Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:10, дипломная работа
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау................................................16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі..............................................23
2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41
3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55
Қорытынды.................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59
Қосымшалар...............................................................................................................61
Нарықтағы өнім бағасы
сұраным мен ұсыным өзара
байланысының нәтижесі болып
табылады. Нарықтық баға
қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке
жағдайында өндіруші немесе
тұтынушы қалауына сәйкес жоғары
немесе төмен болмайды, ол автоматты
түрде орнатылады. Өнім өндірісіне
шығындар - өндіріс шығындарына қарағанда
басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын
еңбектік немесе материалдық ресурстар
көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің
ұйымдастырылуына және басқа
факторларға байланысты өсуі
немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші шығындарды
азайтудың көптеген көздерін
қарастырады, ол оны өзінің
тиімді басқару қабілетімен
жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
Кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және
қызмет көрсетуге аударылған,
өзіндік құнға қосылғандар оларды
өткізу бағасында өткеріледі.
Осылайша, өзіндік құн - кәсіпорында
өткізу мақсатында өндірілген өнім
мен қызмет көрсетулерге кеткен
шығындардың ақшалай түрдегі
сомасын көрсетеді. Өзіндік құн - өнім
өндіруге жұмсалған барлық шығын.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнына
барлық жұмсалған шығындар: шикізат,
материал, электр энергиясы, амортизациялық
жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік
құн сол кәсіпорын шығынының
жиынтық көрсеткіші, ол әрбір
өнімге жұмсалған жалпы шығын
сомасын өнім көлеміне бөлу
арқылы анықталады.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құны саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық
міндеті - жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның негізінде
өндірістің барлық элементтерін
қайта өндіру: өндірістік қорлар
және жұмыс күші.
Осы жерде кәсіпорынның өзіндік
құнның негізгі элементі
болып амортизация, яғни шығындалған
материалдық ресурстар құны, еңбекақы
- ол шығындардың бөлімдері болып
табылады. Сонымен қатар кәсіпорында
басқа да шығындарды жүзеге
асырады: өз жұмысшыларына
сыйақылар төлейді, банк несиелеріне
пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді
ұстайды, бюджеттік емес қорларға
аудрымдар жүргізеді - бұл шығыстар
кәсіпорынның қосымша шығыстарын
құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек
кезеңдерінде бұл шығындардың орнын
толтыру көздері өзгеріп отырады.
Олар өнімнің өзіндік құнына
қосылса немесе кәсіпорын қолында
қалатын табыс есебінен іске
асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырады. Осылайша,
өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар
құрамы әрдайым өзгеріп отырады. Бұл
өзгерістердің басты мақсаты - қазіргі
кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың
дамуын қамтамасыз ету, оларды
толтыру көздері бойынша шығындарды
шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе
пайда.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға байланысты болады. Олар бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген:
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы -
оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің
өзіндік құнын есептеуді білдіреді.
Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде
өзіндік құнды төмендету резервтерін
іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция
- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын
шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген
өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған
жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған
қаржының мөлшерін анықтау.
Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Қарастырылатын құбылыстар
мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі
жіктеме болып табылады, яғни объектінің
жалпы анықталған жағдайлары мен олардың
арасындағы заңды байланыс негізінде
бөлімдерге бөлу.
Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні
тану деңгейі де жоғарылайды.
Шығындарды есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.
Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні - бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.
Нарықтық экономикада
шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты
емес (имплицивті) және қайтарылмайтын
шығындар болып бөлінеді.
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін
қабылдауда өте маңызды орын алады. Басқару
үрдісінде шығындарды басқару функциялары
бойынша бөлу 1-ші кестеде берілген.
Кесте 1
Шығындардың басқару функциялары бойынша жіктемесі
№ |
Жіктемелік белгілері бойынша |
Басқару функцияларына байланысты шығындардың түрлері | ||
1 |
Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша |
- нақты және баламалы; - релевантты, релевантты емес;
| ||
2 |
Болжау үрдісі |
| ||
3 |
Жоспарлау үрдісі |
| ||
4 |
Мөлшерлеу үрдісі |
| ||
5 |
Ұйымдастыру үрдісі |
| ||
6
|
Есептеу үрдісі |
| ||
7 |
Бақылау үрдісі |
| ||
8 |
Реттеу үрдісі |
| ||
9 |
Ынталандыру үрдісі |
| ||
10 |
Талдау үрдісі |
|