Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 13:22, реферат

Описание работы

Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары.docx

— 49.04 Кб (Скачать)

     Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары 
 
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. 
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти- 
желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен 
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың 
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала- 
дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан 
көрінеді.  
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. 
Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда  
-өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ; 
- өндірілген өнімнің саны мен сапасы; 
- өткізу көлемі; 
-өткізуден түскен кіріспен пайда. Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі жэне сыртқы жағдайлар айқындайды. 
 
Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді: 
1. Өндірісті цорлармен цамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар: 
- ғимарат, құрылыс, 
- құрал-жабдық, аспаптар, 
- жер, 
- шикізат-материалдар, 
- отын, 
- жұмыс күші, 
- ақпарат және т.б. жатады. 
2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық 
дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету: 
- ғылыми-техникалық прогресс; 
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру; 
- кадрлардың біліктілігін жетілдіру; 
- инновация мен инвестиция. 
3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет- 
терінің коммерциялыц сапасын қалыптастыру фак- 
торлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызмет- 
тері. 
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары: 
1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану 
мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдала- 
нылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны 
толмайтын" болып бөлінеді. 
2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қаты- 
сушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы. 
3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты 
және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қыз- 
мет керсетіледі. 
4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет. 
5.Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.  
Кәсіпкер— жеке тұлға, ол: 
- өндірістік-шаруашылық; 
- көтерме сауда 
- инновация; 
- кеңестер беру; 
- коммерциялық делдалдар; 
- бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы. 
Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға жэне сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды: 
- зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін; 
- алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін; 
- одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады. 
Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері 
 
Кәсіпкерлік субектісі 
1.Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана). 
2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар. 
3.Азаматтық бірлестіктер. 
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады: 
1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде. 
2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. 
Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі. 
Бұл келісімде: 
- мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу; 
- әр түрлі қызметті іске асыру; 
- материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері; 
- келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы. 
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда). 
Кәсіпкердің құқықтары 
- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту; 
- интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау; 
- өндірістік бағдарламалар жасау; 
- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау; 
- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу; 
- сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру; 
- кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою; 
- кәсіпорын иесінін атынан кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату. 
Кәсіпкер тұтынушынын ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет. 
Мәселен, бұлар 
- ғимарат және құрал-жабдықтар; 
- үй-жай, мүлік; 
- өндіріс және тұтыну тауарлары; 
- ақпарат; 
интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент); 
- ақша, валюта, құнды қағаздар; 
- басқа да тауарлар, жұмыстар мен кызметтер болуы мүмкін.  
Кәсіпкерлік қызмет: 
- өндірістік; 
- коммерциялық;  
- қаржылық; 
- кеңестер беру болып бөлінеді. 
 
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар. 
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер: 
- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару; 
- ақпараттарды өңдеу және жинау; 
- рухани құндылықтарды игеру; 
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер. 
Бұлардың негізгі қолдану өрістері: 
-өндірістік кәсіпорын және мекемелер; 
- коммерциялық сауда мекемелері; 
- тауар-қор биржалары;  
- банктер мен халықтар. 
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс. 
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі. 
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды. 
Мұндағы ең басты мәселер: 
- "нені сатып алу керек"; 
- "нені сату керек"; 
- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу. 
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды. 
Міне, осылардың қорытындысында: 
- сатып алу - сату мәмілесін жүргізу; 
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп 
айырысулар; 
 
- шығын мен ақырғы нәтижелер; 
- жұмысшылардың саны; 
- көлік жұмысының ауқымы; 
- жарнама; 
- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады. 
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады: 
- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу; 
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау; 
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары; 
- тауарларды өткізу нысандары; 
- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері; 
мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу. 
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар: 
- коммерциялық банктер; 
- қор биржалары; 
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар; 
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар. 
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады. 
Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны: 
- құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да); 
- оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);  
- Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі. 
Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса,  
онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк). 
Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет. 
Кеңес беру қызметіне; 
- жалпы басқару; 
- әкімшіліктік басқару; 
- қаржылық қолдау; 
- маркетинг; 
- ақпаратты технология; 
- арнайы қызметтер жатады. 
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі. 
 
 
 
 
 
 
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-қықтық нысандары 
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жэне қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар: 
- мемлекеттік кәсіпорын; 
- серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті); 
-акционерлік қогам, бірлестіктер. 
Кәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік" деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. 
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері: 
- басқару істеріне қатысуға; 
- серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға; 
- оның құжаттарымен танысуына; 
 
- несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге; 
- тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар. 
Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар: 
- негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар); 
- айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар); 
- ақша қаражаты; 
- басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері: 
- құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге; . 
-алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;  
- коммерциялық құпияларды сақтауға; 
-құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті. 
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді: 
1.Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлщқ мүлкімен жауап береді. 
2.Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі.Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйым- 
дастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, 
белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен 
банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттар- 
ды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: 
көлік, саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік 
бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.  
Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды. Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше кағысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастықка қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі. 
Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады. 
Мәселен, "Джонсон-Джонсон" командитті серіктестік. Командитті серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерпік командит деп атайды. 
Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мүндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды. 
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда: 
-біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады; 
-екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады. 
Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) "Лимитед" (қысқаша Ltd) "шектеулі серіктестік" деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол "бір адамның қоғамы" болғаны. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда: 
- кәсіпорынның аты; 
- мекен-жайы; 
- негізгі қызмет бағыттары; 
- қызмет түрлері; 
- капитал мөлшері; 
- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.  
Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа кұнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.  
Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады. 
Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда: 
- жылдық балансты бекітеді; 
-кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдала- 
нады; 
-шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқын- 
дайды; 
- қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлау- 
ды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер 
жүктейді. 
Қоғамдастық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды. 
Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін. 
Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшері сол елдің қолданылып жүрген заңымен белгіленеді. Мәселен, жарғылық қор Австралияда - 1 000 000 шиллинг, ФРГ-де -100000 марка, Швейцарияда - 50 000 швед маркасы, Ресейде: жабық акционерлік қоғамға - 10 000 сом, ал ашық қоғамға 100 000 сом мөлшерінде белгіленген. 
Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт. 
Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады. 
Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды

     КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ МШДЕТТЕРІ 
 
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады: 
 
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15). 
 
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. 
 
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. 
 
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді. 
 
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. 
 
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. 
 
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынн... ың активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады. 
 
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады: 
 
мемлекеттік бюджет табысының көзі; 
 
кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі. 
 
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді. 
 
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады: 
 
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет. 
 
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек. 
 
Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рольатқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс. 
 
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, 
 
жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, 
 
валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін. 
 
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, эко-номикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады. 
 
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінін өзі др те мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды. 
 
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мы-налар жатады: 
 
табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау; 
 
таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу; 
 
табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу; 
 
табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу; 
 
табыстың өсу резервтерін анықтау; 
 
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау; 
 
табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу. 
 
ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ 
 
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек. 
 
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс... болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. 
 
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі. 
 
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады 
 
Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.[ 
 
Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс өлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардын, < тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі 
 
13-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген. 
 
13-кесте 
 
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру 
 
№ Керсеткіштер Есептік бағасы бойынша мың тг. 
 
1. Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы 8360 
 
2 Тауарлы онім шығару 29000 
 
3. Өткізілген енімнің жыл аяғындағы қалдығы 15940 
 
4. Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар+2 қатар - 3 қатар) 21420 
 
5. Жоспар бойынша енімді өткізуден алынатын табыс 20850 
 
6. Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар) 570 
 
Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді. 
 
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсе-тілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бүл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты 
 
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін. 
 
Есептеу әдісіне көшу енімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуын... а әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалар-дың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жүмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет. 
 
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қол-данылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар: 
 
біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді; 
 
екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау темендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса; 
 
үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін,тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта). 
 
- Табыстыльщтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады 
 
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді 
 
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес. 
 
Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды. 
 
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін. 
 
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады. 
 
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвест... иция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады. 
 
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады. 
 
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық пара-метрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады. 
 
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (14-кесте). 
 
14-кесте 
 
1996 жылғы "АЗ Эталон" АҚ-ның жалпы табысы (мын, теңге) 
 
Көрсеткіштер Жоспар бойынша Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша Нақты 
 
1. Өнімді (жұмыс, қьізмет) өткізуден түсетін табыс 20850 19745 23179 
 
2. Өткізілген өнімнің өнді-рістік өзіндік құны 16435 15741 16996 
 
3. Жалпы табыс (1қатар-2қатар) 4415 . 4004 6183 
 
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп. 
 
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті: 
 
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны; 
 
өнім бірлігінің бағасы; 
 
өткізілген өнім көлемі (саны); 
 
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер. 
 
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі. 
 
1. Өнімнің өндірістік өзіндік қүньшың өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткі-зілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік қүнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады: 
 
0ін - өткізілген өнімнің нақты көлемі; 
 
Sі" - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны; 
 
S* - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны. 
 
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бүл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болған-дықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс. 
 
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жос-пармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бүл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті (16 966-15 741). 
 
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі: Мұндағы: Р/ және р; - өнш бірліпнщ сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы. 
 
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. 
 
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179-19745) өсті. 
 
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өтк... ізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек. 
 
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсе-рін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізіле-тіндігін көрсетті. 
 
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өн-дірістік өзіндік қүны бойынша. Өткізілген өнімнің көле-мі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезін-де айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс эконо-мистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланыс-ты өткізілген өнімнің рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойын-ша өткізу көлемін өндірістік өзіндік қүн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады. 
 
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 3,4%-ға асыра орындады (16996:16435-100)-100, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415-10,34:100) -- 4415. 
 
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар: 
 
"өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы; 
 
"өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын "өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі). 
 
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бүл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. "Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды. 
 
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді: 
 
4004 *415= - 411; 
 
- 411+(-150)= - 561. 
 
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс 561 мың теңгеге кем алынған. 
 
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құ-рылым жағдайында алынған табыспен салыстыру. арқылы анықтаған дұрыс болып табылады. 
 
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер келесідей түрде болады: 
 
4004 - (4415а103,4:100>4004 - 4565= -561. 
 
Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері 15-кестеде көрсетілген. 
 
15-кесте 
 
Жалпы табыстьщ ауытқуына негізгі факторлардың әсері 
 
№ Көрсеткіштер Сомасы, мың тг Жоспарлы табысқа %-бен 
 
1. Өткізілген енімнің өзіндіі? құны-ның өсуі -1255 + 28,4 
 
2. Келісілген бағалар деңгейінің өсуі + 3434 + 77,7 
 
3. Өнімді өткізу көлемінің артуы + 150 + 3,4 
 
4. Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер -561 -12,7 
 
Жиыны: + 1768 + 40,0 
 
 
 
Жоспардан тыс жалпы т... абыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстыр ғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың өндірістік езіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құ-рамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың езгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұн-дай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инс-пекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады. 
 
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс. 
 
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі езгерістер жатады: 
 
өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі; 
 
өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі; 
 
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі. Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық 16-кестені құрайық. 
 
16-кесте 
 
Жалпы табыстын өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардын. тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәлімет 
 
№ Көрсеткіштер Өткен жылғы Есепті жылғы 
 
1 Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден түскен табыс 24392 24179 
 
2 Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) өндірістік өзіндік құны 20689 16996 
 
3 Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) 3703 6283 
 
4 Баға индексі 1,00 1,05 
 
5 Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен 24392 22075 
 
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық: 
 
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жыл-дың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгер-гендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді. 
 
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен: 
 
23179 : 1,05 = 22075. 
 
Бағалардың өзгёрісі және оның жалпы табысқа әсері: 
 
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосым... ша табыс 1104 мың теңгені құрайды. 
 
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен 
 
анықтаймыз. 
 
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шақ-қандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы енімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс. 
 
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыс-тырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 9,5%-ға (22 075:24392x109=90,5); 100-90,5=9,5 азайды. Нәтиже-сінде өнімді өткізуден түскен табыстың кемуі есебінен жалпы табыстың азаюы 352 мың теңгені [3703(-9,5):100] қүрайды. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге- болады: 
 
[3703:24392-(22075-24392)]=0,1518-(-2317)= -352 мың теңге. 
 
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы еткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шақ- 
 
қандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392)]-22075=(0,7699-0,8482)-22075= 
 
= -0,0783-22075= -1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығын-дардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады: 
 
1696-(20689- 20689*9.5/100)=1696-16996-(20689- 1965) 
 
= 16996-18724 = -1728 мың теңге. 
 
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі. 
 
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалщ>і табыс 2480 мың теңгеге (+1104-352+1728) =2480 өсті/^ 
 
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші -негізгі қызметтен алынған (түскеи) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады: 
 
Д" =ДЖ-РК. 
 
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс; 
 
Рк - кезең шығындары. 
 
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржи-налды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет. 
 
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды түрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржи-налды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдау-дың прогрессивті әдісін қолдануға болады. 
 
Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы ролін қарастырамыз және мар-жиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын табыстың өзгеруіне әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.

Информация о работе Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары