Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:10, дипломная работа
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау................................................16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі..............................................23
2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41
3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55
Қорытынды.................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59
Қосымшалар...............................................................................................................61
Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен,
оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен
байланысты. Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен
басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді
қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру,
өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік
және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі
бола отырып, негізді жоспарлануы үшін
ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау
функционалды циклды аяқтайды және онымен
бір мезгілде оның басы болып табылады.
Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және
де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер,
шығындардың экономикалық элементі мен
калькуляция баптары, қызмет түрлері,
өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс
процесі кезеңдері мен есептеудің басқа
да объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың мазмұны 4-ші суретте көрсетілген.
Сурет 3. Кәсіпорында шығындарды талдау схемасы
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:
1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.
Талдау есепті кезеңнің
экономикалық элементтері бойынша
нақты шығындардың үлес салмағын
өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен,
сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен
салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы
өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор
сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының
және еңбек сыйымдылығының өзгерісін
анықтауға көмектеседі.
Жекелеп қарастыратын өнім
(жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске
кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін
талдау кезінде жекелеген ұйымдардың
қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және
олардың өсу себептерін анықтауды талап
етеді.
Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық жылжумен байланысты.
Шығынның жалпы сомасындағы
амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің
қор сыйымдылығының динамикасы мен
жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар
аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне
ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген
шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен
олардың тасымалдануының массалық тозуын
куәландырады, ал осы шығындар үлесінің
артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен
және жеделдетілген амортизациямен байланысты
болуы мүмкін.
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның
жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының
элементтері мен олардың құрылымы бойынша
өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.
2) калькуляциялау баптары бойынша дайын
өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын
талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның
(немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын
өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар
(жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен
немесе жоспармен салыстырғанда қандай
баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын
анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын
шыққан бапқа аударылады.
Тура калькуляциялық
баптар бойынша шығындардың өзгеру
себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет)
көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның
құрамын өзгерту болып табылады. Тура
материал шығындарының өзгеру себептері
болып шығындар нормасының өзгеруімен
материалға, жанармайға,
жартылай фабрикаттарға деген бағалар
(тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі
қызметтерінің өзгеруі табылады.
«Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы» бабы бойынша шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау кезінде анықталады.
Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып зеттеледі.
Ақаулардан туындаған
жоғалтулар ұлғайған кезде олардың
себептері талданып, сонымен қатар
осы шығындардың орнын толтыру
мен ақауларға кеткен шығындар теңестіріледі.
Басқа да өндірістік шығындарды
талдау олардың құрамының түрлері мен
есепті жылдағы олардың өзгерісінің себептері
өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.
Кәсіпорынның негізгі
қызмет түрі бойынша шығындарына
талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің
нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен
немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен
құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері
мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе
азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу,
оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын
анықтау қажет.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.
Өзіндік құн кірістер
мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен
қатар, қорларды тиімді қолдану мен
интенсификацияның жалпылама
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
Отандық кәсіпорындағы шығындарын басқару және талдау жүйесін қарастырдық, ендігі кезекте шығындардың басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастырамыз.
1.3. Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі
Дамыған мемлекеттерде соңғы 35-40 жылда өнімді өндіруге деген шығындарды анықтаудың калькуляция баптарының шектеулі номенклатурасы әдісі арқылы анықтау кең қоланылуда. Шығындардың құрамындағы ауыспалы шығындарға келесілер кіреді: шикізат және материалдар, еңбек төлемі, қосымша шығындардың ауыспалы бөлігі. Бұл шығындар өндіріс қызметінің көлем функциясы ретінде қарастырылады. Тұрақты шығындар жекелеген өнім түрлерінің өндіріс шығындарымен тығыз байланыспайтыны негізделеді. Осыған орай, кәсіпорынның өндіріс шығындарын тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті деп бөліп қарастыру кең таралған.
Шығындарды басқару әр түрлі баламалы басқарушылық шешімдерді анықтау мен бағалау процесін көрстеді: кәсіпорын қызметінің соңғы маңызды мақсаты - пайда табуды ұйымдастыру деңгейіне өнім өткізу мен өндірісті ұйымдастыру тәсілдері, ассортименттік бағдарламаның құрылуы, жаңа өнімді құрастыру мен өндіру және баға қалыптастырудың әсерін анықтау. Шығындарды басқару өндірісте өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай және басқа да өндірісі дамыған мемлекеттердің беделді кәсіпорындары шығындарды басқаруда міндетті түрде осы құралдардың бірін қолданады. Жоғарғы сапалы өнімді сатып алуда бұл өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сәйкесінше АҚШ нарығында өткізу көлемін өсіруге көмектеседі
Сонымен қатар, АҚШ кәсіпкерлерінің өздері де шығындарды жүйелі және сапалы басқаруды үйрене алған жоқ. Ол туралы «7 нот менеджмента» ресейлік экономикалық бестллердің автор былай деп жазады: «Білікті басқарушылардың бірінші қадамдарының санатында шығындарды және өзіндік құнды төмендету шаралары маркетингтен кейінгі екінші орында, бірақ маркетингтік қадамдармен салыстырғанда үш есе төмен».
Батыстық тәжірибе шығындарды басқару жүйесі мен оларды басқаруда қолданылатын шығындар жіктелімнің әр түрлі әдісін көрсетеді. 2 кестеде АҚШ фирмаларымен қабылданған шығындар жіктелімінің нұсқалары келтірілген.
Кесте 2
АҚШ фирмаларымен қабылданған шығындар жіктелімінің нұсқалары
Шығындарды есептеудің мақсаты |
Шығындар |
Өнім қорының құнын анықтау |
Есепті кезеңге барлық өнімнің құны бойынша Дайын өнімді өндіруге Көрсетілген және процестік |
Шаруашылық шешімдерді қабылдау |
Келешек кезеңге Қайтарымсыз Жіктелген (баламалы қызметтер курсын қабылдау нәтижесінде туындаған) Шекті (маржиналды) және өсімді (инкрементті) |
Шығындарды реттеу ман бақылау |
Нормативті Нормативтен шегерілетін |
2-ші кестеде көрсетілген жіктелім кәсіпорында басқарушылық және өндірістік есепті ұйымдастыру үшін қолданылады.
Жіктелім шығындарды басқару жүйесін құру мен шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін маңызды құрал болып табылады.
Батыс кәсіпорындарында шығындар жіктемесінің маңызды негізі болып олардың өндіріс көлеміне қатынасы табылады. Осы белгі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Шығындарды басқарудың батыстық тәжірибесі мен теориясында қолданылатын жіктелімінің мынадай нұсқаларын көрсетуге болады: аралас және өткен шығындар бөлімшелерінің пайда болу орнына байланысты шығындар, бақылау мен реттеу мүмкіндіктері, шығындарды тудырушылар бойынша жауапкершілік орталықтары. Батыс кәсіпорындарының шығындар жіктелімі 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3
Батыс кәсіпорындарының шығындар жіктелімі
Шығындарды басқару үлгісі | |
Мінездеме |
Ішкі өндірістік есептің
мәліметтеріне бағытталған |
Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша тұрақты және ауыспалы шығындарға жіктелімді қолдану |
Барлық жерлер бойынша таратылған |
Қолдану аумағы |
«Директ-костинг» шығындар есебі жүйесінде өндірістің залалсыздығын талдау үшін, болжалды есеп үшін |
Реттеу мен қадағалау
мүмкіндіктері мен жауапкершілі |
Барлық жерлер бойынша таратылған |
Қолдану аумағы |
«Стандарт-кост» жүйесінде құрылымды бөлімшелердің жұмысын бағалау үшін қолданылады |
Экономикалық элементтері бойынша шығындар жіктелімі |
Белгілі бір көлемге жеңілдетілген (шығынның үш элементі қалыптасқан: тікелей материалдық шығындар, тікелей еңбекақы шығындары, үстеме шығындар) |
Қолдану аумағы |
Өзіндік құнға қатынасы бойынша шығындар жіктелімінің қолдану аумағымен сәйкес келеді |
Калькуляция баптары бойынша шығындар жіктелімі |
Бұндай жіктелім түрі көп кездеспейді |
Қолдану аумағы |
- |
Өзіндік құнға қатынасы бойынша шығындар жіктелімі |
Экономикалық элементі бойынша жіктеліммен сәйкес келеді |
Қолдану аумағы |
Осы жіктелім шығындарды басқарудың барлық әдістері үшін негізгі жіктелім болып табылады (қарапайым «Директ - костингтан» басқасына) |
Өткен және болашақ кезеңнің уақытша интервалына қатынасы бойынша шығындар жіктелімі |
Көптеген кәсіпорындарда «Стандарт-кост» жүйесінің негізінде қолданылады. |
Қолдану аумағы |
«Стандарт - кост» жүйесінің мәліметтерін талдау үшін |
Бұл жіктемеден көретініміздей, батыс кәсіпорындарында шығындарды басқаруда келесідей базалық нұсқалар қолданылады:
Бірақ, батыс
Өндіріс шығындарын экономикалық элементтері мен калькуляциялау баптары бойынша топтастыруға келсек, батыстық кәсіпорындардың топтастыру түрі біздің отандыққа ұқсайды.
Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру өзіне шикізатты, материалдары, жанармайды, энергияны алуға кеткен шығындарды, персоналды ұстауға кеткен шығындарды (жұмыскерлердің еңбек ақысы), негізгі капиталдың амортизациясын (негізгі қорлардың), пайыздарды төлеу бойынша шығындарды және басқа да сыртқы шығындарды (орынды жалға алу, сақтандыру төлемдері, көліктік шығындар, тараптық ұйымрардың қызметтері, жанамаға және басқа да шығындар) қосады.
Шығындар баптары бойынша шығындарды топтастыру құрамына келесі баптар кіреді:
1 «Материалдар». Бұл шығындар шығындардың
маңызды баптарын құрайды. Оларға шикізаттарды,
негізгі және қосымша материалдарды, жартылай
фабрикаттарды алуға кеткен шығындар
жатады.
Материалдарға деген шығындар көлемі
өнім өндіру көлеміне байланысты болады
және кәсіпорынның ауыспалы шығындарына
жатады.
Олар өнім өндірісі көлеміне пропорционалды
түрде өзгереді.
2 «Еңбекақы төлемдері». Бұл топқа әкімшілік персонал, жұмыскерлердің еңбек ақысы кіреді. Батыста сонымен қатар, бір бірінен принципиалды түрде ерекшеленетін еңбекақы төлемдерінің екі түрі қолданылады: уақтылы және бөлшектеп.
Еңбекақы төлемдері
екі түрі де өзіндік әртүрлілікке
ие.
Мысалы, батыста жұмысты бағалаудың минималды
кепілдігі бар бөлшектік түрі кең қолданылады.
Батыс кәсіпорындарындада
әкімшілік персоналдың еңбекақы
төлемдерінің түрі болып қызметтік жарналар табылады. Бұндай жұмыскерлерге
жарналардан бөлек кәсіпорынның пайдасына
қатысты сыйақы төлейді.
Кейбір фирмалар пайдасының бір бөлігін
бөлуге өз жұмыскерлерімен келісімшартқа
отырады.
3 «Орынды жалға алғандығы үшін төлем».
Бұл төлемдер шығындардың үлкен баптарын
құрайды. Егер кәсіпорын орын жалға алса,
онда осы бап бойынша шығындар көлемі
жалдық төлемнің жалпы көлеміне тең болады.
Егер де орын кәсіпорынның өзіне тиесілі
болса, онда оны жалға алу төлемі бірқатар
баптардан тұрады: