Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа
Рольдік ойындар сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Сонымен рольдік ойындардың басты қызметі – шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.
Оқу үдерісінде оқытушылар тіл үйренушілердің грамматика, лексиканы жақсы меңгеріп, мәтін мазмұнын түсініп, айтып бере алғанымен, еркін, өз бетінше сөйлей алмайтындығымен айтып жатады. Бұның себебі – сабақта әр түрлі тілдік дағдыларды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) қалыптастыруға арналған жаттығу жұмыстары жүйелі жүргізілгенімен, олар өзара байланысты табиғи қарым – қатынасқа көтерілмейді.
Кіріспе…………………………………………………………..............................3
І. Ойындарды оқу - тәрбие жұмыстарына пайдалану – тәрбие құралы.
1.1 Ойынның психологиялық педагогикалық мәні .............................................5
1.2 Ойын–адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы..10
1.3 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің маңызы мен мәні .................14
ІІ. Оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлері және оларды ұйымдастыру
2.1 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын ойындар.....................…..........................20
2.2 Ағылшын тілі пәніндегі грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері ...................................................................................................................22
2.3 Сөйлеу практикасына арналған ойындар …….............................................24
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….....………………….…...........28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….........….....29
-бұрынғы бағарламаларға қарағада баланы ұлттық санада тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуінде;
-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру арқылы апталық жүктеменің азаюы;
-бұрын соңды бағдарламада болмаған имандылық, экологиялық тәрбиелерінің жеке бөлім ретінде қарастырылуы;
-тәрие жұмысына және тәрбиешілердің шығармашылық мүмкіндігіне жол ашылуы. Бағдарламаның мазмұнында балаларды адамгершілік тәрбие түсініктерімен таныстыру жұмыстары «Өнер көзі-халықта», «Әуенді қимыл-қозғалыс», «Тіл-халық қазынасы», «Экологияық тәрбие», «Еңбек», «Ойын» бөлімдерінде қарастырылған. Бағдарламада адамгершілік тәрбиесінің міндеттері төмендгідей сараланады.
Мектепалды даярлық тобында балалар өмірінде оқу және еңбек әрекетінің үлесі басым бола түседі. Соған қарамастан ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол баланы мектепке даярлау мақсатын жүзеге асыруға бағытталып отырады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жадайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларын қалыптастыруда пайдаланатын ойын түрлері төмендегідей жүйеленген:
1. Мазмұнды – бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құс фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр мен қошақан, ботақан, соқыр теке, жырадағы қасқыр, жерден биік, су, ауа, ер.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстң мекенін тап, түсті тап, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылғы ойындар: лего және басқа конструторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
6. Драмалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рольдерге бөле отырып орындау.
Мектепалды даярлық топ балаларының «жеке тұлға» ретінде қалыптсуы, адамгершіік сезімі мен талғамының жетілуі, тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы, бірізді жүгізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие еру үшін, ойын үлгілерін іріктеп, бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұстаздық шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Балабақшада балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қаситтерін дамытады. Ойын балаақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балалар өмірде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын, қызығушылығын қалыптастыру, мінез-әрекетін тәриелеу, жеке басын жан-жақт дамыту бағытында меңгерілтін білім, дағдылар ойын арқылы іске асырылады.
Сонымен, 6-7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы адамгершілік тәрбие беруде бұрынғы көзқараста қалып қоймай, ойын түрлерін зор қызығушылықпен, сезіммен меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретн жұмыс мазмұнын, әдістері мен түрлерін іздестірудің терең мәні бар. Егер мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін дұрыс меңгертетін болса, онда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз сөзсіз.
ІІ. Оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлері және оларды ұйымдастыру
2.1 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын ойындар
1. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Әркім ойша белгілі адамның өмірін таңдайды: әнші, актер ... Мақсат: өзін таныстыру, бірін бірі таныстыру. Мысалы. Менің атым Джон Хенри, мен ағылшынмын, Лондонда тұрамын. ...Қатар тұрған тіл үйренуші оны келесі адамға таныстырады. Бұл Джон Хенри, оның ұлты ағылшын... Басқалар түрлі сұрақтар қояды: «Мамандығыңыз кім?» ... танысу этикеттерін қолданады. «Өте жақсы», «Танысқаныма қуаныштымын».
2. Әрбір қатысушы: «Үй, пәтер» тақырыбы бойынша бір затты таңдайды. Не үшін таңдағанын білмейді. Мақсат: өзін осы зат түрінде елестете отырып, соның атынан сөйлеу. Мысалы: мен телевизормын. Мен үлкенмін. Менің атым SONY. Мен мультфильмді, спорт бағдарламаларын жақсы көремін. Бұл ойында «үй, пәтер» тақырыбы бойынша лексика мен грамматикалық құрылымдар жаттықтырылады.
3. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Мұғалім доп лақтырады. Допты қағып алған адам сөйлейді. Мақсат: кімді қалай атайтынын әңгімелеу. Мысалы: менің атым Клара. Мамам мені Катя дейді. Ағам, інім...., достарым..., атам..., әжем... ал басқа ойынға қатысушылар «Ал досың сені қалай деп атайды?» деген сияқты сұрақтар беріп отырады.
4. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. Ол былай деуі мүмкін: «Кеше мен көшеде біреуді кездестірдім». Қатысушылар кім екенін анықтауға тырысады: «Сіз менің мамамды кездестірдіңіз», ... Мақсат: болжам, белгілерді айтып, қатысушыларды қызықтыру. 3-4 фразадан кейін жұмбақтың шешімін айтып, жаңа адамды жұмбақтауға кірісу. Мақсат: өткен шақтың жасалу жолдарын бекіту. Ойынның әр түрлі варианттары болуы мүмкін. Мысалы: Мен кеше бір тамақ жедім... Кеше мен бір кино көрдім.
5. еденге бормен үлкен циферблат салу керек. Барлық қатысушылар циферблатты айнала тұрады. Мақсат: белгілі бір сағатта немен айналысатынын айту: егер «А» ойыншы сағат 3-те тұрса, ол сол уақытта не істейтінін айтады. Осындай ретпен әр қатысушы өз жұмыс күнін айтып шығады. «Уақыт», «Жұмыс күні» тақырыптары жаттықтырылады.
6. Мұғалім қағазға 1 сұрақтан жазады. Қатысушылар жеребе түрінде бір-бір сұрақтан алады. Сұрақтар ерекше мазмұнды болуы қажет. Мысалы: Сіз асханада кітап оқйсыз ба? Сіз дәріханада дәрі ішесіз бе? Сұраулы сөйлем түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жаттықтырылады.
7. Әрбір қатысушыда кішкене қол айна болуы қажет. Мақсат: айнаға қарап, кімді көріп отырғанын айту. Мысалы: Бұл – қыз. Оның шашы қара, мұрны ұзын... «Мінез және портрет» тақырыбы жаттықтырылады.
8. Мұғалім үлкендеу қалтаға әр түрлі пішінді заттар салады. Қатысушылар қалтаға қолын салып, затты таңдайды. Қолын қалтадан алмай, оны сипаттайды. Мақсат: сипаттаудың көмегімен қатысушылар затты анықтауы қажет. Мысалы: бұл үлкен, дөңгелек, резинадан немесе ағаштан жасалған. 3-4 қатысушы шешімді айтқан соң, заттар қалтадан шығарылады. Сын есім, затты сипаттау жаттықтырылады.
9. Топ мүшелері қағазға нені жақсы көретінін жазады. Мақсат: кабинетте бір-біріне сұрақ қоя отырып, өзіне жақын адамды табуы керек. Мысалы: «Мен ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көремін» деп жазады. Осыны сұрақ түрінде береді: «Сіз ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көресіз бе?» Сұраулы сөйлем түрлері жаттықтырылады.
10. Үстел үстінде әр түрлі заттардың әдемі суреттері жатыр (киім, машина, үй...). Әрбір қатысушы бір суретті таңдап, ауызша армандайды. ...сатып аламын... барамын... Мақсат: арманнан бас тартқызу. Келер шақтың жасалуы жаттықтырылады.
2.2 Ағылшын тілі пәніндегі грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері
1. Жақынырақ танысайық.
Алдын ала сұрақтар жазылған 2 карточканы алып, қатысушының әрқайсысы жеке-жеке жауап береді. Сонан соң жауаптарын бір-біріне көрсетеді. Әр сөйлемнің мазмұнына қарай екінші оқушы сұрақ қоюы қажет.
Сұрақ түрлері.
1. Мектепте бірге жүрген досыңның аты.
2. Теледидардан жиі қарайтын бағдарламаң.
3. Сен ұнататын тағамның түрі.
4. Есте қалған оқиғаң.
5. Сенің жақсы көретін актерің.
6. Саған ұнайтын жыл мезгілі.
Бұл ойынды әр түрлі тақырыптарда («Отбасы», «Бос уақыт», «Өзім туралы», «Кәсіп» және т.б.) пайдалануға болады. Сұрақтардың мазмұны лексикалық тақырыпқа қарай өзгертіледі.
2. Ойынға қатысушылар сөйлемдер жазылған карточкалар алады. Оқытушы жалғаулықтар қатарын атайды. Қатысушылар көмекші сөздерді қажетті орнына қойып отырады. Бірінші аяқтаған қатысушы жеңімпаз атанады.
№1 карта
1. Ол мектепке .............. автобуспен барады.
2. Сабақтан .............. кітапханада отырамын.
3. Досыммен .............. Бурабайда демалдық.
4. Жексенбіге .............. Астанаға жүреміз.
5. Кездесуден ................ суретке түстік.
Бұл ойын түрлерін етістіктің шақтарын, рай түрлерін, жалғау түрлерін өткенде пайдалануға болады.
3. Кім жылдам (балалар ойыны)
Топ екіге бөлінеді. Тақтаға тор кесте сызылып, іші сұрақтарға толтырылады (толтырмауға да болады). Лексикалық тақырып бойынша арнайы сұрақтар беріледі. Бір топ сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Осылайша кезектеседі. Жауап тез берілмесе , ойын кезегі сұрақ берген топта қалады. Топтарға кез келген ат қойып, қажетінше белгілермен таңбалауға болады.
4. «Біздің қайсысымыз»...
Әр топта 4-7 адам жұмыс істейді. Әрбір қатысушыға анкета беріледі. Оны әркім жеке толтырып, өз жобасын жасайды. Өзінің жауабының дұрыстығын жолдастарына сұрақтар бере отырып анықтайды.
Анкетаның үлгісі:
Біздің бәріміз
Біздің кейбіріміз
Көпшілігіміз
Кейбіріміз ғана
Ешқайсысымыз
Ешкім
І | ІІ Қанша рет | ІІІ дұрысы |
Біздің бәріміз Европаны көрдік ........................ Емханада болдық ....................... Алматыға бардық ....................... Компьютер білеміз ....................... Жүзуге қатысамыз ...................... Лондонда болған жоқпыз. |
|
|
І бөлімді үйренуші берілген сөздерді пайдалана отырып, өзі толтырады.
ІІ бөлімді серіктестеріне сұрақ қоя отырып толтырады.
ІІІ бөлімді І және ІІ бөлімдерді салыстыра отырып қорытындылайды.
5. Мұғалім не оқушы бір затты, адамды, не жануарды сипаттайды. Анықтауыш сөздер алфавиттік тәртіпте беріледі. Ойын бастаушы «А» әрпінен басталатын сөз айтса, келесі адам «Ә» әрпінен басталатын сөзді айтуы қажет. Мысалы, «Менің әкем ақылды адам, ..... әдепті адам».
Бұл ойынды «Мінез және портрет» тақырыбын өткен кезде де қолдануға болады.
6. «Көрші» ойыны.
Оқушылар екі – екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалады. Ойынды мұғалім не оқушы жүргізе алады. Оның мақсаты жалғыз ойыншыға сыңар табу.
Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Ол: «Маған Нұрланның көршісі керек», - дейді. Нұрланнан «көршіңмен аразбысың, әлде татумысың?» - деп сұрайды. Екі жағдайда да оқушы өз ойын дәлелдеуі қажет. Егер аразбын десе, сыңар ойыншының қасына келіп отырады. Ал жалғыз қалған ойыншы әрі қарай сыңар іздейді.
2.3 Сөйлеу практикасына арналған ойындар
1. Жоғалған заттар бюросы
Бюро қызметшісі мен ойынға қатысушылар әр түрлі заттардың суреттері бар карточкалар алады. Бұл – олардың жоғалтқан заттары. Ал бюро қызметкеріне әр түрлі заттардың суреттері жапсырылған плакат ұсынылады. Дайындықтан кейін қатысушы бюроның терезесіне келіп, қызметкермен сөйлеседі. Мақсат: өз затын толық сипаттау, белгілерін атау, қызметкердің сұрақтарына жауап беру. Қызметкер заттың түсін, көлемін (үлкен, кіші), неден жасалғанын сұрайды. Сипатталған затты өзінде бар заттармен салыстырады. Егер ол сәйкес келсе, іздеушіге береді. Бюрода болатын заттардың бірнешеу болғаны дұрыс. Мысалы: 3 қолшатыр, 3 қолғап, 2 сумка. Қызметкер ролін мұғалімнің өзі ойнай алады.
2.Базарда
Топ екіге бөлінеді. Сатушылар мен сатып алушылар. Әрбір қатысушыға бір карточкадан беріледі.
Сатушылардың карточкалары:
1. Сізде 50 кг-нан 10 қап картоп, 20 кг-нан 5 жәшік банан және 20 кг-нан 4 жәшік апельсин бар. 1 қап картоп – 1500 теңге, 1 жәшік банан – 4000 теңге, 1 жәшік апельсин – 2000 теңге тұрады.
2. Сізде 50 кг картоп, 10 кг банан бар. 1 кг картоп 80 теңге, 1 кг банан 200 теңге тұрады.
3. Сізде 10 кг картоп және 20 кг апельсин бар. 1 кг картоп 70 теңге, 1 кг апельсин - 150 теңге тұрады.
4. Сізде 10 кг пияз және 20 кг құлпынай бар. 1 кг пияз – 80 теңге, 1 кгш құлпынай 250 теңге тұрады.
5. сізде 5кг сәбіз, 5 кг құлпынай және 3 кг пияз бар. 1 кг сәбіз 85 теңге, ал 1 кг құлпынай 200 теңге, 1 кг пияз 90 теңге тұрады.