Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:59, реферат
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Көрнекілік әдістер: оқушылардың бақылауы, мұғалімнің көрнекі және техникалық құралдарды көрсетуі.
Практикалық әдістер: жаттығулар, графикалық және лабораториялық, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар.
Оқушылардың
таным белсенділігінің
Сөздік әдістер
Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі - ол мұгалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші роль атқарады: барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде, әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады. "Сөз, - дейді В.А. Сухомлинский, ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың мұғалімі - ең алдымен тіл маманы".
Бұл әдісті
қолданғанда мұғалім оқушыларға білім
берумен қатар олардың таным белсенділігін
арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б.
процестерін) байланысты әрекет жасайды.
Мұғалім өзінің баяндауын басқа әдістердің
тәсілдерімен ұштастырады (бақылау,
әңгіме, жазбаша және
графикалық жұмыстардың тәсілдері).
Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады: түрлі көрнекі және техникалық құралдарды көрсету арқылы, сондай-ақ көркем сөзді пайдалану арқылы. Мұғалімнің ауызша баяндауы сұрақтарды проблемалы ситуация тудыратындай етіп қоюды, баяндалатын материалардың ең маңызды жерлерін айырып беруді, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуын керек етеді.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. "Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек"- деген Ы. Алтынсарин.
Әңгіме әдісі
Бұл әдіс бастауыш кластарда кең қолданатын әдістің бірі. Әңгіме барысында мұғалім мен оқушылардың арасында диалог пайда болады. Әңгіме әдісі оқытудың түрлі міңдеттерін орындатуға бағытталады: өткендегі материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданады. Осыған орай әңгіменің бірнеше түрін айыруға болады. Мысалы, эвристикалық әңгіме барысында жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім өзінің сұрақтары арқылы оқушылардың өздеріне қорытынды мен тұжырым жасауға үйретеді.
Кіріспе әңгімесі; дискуссия (пікірталас) әңгімесі; білімді тексеру және бағалау әңгімесі т.б. әңгіме әдістерінің варианттары болуы мүмкін.
Әңгіме әдісін қолдану мұғалімнің сұрақтарды дұрыс қойып, оқушылардың берген жауаптарына дұрыс бағыт беріп басшылық етуіне байланысты. Әңгіме әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушылардың бұрынғы тәжірибесі мен алған білімдеріне сүйене отырып, оқу материалының мазмұнына талдау жасап, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі
Бұл әдісте оқу процесіңде барлық пәндерге ортақ және кеңінен қолданатын жетекші әдістердің бірі болып табылады.
Оқулық пен кітап оқушы үшін сабақта жене сабақтан тыс уақытта өздігінен білім алудың өте маңызды көзі екенін ескеру қажет. Сондықтан оқушылардың оқулық және кітаппен жұмыс істеудің тиімді тәсіл-амалдарына үйретудің маңызы зор. Бұл жұмысты бастауыш кластардан бастау керек. Мұғалім сабақ үстінде оқулықпен, кітаппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін үйретуге тиісті. Ең алдымен, оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды ез сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет. Текспен жұмыс істегенде оқушыларды оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білмесе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Көрнекілік әдістері
Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны - бақылау әдісі. Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техникалық құралдарын демонстрациялау (көрсету) кезінде, сондай-ақ экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс "қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісін қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселередің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату, содан кейін оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау т.б. Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты және бақылау әдісінің негізгі түрлері (варианттары) болады: Демонстрациялық (көрсету) бақылау, экскурсиялық бақылау, лабораториялық бақылау, техникалық бақылау және оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың
ойлау қабілетін дамытудың
К.Д Ушинский "Бақылау - логикалық ойлаудың негізі", - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БІТІМІ — СТУДЕНТТІҢ ТАНЫМДЫҚ ІЗДЕМПАЗДЫҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
Сонымен танымдық ізденімпаздықты барлық зерттеушiлер жеке тұлғаның қасиеті ретінде түсіндіреді. Сонықтан жеке тұлға деген ұғымның құрылымы мен компоненттік құрамы ізденімпаздық тұжырымдамасын қалыптастырудың негізі болып табылады. В. С. Ледневтін
монографиясында (Леднев, 1980) 80-ші жылдардьщ барысында орындалған жеке тұлға проблемаларын зерттеулерге талдау жасалған, сондықтан бұл жерде оның нәтижелерін пайдаланамыз. Түрлі деректемелерді қарастыра
келіп, В. С. Леднев жеке тұлға деген ұғым жөніндегі қөзқарастардағы ортақ жәйттерді және олардағы айырмашылықтарды бөліп көрсетеді. Ортақ жәйттерді ол мынадай қағидалармен сипаттайды:
-— жеке тұлға — «адам» деген ұғымға қарағанда аясы тарлау ұғым;
— адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі филогенезде де, онтогенезде де әлеуметтік процесс;
— жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың субъектісі;
— жеке тұлға — сананын иесі ретіндегі, еңбек етуге және танымдық әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам.
Жеке тұлға жөніндегі көзқарастардағы айырмашылықтарға келетін болсақ, онда, біздің пікірімізше, Г. Нойнер неғұрлым соны пікір айтқан, ол жеке тұлға жақтарыныц ішінде айналадағы ортамен өзара байланысты атап өтеді. Адамның жеке тұлғасының анықтамасында ол келесі қатынастарды атап керсетеді:
«организм — қоршаған орта» қатынасы адам және табиғат арасындағы қатынастар деңгейінде;
«субъект — объект» қатынасы адам мен адамныц практикалық және теориялық қызметінің объектіленді рілген заттары арасындағы қатынас деңгейінде;
«жеке
тұлға — қоғам» қатынасы
түрлі әлеуметтік топтар жанама
қатынастарға айналдырған адам мен қоғам
арасындағы қатынастар деңгейінде (Нойнер,
1974). Жеке тұлға деген ұғым жөніндегі түрлі
көзкарастар-ға жасалған талдауды қорытындылай
келе, В. С. Леднев жеке тұлға адамның дербес
құрылымдық компонент ретіндегі әлде
бір оқшауланған жағы емес, әлеуметтік
тұрғыдан алғанда адамның қасиеттерінің
бүкіл жиынтығымен тұтас алғандағы нақты
адамның ерекше пішімі. Жеке тұлғада тұтас
тұлға ретіндегі адамнын қырлары жоғалып
кетпейді, тек осы тұрғыдан алғанда арнайы
көрініс табады,— деп атап өтеді В. С. Леднев
(Леднев, 1980).
3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫНЫҢ
КОМПОНЕНТТЕРІ
Уәждік компонент. Ол туындаған қажетсіну мен оны өз күшімең қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы Карама-қарсылықты түсіну негізінде пайда болатын әрекетке ұмтылушылықпен сипатталады. Уәждік компонентке парыз бен мүдде уәждері жатады.
Танымдық қажетсіну — белгілі бір заңдылықтары бар ерекше қажетсіну екенін еске сала кетеміз. Олардың ең бастылары: 1) ынтызарлық, яғни таным нәтижесіне толық қанағаттанудың принципті түрде мүмкін еместігі; 2) процесшілдік, яғни, танымның нәтижесіне емес, ең алдымен процесіне бағдарланушылық; 3) жақсы сезіммен, яғни қуаныш, қызығу сезімімен тығыз байланыс. Танымдық қажетсіну сәби дүниеге келген күннен бастап пайда болып, жастың үлкеюіне қарай біртіндеп күрделіленіп, принципті түрде өзгеріп отырады, бұл орайда танымдық қажетсінудің неғұрлым қарапайым деңгейінің орнына неғұрлым күрделі деңгейі келеді. Жасқа жас қосылған сайын танымдық қажетсінуді қанағаттандыру тәсілдері де өзгеріп отырады. Студенттер үшін нысаналы танымдық әрекет деңгейі танымдық қажетсінудің жетекші деңгейі болып табылады.
Оқу процесіне көзқарасты анықтау үшін зерттеудің түрлі әдістері пайдаланылады, олар: сабаққа қатысу мен үлгерімді талдау, сауалнама, студенттермен жеке-жеке немесе топ-тобымен сұхбаттасу, оқытушылармен, кітапхана қызметкерлерімен әңгімелесу. Алынған деректер студенттердің көпшілігінде (92%) өздерінің оқу міндеттемелері туралы дұрыс түсінік бар екенін дәлелдейді. Әдетте университеттің математик-студенттері университетке түсуге математиканы оқып-үйренуге деген ынта өздерінің оған деген қызығушылығы жетелегенін айтады; оқу қызметінде біліктілігі жоғары маман болуға ұмтылушылықты мақсат тұтады, 60%-і мұғалім болғысы келеді. Студенттердің тек 38%-і ғана дәріске үзбей қатысатыны, ал 33%-і практикалық сабақтарға дайындалатыны, 35%-і күн сайын ізденімпаздық жұмыспен шұғылданатыны анықталды. Бұл деректер студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттігін
дәлелдейді. Математикалық курстардың кәсіптік бағытталуы мұғалімдік кәсіпке қызығушылықты дамытудық маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сонымен бірге студенттердің танымдық қызығушылығы даму үс тінде болатынын, қабылдау неғұрлым терең де тиянақты қабылдауға айналатынын, зейін мен абстрактілі ойла қабілеті кемелденетінін, дүние тану көзқарастарының қалыптасатынын есте сақтау керек. Сабақ беру нысандарын таңдау кезінде студенттердің танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден гөрі ізденімпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалану да танымдық қызығушылықты қалыптастыруға септігін тигізеді.
Кәсіпке ертерек бейімделу «кәсіптік танымдық уәжді» дамытудың қуатты түрткісі болып табылады (Матюшкин, 1972), ол оқу барысында студенттердің ақыл-парасаты мен ерік күшінің жоғары деңгейде болуын айқындайды.
Мұндай уәж тек оқу үлгерімінің ғана емес, сонымен бірге кәсіптік дайындығы мол шығарымпаз жеке тұлғаның қалыптасуының да негізі болмақ, ал танымдық ізденімпаздық осындай тұлғаның ажырағысыз сапасы болып табылады. Төмендегі курстардан бастап оқу-тәрбие процесінің кәсіптік бағытталуын іске асыру оқуды бастаған студенттер тап болатын қарама-қайшылықты (кәсіпке тезірек араласу ықыласы мен іргелі пәндерді төзімділікпен оқып үйрену қажеттігі арасындағы қарама-қайшылықты) шешу үшін қажет (Годник, 1981). Кейбір студенттерге жекелеген пәндер кәсіптік өсу үшін қажетсіз болып көрінеді, сондықтан оқытушының міндеті — төменгі курстарда оқылатын пәндердің таңдалған кәсіппен байланысын ашу. Бұл байланыстарды ашу жолдары нақты пәннің ерекшеліктеріне қарай түрліше болып келуі мүмкін. Кәсіпті игеру үшін негіз жасайтын мазмұнды анықтауды басты бағыт деп есептеуге болады. Университет жағдайында мұғалім кәсібіне бағдарлау төменгі курстарда оқылатын іргелі ғылымдардың негіздік мазмұнын және мұғалімнің практикалық қызметіне даярлануға тікелей жәрдемдесетін жұмыстың әдістері мен нысандарын іріктеу арқылы іске асырылады. Студенттердің танымдық қызығушылығын дамытуға дәрістер мен практикалық сабақтарда жоғары оқу орындарындағы мазмұнның студенттердің мектептегі түсініктеріне сай келуін пайдалану жөніндегі ақыл-кеңестер жәрдемдесетін болады (Медведев, Фоменко, 1973).
ІІсихология мен педагогикада оқыту уәжінің, ең алдымен, оқушыларды оқыту уәжінің проблемасы терең зерттелген (А. Д. Алферов, Ю. К. Бабанский, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев,
К, Қ. Маркова, С. Л. Рубинштейн, Г. И. Шукина,
П. М. Якобсон және басқалар). Зерттеушілердің көбісі оқыту уәжінің негізгі екі тобын белгілі бір түрде бөліп көрсетеді, олар: оқу-танымдық әрекет аясынан тыс жатқан және танымдық уәждер. Соңғылары А. К. Маркованың басшылығымен жүргізілген оқу қызметінің уәжін зерттеу нәтижесінде жүйеленген. А. К. Маркованың көз-қарасында А. Н. Леонтьевтің әрекет теориясы негізге алынған, бұл теорияда уәж әрекет құрылымының ішкі
сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту белсенділін оқу әрекетінің түрлі мазмұнына немесе оның түрлі компоненттеріне бағыттау негізінде танымдық уәж деңгейлері талдап әзірленді ,олар: 1) жаңа білімдерді игеруге бағытталумен сипатталатын ауқымды оқу уәжі;