Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 13:27, автореферат

Описание работы

Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Работа содержит 1 файл

НИЯЗОВ ТАЛҒАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ.docx

— 78.17 Кб (Скачать)

    Үшінші  бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруды жетілдіруде экономико математикалық тәсілдерді қолдану, ақшалай қаражаттар айналымын жетілдіру, сатушылар және тұтынушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары қарастырылады.

    Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, мақта тазалау кәсіпорындарында қаржы ресурстарын басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.

    Зерттеу нәтижелерін апробациялау және жүзеге асыру.  Диссертацияда қамтылған ғылыми зерттеудің нәтижелері «Нимекс» корпорациясы мен «Контал» ЖШС мақта өңдеу зауытындағы тәжірибелік қызметінде енгізуге қабылданған, сонымен қатар «Контал» ЖШС мақта тазалау кәсіпорнында апробациядан өтті.

    Диссертациялық  жұмыстың негізгі ұсыныстары, келесі халықаралық және республикалық  ғылыми-теориялық және ғылыми–практикалық конференцияларда жарияланып,  талқыланды: 

    1. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық  ресурстарын тиімді басқару кезеңдерін  құру.ҚазЭУ ХАБАРШЫСЫ, т.Рысқұлов  атындағы қазақ экономикалық  университетінің ғылыми-қоғамдық  басылымы, №5, маусым 2006 жыл, 97 – 101 б.

    2. Қаржы ресурстарының экономикалық  мәні мен қызметтері. Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетенің ХАБАРШЫСЫ, №3  2006 жыл,  165 - 173  б.

    3. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын  қалыптастырудың объективті қажеттіліктері  мен жалпы принциптері. Экономика  и статистика №1, 2007 жыл, 34 – 37 б.

    4. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай  ресурстарын болжау, Халықаралық  ғылыми журнал, Қазақстан ғылыми  әлемі, № 1, 2007, 123 – 129 б.

    5. Некоторые проблемы решения финансовых  ресурсов предприятий. Халықаралық  ғылыми -техникалық конференция  «Развитие розничного банковского бизнеса»,Ташкент, 11-12 мамыр 2007 жыл, 336 – 338 б.

    6. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын  қалыптастырудың принциптері. «Қазақстан  Республикасы экономикасы-ның қаржы   тетігін дамытуды жетілдіру- бәсекелестікке  қабілеттілігінің айғағы» атты  халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясы/ Қ.Я.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік универститеті,  Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 202 – 204 б.

    7. Ауыл шаруашылығы саласының қаржысын  басқаруды ұйымдастырудың маңызы.  «Қазақстан Республикасы экономикасы-ның  қаржы  тетігін дамытуды жетілдіру-  бәсекелестікке қабілеттілігінің  айғағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясы/ Қ.Я.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік универститеті,  Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 232 – 234 б.

    8. Финансирование субъектов сельскохозяйственных  предприятий.  «Қазақстан Республикасы  экономикасы-ның қаржы  тетігін  дамытуды жетілдіру- бәсекелестікке  қабілеттілігінің айғағы» атты  халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясы/ Қ.Я.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік универститеті,  Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 230 - 232 б.

    9. Кәсіпорынның негізгі және айналым  капиталын қалыптастыру және  жетілдіру жолдары, “ Қазақстан  Республикасы экономикасының қаржы  тетігін дамытуды жетілдіру –  бәсекелестікке қабілеттілігіннің  айғағы “ атты халықаралық  ғылыми  – практикалық конференциясы  / Қ. А. Ясауи атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік универститеті, Шымкент  институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 93 – 94 б.

      

    Диссертациялық  зерттеу тақырыбы бойынша барлығы  9 жалпы көлемдегі 2.80 б. жұмыстар жарияланды.

    Жұмыстың  көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Көлемі 147 бет. 
 
 
 

        Жұмыстың  негізгі мазмұны  

    Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық, технологиялық, өндірістік ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруға тигізетін әсері сипаталады.

      Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің қалыптасу және даму тарихын зерттеуден,  зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен кезеңдік  басылымдармен танысудан басталады.

    « Қаржы ресурстары » мен « капитал» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады.  Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.

    Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған категорияларды талқылаудың  біріңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз қаржы ресурстарының  анықтамасын әртүрлі позицияда  бағалап көреміз. Онда біз осы  мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.

    «Қаржы  ресурстары» категориясына бір  мәнді және негізделген талқылама  жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән  ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы  олардың ролін, қызметтерін анықтауды  білдіреді.

    Қаржы ресурстары категориясын қарастыру  кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы  және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің  негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік  тәсілі кездеседі.

      Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын  анықтау кезінде  негізгі кезең  ретінде олардың айналыс шегін  немесе нақтырақ айтқан кезде  - олар объектісі болып саналатын,  басқару деңгейін қабылдайды, олардың  қатарына: мемлекеттің жалпы қаржы  ресурстарын, кәсіпорын мен мекемемелердің  қаржы  ресурстарын және т.б.  жатқызуға болады.

    Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын критерий ретінде анықтауда олардың қалыптасуының  қайнар көздерін  таңдайды, ол жиынтық  қоғамдық өнім. Олар қаржы ресурстарының  көлемін анықтауда  жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі шығындарды, ең алдымен  қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды шегеру тәсілін қолдануды  ұсынады. 

    Біздің  пікірімізше, осы тәсілге қатысты  бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың  жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай,  елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының  қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары  құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекешеленеді.

    Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен  үкіметтің атқарушы  және басқарушы  органдары тарапынан  реттеу объектісі  болып саналады. Маңызды қаржы  шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады.

    Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті  тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің  иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді  жүзеге асыруға,  кеңейтілген қайта  өндіріс және экономикалық ынталандыру  шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».

    Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама  береді.

    Меншікті  және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған  ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында  мобилизацияланған қаражаттар - бұл  меншікті акцияны және облигацияны  және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл  сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан  түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер  мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.

      Ресурстардың үшінші тобы туралы  айтқан кезде шаруашылықты жүргізудің  нарықтық жағдайына өту кезінде  кәсіпорындар маңызды қаржы ресурстарын,  ақшалай қаражаттарды сала ішінде  қайта бөлу және бюджеттік  қаржыландыру негізінде алатындығын  айта кеткен жөн.

      Нарықтық қатынастарды қалыптастыру  процесінде қайта бөлу тәртібінде  құралатын қаржы ресурстарының  құрылымында сақтандыру компанияларынан  түсетін  сақтандыру төлемдері  үлкен рольді алады, ал  одан  кейінгі орынды бюджеттік қаржыландыру  қайнар көздері алады.

    Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен  мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие  жүйесі алдындағы міндеттемелерді  орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай  кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.

    Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.

    Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы  ресурстары мен капиталдың теңдігі  болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай  етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте  қаржылық ресурстар емес, олардың  айналған түрлері - міндеттемелер мен  капитал сипатталады.

    Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың  қарыз қайнар көздерін тартуы, осы  қызмет нәтижесінде пайда болған  кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай  негізде жүзеге асқан кезде пайда  болады.

    Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде  олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.

    Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру  олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін  қалаушы болып табылады. Қаржы  ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:

  1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
  2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары
  3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
  4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
  5. қаржы ресурстарының сақталуы;

    Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы  ресурстарының жекелеген элменттерінің  қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі  әрбір элементтің үлесін.

    Біздің  пікірімізше, қаржы ресурстарын  анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.

    Кәсіпорынның  дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар  келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары).

Информация о работе Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация