Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 13:27, автореферат
Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up (төменнен жоғарыға).
Break-down
тәсілі бойынша бюджетті құру
бойынша жұмыстар «жоғарыдан»
басталады, яғни кәсіпорынның
басшылығы мақсаттар мен
Break-down
және build-up тәсілдері екі қарама-қарсы
тенденцияны көрсетеді.
Кәсіпорын
жоспарлау мен бақылауды
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде, уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қарыз алмау және т.б.
Екінші бөлімде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастырудың талдауы қарастырылады. Оның ішінде басты назар аударатын нәрсе кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау жүзеге асырылады.
Қаржы ресурстарының құрылымы олардың түсу қайнар көздері бойынша анықталады. Кәсіпорын деңгейінде қаржы ресурстары көп жағдайда меншікті қайнар көздер - жалпы кіріс пен амортизация арқылы анықталады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану екі формада жүргізілуі мүмкін: қор және қорлық емес.
Өзінің функционалдық тағайындалуына байланысты орталықтандырылған қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі - ұлттық кіріс еңбек ақы төлеу қоры мен қоғамның таза кірісіне бөлінеді.
Еңбекақы төлеу қаржы
Жиынтық
қоғамдық өніммен бірге
Экономикалық тұрғыдан кәсіпорынның қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша негізгі үш топқа бөлу дұрыс болады:
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстарына төмендегілер жатады:
Қаржы
нарығында мобилизацияланған
Қайта
бөлу есебінен түскен ресурстар - бұл
пайда болған тәуекелдерді сақтандыру
есебінен жабу, басқа эмитенттердің
құнды қағаздары бойынша
Енді қаржы ресурстарын құрайтын элементтерді жеке - жеке қарастырып көрейік.
Жалпы
кіріс. Өндірістік категория ретінде
жалпы кіріс - жалпы өнімнің өндіріс
процесінде тұтынылған бөлігін шегергендегі
бөлігі. Жалпы өнімнің осы бөлігінің
ақшалай формада сипатталған
құны - жалпы кіріс қаржы категориясы
ретінде сипатталады. Қаржы категориясы
ретінде жалпы кірістің мәнін
анықтау кезінде оның өнімді өткізу
процесінде түсімнің бұрын жүзеге
асырылған еңбек шығындарынан асуы
ретінде ақшалай сипатқа
Жалпы кірістен қосылған құн сияқты ақшалай категорияны ерекшелеу еңбекті керекті және қосымша деп бөлумен байланысты.
Қосылған
өнім - кәсіпорындарда жұмысшылардың
қосымша еңбегі арқылы құралған және
қоғамның таза кірісі ретінде болатын
өнім. Қосымша өнім екі формада
болады: натуралды-заттай және құндық.
Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша
өнімнің құны ақшалай формада
өткізіледі және жеке қаржы категориясы
болатын ақшалай жинаққа
Осыған байланысты жалпы кіріс жан жақты көрсеткіш және кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының қалыптасу элементі болып саналады олар қаржылық міндеттемелерді орындауға, кеңейтілген қайта өндіріс пен жұмысшыларды экономикалық ынталандыру шығындарын жүзеге асыруға арналған.
Өткізуден
түскен түсім өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне
жұмсалған шығындардың орнын
толтырудың, ақшалай қаражаттар қорын
құрудың негізгі қайнар көзі болып
саналады, оның дер кезінде түсуі
қаражаттардың айналымының
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
1
кесте мәліметтерінен
Анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. "Шаруашылық тәжірибесінін мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К„ > 0,5 қалыпты болып есептеледі" деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері. Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған
өндірісті потенциал құны біз талдау жүргізіп
отырған кәсіпорындарда 2002 жылда -
612602 мың теңгені 2003 жылда 190086 мың теңгені
құрайды, яғни 422516 мың теңгеге
немесе 68.97 %-ға кемейген, ал 2003 жылда
- 190086 мың теңгені 2004 жылда 13965 мың теңгені
құрайды, яғни 17121 мың теңгеге
немесе 9,0 %-ға кемейген, ал соңғы 2004
жылда - 13965 мың теңгені 2005 жылда 619561
мың теңгені құрайды, яғни 605596 мың
теңгеге немесе 48,36 %-ға әскен. Баланс
активтерінің жалпы құнындағы
өндірістік потенциал
үлесі есепті 2003 жылы
35,34 пунктке кемігенмен
4,98 %-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы
мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне
сай келеді.
Кесте 1 - ЖШС “ Мақта
“ кәсіпорындағы 2002 - 2005 жылдардағы баланс
активтерінің құрамы мен құрылымы, мың
тенге