Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 13:27, автореферат
Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы онда ұсынылған ұсыныстар мен нұсқаулардың төмендегі бағыттар бойынша қолданыла алатындығымен анықталады:
Зерттеу
нәтижелерін апробациялау
және жүзеге асыру.
Диссерацияда қамтылған ғылыми зерттеудің
нәтижелері «Шардара мақта» ЖШС мақта
зауытындағы тәжірибелік қызметінде енгізуге
қабылданған, сонымен қатар «Шардара мақта»
ЖШС мақта тазалау кәсіпорнында апробациядан
өтті. Диссертациядағы жекелеген ұсыныстар
мен жетілдірулер 6 халықаралық
және республикалық ғылыми- тәжірибелік
конференцияларда баяндалды, сонымен
қатар 4 әр түрлі журналдарда басылып шығарылды.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша
барлығы 9 жалпы көлемдегі 2.80 б.б. жұмыстар
жарияланды.