Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Рольдік ойындар сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Сонымен рольдік ойындардың басты қызметі – шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.

Оқу үдерісінде оқытушылар тіл үйренушілердің грамматика, лексиканы жақсы меңгеріп, мәтін мазмұнын түсініп, айтып бере алғанымен, еркін, өз бетінше сөйлей алмайтындығымен айтып жатады. Бұның себебі – сабақта әр түрлі тілдік дағдыларды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) қалыптастыруға арналған жаттығу жұмыстары жүйелі жүргізілгенімен, олар өзара байланысты табиғи қарым – қатынасқа көтерілмейді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………..............................3



І. Ойындарды оқу - тәрбие жұмыстарына пайдалану – тәрбие құралы.

1.1 Ойынның психологиялық педагогикалық мәні .............................................5

1.2 Ойын–адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы..10

1.3 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің маңызы мен мәні .................14



ІІ. Оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлері және оларды ұйымдастыру

2.1 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын ойындар.....................…..........................20

2.2 Ағылшын тілі пәніндегі грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері ...................................................................................................................22

2.3 Сөйлеу практикасына арналған ойындар …….............................................24



ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….....………………….…...........28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….........….....29

Работа содержит 1 файл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА РОЛДІК ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

Сатып алушыларға арналған карточкалар:

1. Сіздің кафеңізге картоп, сәбіз және құлпынайды сатып алғыңыз келді. 2000 теңгеңіз бар.

2. Сізге бүгін қонақ келеді. Дастарханға апельсин және банан сатып алыңыз. Сіздің 500 теңгеңіз бар.

3. Сізге банан мен пияз керек. Сіздің 400 теңгеңіз бар.

4. Сіздің қысқа арнап пияз бен картоп сатып алуыңыз керек. Сіздің 2500 теңгеңіз бар.

5. Сіздің картоп пен сәбіз алуыңыз қажет. Сізде 700 теңге бар.

Мақсат: сатып алушылар арзан бағаға сатып алуға тырысады. Ал сатушылар қымбатқа сатуға тырысады. Екі топ та есеп жүргізеді. Әр топтан жеңімпаз анықталады. Жақсы сатып алушы көп және арзанға сатып алуы қажет. Жеңімпазға силық беріледі. Ол тәтті сәбіз не картоп болуы мүмкін. Ойынды әр түрлі мазмұнда өткізуге болады: киім, сүт өнімдері, ет шұжық өнімдері т.б. Затты көрсетілген бағадан төмен сатуға болмайды. Бірақ бағаны көтеруге болады. Ойын уақытында қатысушылар еркін жүріп тұрады.

3. Баспасөз конференциясы

Барлық қатысушылар – ағылшын тілді баспасөздің тілшілері. Олар тек ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақстаннан келген қонақ қана қазақ тілінде сөйлейді. Ағылшын тілін жақсы меңгерген, еркін сөйлейтін оқушы аудармашы қызметін атқарады. Ол екі тілде сөйлейді. Ол тілшілердің әңгімесін ағылшын тілінен қазақ тіліне, қонақтың әңгімесін қазақ тілінен ағылшын тіліне аударады. Мақсат: өз газеті үшін қажетті ақпарат алу, қызықты сұрақтар беру. Ойын алдында мұғалім аудару кезінде сөздің негізгі мағынасын жеткізу қажеттігін айтады. Мысалы: Мына ән сізге ұнайды ма? Деген сұраққа «Керемет ұнайды» деген жауап берілсе, аудару кезінде оны «иә» деген бір сөзбен берген дұрыс. Қонақтың сөзі (оның орнында мұғалім болуы да мүмкін) қатысушылардың деңгейіне қарай өте күрделі немесе күрделі әрі түсініксіздеу болғаны дұрыс. Ойын мақсаты түсіндірілгеннен кейін, қатысушыларға дайындық үшін уақыт бергені дұрыс. Сұрақ бермес бұрын, әрбір «тілші» өзін таныстырады. Аты-жөнін, газетінің атын айтады. Оны мұғалім алдын-ала ойластырып, карточкаға жазып беріп қойғаны тиімді. Қонақтың ролін өзгертуге болады. Мұғалім алдын-ала қонақтың жасын, отбасын, жағдайын, ұлтын, мамандығын карточкаға жазып бергені дұрысырақ.

4. Аукцион

Бұл сабаққа әр бір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қауашақ, қорап, ручка немесе қаламдарын т.б.) әкеле алады. Әкелінетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау керек. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді.: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл ағылшын королінің шапанының түймесі, алтынмен апталып, бағалы тастармен көмкерілген. Сарғыш жылтыр түсті. Бастапқы бағасы 5000 доллор. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен оқушылар алады. Қалған оқушылар сатып алушылардың ролін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар үлестіріліп беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Оқушыларға өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздыртып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір – қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бала оқытып, тәрбиелеумен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті - әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау және жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс әрекетінің мақсатын , мәнін түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жеткізу қажет. Ол үшін мұғалім жеке тұлғаны қалыптастырудағы әдіс тәсілдерін жетілдіріп отыруы керек.

Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты іс әрекеттің нәтижесінде анық біледі. Жас жеткіншектер үшін ойын – ең маңызды іс әрекеттің бірі. Ойындарды төрт түрге бөлуге болады:

«Қорғаныс» - әрбір топ немесе оқушы жекелеп не жұптасып жұмыс жасайды. Оларды ортақ тақырыптар біріктіреді.

«Эстафета» - сценарий, ережеге байланысты топ мүшелерінің ортақ жүйелі іс әрекеті.

«Сайыс» - топ мүшелерінің арасындағы жарыс. Тапсырмалармен алмасу.

«Хептинг» - көрерменсіз, топтық, оқушылардың түгелімен іске жұмыла кірісуі.

Рольдік ойын басқа сатыдағы ойын түрлерімен салыстарғанда пәнді жақсы, қызыға оқып түсінумен қатар тілді үйренуге деген оқушылардың бойындағы құлшыныс сезімдерін, ынтасын оятады. Әрі аты айтып тұрғанындай кез келген рольдік ойындардың мазмұнына қарай сол бейнені сомдауға деген бар ынта-жігерін жұмсау арқылы образға енеді. Ол өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Мектепте оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлерін сыныптағы балалардың санымен білім деңгейлеріне қарай оқытушы өзі әзірлеп ұйымдастырады. Таңдалып алынатын рольдік ойын оқушыларға соншалықты ауырлық танытпауы, орындалуы жағынан қиындықтар туғызбағаны жөн.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Керімбаева Р. Қазақстан мектебі республикалық журналы //, №2, 2008,

65 – 67 б.

 

2. Г. Қайбұлдаева Қазақстан мектебі республикалық журналы //, №3, 2008,

70 – 72 б.

 

3. Материалы   республиканской   научно-практической конференции.   Том   III. Алматы, 2000.

 

4. Мектеп   //   №10, 2005.

 

5. Бастауыш   мектеп   //   №6, 2004.

 

6. Т.В. Аренова Рольдік ойындар – Алматы: Архисема //, 2007, 3 – 23 б.

 

7. Аглакова Э. Отбасы және балабақша, №1, 2008.

 

8. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері // №2, 2005.

 

9. Психологияны мектепте ЖОО оқыту //, №1, 2006.

 

10. Сыныптағы тәрбие //, №5, 2007.

 

11. Сагибаева, Р. Оқытуда педагогикалық технологияның элементтерін қолдану: Оқыту әдістемесі// Математика және физика.- 2006.-№ 2.-46-48 б.

 

12. Төлеуова, М. Интелектуалдық ойын сабақ: Мұғалім тәжірибесінен// Бастауыш мектепте оқыту-Обучение в начальной школе.- 2007.- № 4.-11-12б.

 

13. Тұрғанбаева Қ. Ғажайып математика алаңы: // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2006.- № 3.- 40-41 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 



Информация о работе Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар