Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:59, реферат
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
§ 1. Қабілеттің жалпы сипаты
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді.
Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:
1. Іс-әрекетті тез өзгерту.
2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі калайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық касиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу — баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.
Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінін жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері- Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды.
Қабілеттің даралық айырмашылығы
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам кабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамнын жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалык көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше кабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлыктай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады.
Дарындылық— адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: казақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді баска да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады.
Талант — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Сонын арқасында онын іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.
Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы кабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен коғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет адамның даралық психологиялық қасиет Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірибелік зерттеулер арқылы аныктала бастады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы — еңбек.
1. Болашақ мүғалімдердің дидактикалық дайындығының деңгейі туралы
Қазіргі орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы - ондағы оқыту процесінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз байланысты.
Студенттер
педагогикалық қызметтің
Дидактикалық дайындық - кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы.
Дидактикалық даярлықты қалай түсіну
керек? Бұл - күрделі ұғым. Мұғалімдердің
дидактикалық даярлығына жататындар:
олардың оқыту процесінің теориясы мен
практикасы бойынша игергсн білімдері,
педагогикалық қызметке деген ынтасы
(мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда,
оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы
қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете
біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді
-дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер
деуге болады. Осыған орай педагогикалық
қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында
мынандай дидактикалық қабілеттер болуы
керек: оқыту процесін жоспарлап білуі,
оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы,| жүйелі
түрде бақылау мен бағалау ісін орындап
отыруы.
ҚАЗІРГІ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сөздіктер "студент" деген латын сөзін "қажымай-талмай жұмыс істеуші, білімге құштар адам" деп түсіндіреді. Студенттің басты мақсаты - оқу, бұл әркімге аян. Алайда бұл ұғымның нақты мазмұны болжымастан қалған жоқ, әрі біздің заманымызда бұл мазмұн бұрынғы кездегіден тез өзгеруде. Қалай оқу керек, нені оқу керек, өз мамандығына қатысы бар мәлімет мұхитынан ең бастысын қалай тандап алып, игеру керек? Осының бәрі күрделі мәселе.
Соңғы жылдары студенттердің оқуына, қоғамдық-саяси практикасына, тұрмыс жағдайларына, уақытты дұрыс пайдалану сияқты мәселелерге байланысты социологиялық зерттеулер жүргізілуінің нәтижесінде арнайы еңбектер пайда болды. Студенттердің проблемаларын зерттейтін арнайы орталықтар (мекемелер), вуздар жайындағы социологиялық лабораториялар
зерттеулер
жүргізуде.
1) Оқу жұмысының әдістері (лекция, жаттығулар, түсіндіру, диалог, эвристикалық әңгіме, дискуссия, дидактикалық ойындар, білімді бақылау, бағалау әдістері т.б.;
2) Ғылыми жұмыстың әдістері (бақылау, эксперимент, ғылыми әдебиеттермен, архивтік материалдармен жұмыс істеу, модельдеу әдісі, ғылыми баяндама т.б.
3) Өзіндік жұмыстың әдістері (кітаппен және басқа дидактикалық және техникалық құралдармен жұмыс істеу). Осы топтағы әдістердің әр қайсысы оқыту процесінде белгілі функцияны атқарып отыратынын ескеру қажет; жаңа материалды баяндауда - лекцияның ролі ерекше болса, біліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жаттығулар мен практикалық жұмыстардың орны бөлек, сол сияқты білім мен дағдыларды бақылауда, бағалауда - бақылау жұмыстары, коллоквиум, аттестация, зачет, арнайы тестілер, емтихандардың атқаратын ролі де ерекше орын алады.
Оқыту әдістерін қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:
1) оқу процесінде бір ғана әдісті универсалды деп қарап, сол әдісті үнемі қолдана беруге болмайды. Ешқашан да бір әдіс универсалды бола алмайды. Сондықтан түрлі әдістерді ұштастырып қолданған жөн;
2) оқыту әдістері студенттердің оқу белсенділігін, таным әрекетін арттыруға әсер етуге тиісті;
3) оқыту әдістері студенттердің өзін-өзі оқьггу, өзін басқару әрекетіне ауысатын болғаны жөн;
4) оқыту әдістері ғылым әдістерімен ұштасып, бір-бірімен тығыз байланыста болуға тиісті;
5) оқыту әдістерінің жеке оқу пәндері ерекшеліктеріне және әдістің өзінің атқаратын қызметіне қарай түрлі варианттарда болатынын ескеру қажет;
6) оқыту әдістері студенттердің дидактикалық дайыңдығына әсер ететіндіктен, олар үлгі беретіндей болуға тиіс. Өйткені, ертең студент мектепте - "институтта қалай оқытса, мектепте солай оқытуға тырысады", басқаша айтқанда, институтта көрген, үйренген оқыту әдістерін студент мұғалім болғанда мектепте қолдануға болады, - деп есептейді.
Оқыту әдістерінің таным ерекетінің дамуына ететін әсері ерекше. Өйткені оқыту әдістерінің білімдік, тәрбиелік функцияларымен қатар, дамытушылық қызметінің маңызы зор. Мұнда әдістің психологиялық сипатып, оның студенттің оқу таным әрекетінің психологиясына әсерін айту керек.
Студентте, ең алдымен, оқу әрекетінің психологиялық сипаттары қалыптасуға тиісті: оқуға, білуге деген жағымды мотивтер, қызығу-ықыластары; алдағы оқу жұмысының мақсат-міндеттерін анықтай білуі оны орындаудың тиімді тәсіл-амалдарын белгілеуі, өз жұмысының барысын өзі бақылап (самоконтроль) отыруы және оның нәтижесін бағалап, тиісті қорытындылар жасай білуі т.б. Қысқасын айтқанда, осы бағытта студент өз жұмысын жоспарлай білуге дағдылануға тиісті. Тек осындай сапалы ұйымдастарылған әрекет, еңбек негізінде ғана студенттердің оқу әрекетінің психологиясы мақсатты түрде қалыптасады.
Орта
мектептің оқушыларына
Б.Г. Ананьев т.б. психологтардың зерттеулеріне қарағанда, студенттік шақта адамның негізгі функциялары (сенсорлық-перцептивтік), мнимикалық (есте қалдыру), психомоторлық (қимыл-әрекеттері), есіресе, сөйлеу-ойлау процестері айтарлықтай белсенді түрде дамиды. Мысалы, оперативтік ес, зейіннің аударылуы, есептер шығару т.б. психикалық процестердің қалыптасып дамуының шапшаңдығы артады.
Болашақ мұғалім орта мектепте қандай окыту әдістері колданатынын білуге тиісті.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып, қолдана білуге байланысты. Бір әдіс қандай жақсы болса да, ол оқыту процесінің барлық міндеттері мен құрылымының бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістерін топтастырудың қалыптасқан бірыңғай жүйесі жоқ. Бұл мәселе туралы әртүрлі көзқарастар бар. Оқыту әдістерін топтастырудың түрлі жолдары бар екенін білу керек. Білім алудың көзіне қарай, оқытудың мақсаттарына қарай, сондай-ақ оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай т.б. белгілерге қарай әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады. Ең көп тараған топтастыру - ол оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай (сөз, заттар мен көрнекі құралдар, практикалық әрекет) үш топқа бөлу: сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер. Сөздік әдістерге жататындар: мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері.