Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 20:15, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Кіріспе
3
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9
2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 19
3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары 24
3.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері 27
Қорытынды
29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Бірінші
қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру
әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер
айналымдылығының нақты коэффициенті
мен сату табыстылығының коэффициенті
бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің
табыстылық деңгейін аламыз:
Та
= 20,66 · 0,62 = 12,81%.
Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылдағы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:
Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Кәсіпорын
табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің
бірі – өндірістік қорлардың (негізгі
құралдардың) табыстылығы болып
келеді. Өнімнің табыстылығы неғұрлым
жоғары болса, өндірістік құралдардың
табыстылық деңгейі де жоғары болады.
Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың
табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының
сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі
бойынша анықталады (2.5-кесте).
2.5-кесте
Өндірістік құралдардың табыстылық деңгейінің
өгеруінеәсер
етуші көрсеткіштер
№ | Көрсеткіштер | Өткен жыл | Есепті жыл | Ауытқуы, (+,-) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Таза табыс, мың теңге |
5 040 | 6 538 | +1 498 |
2 | Өткізуден алған табыс, мың теңге | 24 392 | 23 179 | – 1 213 |
3 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге | 49 826 | 55 789 | +5 963 |
4 | Айналым активтерінің орташа жылдық құны, мың теңге | 15 244 | 14 385 | –859 |
5 | Өндірістік активтердің орташа жылдық құны, мың теңге (3 + 4) | 65 070 | 70 174 | +5 104 |
6 | Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 / 2) | 2,0427 | 2,4069 | +0,3642 |
7 | Айналым активтерін бекіту коэффициенті (4 / 2) | 0,6251 | 0,6206 | –0,0045 |
8 | Өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 / 2) | 0,2066 | 0,2821 | +0,0755 |
9 | Өндірістік активтердің табыстылығы (1 / 3)·100% | 7,75 | 9,32 | –1,57 |
2.5-кестеден байқайтынымыз, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:
Осылайша,
негізгі құралдардың, жалпы активтердің
табыстылық деңгейі немесе қызметтің
барлық түрлерінің барлық табыстылық
көрсеткіштері кәсіпорынның өз қызметін
қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін
көрсетеді.
2.3.
Кәсіпорын табысын
жоспарлау әдістемесі
Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Табысты қызмет түріне қарай жекелей құру қызметінен алынған табысқ салық салу ерекшеліктеріне байланысты. Жоспарлау барысында табысқа әсер етуші барлық факторлар ескеріледі және қаржылық шешімдер қабылдаудың нәтижелерінің түрлі нұсқалары қарастырылады.
Жоспарлау
объектісі ретінде, бірінші кезекте,
өнімді өткізуден алынатын табыс
қарастырылады. Табысты есептеудің
негізі – сатылатын өнімнің болжамды
көлемі болып табылады. Сатылым көлемі
анықталғаннан кейін
Әрі қарай өндірістік өзіндік құнға қосылатын өндірістік үстеме шығындардың сметасы құрастырылады. Бұл шығындардың сомасы олардың құрамына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді. Айнымалы және тұрақты шығындар жеке қарастырылады.
Жүргізілген
есептеулердің нәтижесінде
Келесі кезеңде әкімшілік және коммерциялық шығындар сметасы құрастырылады. Бұл шығындар өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен, сондай-ақ өнімді нарыққа жеткізумен және өткізумен байланысты.
Осы есептеулердің негізінде өнімді өткізуден алынатын табыстың жоспары қалыптасады. Табысты жоспарлау үшін алдағы негізгі қызметтен, сондай-ақ негізгі емес қызметтен келетін ақша кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер қолданылады.
Жоспарлаудың
жоғарыда келтірілген әдістемесі тікелей
есептеу әдісі деп аталады. Оның
негізінде өнімді өндіруден және
өткізуден түсетін табысты
Өнімді
өткізуден алынатын табыс өнімнің
сатылу бағасы (қосылған құн салығын,
акциздерді, кеден салықтарын, шегерімдерді
есептемегенде) мен оның толық өзіндік
құнының айырмасы ретінде есептеледі.
Өнімді өткізуден алынатын табысты есептеу
үшін келесі формула қолданылады:
Ө
= Қб + Шө - Қс,
мұнда Ө – екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген өнімнің сатылым көлемі; Қб және Қс – сәйкесінше жоспарлы жылдың басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнімнің қалдықтары; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген; Шө– шығарылған өнімнің көлемі; екі бағам бойынша: сатылым бағасы және толық өзіндік құн бойынша есептелген.
Сатылған
өнімнің көлемі екі бағам бойынша
– сатылым бағасы және толық өзіндік
құн бойынша – есептелгеннен
кейін, өнімді өткізуден түсетін
табыс (Тө) келесі формула бойынша
анықталады:
Тө
= Сө – Өқ,
(2.7)
мұнда Сө – өнімді өткізуден түскен сома; Өқ – өнімнің өзіндік құны.
Табыстың
жоспарлы сомасын бағаның және өзіндік
құнның белгілі көрсеткіштеріне
және дайын өнімнің жоспарлы кезеңнің
басындағы және соңындағы қалдықтарына
сүйене отырып есептеуге болады. Бұл жағдайда
есептеу формуласы келесідей болады:
Тө
= Тқ/б + Тж – Тқ/с,
мұнда Тқ/б – жоспарлы кезеңнің басындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс; Тж – жоспарлы кезеңде өнімді шығарудан алынатын табыс; Тқ/с – жоспарлы кезеңнің соңындағы өнім қалдығы бойынша алынатын табыс.
Коммерциялық кәсіпорындар үшін табысты жоспарлау барысында шығындардың өтелу шегін анықтау маңызды. Шығындардың өтелу шегінен бастап кәсіпорын өнім өндіруден табыс ала бастайды. Бұл үшін залалсыздық нүктесін анықтап алу қажет. Залалсыздық нүктесін табу кәсіпорындарға өнім шығарудан зиян шекпейтін шегін көрсетеді. Жоспарлаулың бұл әдісі шығындарды шартты тұрақты және шартты айнымалы деп бөлу принциптеріне, сондай-ақ маржиналды табысты есептеуге сүйенеді. Өнімді өткізуден алынған сомадан шартты айнымалы шығындар алынып, маржиналды табыс анықталады. Содан кейін маржиналды табыстан шартты тұрақты шығындар алынып, қаржылық нәтиже анықталады. Залалсыздық нүктесі – бұл кәсіпорын ешқандай зиян және ешқандай табыс көрмейтін өндіріс көлемі болып табылады. Залалсыздық нүктесі түсінікті түрде 2.1-суретте бейнеленген.
2.1-суреттегі үш негізгі сызық айнымалы шығындардың, тұрақты шығындардың және өткізуден алатын соманың өндіріс көлемінен тәуелді екенін көрсетеді. Өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі өнімді өткізуден түскен соманың өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын өндіріс көлемін көрсетеді.
Залалсыздық
нүктесін анықтағаннан кейін табысты
жоспарлау өндірістік левередж әсерінің
негізінде құрылады. Өндірістік левередж
әсері ешқандай зиян шекпейтіндей дәрежеде
өндіріс көлемін азайта алатын қаржылық
тұрақтылықты білдіреді. Өндірістік левередж
тиімділігінің мағынасы келесідей: өнімді
өткізуден түскен соманың кез-келген өзгерісі
табыс көлемінің қатты өзгеруіне алып
келеді. Бұл заңдылықтың күші шартты тұрақты
шығындар мен шартты айнымалы шығындардың
өндіріс және сатылым көлемінің өзгеруі
салдарынан қаржылық нәтижеге түрлі әсер
ететіндігімен байланысты. Өнімнің өзіндік
құнында шартты тұрақты шығындар неғұрлым
басым болса, өндірістік левередждің әсері
де соғұрлым күшті болады. Керісінше, сатылым
көлемі артқан сайын шартты тұрақты шығындардың
өзіндік құндағы үлесі төмендей береді,
сәйкесінше, өндірістік левередждің әсері
де төмендей бермек.
Мысал.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен
сома 500 мың теңге, шартты айнымалы шығындар
– 250 мың теңге, шартты тұрақты шығындар
– 100 мың теңге. Заласыздық нүктесі мен
өндірістік левередж әсерін анықтау қажет.
Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтерді
кестеге енгіземіз (2.6-кесте).
2.6-кесте
Жоспарлауға
қажетті бастапқы мәліметтер
мың теңге
|
Маржиналды
табыстың өнімді өткізуден түскен сомасына
пайызын анықтаймыз:
250 : 500
· 100% = 50%.
Залалсыздық
нүктесі бұл жағдайда тұрақты
шығындардың өткізілім көлеміндегі маржиналды
табыс үлесіне қатынасы ретінде анықталады:
100 : 50%
· 100% = 200 мың теңге.
Өндірістік
левередж әсері маржиналды табыстың
табысқа қатынасы ретінде есептеледі.
Біздің мысалымызда өндірістік левередждің
әсер ету күші мынаған тең болады:
250 : 150
= 1,67.
Басқаша
айтсақ, өткізілім көлемінің кез-келген
өзгерісі табыстың 1:1,67 қатынасындағы
өзгерісіне алып келеді. Айталық, кәсіпорын
өнімді өткізуден түсетін соманы
10%-ға арттыруға мүмкіндік алды. Онда
табыс 16,7%-ға өседі:
Информация о работе Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері