Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:24, курсовая работа
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Кіріспе.................................................................................................3
І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны........................................5
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.......................................6
ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.....................................................17
2.2Негізі құралдарды құнды, бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21
2.3Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы.......................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................35
Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
амортизациясы»
Орындаған: Абилхамитова А.Н
Қабылдаған: Жаукина С.А
Астана 2013
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе.......................
І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Негізгі құралдардың
экономикалық мазмұны..........
1.2 Негізгі құралдардың
амортизациясының есебі........
ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың
тозуының есебі................
2.2Негізі құралдарды
құнды, бірқалыпты және жылдамдатып
шығару әдісі..................
2.3Толығымен
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде негізгі құралдардың экономикалық мәні және жалпы жіктемесі жайына тоқталамын.
Ең алдымен жалпы негізгі құралдарға қысқаша атап өтетін болсам -негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдык, өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың, мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құнды-лықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозу олардың толық табиғи тозуы жетпейақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Жоғарыда айтылғандарды осы
«курыстық жұмыстың» екінші бөлімінде,
негізгі құралдардың тозуын, олардың
табиғи және сапалық сипаттарын, жоғалту
себебтерін ашып көрсетеміз. Яғни негізгі
құралдардың амортизациясының есебін,
құнды бірқалыпты және жылдамдатып
шығару әдісін анықтаймыз,негізгі
Сонымен бірге «курстық жұмыс» барысында мен «Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебін» шығарылуының ерекшеліктерін мысал ету ретінде «Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасының» бағытын ашып көрсетемін.
І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны.
Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар
үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің
құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына
байланысты, шаруашылық құралдары негізгі
және айналым құралары болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің
Кәсіпорындарда негізгі
Ғимараттар: мақсаты халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету. Тұрғын үй, еңбек жағдайын туғызу болып табылатын архитектуралық құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрғын инвентарлық объекті болып есептеледі.
Құрылыс жағдайлары: еңбек затын өзгертпей, қандай да болмасын қызметті атқару жолымен өндіріс процесін іске асыруға арналған инженерлік құрылыс объектілері.
1.2 Негізгі құралдардың
Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.
Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.
Ұйымдарда негізгі құралдардағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны қосылып отырады.
Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:
а) қалдық құнының кему әдісі;
ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі.
Амортизациялық аударым
Амортизация- бұл тозудың құнды белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.
Амортизациялық құн дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады. Амортиация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық
мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді.
Олар негізгі құралдар өтелуінің
нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың
деңгейі негігі құралдардың ұзаққа
шыдамдылығы мен физикалық
Автомобиль көлігінің
Қайтадан пайдалануға берілген
негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу енгізіген айдан
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.
Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметінің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.
Алты БЕС пен 16 ҚЕБХС «негізгі құралдар» сәйкес амортизацияны есептеу үшін мынадай тәсілдер ұсынылады.
Құнды бір келкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі- объект құны ай сайын тең сомамен есептен шығарылады.
Мысалы. 95760 компьютері алынды, қызмет мерзімі бес жыл, болжанатын жойылу құны 1850.
Есепті кезең |
Бастапқы құн |
Жойылу құны |
Амортизация-ланатын құн |
Қызмет мерзімі |
Аморт нормасы |
Жылдық аморт. |
1999 |
95760 |
1850 |
93910 |
5 |
20 |
18782 |
2000 |
95760 |
1850 |
93910 |
5 |
20 |
18782 |
2001 |
95760 |
1850 |
93910 |
5 |
20 |
18782 |
2002 |
95760 |
1850 |
93910 |
5 |
20 |
18782 |
2003 |
95760 |
1850 |
93910 |
5 |
20 |
18782 |
Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясы