Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Рольдік ойындар сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Сонымен рольдік ойындардың басты қызметі – шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.

Оқу үдерісінде оқытушылар тіл үйренушілердің грамматика, лексиканы жақсы меңгеріп, мәтін мазмұнын түсініп, айтып бере алғанымен, еркін, өз бетінше сөйлей алмайтындығымен айтып жатады. Бұның себебі – сабақта әр түрлі тілдік дағдыларды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) қалыптастыруға арналған жаттығу жұмыстары жүйелі жүргізілгенімен, олар өзара байланысты табиғи қарым – қатынасқа көтерілмейді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………..............................3



І. Ойындарды оқу - тәрбие жұмыстарына пайдалану – тәрбие құралы.

1.1 Ойынның психологиялық педагогикалық мәні .............................................5

1.2 Ойын–адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы..10

1.3 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің маңызы мен мәні .................14



ІІ. Оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлері және оларды ұйымдастыру

2.1 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын ойындар.....................…..........................20

2.2 Ағылшын тілі пәніндегі грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері ...................................................................................................................22

2.3 Сөйлеу практикасына арналған ойындар …….............................................24



ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….....………………….…...........28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….........….....29

Работа содержит 1 файл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА РОЛДІК ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 184.00 Кб (Скачать)


                                                       М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе…………………………………………………………..............................3

 

І.  Ойындарды оқу - тәрбие жұмыстарына пайдалану – тәрбие құралы.

1.1 Ойынның психологиялық педагогикалық мәні .............................................5

1.2 Ойын–адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы..10

1.3 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің маңызы мен мәні .................14

 

ІІ. Оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлері және оларды ұйымдастыру

2.1 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын ойындар.....................…..........................20

2.2 Ағылшын тілі пәніндегі грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері ...................................................................................................................22

2.3 Сөйлеу практикасына арналған ойындар …….............................................24

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….....………………….…...........28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….........….....29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Рольдік ойындар сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Сонымен рольдік ойындардың басты қызметі – шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.

Оқу үдерісінде оқытушылар тіл үйренушілердің грамматика, лексиканы жақсы меңгеріп, мәтін мазмұнын түсініп, айтып бере алғанымен, еркін, өз бетінше сөйлей алмайтындығымен айтып жатады. Бұның себебі – сабақта әр түрлі тілдік дағдыларды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) қалыптастыруға арналған жаттығу жұмыстары жүйелі жүргізілгенімен, олар өзара байланысты табиғи қарым – қатынасқа көтерілмейді. Сондықтан дағды түрлері жеке-жеке топ ретінде есте қалғанымен, сөйлеу қажеттілігіне жауап бермей жатады. Рольдік ойындар – осы олқылықты толтырудың бірден бір жолы. Оның нәтиже беруі – дұрыс ұйымдастырылуы мен ұсынылуына тәуелді. Рольдік ойындарды екі топқа бөлуге болады: сөйлеуге жаттықтыратын және сөйлеу практикасын ұйымдастыратын ойындар. Жаттықтыратын ойын түрлері қарапайым әрі қысқа, қолданылатын тілдік құралдардың ауқымы тар. Ал сөйлеу практикасын қалыптастыратын ойындар әлдеқайда күрделі, көлемді және тілдік құралдардың ауқымы кең.

Рольдік ойындарды ұйымдастырудың мынадай кезеңдерін бөлуге болады:

1) Ойынның мақсаты мен тілдік материалдың мазмұнын анықтау (қандай тілдік материалды қолдануды көздейді? Қандай сөйлеу мақсатын орындауға бағытталады?);

2              ) ойын сценарийін құру;

3) рольді бөлу;

4              ) тілді үйренушілерді психологиялық жағынан дайындау.

Бірінші ойын түрлері үшін 1 және 4 – кезеңді дайындау қажет. Ал екінші ойын түрлері үшін 4 кезең бойынша жұмыс жүргізіледі. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің (ағылшын тілін) психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Тіл үйренушілер (ағылшын тілін) ситуацияны толық қабылдап, өзін еркін сезінуі қажет. Кейбір тіл үйренушілер қозғалыс еркіндігіне ие болуы қажет. Рольдік ойынды өткізу кезінде оқытушының да ролі өзгереді. Ол тіл үйренушілермен кейбір рольдерді орындайды. Ойын кезінде қатені түзеуден, аударудан бойды аулақ ұстау қажет.

Ойынды ұйымдастыруда өтілетін орынды да өзгерту қажет. Орындық, үстелді тіл үйренушілер бір-бірін көретіндей етіп өзгерткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Ойындарды оқу - тәрбие жұмыстарына пайдалану –

тәрбие құралы

 

1.1 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні

Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отыр-ған айналасындағы заттар мен қүбылыстарды ойын арқылы түсініп үғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.

Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтері Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж.Руссо, Дж. Локк, И.Песталоций, т.б. ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Я.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді. "Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жәқсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет".

Я.Коменский "Ұлы дидактика" еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек, ал білім олардың есінде жақсы сақталатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.

Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған Дж.Локк та, ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асыруын қойған Ж.Руссо.

Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.

Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Ушинский мен П.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.Сухомлинский, С.Шацкий және Н.Крупская өз пікірлерін білдірген.

К.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдететінін атап көрсетсе, Н.Крупская "бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген" деген пікір айтады.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.

"Ой - ойыннан басталады" десек, баланың ойын жетілдіріп сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін  мұғалімнің қолданатын басты әдісі ойын болуы керек.

Н.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болсын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулиды.

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптыстырады.

В.Сухомлинский "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады, Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты" деген ой айтады.

Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.

А.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған.

Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтер Л.Занков, Л.Выготский, Д.Узнадзе, С.Рубинштейн, А.Леонтьев, Д.Эльконин, А.Люблинская, В.Мухиналар айналысты.

Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, мұндай көзқарас бала бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек? Сірә, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға неліктен қасарыса ұдайы көше беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым салған кезде неге қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады. Бұл арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Узнадзе негізін салған функционалдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?

Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш, мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-ақ бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың тіршілік қызметінө әр түрлі кезеңде жалғасады.

Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден, қызмет кешенінің кез келген топтарының дер кезінде көрінуін ынталандыруға байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп, екі аяғын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.

Ішкі күштер әрекеттік қозғалыс импульстерін, даму тенденциясын жасырып тұрады. Бір кезде басқадай әрекет, әрекеттер тобы белсенділік көрсете бастайды, нақ сол сәтте бала бәрінен бұрын ойынға құмартып, ынтыға түседі. "Ойнағысы келетіндігі" шын мәнінде әрекетшіл күштердің баланы еркін іс-қимылға итермелегенін білдіреді және оның қандай ойынды таңдап алатыны нақ сол мезетте оны ойын қандай функционалдық күштің итермелеп отырғанын анықтауға болады. "Енді ойнағым келмейді дегені шын мәнінде әрекеттердің бұл тобы нақ сол сәтте өзінің "қуатын" тауып, уақытша демалыс талап ететін, бірақ осы кезде әрекеттердің басқадай тобы қозғалысқа келуі мүмкін екенін және сол кезде бала бәрінен бұрын өзінін, дамуына ықпалды ойынға кірісетінін білдіреді.

Демек, қызмет бағытының мәні баланың ішкі, туа біткен күшіндегі қозғалыс пен даму олардың табиғи шарттары болатындығында ғана. "Ойнағым келеді" және Ойнағым келмейді" дегендер ішкі (интерфунк-ционалдық) күштер жағдайын күйіне сезінуден басқа ештеңе емес. Яғни ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін-еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырады. Сонымен бірге ойындар мен ойыншықтар арқылы баланың адамға тән іс-әрекеттің көптеген элементтері мен түрлерін ойдағыдай меңгере алатындығы айқын болды. Егер серпінді қимыл мен интерфункционалдық күштердің дамуы мен қалыптасуына қарай ойынға деген құштарлық бәсеңсіп, қызметтің басқадай түрлеріне (көңіл көтеру, оқу, еңбек ету) орын беріледі. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады.

Информация о работе Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар