Шығындарды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:10, дипломная работа

Описание работы

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау................................................16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі..............................................23
2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41
3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55
Қорытынды.................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59
Қосымшалар...............................................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Шыгындарды баскару дипломная.doc

— 633.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...........................................................................................................................5

 

1    Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі.......................................................................................................................7

1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау................................................16

1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі..............................................23

 

2    «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29

2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29

2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33

2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41

 

3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46

3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46

3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54

3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55

 

Қорытынды.................................................................................................................57

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59

 

Қосымшалар...............................................................................................................61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ


 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі  жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Қатаң бәсекелестік жағдайы  кәсіпорындардың шығындарды басқару  процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге  үлкен қызығушылық тудыруна әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.

Соңғы жылдары шикізат  құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Шығындарды басқарудың мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай  кезеңдерді өзіне қосады.

Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын  анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі  бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында  шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Тақырыптың зерттелу дәрежесi. Диссертациялық жұмыс барысында осы тақырыпты зерттеген шетелдік және отандық ғалым-экономистердің еңбектері қолданылған, соның ішінде Маркс К, Горбашко Е. А., Стуков С. А., Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж., Энтони Р., Друри К., Скоуна Т., Шима Дж. К., Сигела Дж., Карпов Т.П., Кондратов И.Г., Николаев С.А., Палия В., Ткача В.И., Аксененко А.Ф., Чумаченко Н.Г., Батрин Ю. Д., Бурцев В. В., Дронов Р. И., Николаев С. А., Карпова Т.П., Шеремет А. Д- ның еңбектерімен қоса, отандық Дәуренбекова Ә. Н-ның еңбегін атап өтуге болады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
  • кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
  • талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
  • шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
  • кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру. 

Диссертациялық жұмыстың зерттеу пәні

Диссертациялық жұмыстың зерттеу объектісі - «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметі.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспе, үш бөлімнен және қорытындысы бар 85 беттен тұрады. Мұнда 10 кесте, 11суреттен мен формуладан және қолданылған әдебиеттер тізімі бар тұрады.

Бірінші бөлімде жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, шығындарды алғаш зерттеген ғалымдар, кәсіпорын шығындарын басқару, талдау және шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімде шаруашылық субъектісінің қызметі барысында  қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау, шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау толық қарастырылған.

Үшінші бөлімде қазіргі таңда кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары, шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері

 

1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі

 

Шығындар өндіріске  және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте  жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,           
  құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.

Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.  
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Өндіріс шығындарын көптеген экономистер зерттеген, соның ішінде       К. Маркс. К. Маркстың мақсаты ерекше болды. Ол жалдамалы еңбек эксплуатациясының аспектілерін жан жақты қарастыруды көздеді.  
Маркс шығындардың  мәнін зерттеудің көмегімен келесі проблеманы  
көрсетті - капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау қажеттілігі.

Қазіргі таңдағы экономистер өндіріс  шығындарын кәсіпкер тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы стратегиясын негіздейтін міндеттерді шешу барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне қол жеткізді - пайданың орташа нормасын қалыптастырды.

Өндіріс шығындары тауарды  дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.

Осылайша, өндіріс шығындары - аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады.

Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда  сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру, тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру  
және т.б.

Аталған шығындар тауар  құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген пайдадан орнын толтырады. Қосымша шығындарға тауарларды орауға, сақтауға, жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның қосымша шығындары тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын есебінен орнын толтырады.

Экономикалық ғылым  және тәжірибе шығындарды зеттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің келесі қадамдарын атап көрсетуге болады. Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және шаруашылық 
жүргізуші субъектілердің шығындары бұл  дегеніміз тек қана еңбек болып табылады.  
Тәжірибеде шығындар құрамында кейбір шектеулі ресурстардың қолданылуы ескеріледі:

  • капитал салымлары;
  • негізгі және айналым қорлары;
  • табиғи байлықтар.

Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз  бұл энергияны жұмсау, яғни адамның  физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау  толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан  
философиялық-теориялық анықтау  толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.

Кәсіпорынның шығындары  туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

  • шығындар  белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
  • қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
  • шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері нарық жағдайлары  мен шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын  тауарлардың мөлшері және  оның  бағасымен байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның өз  меншігіндегі  
сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.

Кәсіпорын  табысы  екі  түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

  • өнім  бағасы;
  • өнім  өндірісіне жұмсалатын шығындар. 

Информация о работе Шығындарды басқару