Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.

Содержание

Кіріспе
3

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9

2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 19

3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
3.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары 24
3.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері 27

Қорытынды
29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа содержит 1 файл

Курс Кәсіпорын табысы.DOC

— 274.00 Кб (Скачать)

    Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

    Нарықтық  жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай  өсті.

    Нарықтық  экономикада кәсіпорын табысының  ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың  маңызды категориясы ретінде  ретінде табыс бірқатар маңызды  функцияларды атқарады.

    Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін  білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі  оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады.

    Екіншіден, табыс ынталандырушы функция  қызмет атқарады.

    Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір  көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында  акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын  табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына  сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

    Нарықтық  экономикада табыс - өндірістік активтердің  және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

    Тағы  да айта кететін жағдай – табыс  кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

    Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс  мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

    .Нарықтық  экономика жағдайында кәсіпорынның  қаржылық-шаруашылық қызметінің  негізгі және түпкі мақсаты  табыс алу болғандықтан, барлық  назарды осы көрсеткішке аудару  керек. 

    Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады.

     кәсіпорынның  табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларғ келесілер  жатады:

  1. өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

    Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында  оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

    Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады.

    Бәсекелстік күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету  арқылы сатылым көлемін арттыруға  кәсіпорындардың қабілеттері жетпейді, өйткені жұмыс тиімсіз бола бастайды. Табыстылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар бағаны шығындардың төмендеуіне  сәйкес төментетулері тиіс немесе нарықта үлкен сұраныстарға ие бола алатын басқа тауарды өндіруге күш салулары қажет. Осы факторды ескере отырып, кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруге табыс көлемінің барынша артқан кезінде кірісулері керек. Бұл ескі тауардың рентабельділігінің төмендеуі басталған мезетте жаңа өнімді шығару залалсыздық нүктесіне жетіп үлгеруіне жағдай жасайды.

    Мұндай  стратегия кәсіпорындардың қол  жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда  бұл көрсеткішті барынша арттыруға мүмкіндіктер береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
 
  1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы
 
  1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
 
  1. Дүйсенбаев  К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,       Алматы – 2001
 
  1. Жуйриков  К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2002, №2
 
  1. Ковалева  А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002

     Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003 

  1. Мейірбеков  А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
 
  1. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
 
  1. Стоянова  Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003
 
  1. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003

Информация о работе Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері