Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2011 в 19:23, статья
Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға (ата-ана, педагог) тәуелді болады. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, әлеуметтік, эмоцияналдық проблемалар келешекте қиындықтарға әкеліп соқтырады.
«Білім туралы» Заң мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің Типтік ережесіне сәйкес, балабақшаның алдында тұратын ең негізгі міндет -«Баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен қарым-қатынасқа түсу».
Ата-аналар
сауалнамалары талданып, келесі нәтижелер
шықты:
Ата-аналардың ақпараттарды іздеуі:
24% - ата-ана өздеріне сенеді
46% - педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді пайдаланады
30% - тәрбиешілерден
ақпарат алады
Балабақшадан нені алғысы келеді:
25% -ақпаратты баладан алу
45% - баламен қалай сөйлесу керектігі жайлы кеңес
30% - психолог
кеңесі
Ата-аналардың
бала тәрбиесінде
кездестіретін қиындықтарын
анықтадық:
31% - бала нашар тамақтанады
34% - ата – анасын тыңдамайды
35% - ата
- ана өздеріне сенімсіз, қорқыныш сезімдері
басым.
Балабақша педагогтарынан 66 % ата-ана көмек сұрайды, ал 34% - ы көмек сұрамайды, өйткені:
13% - қиындықты өзіміз жоямыз деп санайды;
17% - бұл қиындықтарға көп мағына бермейді;
4% - кеңес беру
педагогтың жұмысына кірмейді деп санайды.
Әрине, осындай көптеген қиын сұрақтар өздігінен шешілмейді. Ол үшін күнделікті жұмыс жүйелі және мақсатты болуы керек. Екінші бағыт бұл отбасымен байланыс - ата-ананың педагогикалық және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналардың құқықтық білімдерін көтеру үшін қандай нормативтік құжаттармен таныстыру керек.
Ең бірінші
рет бала құқығын қорғауды жүзеге
асыратын Біріккен Ұлттық Ұйымында
«ЮНИСЭФ» балалар фонды құрылған.
Бұл фонд бірқатар құжаттар енгізді.
Ата-аналардың құқықтық білімдерін көтеру. |
Бала
құқықтарының декларациясы (1959ж.) -
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігінше өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы. |
Біріккен Ұлттар
Ұйымы Конвенциясы (1989ж) – 54 бапта
бала құқықтары, және ата-аналар құқықтары жайлы жазылған. |
«Білім алу» Заңы |
Қ.Р. Отбасы кодексі |
Қ.Р. Конституциясын білу. Ата – аналар мен балалардың міндеті және құқығы. | «Санитарлық-эпидемиологиялық көмекті дамыту» Қ.Р. Заңы |
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру. |
Мына
бағыттарда жүзеге асырылады.
Баланың
жас ерекшіліктеріне байланысты
физикалық-психологиялық қамту |
Бала тәрбиесіне байланысты жаңа жобалармен танысу. |
Салауатты өмір салтын насихаттау |
Балалардың мәдени-тарихи құндылықтармен таныс болуына көмек көрсету. |
ІІ.
«Іскерлік ойын».
Мақсаты: Ата-анамен жұмысты дифференциалдық тұрғыдан ұйымдастыра білуге; жасау қабілетін қалыптастыру; жағымсыз мәселелерді оңтайлы жолмен шешу; ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін, жаңа жобаларды зерттеу; педагогикалық ұжымда тәжірибе алмасу, пікір бөлісу.
Ұйымдастыру кезеңі: екі жұмыс тобы, бір эксперт тобы.
Ойын барысы.
І
бөлім: Теориялық
бөлім.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Ата-аналармен жұмыс дегенді қалай түсінесіз?
2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формасын атаңыз.
3. Тәрбиеленушінің үйіне бару. Қандай жағдайларда мақсатты түрде үйлеріне бару қажет?
4. Қиын
отбасылармен жұмыс. Қандай
Екінші топқа арналған сұрақтар:
2 бөлім. «Педагогикалық диктант»
Сіздердің педагогикалық диктанттарыңызға қарағанда, педагогтардың % отбасы балабақшаның күнделікті өміріне белсенді араласып оның мағынасын түсінуі қажет деп санайды. Ал ата-аналар сауалнамасы оларға арнайы педагогикалық білімнің жетпейтіндігін көрсетеді.
Сондықтан да ата-аналармен жұмысты екі бөлікке бөлеміз: ата-аналармен педагогикалық тұрғыдан ағарту жұмыстарын жүргізу және оларды балабақша өміріне араластыру.
Педагогтардың
міндеттері: бірінші және екінші
бөліктегі негізгі мәселелерді
шешуде қандай жұмыс формаларын пайдалану
қажеттігін анықтау. Оларды жазыңыздар.
Бөліктер | Тапсырмалар | Формалары |
Ата-аналармен педагогикалық тұрғыдан ағарту жұмыстарын жүргізу | Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру | Лекциялар, семинарлар, іс-тәжірибелік семинарлар, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ата-аналар жиналыстары, кеңестер, көрнекі насихаттаулар |
Ата-аналарды МДМ өміріне араластыру | Ата-аналардың МДМ іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылауға араласуына жағдай жасау | Жарыстар, үйірмелер, газет шығару, жарыстар, біріккен іс-шаралар |
3-бөлім.
«Қазіргі заман талабына сай отбасы-қандай ол?» ойын жаттығуы.
Мақсаты: педагогтардың қазіргі заманға сай отбасы туралы түсініктерін тексеру, олардың ең үлгілі дегендегі жағдайлары қандай болу керектігін талдау.
Жүргізілу
барысы:
4-бөлім. Педагогикалық жағдаяттарды шешу
Мақсаты:
Тәрбиеші мен ата-аналар арасында туындаған келіспеушілікті шешу жағдайындағы педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау.
1.Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
2.Тәрбиеші бес жасар баланың сотқарлығы жайында анасымен сөйлеспекші болады. Әңгімені қалай бастар едіңіз?
3.Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
4.Күндіз
балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі.
Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші:
«Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып
алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан
қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім
бермесе сіз не істер едіңіз?
5
бөлім. Қорытындылау.
- «Бала
балабақшаға қуана барып және
үйіне қуанып қайтуы керек.
Балабақшада балаға көңілді,
- Бірігіп
жұмыс істеу мәселесін шешуде
ата-аналардың психологиялық-
Болжамдық
жауаптар
1. Ата-аналармен жұмыс дегеніміз не?
Ата-аналармен
жұмыс – ата-аналардың
2. Ата-анамен жұмыс жүргізуде мектеп жасына дейінгі мекемелердің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?
3.«Ашық есік күндері» кең таралған жұмыс түрі болып табылады. Бұл күндері ата – аналар балаларының қатысуымен өткен сабақтар мен мерекелерге белсене қатысады, қорытынды анкеталар толтырады. Педагогтарға ұсыныс және тілектер жазады.
Бұл жұмыс түрі әр баланың жеткен жетістігін көруге мүмкіндік береді.
Педагогтар мен ата – аналардың бірлесіп жұмыс істеуі - әр баланы жақсы тануға, оған жан –жақты қарауға, әр түрлі жағдайларда тануға көмектеседі, сәйкесінше, жекелей ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, баланың қабілетін дамыту, мінез - құлқында пайда болған жағымсыз әрекеттерді жеңу, өмірлік қажетті бағдарды қалыптастыру.
Бірлесіп жұмыс істеудің қызықты түрі – Газет шығару. Газетті құрастыруға балабақша әкімшілігі, педагогтар, мамандар, ана –аналар және балалар қатысады.
1.Ата – аналармен жұмыс жасаудағы өздеріңіздің жекелеген мақсаттарыңызды жоспарлаңыз және жазыңыз:
Информация о работе Балабақша мен отбасы арақатынастарының қазіргі заман проблемалары