ала отырып білім беру сферасында мамандарды мәдени, ғылыми, кәсіби даярлауды жоғарылату.  

 Көп  деңгейлі педагогикалық білім беру мына міндеттерді шешуден тұрады:

      - жеке тұлғаға (студентке) - интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін  қанағаттандыру мақсатында алатын білім деңгейі мен мазмұнын өзі таңдап, кәсіби даярлауды жүзеге асыру,

      - қоғамға (білім беру жүйесіне, мектепке) - маманды белгілі бір біліктілік сипаттамасы бойынша қысқа мерзімде алу,

      - оқытушылық корпусқа (факультет,  колледж, университет, институт) - ғылыми және кәсіби-педагогикалық қажеттілікті өте жоғары деңгейде жүзеге асыру.  

 Жас  мамандар жұмысқа кірісе отырып, іс-әрекеттің жаңа түрін орындай  бастайды. Болашақ мұғалімнің жоғарғы  оқу орнынан кейінгі іс-әрекетінің  басты түрлері: бейімділік, танымдық, кәсіби-педагогикалық. Жас маманның бейімділік әрекетінің мазмұны оның сол жұмыс орнының демографиялық, этникалық ортасымен тансуынан басталып, әрі қарай сол педагогикалық ұжымның салтымен, ішкі тәртібімен ұласуы қажет. Туындаған қайшылықтарды жеңуде ерекше орынды жас педагог маманның педагогикалық ұжыммен танысуы, олардың мүшелерімен жақсы қарым-қатынасты орнатуы алады.  

 Жеке  тұлғаның кәсіби қалыптасуының  талдауын қарастыра келе, бұл  процестің негізгі кезеңдерін  көрсетуге болады:

      1. Кәсіби өзін-өзі анықтау-мамандық  таңдауға және мамандық әлеміне  индивидтің таңдаулы қатынасы.

      2. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзегі  әлеуметтік-экономикалық шарттар  мен кәсіби іс-әрекеттің талаптарын, мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін  есепке ала отырып мамандық таңдау болып табылады.

      3. Кәсіби өзін-өзі анықтау барлық  кәсіби өмір ағымында кездеседі:  жеке бастың  мамандығына деген пікірі, кәсіби болмысы жайында  ой қорытындысын жасайды.

      4. Жеке бастың кәсіби өзін-өзі  анықтаудың өзектілігі жалпы  білім беретін мектепті аяқтау, кәсіби мекемеде оқып бітіру, біліктілігін жоғарылату, тұратын жерін ауыстыру, жұмыстан шығу т.б. сияқты оқиғалармен байланысты болады.

      5.Кәсіби  өзін-өзі анықтау жеке бастың  әлеуметтік-психологиялық жағдайының  оның өзіндік өзектілігі мен өзіндік таратудағы қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады.  

 Жас  педагог мамандардың кәсіби бейімделуінде  тағы бір орынды педагогтардың  кәсіби өзін-өзі бағалауы алады.   

 Педагогтың  өзін-өзі бағалауын қалыптастыру  тәсілі - өз нәтижесін жеке тұлға идеалымен, педагог іс-әрекетінің нәтижесімен салыстырады.  

 Бұндай  жұмыс бірінші курстан басталу  қажет. Кәсіби идеалды қалыптастырудың  қарапайым тәсілі - арнайы әдебиет  оқу, көрнекті педагогтардың өмірі  мен шығармашылығымен танысу. Мұғалімнің  дұрыс қалыптасқан идеалы - оның өзін-өзі тәрбиелеу жағдайларының тиімділігі.  

 Өзін-өзі  тәрбиелеу процесінің сыртқы  факторлары:

      - педагогикалық ұжым,

      - мектепті басқару стилі,

      - бос уақыт.  

 Педагогикалық  ұжымға алған келген педагог  оның талаптарын, принциптерін, сындарын көріп, кәсіби идеал талаптарына үйренеді. Мектеп басшылары педагогтарға жағдайлар тудыру керек.  

 Кәсіби  өзін-өзі тәрбиелеу процесінде  бір-бірімен тығыз байланысты 3 кезеңді көрсетуге болады:

Информация о работе Білім сапасы